БоөЖ №13 Реферат Тақырып



бет1/6
Дата06.09.2023
өлшемі32,76 Kb.
#106306
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6



БОӨЖ №13
Реферат
Тақырып: «Құқық қорғау органдарын құру . Құқықтық реформа және заңдарды ізгілендіру. Құқық қорғау жүйесін оңтайландыру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайту .»
Орындаған : Хашимов Б
Топ: 106 Б
Қабылдаған : Хамытхожаева Д.Ж.


Жоспар :
Кіріспе

  1. Құқық қорғау органдарының ұйымдастыру және қызметі негіздері.

Негізгі

  1. Құқық қорғау органдарының түрлері.

  2. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметтің қағидаттары.

Қорытынды

  1. Құқық қорғау қызметкерлерінің құқығы, міндеттері және жауапкершілігі.

  2. Пайдаланған әдебиеттер

Құқық қорғау органдарының ұйымдастыру және қызметі негіздері. Мемлекет пен оның органдарының қызметі мемлекеттік және қоғамдық өмірдің көптеген салаларын қамтиды. Заңдық режімді қамтамасыз ету мақсатында мемлекетте құқық қоғау органдары құрылған. Құқық қорғау қызметі дегеніміз – қоғам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекетте заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған арнайы өкілетті органдардың қызметі. Бұл қызмет заңды шаралар қолдану арқылы жүзеге асады. Құқықты қоғау қызметінің мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық тәртібін сақтау.
Құқық қорғау қызметі әртүрлі нысанда болады – құқықбұзушылықты анықтау, тергеу, алдын алу, болдырмау және тойтару. Сонымен қатар құқық бұзушыға санкцияларды қолдану.
Құқық қорғау органының түсінігі. Құқық қорғау қызметі – қиын және түрлі үлгілерде болатын қызмет. Оларға конституциялық бақылау, сот төрелігі, соттарды ұйымдық қамтамасыз ету, прокурорлық қадағалау, қылмыстарды анықтау және тергеу, заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау жатады. Осы бағыттардың әрқайсысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған: ҚР Конституциясының ұйғарымдарын бұзуды жою, азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді әділ талқылау және шешу, соттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау; прокурорлық ден қою құралдарының көмегімен заңды бұзуды анықтау және жою; қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және ашу; сотта нақты істерді қарау үшін материалдар дайындау; кімге қажет болса, барлығына білікті заң көмегін ұсыну. Осы нәтижелердің орындалуын құқық қорғау органдары қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет