АҢдатпа 6-бет 5-бет



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата05.02.2017
өлшемі6,99 Mb.
#3484
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Мойындау

Құäиÿр  êөï  бұлòàқòàғàí  жоқ.  Ïро-

фåññорäû қàлàй, íå үøіí өлòіргåíіí äå 

мойûíäàäû.  «Ñоíäàй  àäàмäàрäû  жåê 

êөрåміí. Áолûï, òолғàí, өзіí бàñқàлàр-

äàí  àрòûқ  êөрåòіí  жàíäàр  ұíàмàйäû. 

Îл мåíің Мàйрàмäû жàқñû êөргåí жоқ. 

Îғàí  мàқòàíûï  жàíûíà  åрòіï  жүрåòіí 

жàñ, әäåмі қóûрøàқ êåрåê болäû. Мåí 

Мàйрàíû ñоäàí құòқàрäûм», – äåäі жі-

гіò. Àл, Мàйрàíûң ойûíäà íåíің бàр åêå-

íіí жігіò òүñіíäі äåйñіз бå? Құòқàрó øû-

íûң іñіíå оíûң қóàíà қоймàғàíû àíûқ.

Îñûмåí бåñ àй бойû жұмбàғû øå-

øіл мåй, êөïøіліê òàлқûñûíà òүñêåí қûл-

мûñòûқ іñêå íүêòå äå қойûлäû. Іñòі òà-

рàзûлàғàí ñóäьÿ Құäиÿр Êåңøіліêұлûí 9 

жûлғà бàñ боñòàíäûғûíàí àйûрóғà үêім 

øûғàрäû. 

(Кейіпкерлердің аты-жөні белгілі се-

бептермен өзгертілді)

ҚÀÒЫГÅЗÄІÊÒІ ÆÀРНÀМÀËÀУ ҚÀÆÅÒ ÅМÅÑ



16

№108/1 (2886/1) 

1 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



АЛАҢ  ЖҰРТ

Қорқыныштысы  сол  –  кепкен 

көл дердің  орнына  шөлге  бейім  ши, 

жантақ,  жусан  секілді  шөптер  өсіп, 

өзен-көлдердің  тартылуының  соңы 

экологиялық  жағдайға,  ауа  райы-

ның  өзгеруіне  де  қатты  әсер  ететіні 

байқалған. 

Соңғы  кездері  Балқаш  көлінің 

мүшкіл  халі  мен  Жайық  суының  екі 

есе азайғаны жөнінде де жиі айтыла 

бастады.  Алайда,  өкінішке  қарай, 

өзен-көлдеріміздің  экологиялық 

жағдайын  шешіп,  жерасты  суларын 

сақтау  жөнінде  жасалып  жатқан 

іс-шаралар  жоқтың  қасы.  Алдағы 

уақытта мұнай құнымен тең түсер су 

мәселесіне ешкім бас қатырар емес. 

Өзара әріптестік қарым-қатынастары 

біршама  дамыған  елдер  көптеген 

ортақ  мәселені  шешуге  мүдделілік 

танытқанымен,  су  қорын  бірлесіп, 

тиімді  қолдану  сияқты  маңызды 

мәселелерді  шешуге  құлықсыздық 

танытуда. «Судың да сұрауы барын» 

естен шығарғандай. Осылайша көптің 

үрейін  тудырып  отырған  2025-2030 

жылдардағы су мәселесінің алдын алу 

мүмкін болмай отыр.

Біздің  еліміз  пайдаланатын  суы-

ның  50  пайыздайын  басқа  елдер-

ден  келетін  өзендерден  алады. 

Оның  ішінде  Қытайдан  –  19  пайыз, 

Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан 

– 17 пайыз және Ресейден 7 пайыздай 

су алады. Бұл су ресурстары шаруа 

қожалықтары мен егіс даласын суару-

ға пайдаланылады. Айта кетер жайт, 

біз  су  алып  отырған  елдердің  эко-

номикасы  өскен  сайын,  олардан 

келетін су мөлшері де жыл өткен сайын 

азаюда. Тіпті, күндердің күнінде түрлі 

сылтаулармен олар су көздерін жауып 

тастаса  да,  біз  ешкімге  өкпе  айта 

алмаймыз.  Сондықтан,  мамандар 

«ертерек өз жоғымызды өзіміз түген-

деп үлгергеніміз жөн» дейді.

Ауызсу мәселесі 

қашан шешіледі?

«2010  жылы  Қазақстан  халқы 

тұтастай таза ауызсумен қамтамасыз 

етіледі».  Бұл  құзырлы  орындардың 

2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз-

су»  бағдарламасын  жүзеге  асыруы 

кезінде  халыққа  берген  уәдесі 

болатын. Бағдарламаның жүзеге асу 

мерзімі  әлдеқашан  аяқталды.  Ал, 

ауылдарымыздың  40  пайызы  таза 

ауызсумен  қамтамасыз  етілмеген 

болса, олардың 11 пайызы ауызсуды 

тасып  ішуге  мәжбүр  болып  отыр. 

Қаладағы  жағдай  да  мәз  емес. 

Жүргізілгеніне  жарты  ғасыр  уақыт 

өткен  жерасты  су  құбырлары  ес-

кіргендіктен, қалалық тұрғындардың 

дені бүгінде үйіндегі шүмектен аққан 

суды  пайдаланбайтын  дәрежеге 

жеткен. 


Тәуелсіз сарапшылардың мәлімет-

теріне  сүйенсек,  қазақстандықтар-

дың 90 пайызы сапасыз су тұтынады 

екен. Ал, кезінде «суға жаппай қарық 

қыламыз» деп уәде берілген бағдар-

ламаға  335  миллиард  теңге  қаржы 

жұмсалған  болатын.  Өкініштісі  сол, 

бүгінде  берілген  уәде  мен  бөлінген 

қаржының құмға сіңген судай із-түзі 

білінбейді.

Ал, қуаныштысы, «шешінген судан 

тайынбас»  дегендей,  еліміз  «ауыз-

су  мәселесін  қалайда  шешеміз» 

деп  2011–2020  жылдары  халықты 

ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі 

«Ақбұлақ»  бағдарламасын  қабыл-

даған. Оған жыл сайын бюджеттен 90 

миллиардтай теңге бөлініп, жалпы, 10 

жылдың  ішінде  951  миллиард  теңге 

қаржы жұмсалады деп күтілуде. 

Жаңа  бағдарлама  бойынша  тағы 

да  «еліміз  толықтай  таза  ауызсумен 

қамтылады» деген ұрандар айтылуда. 

Мемлекет  басшысы  да  «2020  жылы 

қалалардағы  орталық  сумен  жаб-

дық тауды  пайдалану  мүмкіндігі  100 

пайызды құрауға тиісті. Ал, ауылдық 

мекендерде  екі  есе  –  80  пайызға 

дейін өсуі керек» деп тапсырма берді. 

Алайда,  жарнамасы  жер  жарған 

бағдарламаның  бастапқы  уәдесін 

ұмытып,  бөлінген  триллион  теңгеге  

жуық  рекордты  соманың  тағы  да 

мақсатсыз  пайдаланылып  кетпесіне 

ешкім  кепілдік  бермейді.  Өйткені, 

алғашқы  «Ауызсу»  бағдарламасы 

кезінде де талай уәде беріліп, тиісті 

қаржы  бөлінгенімен,  бағдарламаны 

орындау  барысында  қызмет  бабын 

теріс пайдалану, бюджет қаражатын 

жымқыру,  су  тораптарын  сапасыз 

салу,  санитарлық  нормаларды  сақ-

тамау  секілді  заңбұзушылықтар 

ере  жүруінің  арқасында  бастапқы 

бағдарлама  көздеген  мақсатына 

жете  алмай  қалған  еді.  Аталмыш 

бағдарламада  көзбояушылықтарға 

орын  берілгені  соншалық  –  дайын 

емес нысанды қабылдап алу фактілері 

де кездескен. 

Айта  кетер  жайт,  әдемі  ұранмен 

басталып, соңы сиырқұйымшақтанып 

кеткен 2002-2010 жылдарға арналған 

«Ауызсу» бағдарламасын жүзеге асыру 

барысында 300 мыңнан астам қателік 

анықталған.  Осының  салдарынан 

елімізде  мыңдаған  ауылдар  қара 

суға  жарымай,  миллиондаған  адам 

су  тапшылығы  салдарынан  «ағынды 

судың  арамы  жоқ»  деген  сөзге 

малданып,  арық  пен  өзен  суларын 

пайдаланып отыр.



Ағын судың 

арамы жоқ па?

Сол  ағынды  сулардың  әсерінен 

жыл  сайын  миллиондаған  адамның 

денсаулықтарына зиян келуде. Демек, 

еліміздегі  ауызсу  мәселесін  дұрыс 

жолға қойып алмай жатып халықтың 

орташа  өмір  сүру  жасын  ұзартамыз 

деу  бос  әурешілік.  Дүниежүзілік 

Денсаулық  Сақтау  Ұйымының  мәлі-

меттеріне сүйенсек, барлық аурудың 

80  пайызы  судың  сапасына  тікелей 

байланысты  екен.  Сондықтан,  Бірік-

кен  Ұлттар  Ұйымы  «соғысқа,  басқа 

да  зорлық-зомбылық  түрлеріне 

қара

 

ғанда  халықты  көп  шығынға 



ұшырататын – лас су» деген болжам 

жасаған.  Осы  орайда,  еліміздегі 

халықтың  90  пайызының  сапасыз  су 

тұтынатынын  ескерсек,  лас  судың 

салдарынан  халық  денсаулығы ның 

қаншалықты  бұзылып  жатқанын 

айқындауға болатын секілді. 

Өкінішке  қарай,  мемлекеттік 

бағ дар лама  кезінде  кейбір  ауыл-

дар  бағдарламаға  мүлдем  ілінбей 

қалған.  Алыс  ауылдарды  айтпаған-

да,  2002-2010  жылдарға  арналған 

«Ауызсу»  бағдарламасынан  үлкен 

қала ларымыздың  іргесіндегі  ауыл-

дар  да  қалыс  қалған.  Мәселен, 

ірі  мегаполис  саналатын  Алматы 

қаласының  іргесіндегі  Ақжар,  Қал-

қаман,  Ақбұлақ,  Рахат  секілді  ауыл-

дардың барлығы таза ауызсуға зәру. 

Алматының  дәл  іргесіндегі  ауыл 

халқының  көлігі  барлары  тіршілік 

нәрін  қаладан  тасып  ішсе,  көлігі 

жоқтары  жарамсыз  сумен  таңдай 

жібітуге  мәжбүр.  Ал,  суды  тасып 

ішуден  жалыққан  кейбір  азаматтар 

ауласынан  өз  бетінше  құдық  қазып 

алған. 

Рахат ауылы пайдаланып отырған, 



таудан ағып келетін ауызсуды қанып 

ішу  тұрмақ,  татып  ішу  мүмкін  емес. 

Тұрғындардың «құрттаған суды мал-

мен таласа ішеміз, басшылар тек қана 

қара суға қарық қылса жетер еді» деп 

ұшырауы  үйреншікті  жағдайға  ай-

налды.  Базбір  елдер  жаңбыр  суы 

мен қар суын жинап, арнайы сүзгіден 

өткізу арқылы ауызсу тапшылығымен 

күресіп,  әрі  жаңбыр  мен  қарды 

өз  игіліктеріне  тиімді  пайдаланып 

отырса, біз қар мен жаңбыр суының 

пайдасын  емес,  тек  зиянын  көріп 

отырмыз. 

Жыл  сайын  көктем  мезгілінде 

еліміздің  әр  өңірінде  су  тасқыны 

орын  алады.  Мәселен,  2013  жылы 

көктем  келмей  жатып  күн  ерте 

жылитын  оңтүстік  аймақ  Қызылорда 

облысында  аяқастынан  күннің  күрт 

жылынуы  салдарынан  таудан  аққан 

су  Жаңақорған  кентінің  шығыс  жақ 

беткейінде орналасқан 30-40 тұрғын 

үй  мен  нысандарды  шайып  кетті. 

Одан кейін Қарағанды облысы, Орал 

қаласы,  Семей  қаласы  жыл  сайын 

көктем кезінде әбігерге түсіп қалады. 

Демек,  жыл  сайын  судың  тасуына 

да  бой  үйреніп  алды,  қар  суына 

малшынып,  жаңбыр  суына  шайылып 

отыра беру қанымызға сіңіп барады. 

Жасыратыны  жоқ,  бүгінде  кейбір 

өңірлердегі  су  шайып  кеткен  мал 

шығынын  да  ешкім  өндіріп  беріп 

жатқан жоқ. 

Қарап  отырсақ,  жыл  сайын  су 

тас қынынан  зардап  шегу  елімізде 

Тапшылықты 

жоюдың озық әдісі

Б ү г і н д е   ә л е м   б о й ы н ш а   т а з а 

ауызсу  тапшылығы  үлкен  мәсе-

л е г е   а й н а л ы п   о т ы р ғ а н ы   р а с . 

Сондықтан,  кейбір  елдер  жаңбыр, 

қ а р   с у л а р ы н   ж и н а п ,   а р н а й ы 

сүзгіден  өткізу  арқылы  ауызсу 

ретінде  пайдаланып  отырса,  базбір 

елдер  мұндай  суларды  арықтар 

арқылы  суқоймаларға  бағыттап, 

е г і с т і к т і   с у а р у ғ а   п а й д а л а н у д а . 

Әйтеуір,  зиянын  емес,  пайдасын 

көруге  машықтануда.  Мәселен, 

мексикалықтар  «жұмыртқадан  жүн 

қырқып»,  жаңбыр  суын  ауызсуға 

пайдалануда.  Ол  үшін  ерік тілер-

ден  құралған  арнайы  топ  көмек 

көрсетуге  де  дайын.  Бүгінде  тұр-

ғындар  жаңбыр  суын  жинаудың 

жаңа әдістерін меңгеруде. Аталмыш 

шараны жүзеге асыру үшін Мексика 

билігі  7  миллион  песо  қаражат 

бөлген.  Қазір  10  мың  тұрғын  үйге 

арнайы  құрылғы  орнатылған.  Жаңа 

қондырғы жаңбыр суын жинап қана 

қоймай,  оны  сол  бойда  сүзгіден 

өткізіп  тазартады.  Бұл  құрылғының 

тағы  бір  тиімді  тұсы  –  ол  күннен 

қуат  алып  жұмыс  істейді.  Яғни, 

табиғаттың  берген  суын  құрылғы 



БҰҰ-НЫҢ ДЕРЕГІНЕ СЕНСЕК, БҮГІНГІ ТАҢДА ЖЕР ШАРЫНЫҢ 

ӘРБІР  АЛТЫНШЫ  ТҰРҒЫНЫ  ТАЗА  АУЫЗСУҒА  ЗӘРУ  ЕКЕН. 

СОНДЫҚТАН,  СУ  АХУАЛЫ  ӘЛЕМ  ЕЛДЕРІНІҢ  БАСТЫ 

МӘСЕЛЕСІНЕ АЙНАЛЫП ОТЫР. АЛ, ТЕЗ АРАДА СУ МӘСЕЛЕСІН 

ШЕШУГЕ  ҰМТЫЛМАСАҚ,  2025  ЖЫЛҒА  ҚАРАЙ  ӘЛЕМДЕГІ 

ӘРБІР ЕКІНШІ АДАМ СУ ТАПШЫЛЫҒЫН СЕЗІНЕТІН КӨРІНЕДІ. 

ӘЛЕМ ҒАЛЫМДАРЫ ОСЫНДАЙ БОЛЖАМ ЖАСАП ОТЫРСА, 

ЕЛІМІЗДІҢ  ГИДРОЛОГ  ҒАЛЫМЫ  ЖАҚЫПБАЙ  ДОСТАЙҰЛЫ 

«2030  ЖЫЛҒА  ҚАРАЙ  СУДЫҢ  БАҒАСЫ  МҰНАЙ  ҚҰНЫМЕН 

ТЕҢ БОЛАДЫ» ДЕГЕН ҚОРҚЫНЫШТЫЛАУ БОЛЖАМ АЙТУДА.

арқылы  жинап,  құрылғының  өзін 

табиғаттың  көмегімен  жұмыс  істе-

т у г е   к ө ш к е н   м е к с и к а л ы қ т а р ғ а 

қалай  сүйсінбессің.  Бүгінгі  таңда 

Мексика тұрғындарының 40 пайызға 

жуығы  ауызсу  тапшылығын  сезінеді 

екен.  Әсіресе,  қуаңшылықтан  ауыл 

ш а р у а ш ы л ы ғ ы н ы ң   а й т а р л ы қ т а й 

зардап  шегетінін  ұққан  ел  суды 

барын ша  үнемдеп  пайдаланып, 

тіпті,  жаңбыр дың  тамшысына  дейін 

жинап,  кәделеріне  жаратудың  түрлі 

жолдарын қарастыруда.

жергілікті басқару орындарына арыз 

айтқанына талай жыл өткен. Осылайша 

алдыңғы бағдарламадағы оңды-солды 

бақылаусыз  жұмсалған  қаржының 

зардабын  бүгінде  қарапайым  халық 

тартып отыр. 

А й т п а қ ш ы ,   м а м а н д а р   2 0 0 2 -

2010  жылдарға  арналған  «Ауызсу» 

бағдарламасының көздеген мақсатына 

жете  алмай  қалуының  басты  себебі 

«бөлінген  қаржыға  бақылаудың 

болмауы» деген қорытынды жасаған. 

Ендеше,  бөлінген  қаржының  талан-

әдет  болып  қалыпты.  Министрдің 

мәліметіне сүйенсек, тек қана 2010-

2012 жылдары елімізде болған түрлі 

тасқыннан  146  елді  мекен  зардап 

шегіп,  5064  үй  мен  11  400  саяжай 

және шаруашылық құрылыстарын су 

алып  кеткен.  Соның  ішінде  31  мың-

нан  астам  адам  су  басқан  аймақ тан 

басқа  жақтарға  көшірілген.  Сондай-

ақ,  министрдің  айтуынша,  қардың 

күрт  еруі  мен  толассыз  жауған 

жаңбырдың  салдарынан  107  елді 

мекенді  су  басып,  кейбір  нысандар 



МАМАН НЕ ДЕЙДІ?

Жақыпбай ДОСТАЙҰЛЫ, ҚР БҒМ География институты су мәселелері 

бөлімінің меңгерушісі, география ғылымының докторы, профессор: 

– Егер суды тиімді пайдалану жүйесіне көшсек, аталмыш мәселенің алдын 

алуға үлкен мүмкіндік бар. Тек осыны түсініп, біздің мемлекетіміз дер кезінде тиісті 

шараларды қабылдай білсе екен. Еріген қар суларына шейін бағыттап, құйып алу 

арқылы техникалық су ретінде пайдалануға тырысуымыз қажет. Таза ауызсуды 

көлік жуып, көше шаңын басуға пайдалануды тоқтатпасақ, ертеңгі күні өкініштен 

бармағымызды шайнаймыз. Қазіргі таңда экономикасы мен халқының саны өскен 

сайын Қытай еріксіз судан қысып жатыр. Қырғызстанда да дәл осындай жағдай. 

Сондықтан, біздің тез арада суды үнемді пайдалануға көшкеніміз жөн. 

Су жанжалынан біздің елімізге де қауіп бар. Өткен жылдары Оңтүстік Қазақстан 

облысы бойынша кетпен ұстаған шаруаларымыздың өзбектермен бірнеше рет 

қақтығысып қалғанының куәсі болдық. Мұндай суға қатысты келіспеушіліктер жиі 

тіркеліп тұрады. Ал, алдағы уақытта тіпті өрши түсуі мүмкін. Сондықтан, суға 

қатысты мәселелерімізді ертерек шешіп алуға тырысқанымыз жөн.

Стокгольмде өткен су форумында дүниежүзі бойынша соңғы 10 жыл көлемінде 

700-ден астам суға қатысты қаруланған қақтығыс болғаны айтылды. Бұл – өте 

өзекті мәселе. Әр мемлекет мұнайсыз, алтынсыз өмір кешуі мүмкін, бірақ, сусыз 

өмір сүре алмайды. Бұл – анық. Осы орайда, суға қатысты қақтығыс болуын да жоққа 

шығаруға болмайды.

таражға  түспеуі  үшін  не  істеуіміз 

керек?!  Бүгінгі  күні  басты  назарға 

алатын мәселе осы болып отыр. 



Су үнемдеуден 

ұтарымыз көп

Соңғы  жылдары  еліміздегі  қала-

лар  мен  ауылдардың  жауған  жаң-

быр,  тасыған  өзен  мен  еріген  қар 

суының  астында  қалып  шығынға 

қирап  қалған.  Жалпы,  бүгінгі  күні 

тасқын  қаупі  бар  аймақтарда  1,4 

мил лионнан  астам  тұрғын  мен  32 

мыңнан  астам  тұрғын  үй  қоры, 

әлеу меттік-мәдени  және  өндірістік 

мақсаттағы  нысандар  орналасқан. 

Шыны  керек,  басқа  елдер  «қалауын 

тауып қар жандырып» жаңбыр мен қар 

суын  тиімді  пайдаланып  отырғанда, 

біздің  қар  суынан  қыруар  шығынға 

батып,  тіпті,  адам  өліміне  жол  беріп 

отырғанымыз ұят-ақ.

АЛТЫНСЫЗ 

ӨМІР СҮРУГЕ БОЛАР

бірақ, сусыз күн кеше алмаймыз

Ал, бізде ше? 

Атап  айта  кетерлік  жайт,  біздің 

елімізде су ресурстарына үнемшілдік 

жоққа тән. Қар суы мен жаңбыр суы 

түгіл,  таза  су  қорындағы  судың  өзін 

қалай болса солай пайдаланамыз. Әлі 

күнге дейін күнделікті тұрмысымызда 

таза  ауызсу  мен  техникалық  судың 

бөлінбеуі – осының айғағы. 

Көлік  жуу  орындарында  көлік  жуу 

үшін  де,  көшенің  шаңын  басу  үшін 

де  таза  суды  шашып  пайдаланып 

ж а т ы р м ы з .   Б а з б і р   е л д е р   а у ы л 

шаруа шылығында  қуаңшылықтың 

зардабын  тартып,  егістік  суару 

кезінде де үнемшілдікке көшіп жатса, 

әлі  күнге  біз  судың  басын  егістікке 

бұрып қойып, ернеуінен асыра суару 

әдісінен  әлі  өзгере  алмай  жүрміз. 

Мәселен,  Израиль  елі  жайқалған 

егістікті  тамшылатып  суару  әдісі 

арқылы  қарапайым  тәсілмен  егілген 

көкөністен  екі-үш  есе  артық  өнім 

алуға болатынын дәлелдеп отыр. Ал, 

кәдімгі әдіс бойынша 1 гектардан 30 

тонна өнім алынса, тамшылатып суару 

арқылы 60-100 тоннаға дейін көкөністі 

қамбаға жинап алуға болады екен.

Шыны  керек,  суды  ернеуінен 

асырып  күні-түні  суарып  отырсақ 

та,  біз  әлі  күнге  өз  елімізді  өзіміз 

толықтай  көкөніспен  қамтамасыз 

ете  алмай  отырмыз.  Ал,  Израиль 

елі  табиғатының  нашар  болғанына 

қарамастан, тамшылатып суару әдісі 

арқылы  мол  өнім  жинап,  өздерін 

аста-төк  өніммен  қамтығаны  аздай, 

өнімдерін  алыс-жақын  шетелдерге 

шығаруда.  Бір  ғана  Израиль  елінде 

емес,  аталмыш  әдіс  дүниежүзінде 

көптеген елдерде қолданылып, тиімді 

нәтиже  беруде.  Әйтсе  де  әлі  күнге 

еліміз  үнемдеп  пайдаланылатын 

мақтаулы  әдіске  толық  бет  бұра 

алмай отыр. 

Жалпы,  бүгінде  барлық  елдер 

«Судың да сұрауы бар» екенін ұғынып, 

түрлі үнемдеу жолдарын қарастырып 

жатыр. Ал, біздің суқоймалар салып, 

еріген қар суы мен жауын-шашынды 

жинау  түгіл,  бүгінде  қала  ішіндегі 

арықтарды  уақтылы  тазалап,  судың 

қала  ішінде  сақталмай  ағып  кетуіне 

жағдай  жасай  алмай  отырғанымыз 

рас.  Мамандар  «суға  деген  осы 

көзқарасымызды  өзгертпесек  бол-

майды» дейді. 

Еліміздің кейбір өңірлерінде қыс-

та  кісі  бойы  қар  түсетінін  ескерсек, 

оны  Құдайдың  өзі  берген  несібесі 

ретінде  кәдемізге  жаратуды  ескере-

тін  кез  жеткен  секілді.  Сондықтан, 

алдағы  уақытта  шетелдердің  тиімді 

тәжірибесін өз тәжірибемізге енгізіп, 

көктемгі  мезгілде  еріген  қар  суы-

ның  әбігерін  емес,  рақатын  көрсек 

ұтылмасымыз  анық.  Бізге  де  етек-

жеңді жиятын кез жеткендей.



 Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

(Соңы. Басы 1-бетте)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет