А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева


  Қазақ  тілінің  солтҥстік  –  шығыс  диалектісі



Pdf көрінісі
бет148/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   200
1.  Қазақ  тілінің  солтҥстік  –  шығыс  диалектісі.                     
С.  Аманжолов  қазақ  тілінің  солтүстік  –  шығыс  диалектісіне 
бұрынғы  керей,  найман,  арғын,  қоңырат  жҽне  қыпшақ 
тайпаларының  тілін  жатқызады.  Бұл  тайпалар  ерте  замандардан 
бастап-ақ  Ертіс,  Есіл,  Тобыл,  Торғай  ҿзендері  бойын,  Алтай, 
Тарбағатай алқабын, Арқа жерін мекен еткен. Олар оңтүстігінде – 
Ұлы  жүз  тайпаларымен,  Батысында  –  Кіші  жүз  тайпаларымен 
жҽне  татар,  башқұрттармен,  солтүстігінде  –  алтайлықтармен 
жҽне Барабин, Тобол татарларымен, шығысында – монғол, қытай 
жҽне ұйғырлармен шектескен. 
С.Аманжолов солтүстік – шығыс диалектісін қазақтың ҽдеби 
тілінің  негізінде  жатқан  диалект  деп  есептейді.  Қазақ  тілінің 
диалектілері  мен  қазіргі  ҽдеби  тілін  фонетикалық,  лексикалық 
жҽне грамматикалық жағынан жан-жақты салыстыра келіп, басқа 
диалектілерге  қарағанда  солтүстік  –  шығыс  диалектісінің  қазіргі 
ҽдеби  тілге  ҽлдеқайда  жақын  екендігін  атап  кҿрсетеді.  Ҽдеби 
тілдің  негізіне  жатқанына  қарамастан,  солтүстік  –  шығыс 
диалектісінде  қазір  де  сақталып  қалған,  ҽдеби  тілге  енбейтін 
жергілікті тілдік ерекшеліктер кездесетінін де ескертеді. 
Бірақ  ҿзінің  еңбектерінде  оларға  кең  тоқталып,  талдау 
жасамаған.  Оның себебі, біріншіден,  автордың  солтүстік  –  шығыс 
диалектісі  ұлттық  ҽдеби  тілдің  негізіне  жатты  деген  кҿзқараста 
болуында,  екіншіден,  Қазақстанның  солтүстік,  орталық  жҽне 
шығыс аудандарындағы халық тілінің басқа жерге қарағанда нашар 
зерттелуіне байланысты. Шынында, бұл аймақ соңғы кездерде ғана 
зерттеліп  келеді.  Кейінгі  кезде  жиналған  материалдар  аталған 
аудандарда  да  жергілікті  ерекшеліктердің  белгілі  мҿлшерде 
кездесетінін,  таралу  сипаты  ҽр  түрлі  болғандықтан,  ҿз  ішінен 
шағын сҿйленістерге бҿлінетіндігін кҿрсетеді. 


150 
 
2.  Қазақ  тілінің  оңтҥстік  диалектісі.  С.  Аманжолов  қазақ 
тілінің  оңтүстік  диалектісіне  бұрынғы  үйсін,  қаңлы,  дулат  жҽне 
жалайыр  тайпа  одақтарының  тілін  жатқызады.  Бұл  одақтар  ерте 
замандардан  бастап-ақ  Жетісу,  Сырдария  жҽне  Алатау  алқабын, 
яғни қазіргі Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан 
жҽне  Қызылорда  облыстарының  жерін  мекен  еткен,  олар 
шығысында - Синь - цзянмен (Шыңжан) ұйғырлармен, солтүстік - 
шығысында  -  найман,  керей,  қоңырат  тайпаларымен,  солтүстік 
батысында  -  алшын  тайпалары  одағымен,  оңтүстігінде  -  ҿзбек, 
қырғыздармен  шектескен.  Монғол  шабуылына  дейін  де,  одан 
кейін  де,  сол  сияқты  16  -  ғасырда  қазақ  хандығына  қосылған 
кезде  де,  бұл  тайпа  одақтары  Ұлы  жүз  болып  аталды.  Ерте 
заманнан  бастап-ақ  бұлардың  қоғамдық,  шаруашылық  жҽне 
мҽдени  ортасы  бір  болды.  Соның  нҽтижесінде  олардың  бір 
кездегі  тайпалық  тілдері  бірігіп,  бір  жергілікті  диалект  болып 
қалыптасты. Бұл – қазақ тілінің оңтүстік диалектісі деп аталады. 
Оңтүстік  диалектісінің  қалыптасуына  Ұлы  жүзге  кіретін 
тайпалардың  ҽр  түрлі  табиғи  –  тарихи  себептерге  байланысты 
басқа тайпалармен қарым – қатынасы нашар болғандағы да үлкен 
ҽсер етті. Мҽселен, бұл тайпалардың солтүстігіндегі Балқаш кҿлі, 
Бетпақ  дала,  солтүстік  –  батысындағы  ұлан  –  байтақ  далалар, 
Қызылқұм  мен  Арал  теңізі  осындай  табиғи  бҿгеттер  болып 
табылады.  Онымен  бірге  бұл  диалектінің  қалыптасуына  кҿрші 
ҿзбек, ұйғыр, қырғыз халықтарының тілі де ҽсер етті. Ұлы жүздің 
17 – 19 ғасырларда Қоқан, Хиуа хандықтары қол астында болуы 
бұл  диалектіге  ҿзбек  тілінің  ықпалын  күшейте  түсті.  Бірнеше 
тайпалық  тілдердің  негізінде  қалыптасқандықтан  жҽне  ҽр  түрлі 
тілдердің  ҽсері  тигендіктен,  оңтүстік  диалектісінде  ккездесетін 
ерекшеліктердің сипаты бірыңғай емес. Кейбіреулері жалпылама 
түрде кездеседі. Енді біреулерінің тараған кҿлемі шағын, белгілі 
бір  ауданда  ғана  айтылады.  Ҿзгешеліктердің  ішінде  оңтүстік 
диалектісінің  басқа  диалектілерден  айырмасын  кҿрсететін  жеке 
ерекшеліктері  бар.  Оңтүстік  диалектісінің  С.  Аманжолов 
кҿрсеткен негізгі ерекшеліктері тҿмендегідей. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет