Адина: Армысыздар, құрметті ұстаздар, студенттер және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік –азаттығым,таң нұрым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!Әнұран ойнатыладық


Мәнерлеп оқу,орындайтын Ғылыми биология 2 курс студенттері



бет2/3
Дата18.12.2023
өлшемі16,43 Kb.
#140722
1   2   3
Мәнерлеп оқу,орындайтын Ғылыми биология 2 курс студенттері

Адина:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық

«Балбырауын» күйі.Орындайтын Хамит Мөлдір


Адина:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....

Барлық қазақ осындай, бар қанында,


Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...

Сол атаның ұрпағы мына менмін,


Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,


Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,


Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!

Маржан:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,


Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Ән Тәуелсіз қазақтын қызымын Орындайтын Машырхан Жібек

Маржан
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

Адина:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма


Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап


Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет