АҢдатпа 6D120200 «Ветеринариялық санитария»



жүктеу 211.21 Kb.

бет1/3
Дата31.03.2017
өлшемі211.21 Kb.
  1   2   3

АҢДАТПА 

 

6D120200  -  «Ветеринариялық  санитария»  мамандығы  бойынша 

 философия  докторы  (PhD)  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  ««М-

Протон» зымыран тасығышы құлаған аумақтарға іргелес жатқан аудандардан 

алынған  мал  шаруашылығы  өнімдерінің  сапасы  мен  қауіпсіздігі»  атты 

тақырыбындағы

 

Аутелеева Лаура Төлегенқызының диссертациясына 

 

Тақырыптың  өзектілігі.  Гептил  немесе  1,1  диметилгидразин  ондаған 

жыл  бойы  отандық  және  шет  елдік  зымыран  тасығыштарында,  космостық 

аппараттарда,  континент  аралық  баллистикалық  зымырандарда  жанармай 

заты ретінде пайдаланылып келеді.    

Қазақстан  және  Ресей  ғалымдары  қоршаған  ортадағы  гептил 

қалдықтарын  зерттеуді  жалғастыруда.  Болжамалы  мәліметтер  бойынша 

зымыран  тасығышының  түсу  орындары  1,1  диметилгидразинмен,  НДМА 

және  ТМТ,  МТ,  ДМТ,  ДМФА  ластанады.  Интенсивті  түрде  түсу 

аумақтарында  топырақтағы  нитраттың  ШЖК    1,4-22,5  шаққанда  рН 

көрсеткіші фондық көрсеткіштен  шамамен -1,11 ден -3,67 ауытқыған.  

Шет елдік ғалымдардың пайымдауынша, кейбір зымыран тасығышының 

түсу  кезеңдерінде  де  1,1  диметилгидразиннің  концентрациясы  ондаған 

шектік  жіберілетін  концентрация  мөлшеріне  жетеді.    Құстар,  балықтар, 

жабайы  және  үй  жануарлары  ластанған  сумен  өсімдіктермен  қоректеніп, 

адамның  тағам  шикізаты  ретінде  қауіпті  болып  келеді.  Отандық 

ғалымдардың  мәліметі  бойынша,  1,1  диметилгидразиннің  негізгі  жиналу 

нысаны  топырақ  болып  есептелінеді.    Беткейлік  және  жер  асты  суларында 

жиналу  мөлшері  жоғары  болғандықтан,  іргелес  жатқан  елді  мекендер 

тұрғындарына негізгі қауіп көзі болып саналады.  

Ресми  мәліметтер  бойынша,  «М-Протон»  зымыран  тасығышының 

бөлшектері  түсетін  аудандар  болып  Қарағанды  облысы,  Ұлытау  ауданында 

қазіргі  уақытта    300  ден  аса  бөлшектердің  түсуі  болған.  Жергілікті  мекен 

тұрғындарына  ауыл  шаруашылық  жұмыстарын  игеру  барысында 

қаншалықты қауіпті екендігі жөнінде ақпарат берілмеген. 

Қол  жетімді  әдебиет  көздерінде  «М-Протон»  ЗТ  құлаған  апатты 

аумақтарға  іргелес  жатқан  аудандардан  алынған  мал  шаруашылығы 

өнімдерінің  сапасымен  қауіпсіздігі  жөнінде,  сонымен  қатар  1,1 

диметилгидразиннің  таралу  дәрежесімен  ауыл  шаруашылығы  жануарлар 

ағзасынан шығу мерзімдері бойынша мәліметтер анықтай алмадық.   

Туындалған  сұрақ  біздің  пайымдауымызша  өзекті,  себебі  көптеген 

зерттеулер  потенциалды  қауіптілікті  дәлелдейді,  және  де  зымыран 

тасығышының компоненттері тағамдық тізбек бойынша "топырақ - өсімдік - 

жануар - адам" үшін қауіп төндіреді.   

Зерттеудің  мақсаты  мен  міндеті.  Жұмыстың  мақсаты  болып  ЗТ  «М- 

Протон»  құлаған  аумақтарға  іргелес  жатқан  аудандарда  жайылған  мал 

шаруашылығы  өнімдерінің  сапасы  мен  қауіпсіздігін  анықтап,  ғылыми- 


дәйектелген    ветеринарлық-санитарлық  баға  беру.  Мақсатты  орындау 

барысында келесі міндеттер туындады: 

        1. ЗТ «М-Протон» құлаған аудандарға іргелес жатқан аудандардағы 

жайылымдарға мониторинг жүргізу;  

        2.  ЗТ  «М-Протон»  құлаған  аудандарға  іргелес  жатқан  аудандарда 

жайылған мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен тағамдық қауіпсіздігін 

анықтау; 

        3.  1,1  диметилгидразин  концентрациясының  жануар  ағзалары  мен 

ұлпаларында таралу дәрежесін анықтау;  

        4.    1,1  диметилгидразиннің  жануар  ағзаларынан  шығу  мерзімін 

анықтау;  

        5.  1,1  диметилгидразиннің  мал  шаруашылығы  өнімдерін  ластау 

бойынша ғылыми – дәйектелген ветеринарлық-санитарлық баға беру.  

Зерттеу нысаны: Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы бойынша ЗТ «М-

Протон» құлаған аудандарға іргелес жатқан шаруашылықтардан алынған сүт 

және ет өнімдері. Қояндар (зертханалық жануарлар) және  сүтті бағытындағы 

сиырлар. Жалпы сынама көлемі:  сүт- 422; ет- 371 құрады. 



Зерттеу пәні: ауданды мониторингілеу, мал шаруашылығы өнімдерінің 

сапасы  мен  қауіпсіздігі  (ет  және  сүт),  сезімдік  және  физика-химиялық 

көрсеткіштер,  тағамдық  құндылық,  1,1  диметилгидразиннің  сүт  және 

бұлшықеттегі қалдық мөлшері.   



Зерттеу  әдістері.  Сезімдік  –  сыртқы  түрі,  түсі,  тығыздығы,  дәмі  және 

иісі;  физика-химиялық  –  майдың,  ақуыздың,  құрғақ  зат  мөлшерінің  (ҚЗМ), 

қышқылдылықтың, тығыздық, лактозының пайыздық көрсеткіштері. Физика-

химиялық  – қайнату, рН, пероксидаза реакциясы, күкірт қышқылды мыстың 

реакцисы,  аминді-аммиак  азотының  мөлшерін  анықтау,  Несслер  реакциясы 

және  сутегі  иондарының  концентрациясын  анықтау  (рН),  ҰМҚ,  Къелдал 

ақуызы;  тағамдық  құндылығын  анықтау  барысындағы  химиялық  құрамы– 

масс-спектрометр  (сұйық  хроматограф  SHIMADZU  LC-20  Prominence, 

(Япония)  флуориметрикалық  және  спектрофотометрикалық  детекторымен); 

химика-аналитикалық  -  1,1-диметилгидразиннің  бұлшықеттерде  массалық 

үлесін 

анықтау, 



сүтте 

ионды 


хроматография 

амперометрикалық  

детекторымен,  сұйық  хроматограф  және  ионды  аналитикалық  аз  габаритты 

Цвет Яуза). Статистикалық өңдеу жұмыстары  Стьюдент әдісімен жүргізілді. 



Диссертацияны қорғауға шығарылған негізгі қағидалары: 

- ЗТ «М-Протон» құлаған аудандарға іргелес жатқан ауыл шаруашылық 

іске қосылған және қосылмаған аудандарға мониторинг жүргізу. 

-  ЗТ  «М-Протон»  құлаған  аудандарға  іргелес  жатқан  аудандарда 

жайылған мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін анықтау. 

Тағамдық 

құндылығы 

бойынша 


аминқышқылдарын, 

дәрумендер, 

майқышқылдарын және химиялық құрамын анықтау. 

-  1,1  диметилгидразин  концентрациясының  жануар  ағзалары  мен 

ұлпаларында таралу дәрежесін анықтау;  

 - 1,1 диметилгидразиннің жануар ағзаларынан шығу мерзімін анықтау; 



  -  1,1  диметилгидразинмен  ластанған  мал  шаруашылығы  өнімдеріне 

ғылыми – дәйектелген ветеринарлық-санитарлық бағасын беру.  



Жұмыстың ғылыми жаңалығы келесі: 

 Алғашқы  рет  Қазақстан  Республикасында  ЗТ  «М-Протон»  құлаған 

аудандарға іргелес жатқан аудандар жайылымдарына мониторинг жүргізілді.  

-  алғаш  рет  ЗТ  «М-Протон»  құлаған  №15  аудандарға  іргелес  жатқан 

ауыл  шаруашылық  іске  қосылған  және  қосылмаған  шаруашылықтар 

анықталды.    3  карта  әзірленді:  №  15,  25  түсу  аудандары  бойынша  жалпы 

сұлба; 

ЗТ 


«М-Протон» 

құлаған 


аудандарға 

іргелес 


жатқан 

шаруашылықтардың  картасы;  қауіпті  аумақ  бойынша  карта:  қауіпті  және 

қызыл, қатерлі және салыстырмалы аумақтар.  

-  алғаш  рет  ЗТ  «М-Протон»  құлаған  аудандарға  іргелес  жатқан 

шаруашылықтардан  алынған  мал  шаруашылығы  өнімдерінің  сапасы  мен 

қауіпсіздігі  анықталды.  Тағамдық  құндылығы  бойынша  аминқышқылдарын, 

дәрумендер, майқышқылдарын және химиялық құрамын анықталды.  

-  алғаш  рет  1,1  диметилгидразин  концентрациясының  жануар  ағзалары 

мен  ұлпаларында  таралу  дәрежесін  анықталды.  1,1  диметилгидразиннің 

жануар ағзаларынан шығу мерзімін анықталды. 

-  1,1  диметилгидразинмен  ластанған  мал  шаруашылығы  өнімдеріне 

ғылыми  –  дәйектелген  ветеринарлық-санитарлық  бағасын  берілді.  Сезімдік 

және 

физика-химиялық 



көрсеткіштердің, 

аминқышқылдарының, 

дәрумендердің,  минералды  және  майқышқылдарының  құрамының  өзгеру 

динамикасы бақыланды.. 



Жұмыстың  ғылыми-зерттеу  бағдарламаларымен  байланысы.  

Зерттеу жұмысы қаржыландырылған 217 ғылыми жоба  «Ғылымның дамуы», 

бағдарлама:  Өнім  және  шикізат,  табиғи  қорларды  ұтымды  пайдалану 

бойныша  тақырып:  0176/ГФ  4  ««М-Протон»  зымыран  тасығышының  мал 

шаруашылығына  тигізетін  экологиялық  зардаптары»  атты  бағдарлама 

негізінде орындалды. 



Зерттеу нәтижелері  

1.  ЗТ  «М-Протон»  №15  түскен  аудандарда  9  іске  қосылған 

шаруашылықтарда  -  2002 мал басы және 5 елді – мекендерде барлығы  48 

691 мал басы анықталды. 

2. 3 карта әзірленді: № 15, 25 түсу аудандары бойынша жалпы сұлба; ЗТ 

«М-Протон»  құлаған  аудандарға  іргелес  жатқан  шаруашылықтардың 

картасы;  қауіпті  аумақ  бойынша  карта:  қауіпті  және  қызыл,  қатерлі  және 

салыстырмалы аумақтар.  

3.  Қауіпті  және  қызыл  аумақта  ауыл  шаруашылық  қалыптаспаған, 

қауіпті  аумақта  -  4,  салыстырмалы  аумақта  -    6  қыстақ    және    4  елді-мекен 

анықталды. 

4.  Қауіпті  аумақтан  алынған  мал  шаруашылығы  өнімдерінде  (сүт,  ет) 

сезімдік  көрсеткіштер  бойынша  –  иісі,  дәмі  және  физика-химиялық 

көрсеткіштер бойынша - майлылығы, құрғақ зат мөлшері, рН, лактоза, ҰМҚ 

көрсеткіштерінде басқа аумақтармен салыстырғанда өзгерістер анықталды. 


5.  Қауіпті  аумақтарда  орналасқан  шаруашылықтардан  алынған  сүт 

сынамаларында 

келесі 

көрсеткіштердің 



төмендегені 

анықталды: 

аминқышқылдарының  концентрациясы  (4,7%  дан  26,%,  аминқышқылдар 

соммасы  -  12,2  %,  алмаспайтын  аминқышқылдарының  алмасатын 

аминқышқылдарына  қатынасы  -  0,89  тең.  Аминқышқылды  скор  ең  төмен 

мөлшерде метионин үшін -68%, фенилаланин үшін 85,4% болды.Дәрумендер 

құрамының концентрациясы (дәрумен В

1

 - 21,25 %, дәрумен В



2

 -  38,6 % тең, 

дәрумен В

-  48,4%;  дәрумен  В



12

-    47,3  %  тең;  дәрумен  С  –  40,3  %);  макро-

микроэлементтердің  концентрациясы  (магний  17,2%;  темір  -  37,4  %,  Mr–35 

%; Cu - 30 % тең; Mb - 26%, Zh - 22,3% тең); қаныққан май қышқылдарының 

концентрациясы  (миристин  -  31,2  %,  стеарин  -  45,2%;  пальмитин  -  38,5  % 

тең); 


6.  Қауіпті  аумақтарда  орналасқан  шаруашылықтардан  алынған  ет 

сынамаларында 

келесі 

көрсеткіштердің 



төмендегені 

анықталды: 

аминқышқылдарының 

концентрациясы 

(3,7% 

ден 


25,9,% 

дейін, 


аминқышқылдарының соммасы - 10,7 %, алмаспайтын аминқышқылдарының 

алмасатын аминқышқылдарына шаққанда - 0,89, валин үшін аминқышқылдар 

скоры  ең  төмен-85,5%  болды;  изолейцин-90,1%;  лейцин-95,5%;  метионин-

65%;  треонин-92,25%,  триптофан-  90,7,%,  фенилаланин-39,6%  болды; 

дәрумендердің  концентрациясы  (В

1

  дәруменінде  -  31,3  %,  В



12

-47,3  %),  В



49,4  %,  В



2

  -  52%);  макро-микроэлементтер  концентрациясы  (магний  17,3%; 

натрий  -  34,6  %;  темір  -  37,4  %);  қаныққан  май  қышқылдарының 

концентрациясы  (стеарин  -  5,5  %,  пальмитин-5,8  %  миристин-36,4  %, 

полиқанықпаған қышқылдар: линол 12,5%, линолен 28,6 %) құрады; 

7. 


Тәжірибелік  токсикоз  кезінде  СеДМГ  қалдықтары  барлық 

зертханалық  жануарлардың  ағзасымен  ұлпаларында  жиналды.  Токсиннің 

шектік жіберілетін концентрациясы 2,07±0,71 мг/кг-нан 0,1±0,05 мг/кг дейін. 

8.  Токсиннің  сиыр  сүтінде  жиналу  мөлшері  бойынша  кумулятивті 

концентрация мөлшерінің жиналу көрінісі байқалмады.  

9. СеДМГ қалдығы 12 және 24 сағаттан кейін бүйректе 0,25±0,07 мг/кг, 

0,61±0,18мг/кг,  48  сағаттан  кейін  бауырда  133,81±40,14мг/кг,  және  өкпеде 

82,48±24,74мг/кг  концентрацияда  анықталды.  72  сағаттан  кейін  1,1 

диметилгидразиннің концентрациясы бауырда  98,62±29,59 мг/кг төмендеген. 

Кеуде және сан бұлшықеттерінде токсин анықталмады.  

10.  1,1  диметилгидразиннің    сиыр  ағзасынан  48-72      сағаттан  кейін 

шығатыны анықталды 

11.  1,1  диметилгидразинмен  тәжірибелік  токсикоз  кезінде  мал 

шаруашылығы  өнімдерінде сезімдік – дәмі, иісі және тығыздығы бойынша,  

физика-химиялық  көрсеткіштер  –  майлылығы,  құрғақ  зат  мөлшері,  рН, 

лактоза, ҰМҚ бойынша өзгерістер анықталды.  

 

12.  1,1диметилгидразинмен  тәжірибелік  токсикоз  кезінде  сүттің 



тағамдық  құндылығы  төмендеген:  аминқышқылдардың    концентрациясы  ( 

3,5  %  ден  25,7  %  дейін;  аминқышқылдар  соммасы  -  7  %,  алмаспайтын 

аминқышқылдарының  алмасатын  аминқышқылдарына  шаққанда  -  0,78, 

метионин үшін ең төменгі аминқышқылды скор - 65,1 %, фенилаланин үшін 



85,2 %); дәрумендер құрамының концентрациясы (В

12 


- 15,5 %; В

1

 - 28,4 %, В



2

 

-  33,4%,  В



-  61,5%;    С  дәрумені  –  28,5  %);  макро-микроэлементтер 

концентрациясы (мырыш - 22,3 %,  мыс – 30,9 %; темір - 36,1 %; марганец - 

85%;  молибден-  82  %),  қаныққан  май  қышқылдарының  концентрациясы  ( 

пальмитин - 27 % және  стеарин- 33,8 % миристин қышқылы - 37%;).  

13.  1,1диметилгидразинмен  тәжірибелік  токсикоз  кезінде  қоян  етінің 

тағамдық  құндылығы  төмендеген:  аминқышқылдар    концентрациясы  (1,2  % 

ден  9,1%  дейін;  аминқышқылдар  соммасы  -  7  %,  алмаспайтын 

аминқышқылдарының  алмасатын  аминқышқылдарына  шаққанда  -  0,78, 

метионин  үшін  ең  төменгі  аминқышқылды  скор  -  65,1  %,  фенилаланин  - 

85,3%;  дәрумендер  құрамының  концентрациясы  (В

2

  -  11,2%  дейін,  В



1

  -  20,9 

%, В

12

-  на  34,6  %;  С  дәрумені  –  40,3  %,  В



-  60,5%;);    концентрации  макро-

микроэлементов (цинк на 17,4%; калия- на 20,6  марганец на 30,8 %); магния 

–на  40,8  %;    фосфора  -  44,8  %;  кальция  на  45,7%;    железо  было  на  73,5%; 

молибден  на  74,5%  ,  натрия  -  на  78,1%;);  макро-микроэлементтер 

концентрациясы (пальмитин - 17,1%), миристин - 21,5%, %, стеарин - 25,6%; 

поли қанықпаған қышқылдар (линол 22,3% және линолен 34,5 %). 

Жұмыстың тәжірибелік маңызы 

Алынған нәтижелер жоғары оқу орындарында мал дәрігер мамандығын 

дайындау  барысында  оқу  үрдісіне  еңдірілген.  Зерттеу  нәтижелері  сауда 

орындарындағы  ветеринарлық-санитарлық  сараптау  зертханаларында,  

тағамтану  зертханаларында,    ғылыми  және  білім  беру  бағытындағы 

мекемелерде, 

«Ғарыш-Экология» 

ҒЗО 


және 

«Ғарыш-Экология» 

аналитикалық зертханада қолданылады.  

Алынған  зерттеу  мәліметтер  негізінде  тәжірибеге  ұсынатынымыз: 

Ұлытау ауданының жайылымдық және шөптік егістіктерді таңдау барысында 

ұсынылып  отырған  әзірленген  3  картаны  пайдалану;  №15  түсу  аумағына 

міндетті түрде оқшаулап бөлу қажет; арнайы белгісі бар тақтайшаларда май 

жайылымға  және  шөп  шабуға  тыйым  салынған  белгі  орналастыру; 

белгіленген  аудандарда  тұратын  тұрғындарға  насихаттау  жұмыстарын 

жүргізу.  

Жоғарыда  көрсетілген  аудандардан  алынған  мал  шаруашылығы 

өнімдеріне  сезімдік  және    физика-химиялық  зерттеулер  жүргізіп  отыру 

қажет;  ЗТ  «М-Протон»  әрбір  ұшырылу  кезінде  мал  шаруашылығы 

өнімдерінде қалдық мөлшерін қағалап отыру: сүтте – 48 сағат, етте- 72 сағат; 

Реестрге  Жезқазған  қ.  «Ғарыш-Экология»  аналитикалық  зертханасында  1,1 

диметилгидразиннің  етте  және  сүтте  қалдық  мөлшерлерін  тіркеу  жөнінде 

сұрақты көтеру; іргелес жатқан шаруашылықтардан алынған өнімдер төменгі 

тағамдық  құндылықтарға  ие  екендігін  мал  дәрігері  және  медицина 

мамандары ескерген жөн.  

Жұмыстың  апробациясы.  Жұмыстың  ғылыми  және  тәжірибелік 

нәтижелері келесі халықаралық ғылыми конференцияларда баяндалған:  

-  «Сейфуллин  оқулары  –  10  «Мемлекеттің  инновациялық  саясатын 

қалыптастыруда  жаңа  мамандарды  дайындау  және  ғылымның  рөлі», 



С.Сейфуллиннің  120-жылдығына  арналған,  Астана  –  2014ж.  Том  1, 

б.91; 


- «Сейфуллин оқулары - 11» Астана , 2015ж.

 

200-201 б.; 



-  «ЖОҒАРЫ  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ  МАЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 

ВЕТЕРИНАРИЯНЫҢ  ДАМУЫМЕН  ПРОБЛЕМАЛАРЫ»  атты  ВҒИ  45-

жылдығына арналған. Воронеж қ, РФ, 2015 ж.

 

60-65 б.; 



-  «Ауыл  шаруашылығының  жаңа  даму  тенденциялары»,  Ростов-на-

Дону қ, РФ, 2016 ж. б.

 

19-27; 


- «Ветеринария XXI ғасырда: мәселелері, әдістері, шешу жолдары», 

в.ғ.д.,  профессор  Н.Т.  Қадыровтың 

100-жылдығына 

арналған 

халықаралық конференция. С.Сейфуллин ат. ҚАТУ, Астана қ.,2016 ж. 

Зерттеу  нәтижелері  С.  Сейфуллин  атындағы  Қазақ  Агротехникалық 

университетінің  оқу  үрдісіне;  Семей  қ.  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік 

университетіне еңдірілген. Қарағанды облысының ветеринарлық-санитарлық 

сараптау  зертханаларында,  мал  дәрігерлерімен  факультетте  біліктілігін 

жоғарлатушыларға,  сонымен  қатар  мал  дәрігері  мамандығында  оқитын 

студент,  магистрант  және  докторанттар  үшін  қолданылады.  Ғылыми-зерттеу  

жұмыстарын  жүргізу  негізінде  «Ғарыш-Экология»  ҒЗО  және  «Ғарыш-

Экология» аналитикалық зертханаға еңдірілген. 

Зерттеу  нәтижелерін  баспадан  шығару.  Диссертациялық  жұмыстың 

негізгі  нәтижелері  9  баспа  жұмыстарында  келтірілген,    соның  ішінде  3 

мақала,      ҚР  БжҒМ  Комитеті  ұсынған,  статья  RJPBBP-RJPBCS  –  Research 

Journal of Pharmaceutical, Biological and Chemical,  May – June,  2016 RJPBCS,  

№7  (3)  Scopus  базасына  енетін,  4  –  халықаралық  конференция,  1- 

республикалық конференция және 1 өндіріске ұсыныс. 



Диссертацияның  құрылымы  мен  көлемі.  Диссертация  192  бетке 

жазылған, кіріспе, әдеби шолу, өзіндік зерттеу бөлімі, мұнда зерттеу әдістері, 

нәтижесі,  алынған  нәтижелерді  талқылау,  қорытынды  және  тәжірибелік 

ұсыныс жатады. Қолданылған әдебиеттер тізімі 177. Диссертация 38 кесте, 54 

сурет және 7 қосымшалармен безендірілген.  


АННОТАЦИЯ 

 

на  диссертацию  Аутелеевой  Лауры  Тюлегеновны  на  тему:  «Качество  и 

безопасность  продуктов  животноводства  на  территориях,  прилегающих  к 

районам падения ракет-носителя «Протон-М»» на соискание ученой степени 

доктора  философии  PhD  по  специальности  6D120200  -  Ветеринарная 

санитария 



 

Актуальность  темы.  Известно,  что    на  многих  отечественных  и 

зарубежных  ракетах-носителях,  разгонных  блоках,  космических  аппаратах, 

межконтинентальных  баллистических  ракетах  в  качестве  одного  из 

компонентов 

ракетного 

топлива 


десятки 

лет 


используется 

1,1 


диметилгидразин, другое название - гептил. 

Учеными Казахстана и России продолжаются исследования по контролю 

содержания остаточного количества гептила в объектах окружающей среды. 

По  предварительным  данным  места  падения  отделяющихся  частей  ракеты-

носителя    загрязнены  1,1  диметилгидразином,  НДМА  и  ТМТ,  МТ,  ДМТ, 

ДМФА.  На  участках,  наиболее  интенсивно  подвергаемых  падению, 

наблюдаются отклонения рН  от  фоновых  значений  в  пределах  от  -1,11  до  -

3,67, при кратности ПДК нитратов в почве 1,4-22,5.  

По  данным    зарубежных  ученых,  в  некоторых  воронках  падения 

ступеней  ракет  концентрация  1,1  диметилгидразина  даже  через  год    после 

падения  достигает  многих  десятков  предельно  допустимой  концентрации. 

Птицы,  рыбы,  дикие  и  домашние  животные  поедающие  загрязненные 

растения  и  пьющие  загрязненную  воду,  становятся  опасными  для 

использования  в  качестве  пищевого  сырья  человека.  По  данным 

отечественных  ученых,  почва  является  основным  объектом  накопления  1,1 

диметилгидразина.  Поверхностные  и  грунтовые  воды,  куда  велика 

вероятность попадания, являются основными источниками риска для людей 

и животных, проживающих в районах, прилегающих к районам падения.  

Из  официальных  источников  известно,  что  районы  падения 

отделяющихся частиц ракеты-носителя «Протон-М» находятся в Улытауском 

районе  Карагандинской  области,  где по  настоящее  время    произошло более 

трехсот  падений. Население с  прилегающих терииторий  не осведомлены о 

предназначении  вышеназванных  территорий,  что  является  скрытой 

опасностью  при проведении сельскохозяйственной деятельности

В  доступной  нам  литературе  мы  не  нашли  исследования  качества  и 

безопасности  продуктов  животноводства  из  хозяйств,  прилегающих  к 

районам  падения  РН  «Протон-М»,  также  нет  данных  о  степени 

распределении, концентрации 1,1 диметилгидразина  и сроков его выведения 

из организма сельскохозяйственных животных.  

Данный  вопрос,  на  наш  взгляд,  является  актуальным,  так  как 

многочисленные  исследования    подтверждают  потенциальную  опасность  и 

несут за собой угрозу передачи компонентов ракетного топлива по пищевой 

цепочке "почва - растение - животное - человек".   


Цель и задачи исследования. Целью работы явилось изучить качество и 

безопасность  продуктов  животноводства,  полученных  от  животных, 

выпасаемых на территориях, прилегающих  к  районам падения РН «Протон-

М»    с  научно  обоснованной  ветеринарно-санитарной  оценкой.  Для 

достижения цели были определены следующие задачи: 

        1.  Провести  мониторинг  территорий  выпаса  домашних  животных, 

прилегающих  к  районам падения РН «Протон-М». 

        2.  Определить  качество  и  пищевую  безопасность  продуктов 

животноводства,  полученных  от  животных,  выпасаемых  на  территориях, 

прилегающих  к  районам падения РН «Протон-М». 

        3. 

Установить  степень  распределения  и  концентрацию  1,1 

диметилгидразина в органах и тканях животных. 

        4.    Определить  сроки    выведения  1,1  диметилгидразина  из  организма 

животных. 

        5.  Дать  научно  обоснованную  ветеринарно-санитарную  оценку 

продуктов животноводства при поражении 1,1 диметилгидразином.  

Объекты  исследования:  Пробы  молока  и  мяса    из  хозяйств, 

прилегающих  к  районам  падения  РН  «Протон-М»  Улытауского  района 

Карагандинской  области.  Кролики  (лабораторные  животные)  и    коровы 

молочного направления. Количество всего проб:  молоко- 422; мясо- 371. 




  1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал