Адвокаттың кәсіптік әдебі



Дата19.05.2022
өлшемі1,47 Mb.
#35107
Байланысты:
250099 (1)

Қазақстан Республикасы Конституциясында кепілдік берілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңның бұзылуын болдырмауға жəне құқықтөртібін нығайтуға жəрдемдесу адвокаттың кəсіптік міндеті мен биік адами борышы болып табылады.

  • Адвокаттың кәсіптік әдебі
  • бұл адвокатура туралы қолданыстағы заңнама, адвокаттар алқасы Жарғысы және адвокаттардың кәсіптік этика Тәртіптері шеңберінде реттелетін және адвокаттық мінез-құлқы нормасынан туындаған практика.
  • Адвокаттық әдеп
  • “Адвокаттардың кәсіби әдеп” ұғымы азаматтармен, мемлекеттік органдар мен және лауазымды тұуғалармен, әр түрлі комерциялық және қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ адвокатура органдарымен және әріптестеріменқарым-қатынаста мораль мен адамгершілік мәселелерін кең ауқымын қамтиды.

Көп күш-жігер не уақыт жұмсауды талап ететін қажетті әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс білдіру, бұл осы қызметті ешбір асығыстық жасамай және жеңіл-желпі қарамай, яғни тапсырылған істі адал, мұқият және білімдарлықпен орындап, кеткен уақытпен санаспай атқару керектігін көрсетеді.

  • Адвокат заң көмегін көрсету кезінде мынадай кәсіби тәртіптерді сақтауға тиіс:

Заң мәселелерін қарап жатқан органдар мен лауазымда адамдарға қатысты өзін әдепті ұстау, яғни оның сөйлеген сөзі, кепілдемесі, өтініші және басқа да іс-әрекеті мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтірмейтіндей дәрежеді болуға тиіс.

Өз кәсіби мінез-құлқын көмек сұрап өтініш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, істі негізсіз сөзбұйдаға салуға, заң көмегін көрсетудің саңсыз әдістеріне, алдауға жол бермеуге, егер жүгінушішің талабы заңға қайшы болса немесе ол өз мүдделерін қорғау үшін заңға томпақ құралдар мен әдістерді қолдануды талап етсе, адвокат оған заң көмегін көрсетуден бас тартуға міндетті.

Көмек сұрап өтініш жасаған адамның мүдделеріне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау, яғни адвокат жүгінушінің мүддесін қорғаудың барлық заңды құралдар мен әдістерінпайдалануға, ешбір жағдайда да бұрынғы, сондай-ақ енді өтініш жасаған адамдардың мүддесіне қайшы келетін әрекетке жол бермеуге, істің заңды шешілімі аяқталғанға дейін өзіне қабылдаған міндеттемеден жалтармауға тиіс.

қоғам мүддесіне қайшы келмейтін азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін қорғау ғана ортақ мүддеге сай келетіндігін ескеруге тиіс

  • Адвокат өзінің кәсіби міндетін атқару кезінде:
  • қоғам мүддесіне қайшы келмейтін азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін қорғау ғана ортақ мүддеге сай келетіндігін ескеруге тиіс
  • заңнама нормаларын дұрыс және дәл қолдануға тиіс

заң көмегіне жүгінушіге оның құқықтары мен міндеттерін, құқықтық жүйе қызметі принцип-терін түсіндіре отырып кеңес беруге тиіс

  • Адвокат өзінің кәсіби міндетін атқару кезінде:
  • заң көмегіне жүгінушіге оның құқықтары мен міндеттерін, құқықтық жүйе қызметі принцип-терін түсіндіре отырып кеңес беруге тиіс

Адвокат кәсіби мінез-құлықты ережелерінің рухын әрдайым ұстау керек. Оның негізгі қағидалары:

  • жеке адвокаттың тиіссіз міне-құлықтары адвокатураның және сот төрелігі жүйесінің қоғам алдындағы беделіне зиян келтіруі мүмкін.
  • Адвокат сот жүйесіне өзгертулер туралы адвокаттың өзінің және де заң кәсібінің, сондай-ақ сот төрелігінің қоғам алдында беделін түсіретін пікірлер мен ұсыныстардан қашу керек.

Зейін қойып тыңдағандарңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет