Адвокатуру и т д



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі166,13 Kb.
#6769

 

95 


конкретных задач. К ним можно отнести, наряду с судом, также и органы прокуратуры, 

органы внутренних дел, национальной безопасности, органы юстиции, нотариат, РАГС, 

адвокатуру и т.д. 

Следует  отметить,  что  органов,  в  компетенцию  которых  входят  выявление  и 

расследование  преступлений,  насчитывается  более  десяти:  следственные  аппараты 

органов  внутренних  дел,  национальной  безопасности  и  т.д.  Наличие  общего 

направления  в  деятельности  перечисленных  органов  не  является  безусловным 

основанием  для  отнесения  их  к  правоохранительным  органам.  Для  четкого 

определения  границ  рассматриваемой  группы  органов  необходим  дополнительный 

критерий:  удельный  вес  деятельности  по  выявлению  и  расследованию  уголовных 

правонарушений в общем объеме полномочий конкретного органа [6]. 

Государственные  органы,  непосредственно  участвующие  в  обеспечении 

правопорядка,  в  охране  и  реализации  прав  и  свобод  человека,  образуют  стройную 

систему,  в  рамках  которой  осуществляется  специализация  их  деятельности  с  учетом 

поставленных перед ними конкретных задач. Это позволяет своевременно реагировать 

на  любые  противоправные  деяния,  оперативно,  квалифицированно  и  на  законном 

основании принимать эффективные меры по  устранению причин, способствующих их 

совершению, 

вести 

широкую 


профилактическую 

работу, 


охватывать 

правовоспитательными мероприятиями большую часть населения. 

 

 

 



Литература: 

1.

 



Трошкин Ю.В. Права человека: Учебное пособие. – М., 1997. 

2.

 



Указ Президента Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года «Положение о Национальном 

центре по правам человека» // СПС«Юрист». 

3.

 

Башимов  М.С.  Институт  омбудсмена  (Уполномоченного  по  правам  человека).  –  Астана: 



«Фолиант», 2003. 

4.

 



Ахметолла  А.А.  Становление  института  омбудсмена  в  Казахстане  //  Вестник  КазНУ.  Серия 

юридическая. – 2004. – № 1(29). – С.80-83. 

5.

 

Ким  Ю.А.  Роль  и  значение  Конституционного  Совета  в  обеспечении  конституционной 



законности  //  Законотворческий  процесс  в  РК:  состояние  и  проблемы:  Материалы 

Международной 

научно-практической 

конференции: 

«5-летие 

Конституции 

и 

законотворческий процесс в РК». - Астана, 2000.   



6.

 

Нарикбаев. М.С. Конституционное право Республики Казахстан. – Алматы: КазГЮА, 2001. – 



656.  

 

 



 

ƏОЖ 81'366(512.122) 

 

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР МƏСЕЛЕСІ 

 

Шақаман Ы.Б. 



филология ғылымының кандидаты, профессор 

Нұрмат Б.А. 

ҚТƏ-21-топ студенті 

(Павлодар мемлекеттік педагогтік институты) 

 

 



 

Қазақ  тіл  білімінің  қазіргі  үлкен  жетістігінің  бірі  –  тілді  танымдық  парадигма 

тұрғысынан  қарастыра  бастауы.  Тілдің  ішкі  жүйелік  талдаудан  антропоөзектілік 


 

96 


талдауға көшуі XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы тіл білімінің ғылыми 

ерекшелігінің  бірі  болып  табылады.  Бірақ  тіл  туралы  зерттеу  жүрген  жерде  адамтану 

(антропоөзектілік)  мəселесі  өзінен  өзі  алға  тартылады.  Ендеше  антропоөзектілік 

мəселесін  ХХ-ХХІ  ғасыр  аралығында  ғана  қаралды,  зерттеуге  түсті  деу  –  шарттылық. 

Бұл мəселе тілдік зерттеу басталған кезеңнен бастап қатар жүреді. 

Тіл  білімінің  ішкі  жүйелік  талдауы,  фонетикалық,  морфологиялық,  солардың 

ішінде  салғастырмалы  зерттеу  жеткілікті,  толық  жүргізілді  деп  толыққанды  шешім 

ешқашан  айтылмайтыны  да  сөзсіз..  Керісінше,  қазіргі  уақытта  тіл  мамандарының 

алдында зерттеп-зерделенуі тиіс тың тақырыптар мен күрмеуі тоқсан даулы мəселе көп. 

Солардың  бірі  қысқарған  сөздердің  лингвистикадағы  орны  мен  оның  сөзжасамға, 

түрленімдік  жүйеге  қатысын  теориялық  негізден  шығарып  көрсете  білу  болып 

табылмақ.. 

Сөз  болып  отырған  тақырып  осы  күнге  дейін  көп  зерттелмеді.  Тек  тіл  білімінің 

ішінде жалпылама түрде ғана айтылып келді. Тіпті бұл бағытта қазақ тіл білімінде ең 

алғаш  кандидаттық  дисертацияның  өзі  тəуелсіздік  келгеннен  кейін  қорғалды.  Нақты 

түрде 1996 жылы қорғалған зерттеуші Н.Алдашевтің «Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған 

сөздер» атты кандидаттық диссертациясын ғана кездестірдік. 

Лингвистикадан  бəріміз  білетініміздей,  сөз  өзінің  құрамына  қарай  дара  жəне 

күрделі  болып  екіге  бөлінеді.  Жалаң  сөз  негізгі  жəне  туынды  түбірден  тұрады.  Ал 

күрделі сөз кемінде екі түбірден құралып бір ғана зат пен құбылыстың атауы болады. 

Қысқарған  сөздерді  зерттеу  де  осы  күрделі  сөздер  классификациясын  танып-білуден 

басталады.  Қысқарған  сөздер  –  күрделі  тіркесті  қолданыстардың  ықшамдалған  түрі, 

шоғыры. 

Күрделі  сөздерді  классификациялауға  С.Исаев,  Б  Қалиқызы,  Р  Сыздықова, 

А.Аблақов,  К.Аханов,  А.Ысқақов,  М.Балақаев  сияқты  ғалымдар  өз  үлесін  қосқан  [1]. 

Соның  ішінде  көпшілік  А.Ысқақов  пен  К.Аханов  ұсынған  классификацияны 

қолданады.  А.Ысқақов  пен  К.Аханов  күрделі  сөз  қатарына  біріккен  сөз,  қос  сөз, 

сыңарлы  бөлек  жазылған  күрделі  сын,  сан,  зат  есімдерді,  етістіктер  мен  қысқараған 

сөздерді қарастырады. 

Бұл  жерде  басын  ашып  алатын  бір  мəселе  бар:  қысқараған  сөздер  қайсы  тіл 

білімінің  заңдылығына  байланысты  бұл  классификацияның  құрамына  енді  жане  оны 

ұсынушылардың  қандай  дəлелі  бар?  А.Ысқақов  күрделі  атау  сөздердің  бір 

алуандарының  əрі  қысқартылып,  əрі  біріктіліп  жұмсалу  жолы  орыс  тілінің  əсерінен 

туындағанын, қысқарған сөздер əдеби тілдің жазбаша нысанында күрделі сөздің белгілі 

бір  түрі  болып  қалыптасқанын  баяндап,  осы  термин  ұғымына  орыс  тіліндегі  үлгі 

бойынша  жасалған  төрт  түрлі  жолдағы  аббревиатураларды  жатқызады.  Қазақ  тілінде 

қысқарымдардың  пайда  болуы  орыс  тілі  қысқарымдары  арқылы  енгені  белгілі.  Оның 

бір

  көрсеткіші  ретінде  қазақ  тілді  қысқарған  сөздеріндегі  қазақ  төл  сөздерінің 

жоқтығынан да аңғаруға болады. 

Қысқартудың негізгі төрт тəсілінде де (əріптік, буындық, аралас, контракциялық) 

термин сөздер немесе Қазан төңкерісінен кейін пайда болған атаулар мен жаңа сөздер 

кездеседі. Оларды фонетикада немесе морфологияда сол «кодталған» қалпында талдау 

да қиын. Ол үшін сөздің лексикалық мағынасын ашып, сонан соң талдау қажет. 

Қысқарған сөздер көне заманнан келе жатқан аббревиатура емес. Оның тілімізде 

көрініс  тапқанына  бір  ғасыр  да  болған  жоқ.  Түркітанушы  ғалым  Н.А.Баскаков 

сөзжасамның  негізгі  үш  түрлі  тəсілі  бар  екендігін  сөз  ету  үстінде  ХХ  ғасырдың 

бастапқы тұстарынан бастап түркі тілдерінде қысқарған сөздердің алғашқы нышандары 

бой көрсете бастағанына назар аудартады да, төл тілдің өз мүмкіндіктері арқылы жаңа 

сөз  жасаудың  жолдарын  санамалап,  олардың  қатарына  сөз  қысқарту  амалын  да 

жатқызады  [1,  8-б.].  Тілімізге  енген  қысқарған  сөздерді  қолданудағы  «дағдарыс»  осы 


 

97 


жерден  бастау  алады.  Қазақ  тілі  заңдылығына  да,  халқымыздың  дүниетанымдық 

түсінігіне  де  (менталитетіне)  келмейтін  құбылысты  тіл  білімінің  сөзжасам  саласында 

қарастыру  тілімізге  «қайшы  заңдылық»  тудырды.  Осыдан  да  қазақ  ғалымдары  бұл 

салада  жаңа  бағыт  ұстанбай,  орыс  ғалымдары  ұсынған  пікір  жетегінде  зерттеу 

жүргізуді жалғастыра беруде. 

Қазақ  тіліндегі  сөзжасам  теориясын  негіздеуші  ғалым  Н.Оралбаева  өз  еңбегінде 

[2] қысқарған сөздер тақырыбында кісі аттарының қысқартылуына  көбірек тоқталады: 

«Қазақ тілінде кісі атын қысқартудың екі жолының өзіндік себебі бар. Мысалы, үлкен 

адамда сый-құрмет ретінде қысқартудың себебі бар. Қазақ халқының дəстүрінде үлкен 

кісінің  атын  атап  сөйлеу  дөрекілік  саналады.  Сондықтан  ата,  енесіне,  туған-

туысқандарына келін басқа ат қояды» [2, 73-74-б.] Мұндай сөздер қысқарған емес, табу 

сөздер қатарына жататыны да белгілі. 

Келесі  қысқартып  қолданудың  бір  жолы  ретінде  ғалым:  «кісі  атының,  көбіне, 

бірінші  буыны,  кейде  екі  буыны  алынып  оған  -еке,  -ақа,  -қа,  -ке,  -а,  -е,  -ш,  -жан,  -тай 

қосылады»  дегенді  айтады  [2,  73-б.].  Сонда  қысқарған  сөздерді  морфологиялық 

тұрғыда  талдасақ,  мысалы,  Бəке  –-ке  морфемасы  арқылы  жасалып  тұрғаны  белгілі, 

бірақ  сөз  түбірі  «Бə»  бола  ала  ма?  Бұл  сөздің  құрамдық,  жасалу  жолын  неге  сүйеніп 

қарастыру  керек?  Тек  қысқарған  сөз  деп  қоя  салу  дұрыс  бола  ма?  Талдау  барысында 

осы сияқты мəселелер жиі туындауы сөзсіз. Сол сияқты «ауд.» деген сияқты қысқарған 

сөздерді де сол қалпында талдау мүмкін емес. 

Қысқарған сөздерді сөзжасам құрамына да, қазақ тілінің ішкі жүйесіне де дайын 

тұлғасында  алып,  сонан  соң  олардың  тарамдалған  түрін  шешіп,  қарастырамыз. 

Қысқарған  тұлғасымен  қарастырғанда,  əріптік  (дыбыстық),  буындық  ерекшелігі  сол 

күйі  қалдырылып,  жалғанған  қосымшасы  ғана  талдауға  түседі.  Бірақ  жалғанған 

қосымша  (жұрнақ,  жалғау)  қысқарған  тұлғаға  шартты  түрде  ғана  жалғанып  тұрғаны 

айтылуы  тиіс.  Өйткені  қысқарған  сөздің  тарамдалған  түрінде  соңғы  сөзге  жалған 

қосымша  мүлде  басқа  болып  келеді.  Мысалы:  ПМПИ-дің  –  Павлодар  педагогтік 

институтының

. 

Жалпы  алғанда,  қысқарған  сөз  əлем  тілдерінде  орын  ала  бастаған  құбылыс 

болғандықтан,  бұл  ерекшелік  «еліміз  əлемнің  көптеген  мемлекеттерімен  саяси-

экономикалық, 

дипломатиялық 

жəне 


ғылыми-мəдени 

байланыстарын 

қалыптастыруына  байланысты  қазір  қысқарған  атаулар  бұрыңғыдай  тек  орыс  тілінен 

ғана  алынып  отырмағанын,  халықаралық  қатынастардың  нығаюы  өзге  тілдерден 

тікелей сөз алмасуға жол аша бастағанын» түсіндіреді [3, 121-б.]. 

Сондықтан  қысқарған  сөз  тіл  маңызын  арттырмаса,  жоғалтпақ  емес.  Бірақ  бұл 

тілдік  бірліктердің  тіл  білімінің  сөзжасам  саласында  жаңа  аталым  тұрғысында  алып 

қарастырылуы  –  даулы  мəселе.  Тілшілер  Н.Оралбай,  Ш.Құрманбайұлы  бұлардың 

сөзжасамда қарастырылуы күрделі тіркестің қысқарған тұлғасымен бір лексема түрінде 

қолданылуымен түсіндіреді. Дегенмен қысқарған сөздер мəтіндік қолданыс үшін жазба 

тілде  ғана  қысқартылып  алынады,  ал  ауызшада  оның  тарамдатылған  толық  түрі 

айтылады.  Өйткені  қазақ  тілінде  қысқарған  сөздердің  көбін  ауызша  тілде  қысқарым 

тұлғасында  айту  мүлде  ыңғайсыз  жəне  жағымсыз  естіледі.  Сөз  қолданысында  жатық 

емес.  Ендеше  қысқарған  сөздердің  тұлғасына  қарап  сөзжасам  саласындағы  жаңа 

аталымдық  мағына  көрсеткіші  деп  көрсету  дұрыс  емес.  Бұл  сөзжасамның  жаңа 

мағыналы  сөз  тудыру  қағидасына  қайшы  келеді.  Олар  –  бар  болғаны  мəтінде 

қолданылатын  шартты  белгі,  шартты  қолданыс  қана.  Ал  тарамдалған  түрінде  күрделі 

тіркесті  атаулар,  күрделі  тіркесті  қолданыстар  болып  табылады.  Талдау  жасауда  да 

күрделі тіркес (аналитикалық тəсілмен талданатын) ретінде қарастырылады. 

Қысқарған  сөздерге  қатысты  қазір  уақытта  да  жарияланған  еңбектер  бар.  Соның 

бірі  –  ғалым  Ш.Құрманбайұлының  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жаңа  атаулар  мен 


 

98 


қысқараған  сөздер»  (2009),  «Қазақ  тіліндегі  қысқарған  сөздер»  (2013)  жеке  зерттеулік 

еңбектері. 

Ғалым  Ш.Құрманбайұлы  аталған  екі  еңбегінде  де  баспасөз  деректері  негізінде 

зерттеу  жасап,  өз  талдауын  тұжырымдаған.  Бірінші  еңбегінде  ғалым  заман  ағымына 

қарай  2000  жылдан  кейінгі  қалыптасқан,  енген  атулар  мен  баспасөз  беттеріндегі 

қысқарымдар  жайын,  олардың  шығу  негізін  жалпы  сипаттап  өтсе,  екінші  еңбегінде 

2009  жылдан  бергі  баспасөз  беттеріндегі  қысқарымдарды  саралайды,  олардың  жазылу 

ретін  көрсетеді  жəне  тізімін  береді.  Еңбек  зерттеулік  түрінде  жазылғандықтан, 

қысқарымдардың  тізімін  сөздік  түрінде  тануға  болмайды.  Сонымен  бірге  олар  жалпы 

қазақ  тіліндегі  қысқарымдар  емес,  белгілі  бір  кезеңді  ғана  қамтитын  қысқарымдар 

болып табылады. 

Осы  орайда  айтарымыз,  қазақ  тіліндегі  қысқарған  сөздердің  қаншалықты  орын 

алатынын толық тану үшін оның зерттеулік нысанға түсу деңгейін ажыратуымыз керек. 

Кез-келген  келген  тілдегі  сияқты  қазақ  тілінің  метатілі  даму  үстінде.  «Метатіл 

(грек meta – соңы) екінші қатардағы тіл, бұл тілде адамның табиғи тілі (халықтың төл 

тілі емес Н.Б) «тіл-обьект» ретінде қабылданады» [4, 142-б.]. Метатілдің негізгі зерттеу 

нысаны – терминдер, т.б. ғылыми аталымдық мəселелер. 

Қысқараған  сөздер  метатілдің  бір  көрсеткіші болып  қана  таныла  алады.  Өйткені 

қысқарған  сөз  барлық  ғылым  саласында  бар  жəне  терминдік,  ғылыми  аталым 

сипатында  болады,  сондықтан  оларды  метатіл  аясында  да  нысанға  алып  қарастыру 

қажет.  Егер  қысқарған  сөздер  метатіл  аясының  нысаны  түрінде  қаралса,  олардың  бір 

жүйеге түсетіні анық. Қысқарған атаулар қолданысындағы кемшілік – олардың түрліше 

қысқартылып алынып, бірнеше нұсқада жарыса жұмсалуы. Осы кемшілік түзелуі үшін 

қысқарған  сөздер  жаңа  бағытта  зерттеуге  түскені  абзал  жəне  бұл  жаңа  тұжырым 

жасауғаықпал  болады.  Нақтыласақ,  егер  қысқарған  сөздер  сөзжасам  тұрғысынан 

қаралар  болса,  қысқарған  сөздер  сөздігін  жасау  ғылыми  жағынан  орын  алуы  тиіс. 

Қысқарған  сөздер  сөздігін  жасау  –  күрделі  мəселе.  Бұл  арқылы  бірдей  жазылатын 

қысқарған  сөздер  саны  сараланып,  олардың  жасалу  заңдылығы  жүйеленіп,  қысқарған 

сөздердің  сөзжасамда  жасалу  жолы  да  қаралып  өтіледі.  Ал  морфология  сөздердің 

құрамын,  түрлену  жүйесін  қарастыратындықтан,  қысқарған  сөздерді  түрленімдік, 

тұлғажасамдық жағынан қарастыру бөлек мəселе болып табылады. 

Талданған  мəселелер  –  дүниежүзі  тілдеріндегі  құбылыстың  орыс  тілі  арқылы 

енуіне  қатысты  туындаған  ойлар.  Ал  ағылшын  тілінің  нақ  өз  ішінде  пайда  болып 

отырған  қысқарған  сөздерді  салғастырып  қарасақ,  бірнеше  тілдік  ерекшелікті  тануға 

болады.  Ағылшын  тілінде  қысқарған  сөздің  түрі  көп  кездеседі.  Сондықтан  олардың 

өзін жасалу ерекшелігіне қарай топтауға болады: 



1-түрдегі қысқарым: sister = sis, telephone = phone, doctor=doc, т.б. Бұл – буындық 

қысқару түрі. 



2-түрдегі 

қысқарым

аmerasian=аmerican+аsian  (америка-азиаттық  адам), 

botel=boat+hotel  (кемедегі  мейманхана),  fruice=fruit+juice  (жеміс  шырыны).  Бұлар  екі 

сөздің

  буындық  қысқаруынан  бірігіп  жаңа  тұлғажасамдық  күрделі  сөз  құрайды

Қазақ  тілінде  мұндай  тұлғалар  бірігу  амалының  кірігу  жолы  (кіріккен  сөз)  болып 

табылса, ағылшын тілінде бұлар қысқарған сөздер ішіне еніп отыр. 

3-қысқарым  түрі  –  цифрлық  қысқарым.  Цифрлық  технологияның  дамуымен 

жаңа цифрлық тіл де пайда болды, бұл ағылшын тілінің əсерінен қазақ тілінде де орын 

ала  бастады.  Бірақ  олардың  қолданыс  аясы  əлі  тар.  Негізінен  əлеуметтік  желіде 

қолданылады: CYO= see you online (желіде көрісеміз), FOAF= friend of a friend (достар 

бір-бірі үшін...) , DIKY= Do I know you? (Мен сені танимын ба?) 

4-қысқарым  түрі  –  слэнгтер.  Бұл  ағылшын  тілінде  көп  уақыттан  бері 

қолданылып  келеді.  Жиі  қолданылатын  сөздер  жазуда  да,  айтуда  бір  деңгейге  түсіп 

кетті. Мысалы: Want to=Wanna, Give me= Gimme, Got to= Gotta, Going to=Gonna


 

99 


Слэнгтердің ішінде дыбысталуына байланыста қысқарған сөздер де бар. Олар көп 

жағдайда сол дыбысталған қысқарым түрінде жазылады: «Dollar [‘dҥlə]» [1.71]=Dolla, 

«little [‘li’tl]» [6,181-б.]  = lil’, «about [ə‘bout]»[1.8]= ‘bout. Қазақ тілінде болса сөздердің 

дыбысталуындағы  қысқару  олардың  жазылуына  əсер  етпейді.  Мəселен  «түрікмен 

[түр’кмен]»  [7,654-б.],  «мойны  озу  [мойн’озұу]»  [7,464-б.]  Бұл  қазақ  тілінің 

орфоэпиялық жəне орфографиялық заңдылығына байланысты. 



5-қысқарым  түрі–  графикалық  қысқарту  (Graphical  shortening):  street=  St., 

Mister=Mr. , Doctor= Dr., page=p., gram=gm. 

Қазақ  тіліне  графикалық  қысқарған  сөздер  ағылшын  тілінен  енгені  көрінеді:  кг, 



мг, мл, дц, т.б. 

6-қысқарым  түрі  –  латинизмдер:  ante  meridim=a.m.  (түстен  кейін)  ,  example 

gratia= e.g (мысалы) , id est = i.e (яғни). Қазақ тілінде де осы тəсілмен қысқарған сөздер 

қалыптасқан: тағы басқа – т.б., тағы сол сияқты –т.с.с



7-қысқарым  түрі  –  апострофтық  қысқарым.  Ағылшын  тілінде  көмекші  жəне 

модаль етістіктер апострофпен (‘) қысқарады: do not=don’t, are= ‘re, have=’ve. Қазақ 

тілінде апострофтық қысқарту кездеспейді. 



8-қысқарым түрі – акронимдер ішіндегі математиалық қысқарымдар: &=and, 

24/7=around the clock, 404= I do not know.  



9-қысқарым түрі – инициализмдерAGM, CEO, ASAP т.б. Бұл түрі қазақ тілінде 

де қалыптасты: ҚР, ҰБТ, ҚХР, т.б 

Қазақ тіл білімінде көп мəселені қарастыруда, тілдің ішкі заңдылығына қарамай, 

орыс,  басқа  шет  тілді  еңбектердегі  теорияны  негізге  алу  жиі  кездеседі.  Бұл  шет  тілді 

ғалымдардың  еңбегін  жоққа  шығару  деген  емес,  тек  қазақ  тілін  зерттеуде  өз  өзегін 

негізге алып, тілді ұлттық дүниетаным көзқарасында қарастыруды жолға қоюда белгілі 

бір ретте қарсылық тудырады. 

 

 



 

Əдебиет: 

1.

 



Алдашев  Н.М.  Қазірі  қазақ  тіліндегі  қысқараған  өздер//Канд.  дисс.авторефераты.  Алматы, 

1996. – 25 б. 

2.

 

Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы: Оқулық. Алматы, 2001. – 192 б. 



3.

 

Құрманбайұлы Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен қысқараған сөздер. Астана, 2009. – 



256 б. 

4.

 



Құрманбайұлы  Ш.  Қазақ  тіліндегі  қысқарған  сөздер.  Алматы,  «Баспалар  үйі»  АҚ-ы.  2013.  – 

296 б. 


5.

 

Лингвистикалық түсіндірме сөздік. Алматы: Сөздік-Словарь, 1998. – 304 б. 



6.

 

Ағылшынша-қазақша сөздік. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. – 400 б. 



7.

 

Орфоэпиялық сөздік. Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 800 б. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет