Adobe Illustrator бағдарламасының интерфейсі. Adobe фирмасының Illustrator бағдарламасы өте көне, ертеден келе жатқан векторлық графиканың лидері. Ол арқылы векторлық бейнелерді, иллюстрациялар, диаграмма, графиктер, суреттер мен сызбаларды жасауға, сондай-ақ векторлық бейнелерді өңдеуге болады. Мұнда ақпараттық графика мен Web - дизайнмен жұмыс істеу мүмкіндіктері де бар.
Бұл бағдарлама векторлық графика бағдарламаларының ішіндегі жалпылама мойындалған бүкіл әлемдік көсбасшы болып табылады. Профессионалдардың өздері де көбінесе осы бағдарламмамен жұмыс жасайды. Оның ерекше қасиеті – Adobe Photoshop және Page Maker программаларымен бірге аяқталған полиграфиялық компьютерлік таралымдар мен күрделі құжаттарды өңдеуге арналған жеткілікті үштік қосымша құруында. Бұл үштік бірдей стильде орындалған, ұқсас интерфейстер мен құралдарды пайдаланады, бірдей тәсілдер мен әдістерді қолдануға мүмкіндік береді және өзара объектілерді қатесіз импорттау мен экспорттайды. Adobe Illustrator 7.0 –дің қосымша қасиеті – бұл редактордың орыс тіліндегі версиясының болуында.
Adobe Illustrator – дың интерфейсі Adobe Photoshop-тың интерфейсіне өте ұқсас. Олар бір фирманың программалары болғандықтан олардың терезе құрылымы, бірдей пернелік қысқартулар және қабаттармен жұмыс істеудің негізгі принциптері қолданылады.
Программа мөлдір қабаттармен жұмыс жасауға арналған, және қабаттар саны белгілі сандармен емес, компьютер ресурстарымен шектелген. Программада қабаттар мен объектілерге әр түрлі эффектілерді қолдануға болады. Қылқаламдардың әр түрлі типтерін қолданып, суреттерді бояуға болады. Сканер арқылы енгізілген бейнелер растрлы түрде көрсетіледі, себебі векторлық графиканың мүмкіндіктері жартылай түстер мен түстер өзгерісін бере алмайды.
Бағдарламма растрлы бейнелерді векторлы графикада түрлендіруге мүмкіндік береді. Ал егер керісінше жасап көретін болсақ, үлкен көлемді файлдар пайда болады. Растрлы бейнелерді не үшін векторлы бейнелерге түрлендіреміз? Масштабтауда бейне сапасын жоғалтпау үшін. Бағдарламада градиент заливкамен толтырылған анық облыстары мен жиектері бар бейнелерді жасауға арналған құралдар саны жеткілікті. Бағдарламада жарнамалық хабарландырулар мен визиткалар, есептемелер, хаттар жасау ыңғайлы, себебі Adobe Illustrator – да теруге, редактрлеуге арналған керемет құралдар бар.
Жаңа құжат құру. 1. Бетті Файл → Жаңа командасы арқылы түзеді. Бұнда бет үнсіз келісім бойынша қабылданған форматта түзіледі. Бұдан соң жұмысты бастай беруге болады.
2. Беттің параметрлерін құжат параметрлері терезесінде көруге және өзгертуге болады. Ол Файл → Құжаттар параметрі командасы арқылы ашылады.\
3. Егер стандарт емес формат қажет болса, онда формат ашылу тізімінде Заказной пунктін таңдап, оның өлшемін береді.
4. Өлшем бірліктерін Бірліктер тізімінен таңдайды. Ресейде өлшем бірлігі ретінде милиметр, ал шетел тілді елдерде – дюйм қабылданған.
Illustrator редакторының құралдары. Құрал –саймандар панелі суреттер мен бейнелерді түзудегі ең негізгісі болып табылады. Негізгі құралдар панелі біріктірілген бес белгілер тобынан тұрады.
Бірінші топқа объектілерді ерекшелеуге арналған құралдар белгісі кіреді. Ерекшелеу (Выделение) құралымен объектіні түгелдей ерекшелейді (бұл үшін контурды шерту немесе ерекшеленетін объекттің айналасында рамка жүргізу керек). Бөлікпен ерекшелеу (Частичное выделение) құралымен контурдың бір бөлігін ерекшелейді, мысалы, сегменттердің біреуін немесе бір тірек нүктесін. SHIFT пернесін басып тұрып бұл құралдың көмегімен бірнеше объектілерді немесе оның элементтерін таңдайды.
Сурет салуға арналған құралдар тобына Эллипс және Тіктөртбұрыш сияқты дәстүрлі құралдар кіреді. Қарындаш құралы кәдімгі формадағы контурларды түзу үшін қызмет етеді. Перо – программаның негізгі құралы. Ол түзусызықты және қисықсызықты сегменттерді түзуге арналған. Текст құралын текстілік объектілерді түзу үшін қолданады. Қайшы құралының да ролі өте маңызды. Ол контурларды бөлу үшін өте қажет. Контурдың шертілген аймақтарында қосарланған соңғы нүктелер пайда болады да ағымдағы контур тәуелсіз объектілерге ыдырайды.
Үшінші топтың құралдары ерекшеленген аймақтарды манипуляциялау үшін қажет. Бұру (Поворот), Көлбеу (Наклон), Өлшем (Размер) және Айна (Зеркало)құралдарының атқаратын қызметі аттарынан – ақ белгілі.
Төртінші топ құралдарынаАйналдыру (Превращение) және Диаграммажатады. Айналдыру құралдары объектілерді трансформалауға арналған альтернативті топтар (бір формадағы объектіні екінші формадағы объектіге барлық аралық объектілерді сақтау арқылы айналдыру). Диаграммақұралы ісмер графиканың диаграмма құруға арналған альтернативті тобын құрайды. Соңғы топты қарауды басқаруға арналған қосымша құралдар құрайды (Масштаб, Қол, Сызғыш), үлгі бойынша түс таңдау (Пипетка), сондай-ақ құюға арналған құралдар (Заливка және градиент).