АҢдатпа 6-бет 5-бет



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата24.03.2017
өлшемі4,28 Mb.
#10358
1   2   3   4   5   6

ҚР Жоғарғы Сотының 

баспасөз қызметі

(Соңы. Басы 1-бетте)

ЖАҢА ЖОБА 

ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ



3

zangazet@maiI.ru



№4 (2929) 

17 қаңтар 2017

СПОРТ

Бүгінгінің бас тақырыбы



ДОДАНЫ ДОПИНГСІЗ, 

ДАУ-ДАМАЙСЫЗ 

ӨТКІЗУ СЕРТ

Жаһанның  түкпір-түкпірінен  2000-

дай  спортшы  қатысатын  студент тер 

арасындағы  әлемдік  дода  Алма тыда 

санаулы  күндерден  соң,  яғни,  29 

қаңтарда  алауын  жағады.  Қатысу-

шылар  спорттың  12  түрі  бойын ша 

сынға  түсетін  Универсиада  8  ақпанға 

дейін  созылады.  Қазір  соңғы  дайын-

дық  жұмыстары  пысықталып  жатыр. 

Негізінен,  Алматы  қаласына  тиесілі 

нысандарда  өтетін  Универсиада  үшін 

арнайы  12  мың  адамдық  «Алматы-

Арена»  мен  3  мың  адамдық  «Халық-

Арена» стадиондары салынды. Әлбетте, 

тек спорттық емес, сондай-ақ, мәдени 

және  басқа  шараларды  да  атқаруға 

болатын бұл үлкен екі нысанның игілігін 

Универсиададан соң қала тұрғындары 

көреді деген үміт бар. Тек кейде үміттің 

алдайтыны болмаса... «Алматы-Арена» 

іргесінен  Атлетикалық  ауылдың  бой 

көтергені  де  мәлім.  Бірер  күн  бұрын 

спортшысы бар, делегаты мен еріктісі 

бар – бас-аяғы 5000 адамды сыйдыра 

алатын  аталмыш  ауыл  да  қонақтарды 

қабылдауға  дайын  екені  айтылды. 

«Қысқы студенттік ойындарға қатысатын 

59  елдің  делегация  өкілдерінен  3000-

нан аса өтінім қабылдадық. Командалар 

24 қаңтардан бастап келетіндіктен, дәл 

сол  күні  бізде  Атлеттер  ауылын  ашу 

салтанаты  өткізіледі.  Қазір  объектілер 

90  пайызға  дайын»,  –  деген  болатын 

«2017  жылы  Алматы  қаласында  28-ші 

Дүниежүзілік  қысқы  Универсиаданы 

д а й ы н д а у   ж ә н е   ө т к і з у   ж ө н і н д е г і 

дирекцияның»  Атлеттер  ауылын  бас-

қару  департаментінің  басшысы  Сәнім 

Шәріпова.  Осы  арада  айта  кетерлік 

жайт,  бокстан  әлемнің  екі  дүркін 

чемпионы және Олимпиада жеңімпазы 

Серік  Сәпиев  Атлеттер  ауылының 

мэрі  болып  тағайындалды.  Ол  келген 

қонақтар Атлеттер ауылынан елдеріне 

жақсы  әсермен  қайтуы  үшін  барын 

салуға уәде берді. 

Шарбағына ат байлап, шаңырағына 

бас  сұққан  қонағының  аузына  барын 

тосатын  қазақы  дәстүр  бойынша 

Универсиадаға келушілердің назарына 

да  көптеген  дүниелер  ұсынылмақ. 

Яғни, олар тек спорт түрлері бойынша 

кім мықтыны анықтап қайтпайды. Ойын 

барысында қаладағы көптеген мәдени 

БИЛЕТ АЛ ДА, 

ҰТЫСҚА ИЕ БОЛ!

2017  ЖЫЛДЫҢ  11  ҚАҢТАРЫНА  ДЕЙІН  УНИВЕР­

СИАДА­2017 ОЙЫНДАРЫНА САТЫП АЛЫНҒАН БИЛЕТТЕР 

АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ҰТЫС ОЙЫНЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ 

АЯҚТАЛДЫ.  БАҒЫ  ЖАНҒАН  12  АДАМ  УНИВЕРСИАДА 

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫНАН ЖӘНЕ ҚЫСҚЫ ОЙЫНДАРДЫҢ 

РЕСМИ СЕРІКТЕСТЕРІНЕН БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАРДЫ АЛМАҚ.

АЛАУ ЭСТАФЕТАСЫНА ҚАТЫСАТЫН ҚАЗАҚСТАН­

НЫҢ  БАРЛЫҚ  16  ҚАЛАСЫ  УНИВЕРСИАДА  АЛАУЫН 

КӨТЕРУ ҚҰРМЕТІНЕ ЛАЙЫҚТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІН 

АНЫҚТАДЫ. МЫҢ АЛАУ КӨТЕРУШІНІҢ 70 ПАЙЫЗЫН 

ҒЫЛЫМ,  МӘДЕНИЕТ  ЖӘНЕ  СПОРТ  САЛАСЫНДА 

ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТКЕН 17­28 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ 

СТУДЕНТТЕР ҚҰРАП ОТЫР.

Сондай-ақ, спорт пен қоғамдық өмірде еңбек сіңіріп 

жүрген  Қазақстанның  ең  белсенді  азаматтары  да 

алау  көтеру  құрметіне  ие  болды.  Олардың  қатарында 

грек-рим  күресінің  1980  жылғы  Олимпиада  чемпионы 

Жақсылық  Үшкемпіров,  бокстан  2000  жылғы  Олим-

пиада  чемпионы  Ермахан  Ибрайымов,  1988  жылғы 

Олимпиада  ойындарының  күміс  жүлдегері,  Қазақстан 

Республикасының  еңбек  сіңірген  бапкері  Дәулет 

Тұрлыханов,  бокстан  екі  дүркін  әлем  чемпионы  Назым 

Қызайбай,  жүзуден  2016  жылғы  Олимпиада  чемпионы 

УНИВЕРСИАДА 

ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕЛШІСІ

 

2017 жылдың 25 қаңтарында Астана қаласында 28-ші Дүниежүзілік 



қысқы Универсиада алауы тұтатылмақ;

26 қаңтарда алау облыс орталықтарында, атап айтқанда: Өскемен, 

Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай және Қарағанды қалаларында 

тұтатылады;

27 қаңтарда Ақтөбе, Орал, Атырау және Ақтау қалаларында тұтатылады;

28 қаңтарда Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорған қалаларында 

тұтатылады;

Дмитрий Баландин өз 

сөзінде:  «Универсиада  – 

барлық қазақстандықтар 

мен  алматылықтар  үшін 

спорттық  кешендер  мен 

стадион  алаңдарынан 

кәсіби  спортты  тама-

шалауға үлкен мүмкіндік. 

Жай ғана тамашалап қой-

май, спорт тық жарыс тың 

бүкіл энер гиясын бойына 

сіңіру», – деп атап өтті.

Бүкіләлемдік  Универ-

сиада  студенттік  спорт-

тың  ілгері  дамуына  оң 

ә с е р і н   б е р м е к   ж ә н е 

кәсіби  әлемдік  біріншілік 

пен  Токио  Олим пиада 

о й ы н д а р ы н а   д а й ы н -

дықтың бастауы болады. 

«Универсиадаға  қатысатындардың  көбі  рекордтарымен 

әлемді  таңғалдыратынын  мен  нақты  білемін»,  –  дейді 

сеніммен  Дмитрий.  Рио  чемпионы  «Ел  намысын  қолдан 

жібермеу  үшін  спортшыларға  қолдау  білдіріңіздер!»  –  деп 

қазақстандық құрамаға жанкүйер болуға шақырды.

Атап өту керек, Дмитрий Баландин Әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-дың  үшінші  курс  студенті,  қазіргі  таңда  «Дене 

шынықтыру мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша білім 

алуда.  Ол  Рио-де-Жанейродағы  Олимпиада  ойындарында 

жүзуден  Қазақстан  тарихындағы  тұңғыш  алтын  медальді 

иеленді.


Корпоративті БАҚ және

 қоғаммен байланыс басқармасы

(Соңы. Басы 1-бетте)

ошақтарда  түрлі  мәдени  шаралар, 

концерттер  мен  театр  қойылымдары 

ұйымдастырылмақ. 

Ауқымды һәм дүниежүзілік мұндай 

спорттық  сайыстардың  міндетті  бір 

дәстүрі  бар.  Ол  –  Алау  эстафетасы. 

Сөз  етіп  отырған  Универсиаданың  да 

алауы  тұтатылып,  Қазақстанның  16 

қаласын аралап келеді. Оның да кестесі 

және  алауды  кімдер  алып  жүретіндігі 

белгіленіп  қойды.  Әуелгісі,  алауды 

көтеріп жүретіндердің 70 пайызы ғылым, 

мәдениет пен спорт бойынша жетістікке 

жеткен студенттер екен. Мұнысы түсінікті 

де.  Студенттердің  әлемдік  сайысы 

болғандықтан, осылай болғаны дұрыс 

деп тапса керек. Қалғаны әр жылдардағы 

түрлі деңгейдегі жарыстарда Қазақстанға 

олжа  салған  спорт  саңлақтары.  Өзге 

саланың  майталман  өкілдері  де  бар. 

Жоспар бойынша 25 қаңтарда Астанада 

тұтатылған Алау эстафетасы 14 облыс 

орталығын  аралап  өтіп,  29  қаңтарда 

Алматыда жағылады.

Соңғы  кездері  спортшылар  ара-

сын да  допинг  қолдану  үлкен  дауға 

айнал ғаны  белгілі.  Әсіресе,  әлемді 

аузына қарата бастаған қазақстандық 

ауыр  атлеттер  допингтің  алдында 

дәрменсіз  болғанын  білеміз.  Дау-

дамайға іліккен біршамасы Рио Олим-

пиадасына  бара  алмай  қалды.  Ол  аз 

десеңіз,  олимпиадалық  жүлделерінен 

айырылды,  ішінде  күмісі  де,  алтыны 

да  бар.  Сондықтан,  Универсиаданың 

қам-қарекеті  жайлы  сөз  еткенде, 

ондағы допингке жол бермеу мәселесі 

қалай  жүріп  жатқанын  айтпай  кетуге 

болмайды. Сайыс кезінде бас-аяғы 10 

допинг  бақылау  бекеті  (9-ы  спорттық 

нысандарда,  1-уі  Атлеттер  ауылын-

да)  ұйымдастырылмақ.  Дүниежүзілік 

допинг ке қарсы кодекстің ережелері мен 

Халықаралық тестілеу стандарттарына 

һәм FISU ережелеріне сәйкес деп уәде 

етілген  допингті  бақылау  қызметіне 

35  инспектор  мен  54  жетектеуші  ат-

салыспақ.  Тыйым  салынған  дәрілік 

заттарды  қолдану  Қазақстанның  ғана 

емес,  жаһан  елдері  спортының  бас 

ауруына  айналып  отырғаны  шындық. 

Жекелеген  спортшылардың  ертеңгі 

Универсиадада  оны  қолдануына  мүм-

кіндік беріп қойса, мақтап жүрген бүкіл 

ұйымдастыру  жұмыстарына  сын  екені 

тағы  рас.  Сондықтан,  сондай  сынға 

ұшырамас  үшін  және  болары  болып, 

бояуы сіңгеннен кейін барып «пәленше 

допинг қолданған» деп «жау кеткен соң, 

қылышты тасқа шаппас» үшін, дұрысы, 

оған жол бермеу шығар. 

Допингтен билет мәселесіне ойыс-

сақ,  Универсиаданың  ресми  сайты 

билеттердің  белсенді  сатылып  жат-

қанына  сендіруде.  Билеті  ең  көп 

сатылған  ойындардың  үштігіне  ерлер 

арасындағы  хоккей,  шорт-трек  пен 

мәнерлеп сырғанау кірген. Жекелеген 

спорт  түрлерінің  сайысы  тұрмақ, 

жалпы  Универсиада  басталмай  жатып 

ерлер арасындағы шайбалы хоккейдің 

жартылай  финалы  мен  финалына 

арналған  билеттердің  80  пайыздан 

астамы сатылып үлгерген. Бір сөзбен 

айтқанда, аталмыш мәселедегі статис-

тикаға  сенсек,  жарыс  кезінде  нысан-

дардағы  көрермендер  залы  бос  тұра 

қоймауы керек.

Құрылысы  бар,  ұйымдастырылуы 

бар  –  Универсиадаға  республикалық 

бюджеттің 109 млрд теңгесі жұмсалған. 

Қаңтар  басында  Үкімет  басшысы-

ның  бірінші  орынбасары  Иманғали 

Тасмағамбетов дайындықпен танысуға 

келгенде  Алматы  әкімі  Бауыржан 

Байбек:  «Универсиадаға  дайындық 

кезінде  1550  жаңа  объект  және  30 

мыңға  жуық  жаңа  жұмыс  орны  пайда 

болды», – деген-ді. Бұл – студенттердің 

дүниежүзілік  додасын  өткізудің  оған 

дейінгі  келтірген  пайдасы.  Жақсы-ақ. 

Бірақ,  ел  үшін  негізгісі  одан  кейінгі 

пайдасы. Алғашқысы, отандық студент-

спортшылардың  өз  жерінде  өткен 

сайыста  басқалардан  десі  басым 

болғаны,  одан  соңғысы  жарысқа 

деп  салынған  нысандар  ертең  халық 

игілігіне айналғаны керек. Ең бастысы, 

Универсиада да Азиада мен EXРO-ның 

кебін  кимесе  екен.  Той  қонақтарын 

аман-есен  шығарып  салған  соң  бір-

бірімен  ренжісіп  жататын  ағайындар 

құсап, «түгенше Универсиадаға бөлін-

ген ақшаны жеп қойыпты» деп аттандап 

соттасып,  қырқысып  жатпасақ  игі.  Ел 

бюджетінің қыруар ақшасына салынған 

нысандардың жекешелендіру желеуімен 

жекенің қолына тиын-тебенге сатылып 

кетпеуі және бар.



Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті»

АЛАУ КӨТЕРУШІЛЕРДІҢ ЕСІМІ БЕЛГІЛІ

Дмитрий Баландин, Әбу-Дабиде өткен джиу-джитсудан 

әлем  чемпионы  Мөлдір  Мекенбаева,  сондай-ақ,  әр 

жылдары Қазақстанға жеңістерді сыйлаған тағы да басқа 

көптеген спортшылар бар.

Естеріңізге салып өтелік, алау көтерушілерді іріктеу 

үш кезеңнен тұрды. Іріктеудің бірінші кезеңі 1 қыркүйек 

күні  басталып,  республикамыздың  барлық  жоғары 

оқу  орындарын  қамтыды.  Университеттер  ішкі  байқау 

қорытындысы бойынша өз өтінімдерін қалыптастырды. 

Екінші кезеңде іріктеу барысына облыстық орталықтарда 

эстафетаны өткізумен айналысатын аймақтық штабтар 

қосылды.  Штабтардың  міндеті  алау  көтерушілерді 

іріктеу барысын бақылап, байқау кезінде шынымен де 

маңызды  әрі  тартымды  үміткерлерді  өткізіп  алмауға 

бағытталды.  Сондай-ақ,  екінші  кезеңде  алдыңғы 

Универсиадалардың  жеңімпаздарынан,  спорт,  ғылым 

және  мәдениет  саласындағы  жұлдыздардан  құралған 

қатысушылар анықталды.

Іріктеудің  үшінші  кезеңінде  қалаған  адам  www.

torchrelay.kz сайтында өтінім толтырып, эстафетаға алау 

көтеруші ретінде қатысуға өтінім жібере алды.

2017  жылдың  25  қаңтарында  Астанада  28-ші 

Дүниежүзілік  қысқы  Универсиада  алауы  тұтатылмақ. 

Бес күн аралығында әрбір облыс орталығында алауды 

жағуға  арналған  өз  салтанаты  және  эстафетаның  өз 

кезеңі  өткізілетін  болады.  Алау  эстафетасы  өңірлерде 

өткізілгеннен кейін 16 алау көтеруші алауды Алматыға 

жеткізіп, осында Универсиаданың ашылу салтанатында 

алау бір тостағанда біріктірілмек. Студенттік ойындардың 

астанасында алауды 100 адам көтеріп өтеді. 22 500-ден 

астам  шақырымға  созылған  жолдың  200  шақырымын 

алау көтерушілер жаяу жүріп өтпек.

Студенттік ойындардың ресми әуетасымалдаушысы – 

«Эйр Астана» компаниясы алауды аймақтардан Алматыға 

жеткізеді.  Осылайша  эстафета  алауы  қалған  22  300 

шақырымды Алматыға дейінгі жолда өткізеді. 

АЛАУ ЭСТАФЕТАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ:

Тағайындау

Бастама

Эстафета


29 қаңтарда алауды тұтату салтанаты Әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-да өтеді.

Универсиада-2017  ұтыс  ойынының  бірінші  кезеңінде  ұтқан 

билеттердің тізімі 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік 

қысқы  Универсиаданың  ресми  сайтында  және  Facebook 

парақшасында (https://www.facebook.com/Almaty2017WU/?fref=ts) 

жарияланды.

Ұйымдастырушылардың  хабарлауынша,  ұтыстарды  алу  үшін 

28-ші  Дүниежүзілік  қысқы  Универсиада  дирекциясына  келесі 

мекенжай бойынша хабарласу қажет: Алматы қаласы, Байзақов 

көшесі,  280-үй,  солтүстік  мұнара  немесе    8  (727)  313  23  25 

телефонына қоңырау шалуға болады.

Естеріңізге  салып  өтейік,  2016  жылдың  20  желтоқсанында 

басталған  жүлделердің  ұтыс  ойыны  екі  кезеңде  өткізіледі. 

Универсиада аясындағы спорттық ойындарға билет сатып алған 

жасы 18-ден асқан кез келген азамат ұтыс ойынына қатыса алады. 

Ойын  сатып  алынған  билеттің  бірегей  тоғыз  таңбадан  тұратын 

нөміріне  қарап  өткізіледі.  Шақыру  билеттері  және  құны  жоқ 

билеттер ұтыс ойынына қатыса алмайды.

2017  жылдың  8  ақпанына  дейін  сатып  алынған  билеттердің 

барлығы ұтыс ойынының екінші кезеңіне қатысады. Екінші кезеңде 

Саппородағы  Азия  ойындарына  2  саяхат,  сондай-ақ,  «Базис-А» 

корпорациясының  ұсынып  отырған  супер  жүлдесі  –  «АЛМАЛЫ» 

тұрғын ауданында орналасқан екі бөлмелі пәтер ұтысқа салынады.

«АЛМАЛЫ»  тұрғын  ауданы  «БАЗИС»  құрылыс  компаниясы 

салған Универсиаданың бас нысаны – Almaty Arena мұз сарайының 

қарсы  жағында  орналасқан.  «БАЗИС-А  Корпорациясы»  ЖШС 

басқарма төрағасы Павел Белович «Almaty Arena» мұз сарайын 

салып жатқан кездің өзінде  осы ауданның даму келешегі жоғары 

деп бағаланғанын атап өтті.

–  Almaty  Arena  мұз  сарайын  салып  жатқан  кездің  өзінде 

біз  дамып  жатқан  ауданның  әлеуетін  байқап,  Универсиада 

бас  нысанының  қарсы  жағында  жаңа  әрі  жайлы  «АЛМАЛЫ» 

тұрғын ауданын салу жөнінде шешім қабылдадық. Оның үстіне, 

ҚАЗҰУ  СТУДЕНТІ,  РИО  ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ 

ЧЕМПИОНЫ  ДМИТРИЙ  БАЛАНДИН  БҮКІЛӘЛЕМДІК 

УНИВЕРСИАДА  ОЙЫНДАРЫНЫҢ  ЕЛШІСІ  БОЛЫП 

ТАҒАЙЫНДАЛДЫ. 

халықаралық  жарыстарға  билет  сатып  алғандар 

арасындағы ұтыс ойын кезінде бас жүлде ретінде 

«АЛМАЛЫДАҒЫ» пәтерді ұсыну айрықша мәнге ие 

болады деп есептедік, – дейді Павел Белович.

Универсиада  өткізілген  соң  алматылықтар 

және  «Алмалының»  тұрғындары  Almaty  Arena  мұз 

сарайында хоккеймен және мәнерлеп сырғанаумен 

қатар,  жүзу,  көркем  гимнастика,  бокс,  күрес 

секілді  тағы  да  басқа  көптеген  спорт  түрлерімен 

шұғылданатын болады.

Универсиада-2017  ойындарына  билеттерді 

almaty2017.kz,  ticketon.kz,  kassir.kz,  fisutickets.

com сайттарынан, сондай-ақ, Алматы және Астана 

қалала рының  кассаларынан  сатып  алуға  болады. 

Кассалардың  мекенжайы  туралы  келесі  сілтеме 

арқылы толығырақ білуге болады: http://kassir.kz/

universiade/kassy-u.



4

№4 (2929) 

17 қаңтар 2017

zangazet@maiI.ru



ТАРАЗЫ

Алтын көпір



ІРГЕЛІ ІСТЕ ІРКІЛІС ЖОҚ

Сауал – сізден, жауап – бізден

Оқырман 

сауалдарына

заңгер

Серік 

Жолдыбай 

жауап береді

телефондар:

  8 (7132) 51 04 13;

8 702 226 07 35

8 771 187 47 31,

8 707 892 55 14

8 705 383 96 31

E-mail:sultan.ns@mail.ru

АЛҚАБИЛЕР ШЕШІМІ 

ӨЗГЕРМЕЙ МЕ?

  

Жасаған қылмысы үшін алқабилер сотында кінәлі 



деп танылып,  сотталған адамның жоғары сатыдағы 

сотқа  өзінің  кінәсіз  екені,  кінәсінің  дәлелденбегені 

туралы шағым келтіре алмайтыны рас па? Шағымында 

тек  алқабилер  құрамының  заңға  сай  іріктелмеуі 

сияқты  іс  жүргізу  заңдылығының  бұзылғандығын 

көрсетсе ғана қаралатыны шындық па? 

Табынбай БАЙҚОШҚАР

(сауал электронды поштамен келген)

Сауалыңыздың жаны бар. Оның нақтылы жай-жапсары 

алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды 

күшіне енген және енбеген үкімдерді, қаулыларды қайта 

қарау жөніндегі іс жүргізу ерекшеліктері Қылмыстық-

процестік кодекстің 69, 70-тарауларында (661-666 баптар) 

қарастырылған.  Алқабилер  сотының  заңды  күшiне 

енбеген кесімдеріне жасалған шағым, наразылық  әрине, 

апелляциялық сатыда қаралады. Осы сатыда алқабилік сот 

шешiмдерiнiң күшiн жоюға немесе оларды өзгертуге iстiң 

нәтижесі үшiн елеулі маңызы болуы мүмкiн дәлелдемелердi 

талқылаудан негiзсiз алып тастау немесе зерттеуден негiзсiз 

бас тарту, керісінше, дәлелдемелер ретiнде қарастыруға 

болмайтын, бірақ, iстiң нәтижесіне ықпал еткен нақты 

деректердi зерттеу, қылмыстық-процестік заңды елеулi 

түрде бұзу, оның ішінде алқабилер алқасын қалыптастыру, 

алқабилердiң  қатысуымен  талқылануға  жатпайтын 

мәселелердi талқылау, алқаби лердiң ғана шешуiне жататын 

сұрақтарды алдын ала тұжырымдап ауыздарына салу, 

сот  жарыссөздерін  жүргізу  кезінде  жол  берілген,  сот 

төрелігіне ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін құқық 

бұзушылықтар негіз болып табылады.

Апелляциялық  саты  алқабилер  соттаған  адамға 

неғұрлым жеңіл қылмыстық заңды қолдануға және жаза 

тағайындалған кезде қылмыстық заңның нормалары дұрыс 

қолданылмауына байланысты жазаны азайтуға құқылы 

болғанымен, тағайындалып қойған жазаны күшейтуге 

құқылы емес. Қылмыстық-процестік заң бұзылған, яғни, 

прокурордың,  жәбiрленушiнiң  немесе  оның  өкiлiнiң 

дәлелдемелердi  ұсыну  құқығы  шектелген,  сондай-

ақ,  дәлелдемелер  негiзсiз  алып  тасталған  жағдайлар 

кезікпесе, алқабилер қатысатын соттың ақтау үкiмiнің 

күшiн апелляциялық сатыда жоюға болмайды.

Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күшін 

осы көрсетілген негіздер бойынша толық немесе ішінара 

жойып, істі үкім шығарған сотқа, бірақ, өзге құрамда жаңа 

сот талқылауына жібергеннің өзінде апелляциялық сатыдағы 

сот айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені, сол 

немесе өзге де дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі, 

бір дәлелдемелердің екіншісінің алдында артықшылығы, 

бірінші сатыдағы соттың сол немесе өзге де қылмыстық 

заңды және жазалау шарасын қолдануы туралы мәселелерді, 

сондай-ақ, алқабилік сот жасай алатын түйінді алдын ала 

шешуге құқылы емес.

Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша 

шығарылған  үкімдерді,  қаулыларды  кассациялық 

тәртіппен қайта қарауды Жоғарғы Сот алқасы қылмыстық 

және қылмыстық-процестік заңдардың кінәсізді соттауға 

әкеп соққан, заңға қиғаш басқа да кейбір жағдайларда 

жүзеге  асырады.  Соттың  айыптау  үкiмiн,  сондай-ақ, 

қаулысын  жазаның  жеңiлдiгiне  орай  неғұрлым  ауыр 

қылмыс жөніндегі қылмыстық заңды қолдану қажеттiгiне 

байланысты  немесе  сотталған  адамның  жағдайын 

нашарлатуға  әкеп  соғатын  өзге  де  негiздер  бойынша 

кассациялық тәртіппен қайта қарауға, сондай-ақ, соттың 

ақтау үкiмiн не қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулысын 

қайта қарауға жол берiлмейдi.

      


АРТЫҚ САҒАТЫМЫЗДЫ 

КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Сағат туралы әңгімелейтін, әрине, ұстаздар қауы­

мы екенін түсінесіздер. Директорымыз тоқсан сайынғы 

оқу демалыстарында бізді мектепте таңертеңгілік 

сағат  тоғыздан  түскі  екіге  дейін  ұстайды.  Күніне 

бес сағаттан есептегенде жұмыс орнымызда алты 

күнде қиқалайтын шаруа болса да, болмаса да отыз 

сағат отырады екенбіз. Көпшілігіміздің жалақымыз 18 

сағатқа мөлшерленген. Сонда оқу демалыстары кезінде 

жұмыс орнында жұтылатын артық сағаттарымыз 

төленбеуге тиіс пе?    

Айгүл СҰЛТАНБАЙ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Егер он сегіз сағаттық мөлшерлемемен жалақы алатын 

болсаңыз, тіпті, оқу демалысы кезінде де алты күндік 

жұмыс аптасының әр күнінде қызмет орнында үш сағаттан 

артық  болуға  тиісті  емессіздер.  Ондай  демалыстарда 

жұмыс күнінің қай мезгілінде қай оқытушының жұмыс 

орнынан  табылуға  тиістілігі  жөнінде  арнаулы  кесте 

(кәдімгі сабақ кестесінен бөлек) жасалуы мүмкін. Жұмыс 

күні ішінде мұғалімдердің мектепте болу кезектілігінің 

белгіленуіне заң тыйым салмайды.  

Батыс Қазақстан облысы 

соттарының судьялары Ақ Жайық 

өңірінде жұмыс сапарымен жүрген 

Қазақстан Респуб ликасы Парламенті 

Мәжілісінің депутаты Аманжан 

Жамаловпен кездесті.

Кездесуді  ашқан  Батыс  Қазақстан 

облыстық  сотының  төрағасы  Б.Әметов 

жинал ғандарға  мәртебелі  мейманды 

таныс тыра  келіп,  Парламент  қарауына 

түскен  «Қазақстан  Республикасының 

сот  жүйесі  мен  судьяларының  мәртебесі 

туралы»  конституциялық  заңға  енгізілетін 

басты  өзгерістер  мен  толықтыруларға 

тоқталды. Олардың қатарында судьялардың 

аттестатциялануына,  орындарын  алмас­

тыруына,  табыс  салығына  қатысты  мәсе­

лелер бар.

Айта  кетейік,  қолданыстағы  заңға 

сәйкес,  судьялардың  кәсіби  қызметіне 

бағалау жүргізіледі. Мұндай бағалау бірінші 

рет судья лауазымында бір жыл жасағаннан 

кейін  беріледі.  Бұдан  кейін  судья  әр  бес 

жыл  сайын  аттестациядан  өтіп  тұрады. 

Алдағы Парламент талқысы кезінде алғаш­

қы аттестациядан өтпеген жағдайда судья­

лық қызметті одан әрі жалғастыру­жалғас­

тырмауға қатысты мәселе шешіледі. Аттес­

тациядан кейін судьялық қызметте бір жыл 

жұмыс жасау­жасамау мүмкіндігіне қатысты 

принципті мәселе де қаралмақ.

Сонымен  қатар,  судьялардың  орын 

алмастыруына  қатысты  мәселе  өзекті. 

Судьялар Қазақстан Республикасы Прези­

дентінің  жарлығымен  тағайын дала тын­

дықтан,  Президент  жарлығы  шыққанша 

өңірлерде судья кадрларын орналастыруда 

туындайтын  іркілістерді  болдырмау  үшін 

алдағы  уақытта  сот  жүйесінің  ішкі  кадр 

алмастыруларын Қазақстан Республикасы 

Жоғарғы  Соты  төрағасының  құзыретіне 

көшіру мәселесі қойылып отыр.

Өз  кезегінде  А.Жамалов  Мәжілістің 

«Қазақстан  Республикасының  сот  жүйесі 

мен  судьяларының  мәртебесі  туралы» 

конституциялық  заңға  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  жөніндегі  жұмыс 

тобының  мүшесі  екендігіне  байланысты 

өңір  судьяларымен  кездесіп,  ойлары 

мен  ұсыныс­пікірлерін  тыңдап,  бөлісудің 

маңызына тоқталды.

Кездесуде  ондай  ұсыныстар  да  аз 

болмады. Қазіргі талап бойынша доғарыстағы 

судьялар  жас  судьяларға  тәлімгер  етіп 

бекітілген.  Кейбір  доғарыстағы  судьялар 

адвокаттық  қызметпен  шұғылданады. 

Жас  судьялар  сотта  іс  қараған  кезде  іс 

бойынша  адвокат  болып  тағайындалған 

өзінің тәлімгерімен сот процесінде бетпе­ 

бет келіп қалатын жағдайлар кездесіп жүр. 

Мұндай  қайшылықты  болдырмас  үшін 

доғарыстағы  судьялардың  адвокаттық 

қызметпен шұғылдануына қатысты мәселені 

дәйектілікпен шешудің қажеттілігі туындап 

отыр. 


Қазіргі  кезде  доғарыстағы  судьялар 

мемлекеттің  зор  әлеуметтік  қолдауына 

ие. Ай сайын судьялық лауазымды атқар­

ған  кезіндегі  жалақысының  70  пайызы 

көлемінде,  бірақ,  109  айлық  есеп тік 

көрсеткіштен аспайтын мөлшерде зейнет­

ақы алады. Ұсыныс білдірушілер доғарыс­

тағы  судьялардың  адвокаттық  қызметіне 

заң  жүзінде  тоқтам  салынған  жағдайда 

зейнетақыдағы  айлық  есептік  көрсеткіш 

мөлшеріндегі  шектеуді  алып  тастауды 

ұсынады.


Судья Е.Боранбаев жаңа заң нормалары 

қолданысқа енгізілгенге дейін ұзақ жылдар 

сот жүйесінде жұмыс жасап, зейнеткерлікке 

шыққан кейбір судьялар мемлекет тарапы­

нан өмір бойы қамтамасыз етілу мүмкіндігіне 

ілікпей қалғанына қатысты мәселені қозғай 

келіп,  мәселенің  оңтайлы  шешімін  табуы 

қажеттілігін ұсынады. Өйткені, олар көп те 

емес. Облыс көлемінде төртеу ғана. 

Сот  жүйесінде  жұмыс  жасаған  кеңес­

шілер,  хатшылар,  судьяның  көмекшілері, 

сондай­ақ, қызметі сот жұмысымен тікелей 

ұштасатын  прокурорлар,  адвокаттар  бес 

жыл  жұмыс  өтілі  болған  жағдайда  судья­

лыққа өте алады. Ұсыныс жасаушылар осы 

тізімге  тергеушілер  де  енгізілуі  керек  деп 

есептейді. 

Кездесуге  қатысушылар  депутат қа 

ризашылықтарын  білдіріп,  заң  шығару­

шылық  қызметіне  табыс  тіледі.  Өз  ке­

зегінде  мәртебелі  мейман  да  құнды 

ұсыныстар білдіріп, кездесудің мағыналы 

да  табысты  өтуіне  белсенді  атсалысқан 

судьяларға  алғысын  айтып,  қызметтеріне 

табыс тіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет