Аңдатпа қысқа сипаттама ретіндегі құрылымы. Ғылыми шолу мәтіндерін құрастыру принциптері



бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі17,39 Kb.
#131509
1   2   3
Талқылауға арналған мысалдар:

1 мысал.
Аннотация. Мақалада жүйелі жаңғыру контексінде андрагогикалық білім берудегі рефлексияның әдіснамалық функциялары сипатталады. «Рефлексия әдіснамасы», «әдіснамалық функция» ұғымдарына талдау жасалады. Андрагогикалық білім беруде рефлексияның әдіснамалық құрамдас бӛліктері, яғни тура талдау, мақсатты тұжырымдау, ересектер адамдардың білім алуға және ӛмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылысымен байланысты келетін мотивтердің маңыздылығы мен оларға қол жеткізуді талдау; 22 болжанатын мақсаттарға жетудің нақты нәтижелерін, маңызды мақсатты таңдауды кешенді талдау мен бағалаудың ӛмірлік ӛзекті мәселелері қарастырылады

2 мысал.
Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялануы еліміздің дамыған елдердің қатарына ілгерілеуі әлемде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге жедел ден қою қажеттілігін тудыртып отыр. Бұл ретте білім беру жүйесі, оның ішінде педагогикалық мамандарды даярлау үрдісінің жаңарып жаңғыруы өзекті мәселе қатарына жатады. Мәселені шешудің тиімді жолы білім беру бағдарламаларының мазмұнын қайта қарау, білім сатыларындағы педагогикалық үрдістің барлық бағыттарында сабақтастықты сақтау, дидактикалық тұрғыдағы жаңашылдықтарды енгізумен байланысты.
Бұл мақалада еліміздің барлық сала бойынша дамуының жаңа жағдайларына байланысты үздіксіз білім беру жүйесінде педагогикалық мамандарды даярлау мәселесі қарастырылады. Үздіксіз білім беруге қатысты ой пікірлер келтіріліп, авторлық тұжырымдалар жасалады. Елімізгі педагогикалық мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларына талдаулар нәтижесі беріліп, түйткілді мәселелер топтастырылады. Білімнің үздіксіздігі жағдайында жүйенің әрбір сатысындағы білім беру бағдарламаларын (БББ) құрастырудағы сабақтастық ұстанымына назар аударылып, бағдарлама құрастыруға бағатталған неізгі мәселелер басшылыққа алуға болатын үлгісі ұсынылады.
Түйін сөздер: үздіксіз білім беру; білім беру бағдарламалары; сабақтастық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет