Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет47/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Жоспары:
1.Энергетикалық (катаболизм) және биосинтетикалық (анаболизм) процестер.
2.Микроорганизмдер ферменттері.
3.Микроорганизм катысымен көмірсулардың ыдырау жолдары.
4. Ашу процестері. Спирттік ашу процесі.
5.Сүтқышқылды ашу.
6.Пропион қышқылды ашу процесі.
7.Май қышқылды ашу.


Зат алмасу (метаболизм) – клеткалардың тіршілігін қамтамассыз ететін барлық химиялық реакциялардың жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың клеткалар мен органдарға тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, клетка құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Клеткадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін – метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттер деп аталады. Химиялық реакциялардың барлығы екі класқа бөлінеді: катаболизм және анаболизм.
Катаболизм (Энергетикалық метаболизм) (грекше «katabole» – сыртқа шығару, ыдырау) - бұл энергияны жинақтау және оны электрохимиялық немесе химиялық түрге айналдыру процесі, организмде тіршілік әрекеті процесінде пайдаланылған энергияны босата отырып, қажетсіз заттарды денеден сыртқа шығарып тастау. Клетка мен тінде болатын тотығу процесі ферменттерінің қатысуымен үздіксіз жүретін құбылыс. Катаболиттік реакциялар ақуыз, май, көмірсу сияқты күрделі органикалық заттар тотығу әсерінен қарапайым заттарға ыдыратады.Олар гидролитикалық реакцияларға жатады, себебі химиялық байланыстарды бұзу үшін суды пайдаланады. Осы процестен пайда болған энергияны тіршіліктің қажетіне жұмсалады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет