түрткі болуы да мүмкін.
бермейміз.
апарып соқтырады.
...
ЖАРАЛҒАН...
бірге, әрине, отбасында көрген қиянаттың «жарасын» жазу қиын.
толықтай дайынбыз. Осыны кең көлемде халыққа түсіндіру керек.
алдын алу жолдарын күшейтуді қажет етіп отырғанын көрсетеді.
13
zangazet@maiI.ru
№116/1 (2893/1)
20 қазан 2016
БАҚ ЖҮЙЕСІ – САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ЖАҢА
САЛА, ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ДА СОНДАЙ ЖАС
МАМАНДЫҚҚА ЖАТҚЫЗУҒА ӘБДЕН БОЛАДЫ.
Р О Б Е Р Т С И Л Ь В Е С Т Е Р Д І Ң « Е К І Н Ш І К Ө Н Е
МАМАНДЫҚ» АТТЫ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРГЕННЕН
КЕЙІН ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ЕЖЕЛГІ МАМАНДЫҚ
ЕКЕН ДЕГЕН ҰҒЫМ БІРШАМА КЕҢ ТАРАҒАН. МҰНЫ
ОСЫ МАМАНДЫҚТЫҢ ҚАНША ЖАСТА ЕКЕНДІГІН
АНЫҚТАУ ЕМЕС, КЕРІСІНШЕ, ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ АР-
ҰЖДАНЫ СИПАТТАРЫНА БАҒА БЕРГЕН АЙҚЫНДАМА
ДЕП ТҮСІНСЕК, ШЫНДЫҚҚА ЖАҚЫНДАЙДЫ.
Б
КӘСІБИ МОРАЛЬ ҚАҒИДАЛАРЫН
САҚТАУ ПАРЫЗ
ТӨРТІНШІ БИЛІК
тапсырыспен жеткізіп беріп, жария-
ланатын материалдарды өңдегенде
солардың сұраныстарын басшылыққа
алады екен. Ол кезде тілші, баспа-
гер, редактордың қызметін бір ғана
адам атқарып келді» – деп атақ-
т ы ғ а л ы м К . Б ю х е р д і ң а й т қ а н ы
бар. Мұндай кезде мамандық не-
м е с е ұ ж ы м д ы қ м о р а л ь т у р а л ы
сөз қозғау мүмкін болмаса керек.
Жур на лис тиканың көпшілік маманды-
ғына айналу үрдісі жүздеген емес,
мың даған, миллиондаған оқырман-
дар ға арналған баспасөз шығарыла
бас таған кезде қарқындай түскен
екен. Бұл әлемнің көптеген елдерінде
«манеттік баспасөз» деген газеттің
қатар шығарылып, көпшілік арасына
кеңі нен тараған ХІХ ғасырдың 30-40
жыл дары болатын.
Саяси насихат
құралы
Бұдан бұрын газетті саяси насихат
құралы ретінде пайдалану басталған.
Ақпарат жинау, оны басып шығару ісі
ортасында редакция деген аралық
элемент пайда болды. ХІХ ғасырдың
30-40 жылдарында журналистердің
алғашқы бірлестіктері құрылғанымен,
олар өздерінің маман дықтарының
мәнін дер кезінде терең түсінбеген.
Керісінше, аталмыш ғасырдың екінші
жартысында журна листердің алғашқы
кәсіби ұйымдары құрылып, оның
ережелері жасалған, кейін ХХ ғасырдың
басында кәсіби кодекстер өмірге
келген сәтте оның мәнін жаппай түсіне
бастағаны тарихтан мәлім. Алайда,
мұның өзі алғашқы кезеңде баспа-
сөз қыз мет керлерінде еш пробле-
ма бол ма ды дегенді білдірмейді.
ХV ға сырда шығарылған қолжазба
газет тер патша сарайы, соғыс май-
даны, реформаның жүзеге асырылуы
жайын дағы маңызды ақпараттардың
сыртында саяси мифтер, таңғажайып
оқиғалар, кемтар адамдар, құйырықты
жұлдыз, қанды жаңбыр туралы балаң
әрі нанымсыз жеңіл дүниелерді,
қияли әңгімелерді жариялап кел-
ген. Олай болса, жүз жылдан кейінгі
газет материалдары шынайы, іскер-
лік сипатта әрі арнайы мақсат пен
саясатқа сай келетіндігімен ерек-
шеленеді. Осы кезеңде саяси ақ-
параттар басымдық алып, сауда-
саттық жайындағы материалдар
азайғаны көрінеді. Әлгі таңғажайып
оқиғалар мен елес көріністер туралы
бос сөзден тұратын әңгімелерден із
де қалмаған. Яғни, оқиғаны шынайы
дәл көрсету бағыты анық байқалады.
Аталмыш бағыт осы кезеңде газет
шығарумен айналысқан адамдардың
ісінде белсенді түрде көрініс тауып,
қоғамдық ар-ұжданның маңызды
элементіне айналған.
Журналистикадағы
алғашқы кәсіби
кодекс
Журналистика көпшіліктің ма-
ман дығына айналудан бұрын ар-
ұж дан қайшылықтары орын алып,
оны шешудің жолдары мен тәжі-
р и б е л е р ж и н а қ т а л а б а с т а ғ а н .
Мұның бір мысалы ретінде 1754
жылы М.Ломоносовтың Л.Эйлерге
Алайда, кәсіби кодекстерді арнайы
ұйымдар қолдап бекітеді, ал, ондай
ұйым ол кезде Ресейде болма ған.
Олай болса, оны шын мәнін дегі кодекс
деу артықтау болады.
Журналист моралі – шынайы
ақпаратты тауып алу құқығын шектеп,
кедергі келтіріп отырған жөнсіздікке
қарсы кәсіби топтардың берген
жауабы іспетті пайда болған дүние.
Жалпы кәсіби моральді белгілі топтарға
қатысты қарастырған дұрыс. Ал,
норма – кәсіби моральдың ең алғашқы
элементі болуымен бірге мінез-құлық,
ар-ұжданның қоғамға қажетті, ортақ
әрі әдеттегі варианттарды анықтап,
мойындалмаған әрекеттерге тыйым
салу секілді негізінен сүзгіштің рөлін
атқарады. Сондықтан оның сипаты
мамандардың мінез-құлықтарын ортақ
талаптарға сәйкестендіретіндіктен ал-
дын ала даярлайтын үйлестірушінің
қызметін атқарады.
Қоғамдық мүдде мен кәсіби топтар
мүддесінің бірлігін қамтамасыз ету
қажеттілігі қашан да басы ашық
дүние. Мұндай қажеттілік адамзат
ар-ұжданының ұстанымдарымен
байланысатын негіздемелермен
түсіндіріледі. Жалпы жаңа норма-
лардың пайда болуының өзі белгілі
субьекті қызметінің қалыпты жағдайда
емес екендігін айғақтайтын дерек
болады. Яғни, әлде кім қоғамда
қалыпты көрініске айналған талапқа
қарсы әрекет жасап жатыр деген
сөз. Газет шығраушылар бірлі-жарым
жұмыс істеген, редакцияда санаулы
ғана адам болған, журналистердің
жеке ұйымдары мен одақтары құрыл-
маған кезде кәсіби орта мен маман-
дардың ортақ ойлары туралы айтуға
мүмкіндік болмайтыны түсінікті.
Журналистер ар-ұжданының бел-
гілі ережелерін жасауға, баспа сөз,
ақпараттың мақсаттары, функция лары,
қызметкерлерінің атқаратын қызметтері
жайында сол қоғамда үстемдік құрған
пайымдаулар маңызды роль атқарған.
Осы пайым дардан журналист кәсібінің
функ циялары туралы көзқарас туын-
даған. Функцияның өзі журналистің
қоғам алдындағы жауапкершілігін
үйлестіретін кәсіби ар-ұжданның іргелі
ұғымның бірі.
Қоғам алдындағы
жауапкершілік
Журналистің адамдар тағдырына
ықпал ету мүмкіндігі оларға қоғам-
дық жауапкершілік сезімін тудыра-
тындығымен ерекшеленеді және ақпарат
қабылдаушылармен ара дағы тікелей
және кері байланыс негізінде біршама
тұрақты сипатты қалыптастырады.
Журналист жазған туындысы жайындағы
бұқаралық ой, пікірге сүйене отырып,
оқырманның тілегін және қоғам нені
қолдайтынын, неге қарсылығын біле
алады. Мұндай мағлұмат пен пайым –
журналистің алдағы ісіндегі ар-ұждан
бағыт-бағдарын анықтап беретіндігімен
пай далы.
Журналист тек қоғам алдындағы
ғана жауапкершілікпен шектелмейді.
Оның ең басты әділ сарапшысы
тұрақты оқырманы, көрермені, тың-
даушысы. Сондай-ақ, ақпарат көзі,
мақала, бағдарламаларының кейіпкері
болған адамдар да журналиске
жауапкершілік жүктей алады. Егер
қоғам кәсіби моральдың көмегімен
өз мүшелерін мамандар тарапынан
көрсетілетін қысымдардан, шектен
шығушылықтан қорғау үшін мораль,
ар-ұждан мәселелерін маңызды
деп түсінсе, мамандар үшін ол
басқаша қызмет атқарады. Кәсіби
ұйымдар мен одақтар өздері жасаған
кодекстерінде ең игі мақсаттарды
жариялап, қоғам тарапынан сенімді
күшейту, өз қызметтерінің беделін
көтеру, оған қажетті қолайлы орта,
ахуалды жасағылары келеді..
Қоғамдық қайшылықтың этика
дәстүрлерінің қарапайым мәселе-
лерін өте қиын практикалық мақсат-
қа айналдырып жіберетін тұсы бар.
Мақала, бағдарламалардың кейіп-
керлеріне, журналистің ақпаратына
сенетін адамдар, публицистер, жур-
налистер арасындағы қарым-қатынас
күрделі сипат алып, біртіндеп оқыр-
мандардың сенімінен айырылуға
әкеп соғады. Автор бәрін қызықтап,
жазуға деген құлшынысы артып,
қысқасы, «басы айналады». Кейде
өз қалағанын ғана жазып, маңызды
мәселелерді назардан тыс қалдыруы
мүмкін. Баспасөзді жеке бастың немесе
белгілі бір топтардың ғана мүддесін
білдіретін мінбер ретінде пайдаланып,
объективті ақпарат берудің орнына
неше түрлі «тапсырыс» материалдарын
жариялай бастайды. Мұндай ахуал
қалыпты сипатқа айналатындығымен
ерекшеленеді. Өмір қайшылықтары көп
болған сайын журналистің жасайтын
таңдауы да көбейеді. Мұның ақыры
қоғамның өзге мүшелерімен арадағы
қарым-қатынаста белгілі дәрежеде
қиындық тудырады.
Кәсіби және моральдық норма-
ларды қалыптастыру процесі жеке
тұлғаға қатысты өндірістік сипаттағы
ахуалдан бастап, анық жайттан абс-
тракцияға қарай бағытталады. Ал,
технологиялық тұрпаттағы талаптар
моральдық мазмұнды білдірмейді
және ол тек қана жұмыстың тиімділі-
гін арттыруға бағытталады. Осыдан
келіп моральдық сана технологиялық
нормалар, өндірістік қызметтерде
мамандардың мінез-құлық крите-
рийлерін анықтап береді.
Журналист қызметінің ерекше-
ліктеріне байланысты оның ісі мен
әрекеті дәлме-дәл сәйкеспеуі мүмкін.
Мысал ретінде мәтінді қысқартып
ықшамдаудағы автордың жұмысын
айтуға болады. Алайда, әр істің
центристік бағытта немесе әртүрлі
моральдық мазмұнда кездесуін жоққа
шығаруға болмайды. Журналистің
әрекеті газеттің дайын болған кезекті
санына белгілі бір материалды жедел
енгізу немесе оны өңдеп жақсарта түсу
мақсатын көздеуі ықтимал. Немесе
туындыны өз жазу стиліне сәйкестіріп
өзгертуді қалайды. Журналистің ісі
мен әрекетінің айырмашылығын
осыдан аңғаруға болады. Оның сыр-
тында журналистикада таза техно ло-
гиялық центристік сипаттағы іс өте
аз, тіпті жоққа тән. Айталық, мате-
риалды қайта басу, тексеру, жарық-
қа шығару, фото даярлау т.с.с. Өз ге
жұмыстардың бәрі дерлік белгілі
дең гейде журналистің жасайтын таң-
дауына байланысты.
Журналист ісіндегі жауапкершілік
ұғымы медицинадағы секілді бір
ғана мазмұнда емес. Нормалары-
ның өзі тек міндет жүктеу, тыйым
салу ғана емес, маман өзінің жеке
таңдауы бойынша мінез-құлықтың
әртүрлі тәсілдерін қолдануына
рұқсат беріледі. Кәсіби мораль
нормалары ортақ, біртұтас сипатты
белгілі деңгейде сақтайды. Кейбірі
тек белгіленген ахуалдың аясында
(«оқырман хаттарын өңдегенде
мазмұнын өзгертуге болмайды»,
интервьюді жазып біткен соң соңғы
вариантын респондентке міндетті
түрде көрсету», «жеке ісқағаздардан
алынған деректерді жарияламас
бұрын оның иесінен рұқсат алу»
т.с.с.) ең аз мөлшерде бағыт берілсе,
келесі тобы журналистің дербес
жұмыс істеуіне мүмкіндік берерліктей
біршама жалпылама сипатта болады.
Мысалы, «материалды жазған кезде
үшінші жақтың мүддесін сөз етпеуді
қаперде ұста» деген бар. Үшінші
жақ деген кім? Нені қаперге аламыз?
Мұнда барлық мәселені журналист
дербес өзі шешуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: