бөлімшесінің аға жедел уәкілі Ерік Кәрібаев.
орыннан көрінді.
старшинасы Алексей Калиниченко.
көрсеткіштерге жетуіне септігін тигізбек.
алынды.
№108/1 (2886/1)
1 қазан 2016
3
zangazet@mail.ru
ҚОҒАМ
Бүгінгінің бас тақырыбы
Көзқарас
АУАСЫ ЖОҚ ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАН АДАМНЫҢ СОҢҒЫ СӘТКЕ ДЕЙІН ҚАСЫНАН ТАБЫЛАТЫН ЖАҚЫНДАРЫ
МЕН ДӘРІГЕРЛЕР ҒАНА. ОЛАР ТӨСЕККЕ ТАҢЫЛҒАН ЖАННЫҢ АЗАБЫН ЖАҚСЫ ТҮСІНЕДІ. КҮНДЕЛІКТІ
ДӘРІНІ ЕГІП ТҰРЫП ОНЫҢ ТЕК НАУҚАСТЫҢ ҚИНАЛЫСЫН УАҚЫТША ЖЕҢІЛДЕТЕТІНІН ДӘРІГЕР ДЕ, СОЛ
ДӘРІ ҮШІН ҚАЛТАСЫНДАҒЫ СОҢҒЫ ТЕҢГЕНІ ҚАҒЫП, ҚАРЫЗҒА КІРЕ БАСТАҒАН ТУЫСТАР ДА СЕЗЕДІ.
БІРАҚ, АМАЛ ЖОҚ. ТАМЫРЛАРЫ КҮНДЕЛІКТІ ЕГІЛГЕН ИНЕДЕН ҚАНТАЛАП, ҚОЗҒАЛЫССЫЗ ЖАТҚАННАН
ЖАМБАСЫ ОЙЫЛЫП, ТЕРІСІ КӨШЕ БАСТАҒАН СЫРҚАТТЫҢ ОСЫНДАЙДА ҚАЛАЙТЫНЫ БІРЕУ ҒАНА
— ЖАНЫН ҚИНАЙ БЕРМЕЙ, ТЕЗІРЕК КӨЗ ЖҰМУЫНА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӨМЕКТЕСУІ. ШЫНЫНДА ДА,
ТУЫСТАРЫНА МАСЫЛ БОЛҒЫСЫ КЕЛМЕЙ АҚ ХАЛАТТЫЛАРДАН ЖӘРДЕМ КҮТЕТІН НАУҚАСТАР АЗ ЕМЕС.
ОЛАРДЫҢ ТІЛЕГІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН, ЗАҢ ТІЛІМЕН АЙТҚАНДА, ЭФТАНАЗИЯ ДЕЙДІ. НАУҚАСТАР ӨЛІМГЕ
БАС ТІККЕНІМЕН, БІЗДІҢ ЕЛДЕ ОЛАРДЫҢ ТІЛЕГІН ҚАНАҒАТТАНДЫРАТЫН ЗАҢ ЖОҚ.
Д
ДЕМОГРАФИЯНЫ
КӨТЕРУ ТЕК
ҚАРЖЫҒА
ТӘУЕЛДІ ЕМЕС
ЖАҚЫНЫҢНЫҢ
ҚИНАЛҒАНЫН КӨРУ АУЫР
НЕМЕСЕ БІЗГЕ ЭФТАНАЗИЯ КЕРЕК ПЕ?
Бәрекелді!
Сонымен қатар, демографияға
әсер етер бірнеше факторды ерек-
ше атап өткен жөн болар.
Ең алдымен, ұлтты өсіру үшін
елдегі сүрбойдақтар қатарын
азайт қан дұрыс. Соңғы жылдары
жас тарда қызметке ден қою, жеке
басының мүддесі үшін ерлі-зайып-
тылық өмірге асықпау үрдісі белең
алып барады. Түптеп келгенде
жастар отбасы, бала алдындағы
жауаптылықтан қашады. Өзінің
табысын жеке өзіне ғана жұмсап,
өзгеге уайымдамауды жөн көреді.
Осылай жүргенде уақыты өтіп кетіп,
кәрі қыздар мен сүрбойдақтар қа-
тарын көбейтетінін көпшілігі түсін-
бейді. Ал, жасы ұлғайған сайын
сырқаты көбейіп, қуаты кеміген
ерлі-зайыптылар көпбалалы отбасы
тұрмақ, өздерінің орнын басар екі
баланы өмірге әкеле алмай баз ке-
шеді. «Әйелдер арасында бедеулік
қаншалықты көп болса, ерлер ара-
сындағы белсіздік те кейінгі жылда-
ры артып келеді» деген дәрігерлер
сөзі бұл пікіріміздің дұрыстығын дә-
лелдей түседі. Ендеше, жастардың
салт басты, сабау қамшылы болып
жүре бермей бірігіп күн ке шуі не,
Қазақстандағы отбасылар санын
көбейтуіне ықпал ететін қадамдар
жасау қажет-ақ. Мұндайда тек
бойдақ салығын енгізумен мәселе
шешілмейді. Сондықтан, ұл-қызы-
ның «отырып» қалмауына ата-ана,
туыстары да мүдделілік танытқаны
дұрыс.
Отбасылық құндылықтарға же-
ңіл қараудың соңы да демография-
лық өсімге салқынын тигізуде.
Әсі ресе, азаматтық неке деген ат
ал ған жауапсыз одақтың жастар
ынтасын басатыны әлдеқашан
дә лел денген. Азаматтық неке –
қа зақ тың ұстанымына жат, жа-
уап сыздыққа тәрбиелейтін одақ.
Мұн дай некені біреулер ерлер үшін
пай далы болғанымен, әйелдерге
залалы көп деп жатады. Оны ба-
лалы болған әйелдердің алимент
алуда қиналуымен, жазықсыз жапа
шегуімен түсіндіретіндер бар. Шын-
дығына келгенде, азаматтық неке
ер-азаматтардың да есіл уақытын
ұрлап, нағыз қайраты тасып, ден-
сау лығы күшінде тұрған кезде ба-
лалы болуға деген мүмкіндігін әл-
сіретеді. Жауапсыз өмірге үйренген
жігіттердің ертең де жайлы отбасын
ұрып, тұрақты некеде тұратыны-
на ешкім кепілдік бермейді. Сон-
дықтан, азаматтық некеге заңдық
тұрғыда тыйым салатын кез жетті.
Жасанды түсіктің де демогра-
фияның жауы екені аз айтылмайды.
Рас, бірінші жүктілігін түсік жасату
арқылы бұзған нәзікжандылардың
қайта ана атануы неғайбыл. Осы-
ны ескере отырып, бірінші рет ана
атанғалы отырған әйелдердің түсік
жасатуына тосқауыл қойған орын-
ды. Ал, қалған жағдайда түсіктің
жасалуына тыйым салу тіпті мүм-
кін емес. Бұл айналып келгенде
жос парсыз баладан құтылу үшін
ме дициналық мекемелерге бару-
дан қашып, емші-домшылардың
қолынан қайтыс болатындар санын
арттыруы әбден мүмкін. Өйт кені,
түсік жасатуға заңдық тұр ғыдан
тыйым салатындар елдер баршы-
лық. Бірақ, сол елдердің көп шілігі
жазадан қашам деп заңсыз жол-
мен түсік жасатқан жас қыздардың
өлімінен кейін өз талаптарын өз-
герткен болатын.
Генетик-мамандар аналардың
жасы ұлғайған сайын ауру балалар
санының артатынын айтады. Дәрі-
герлердің дабыл қағатын жөні бар.
Себебі, қазір нәрестелердің өлімі
көбейген, дімкәс балалардың саны
артқан. Ахуалдың ауырлағанын
некенің кеш тіркелуімен, ерлі-за-
йыптылардың жас ерекшелігімен
түсіндіретін дәрігерлер осы күні
қыз дардың отыз жастан асқанда
тұрмыс құрып, азаматтардың отыз-
ға таяғанда шаңырақ көтеретіндері-
не алаңдаушылық танытады. Десек
те, кеш отау көтеру тек біздің елге
тән қасірет емес. Демографиясына
жаны күйген елдің барлығы осы
мәселенің алдын алу үшін күре-
суде. Ал, отызында орда бұзудың
орнына енді ғана отау көтерген
жандарды дені сау ұрпақтың тағ-
дырынан гөрі өздерінің күнделікті
күнкөрісі көбірек мазалайды. «Әу-
елі жағдайымызды жасап ала йық,
баламен басымызды қатырып қай-
теміз» дегенді жиі еститініңіз де
содан. Мұндайда дау айтудың өзі
әбестік. Себебі, күнкөрісін қамда-
май тұрып баламен «басы қатып»
жүрген студент-аналардың жағ-
дайы, шынында да, жаңағы пікір дің
жаңсақ еместігін дәлелдейді.
Мысалы, мамандар 20-28 жас
аралығындағы әйелдердің өмірге
дені сау ұрпақ әкелу мүмкіндігі
жоғары екенін айтады. Яғни, эко-
логияның әсерінен, ананың жеке
күтімнің жоқтығынан, денсаулығы-
ның кінәратынын жас кезде де
дімкәс бала туылуы мүмкін. Бұл
жаста қыздардың көпшілігі жоғары
оқу орындарында білім алып жата-
ды. Ал, білім мен аналық парызды
қатар алып жүру екінің қолынан
келе бермесі тағы белгілі. Себебі,
жоғары оқу орындары отбасылы
сту денттерге жатақхана бермейді.
Оларда мұндай мүмкіндік жоқ. Бұл
– студент-аналар кездесетін бірін-
ші қиындық. Екіншіден, ана болған
соң бөпеге күтім жасалуы керек.
Сәбидің ауырып қалуы да ғажап
емес. Тіпті, ауырмағанның өзінде
түнімен жаялығын ауыстырып, та-
мақтандырсаң да ұйқың бөлінбей
ме? Ал, аса мәртебелі ұстаздардың
жас аналарға түсіністікпен қарай-
тындары сирек. «Мен үшін бала
туған жоқсың», «Студентсің бе,
оқы, тапсырма бәріңе ортақ» дей-
тін оларға демографиядан гөрі өзі
оқытатын пән маңыздырақ. Кейбір
оқу орындарында нәрестелі болған
студентке алғашқы екі айға сабаққа
еркін қатысу мүмкіндігінің берілетіні
рас. Бірақ, одан келіп-кетер пайда
көп емес. Себебі, студент бала
күткен кезде жіберген сабақтары
үшін бәрібір қосымша тапсырмалар
орындайды. Осындайда «баласы
бар студент неге оқуын бір жылға
шегеріп, келесі жылы жалғастыр-
масқа?» деп ойларыңыз анық. Сту-
дент-аналарда ондай да мүмкіндік
жоқ. Егер демалыс алатын болса,
грантта оқып жүрген оның орны
бірден ақылы бөлімде оқитын сту-
дентке беріліп, ол келесі жылы ақы
төлеп оқуға мәжбүр болады.
Үшінші қиындық – қаржылық
жағдайға байланысты. Қазақтың бір
қарадомалағын қайтсем аман-есен
азамат етем деген жас ана өз
оқуын ақсатып алары анық. Мұн-
дай жағдайда ол бұрын алып кел-
ген азғантай шәкіртақысынан да
айырылады. Мемлекет тарапынан
берілетін жәрдемақының шәкір-
тақыдан да аз екенін ескерсек, бұл
жерде студент-ананың қаншалықты
ұтылатынын байқар едік.
Төртіншіден, студент-аналарға
емханалардан берілетін жеңілдік
те жоқтың қасы. «Оқу орны мен
отбасының ортасында жүгіріп жүр-
ген соң өзіңе күтім жасауың қиын.
Оның үстіне бала емізетін аналарға
толыққанды, витаминдерге бай,
құнарлы тамақтарды тұтыну ке-
рек. Оған жағдай қайда? Мүмкіндік
болмаған соң сүт те шықпайды,
баланы да тойғыза алмайсың. Қо-
сымша тамақтың бағасы болса өте
қымбат. Оған жаялықты, дәрі-дәр-
мекті қосыңыз» дегенді кез келген
студент-ананың аузынан естуге
болады.
Осыдан кейін генетиктер «18
бен 25 жастың арасында дені сау
бала туылады» деген құлаққағыс-
тарын жастарға емес, жастарға
жағдай жасамай отырғандарға айт-
қаны орынды емес пе? Генетиктер
қалаған жастағы қыздар оқу орын-
дарының студенттері екені белгілі.
Ал, тұңғыштарын аяғынан тік тұрғы-
зу үшін оқудан шығып кетуге дейін
баратын студент-аналардың осы
тауқыметтерден кейін демография-
ны көтеруге, екінші баласын өмірге
әкелуге ынтасы қайдан болсын?
Ресейде отбасылы студенттерге
арнайы жатақхана беріледі. Қиын-
дықтың жақындастырғаннан гөрі
ажырататынын ескерсек, бізге де
демографияны өсіріп, ажырасқан-
дар санын азайту үшін жатақхана
мәселесін жолға қойған жөн шығар.
Жадыра ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА
Қ а -
терлі дертке шалдыққан жан-
дар өмірінің соңғы сәтіне дейін
күресуге тырысады. Алайда, көбінің
оған шыдамы жете бермейді. Бірі
жанының ауырғанына төзбесе, екін-
шілері жақындарының қиналғанын
көргісі келмейді. Тіпті, туыстарының
күнделікті дәріге қаржы іздеп қа-
рызданғанын да қаламағандықтан
өлімге асығып жатады. Әрі балала-
рының алдында дәрменсіз жатқа-
ны да талайлардың жүрегін жа-
ралайтыны шындық. Солай десек
те, арнайы заң болмағандықтан,
жазылмас дертке шалдыққан қа-
зақстандықтардың барлығы көрер
жарығының таусылғанын күтуге
мәжбүр.
Эфтаназия сөзі грек тілінен
аударғанда «жеңіл, қиналыссыз
өлім» дегенді білдіреді. Бұл мәселе
Қазақстанда біраз уақыттан бері
дау тудырып келе жатқаны белгілі.
Оны жақтаушылар да, қарсылық
айтушылар да жеткілікті. Жақтау-
шылар егер сырқаттың беті бері
қа рамайтыны анық болса, науқасты
көп қинаудың қажеті жоқ дегенді
алға тартады. Күнделікті дәрі-дәр-
мекке кететін шығыннан бөлек,
төсекке таңылған жақыны үшін өз
жеке өмірін сарп еткен туыстарды
да ойлағанымыз жөн дейді олар.
Ал, қарсылық білдірушілердің сүйе-
нетіндері – заң мен
моральдық мүдде.
Демі бітпеген адамды біреудің
қолымен мезгілінен бұрын өлтіру
қылмыспен пара-пар. Ол шындық.
Мұны дін де қуаттайды. Алайда,
соңғы уақытта қатерлі ісікке шал-
дыққан, жүрек талмасынан мәң-
гілік төсекке таңылған, миына қан
құйылып ессіз жатқан жандардың
көбеюі эфтаназия мәселесі әлі де
ұзақ уақыт тартыс тақырыбына
ай налатынын меңзейді. Дәрігер-
лер, сондай-ақ, нәрестелердің
ара сында мүгедек болып туғандар
санының артып бара жатқанына
алаңдаушылық білдіруде. Дене
мүшесі кем, жартыкеш туған сә-
билерді жас аналардың бауыры-
на салып жіберу екі бірдей тағ-
дырды талқыға салғанмен тең.
Нә рестенің өмір сүріп кететініне
99 пайыз сенімсіз болып тұрған-
мен, дәрігерлердің ананы жан
азабынан, сәбиді күнделікті дәрі
қабылдаудан құтқаруға мүмкінді-
гі жоқ. Ана жатырында жатқанда
сәби дамуындағы ауытқушылықты
байқап, түсік жасату – мүгедек ба-
лаларды азайтудың бір жолы ғана.
Ал, тіркеуден қашып, дәрігер дің
бақылауында болмай, перзентха-
наға бірден келетін аналар өз
өмі ріне ғана емес, баласының
тағ дырына да балта шабатынын
тү сінгені жөн.
Б
ИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІ МЕРЕ-
КЕСІН ТОЙЛАУ БҰРЫНҒЫ ЖЫЛДАРҒА
ҚАРАҒАНДА ЕРЕКШЕЛЕУ ЖӘНЕ МӘН-МАҢЫЗЫ
ЖАҒЫНАН ДА БӨЛЕКШЕЛЕУ ӨТТІ ДЕСЕК АРТЫҚ
АЙТҚАНДЫҚ БОЛМАС. ОСЫ МЕРЕКЕ АЯСЫНДА
ҚАЛАДА БІРНЕШЕ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛДІ.
Солардың қатарында үстіміздегі жылдың сәуір ай-
ында Шымкент қаласының жетістіктері мен келбетін
ел тұрғындарына насихаттау мақсатында қалалық ішкі
саясат бөлімінің тапсырысымен «Жаңа дәуір» қоғам-
дық бірлестігі БАҚ пен интернет жарияланымдары
бойынша «Шырайлы Шымкент» республикалық бай-
қауын жариялаған болатын.
Байқаудың ережесінде Шымкент қаласының мәде-
ни, әлеуметтік, экономикалық дамуын, туристік және
инвестициялық әлеуетін айшықтайтын ақпараттар,
материалдар жариялау арқылы қаланың имиджін қа-
лыптастыру маңыздылығы айтылған-ды. Содан бері
өткен бес ай ішінде журналистер мен блогерлердің
«Үздік баспасөз жарияланымы», «Үздік теле-радио
бағдарламасы», «Үздік интернет - БАҚ жарияланымы»
және «Әлеуметтік желілер мен блог-постардағы үздік
жазба» аталымдары бойынша көптеген материалдары
жарық көрді. Ағымдағы жылдың сәуір-тамыз айларын-
да БАҚ пен интернетте жарияланған материалдарды
қазылар алқасы сарапқа салып, мұқият қарап шығып,
қорытындысын шығарған екен.
Осы қорытынды негізінде Қала күні мерекесі қар-
саңында Шымкент қалалық балалар мен жасөспірім-
дер орталығында «Шырайлы Шымкент» республика-
лық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі
өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла
Әбдірахымов пен оның орынбасары Қайрат Нұртай
арнайы қатысып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар
мен естелік дипломдар тапсырып, жеңімпаздарға
алғысын айтты.
Байқау қорытындысына сәйкес, «Үздік баспасөз
жарияланымы» аталымы бойынша қалалық «Пано-
рама Шымкента» газетінің тілшісі Галина Германға,
«Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі
Жәмила Мамырәліге және Оңтүстік Қазақстан облыс-
тық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің
басшысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Қ.Дүйсенбиге арнайы дипломдар табысталды. Осы
орайда, биылғы 26 тамыздағы «ЗАҢ газетінің» №95
санында Қ.Дүйсенбидің «Шырайлы Шымкент» айда-
рымен «Ішкі туризмді дамытуды туған жерден бас-
тайық» тақырыбындағы мақаласы жарық көргенін
айта кеткеніміз жөн шығар.
Жалпы, жоғарыда аталған өзге аталымдар бо-
йынша дәл осындай дипломдар «24.kz», «Айғақ», TVK
телеарналарына және өзге де ақпараттық порталдар
мен блогерлерге беріліп, барлық жеңімпаздар бағалы
сый-сияпаттарға ие болды.
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ,
«Заң газеті»
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
(Соңы. Басы 1-бетте)
Эфтаназия мәселесін
түсініс тік пен қабылдаған
алғашқы ел – Швеция. «Өз
еркімен өмірден ке туге»
өтінішті алғаш толықтай қи-
мылсыз қалған 32 жаста ғы
әйел берген болатын. Ерік-
ті өлімге қолдау көрсеткен
келесі мемлекет – Нидер-
ланды. Мұнда аталмыш
заң 1984 жылы қабыл-
данған еді. 2002 жылы
Бельгия да Швеция ны
құп тап, эфтаназияны
заң дық тұрғыдан бекітті.
Аме рика Құрама Штатта-
ры аталған тақырыпта бір
пікірге келе қойған жоқ.
Медицинаның көмегі-
мен өлімді жақындатуды
қуат тап тек Орегон шта-
ты мен Вашингтон штаты келісімге
келген. Онда да заңда назарға
алынатын шектеулер өте көп.
Аталмыш қадамға алғаш бар-
ған шведтердің айтуынша, егер
сыр қаттың ақыл-есі түзу болып, өз
ісі не есеп беретін болса медицина-
ның көмегімен жеңіл өлімді таңда-
уын құптау керек екен.
Ал, эфтаназияны қолдамайтын-
дардың алға тартар ең үлкен ар-
гументі – жаны жаралы жанға
көмектесуді біреулердің пайда көзі-
не айналдыруы мүмкін дегенмен
ұштасып отыр. Оған негіз де жоқ
емес. Ұлыбританиядағы профес-
сорлардың бірі Джулиан Савулеску
өзінің «Биоэтика» деп аталатын
журналында жаға ұстатар жаңалық
айтқан. Эфтаназия арқылы сыр-
қаттардың мерзімінен бұрын көз
жұмуына көмектесу арқылы кейбір
дәрігерлер трансплантация мәсе-
лесін шешіп келген.
Иә, мол табыстың шеті қыл-
тиғанда арды да, ұятты да ұмытып
кететіндер қоғамда жоқ емес. Сол
тұрғыдан алғанда бізге де эфта-
назияны заңдастыру әлі де ерте
секілді. Тіпті, бұл әдісті тәжірибеге
енгізу мұсылмандығымызға жат.
Өйткені, біз «Көретініңді көрмей,
көрге кірмейсің» деп тәмсіл еткен
Төле бидің ұрпағы емеспіз бе?
Дастан НЕСІПБАЙҰЛЫ
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
АНЫҚТАЛДЫ