А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева



Pdf көрінісі
бет5/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200
маңдай(маңлай), 
таңдай(таңлай), 
тҥндік(тҥнлік)  болып  айтылса,  сол  сияқты  қҧдағи  сҿзінің  
қҧдағай  болып  айтылуы  –  бір  аудан  не  бір  облыста  ғана  емес, 
бірнеше  облыс  кҿлемінде  (Ақтҿбе,  Орал,  Гурьев)  кездесетін  ірі 
құбылыс.  Ал  бірқатар  құбылыстардың  таралу  шегі  жекелеген 
аудандармен  не  облыспен  ғана  шектеледі.  Мысалы,  Семей 
облысының  Мақаншы,  Үржар  аудандарында  жүгеріні  борми, 
порми, қарбызды қауын, қауынды діңке дейді. Бір құбылыс, бір 
заттың  ҽр  жерде  түрліше  аталуына  байланысты  қазақ 
говорларында  олардың  бірнеше  синонимдері,  дублеттері  пайда 
болған.  Бұлардың  таралу  шегіне  қарай  бікіл  Қазақстан  жері  екі, 
үш,  тіпті  5-6-ға  бҿлініп  кетеді.  Әтеш-қораз,  қҧдағай-қҧдағи 
сияқты  ерекшеліктер  үшке  бҿлсе,  мойынағаш-суағаш-кҥйенте-
қҧрамыс-иінағаш;  қамыр-іңкәл-жҧқа  нан-жайма  нан-қҧлақ 
нан дегендер Қазақстан жерін 5-6-ға бҿліп жібереді. 
Диалектілік  ерешеліктер  бҽрі  бірдей  бір  дҽрежеде 
қолданылмайды.  Біреулері  жиі  қолданылса,  енді  біреулері  ҿте 
сирек  қолданылады.  Бірқатар  ерекшеліктерді  тұрғын  халық 
жаппай  қолданса,  енді  бірқатары  кҿп  тарамай,  тек  қарт,  егде 
адамдардың  тілінде,  ескінің  сарқыншағы  ретінде  ғана  сақталып 
қалған.  Мұндай  құбылыстар  жастардың  тілінде  кездеспеуі 
мүмкін.  Қазақ  тілінде  жалпыхалықтық  сипат  алмаған,  ҽдеби  тіл 
нормасынан  аулақ  жатқан  немесе  белгілі  бір  аймақ  кҿлемінде 
ғана  қолданылып,  ҽдеби  тіл  дҽрежесіне  кҿтеріле  алмай  жүрген 
жергілікті  ерекшеліктер  де  кездеседі.  Оларды  лексикалық, 


10 
 
фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер  деп, үлкен  үш топқа 
бҿліп қарастыруға болады.  Осы үш топтың  сандық  арақатынасы 
тұрғысынан  алып  қарағанда,  фонетикалық,  грамматикалық 
ерекшеліктердің ҽлдеқайда басым екені байқалады.  
Қазақ  тіліндегі  диалектілік  ерекшеліктер  тарихы,  шығу 
тҿркіні жағынан екі топқа бҿлінеді: 
А)  Қазақ  тілі  мен  оның  говорларына  тҽн  ҿзіндік  тума 
элементтер.  Бұл  топтың  ішінде  ескі  кҿне  тайпа  тілдерінің 
қалдығы да, кейінірек, ҽсіресе Ұлы Қазан революциясынан кейін 
пайда болған диалектілік ерекшеліктер де бар. Мысалы: пал-бал 
сҿздеріндегі п/б алмасуы, барғың, келгін (бар, кел), барғым бар 
(барғым  келеді),  барғым  жоқ  (барғым  келмейді)  сияқты 
грамматикалық  ерекшеліктер  кҿне  заманнан  келе  жатқан 
байырғы құбылыстар қатарына жатады.  
Ҽ)  Қазақ  говорларына  басқа  тілдерден  ауысқан  кірме 
элементтер.  Бұл  топқа  араб,  иран,  орыс  жҽне  кҿрші  түркі 
тілдерінен  енген  сҿздер  мен  тұлғалар  кіреді.  Мысалы,  мҧштау 
(жұдырықтау), мыштар (бҽкі) сияқты сҿздер ҿзбек тілінен, скірт 
(скирда)  пірнәбес  (принавес),  бодан  болу  (подданный)  сияқты 
сҿздер  орыс  тілінен  енген  т.б.  Кейде  сҿз  тіркесінің  бір  сыңары 
қазақтың  тума,  тҿл  сҿзі,  екінші  сыңары  кірме  сҿз  болып  келуі 
мүмкін.  Мысалы:  жар  газеті  –  қабырға  газеті,  бодан  болу  – 
бағыну т.б. 
Жергілікті  диалектілер  мен  говорлар  жүйесі  ҿте  күрделі. 
Олардың  қазіргі  жағдайы,  ҿзара  қарым-қатынасы  жҽне  ұлттық 
ҽдеби  тілге  қатысы  туралы  түсінікті  неғұрлым  жеңілдету  үшін, 
тіл тарихына қысқаша тоқталуға тура келеді. Ҽрине, диалектілер 
мен  говорлардың  қай  кезде  қалай,  қандай  жағдайда 
қалыптасқанын,  бір-бірімен  қандай  қатынаста  болып  келгенін 
қазіргі кезде дҽл кҿрсету қиын. Дегенмен, шолу ретінде болса да, 
тіл  дамуының  негізгі  кезеңдеріне  қатысты  тарихи  деректермен 
танысу  мҽселенің жалпы қойылысын, бағытын аңғаруға себепші 
болмақ. Бір ескеретін нҽрсе, қазақ халқының жҽне оның біртұтас 
халық  тілінің  тарихы  жайында  бірталай  зерттеу  еңбектері  бола 
тұрса  да,  бұл  –  ҽлі  түгелдей  жан-жақты  талданып  шешілмеген 
мҽселе.  Ғылыми  болжам,  байымдау  дҽрежесінде  жүрген  жайлар 
аз емес. 
Қазіргі тілдердің қай-қайсының да негізі ҿте кҿне замандарда 
жасалғаны  белгілі.  Содан  бері  тілдер  дамудың  бірнеше  кезеңін 


11 
 
басынан  ҿткізді.  Тек  социализм  қоғамына  дейін  тілдер  дамудың 
тҿрт түрлі кезеңін басынан ҿткізді. Тілдің осылайша бір сападан 
екінші сапаға кҿшуі бірте-бірте даму арқылы болып отырған. Тіл 
дамуы  біркелкі  болмағандықтан,  тілдер  бірде  бірігіп,  бірде 
бҿлініп,  бірде  араласып,  кейде  тоғысып  та  отырған.  Бірақ  тіл 
дамуындағы  кезеңдер  қоғамдық  даму  кезеңдеріне  байланысты. 
Сондықтан  диалектілер  мен  говорлар  қоғамның,  халықтың 
тарихымен тығыз байланыста қаралуы қажет. 
Қазақ  тілі  түркі  тілдері  семьясының  қыпшақ  тобына 
жататыны  белгілі.  Оның  шығу  тегі  ҿте  ерте  замандардан 
басталады. Арғы тегі – батыс гунн, кҿне түркі дҽуірлерімен, бергі 
кезі  –  оғуз,  қыпшақ,  ноғай  бірлестіктерімен  ұштасып  жатыр. 
Қазақ  жеріндегі  кҿне  замандардағы  рулардан  тайпалар, 
тайпалардан тайпалық одақтар, олардан халық құралған. Сҿйтіп, 
ру тілдерінен тайпа тілі, тайпа тілдерінен халық тілі қалыптасқан. 
Бұл  процесс  біздің  заманымыздан  бұрынғы  III  –  II  ғасырларда 
басталып,  тек  ХVI  ғасырда  толық  қалыптасқан.  Тілдің  даму 
сатысы  біркелкі  болмаған.  Сол  себептен  де  қазақ  тілінің 
құрылымын  зерттеу  жұмысы  ҿз  алдына  үлкен  проблемалық 
мҽселелердің бірі болып отыр. 
Қазақ  тілінің  пайда  болуы,  дамуы,  қалыптасуы  жалпы  түркі 
тектес  тілдердің  даму,  қалыптасу  дҽуірлерімен  байланысты. 
Солардың  ішінен  қазақ  тілі  тарихына  қатысы  бар  тҿмендегі 
дҽуірлерді кҿрсетуге болады: 
а) Біздің  заманымыздан  бұрынғы IV–III ғасырлар  мен  біздің 
заманымыздағы  V  ғасыр  аралығы.  Тарихта  бұл  –  ғұн  дҽуірі  деп 
аталып  жүр.  Қазақ  тарихындағы  алғашқы  тайпалық  одақтар  осы 
дҽуірде  белгілі  бола  бастады.  ҽ)  Кҿне  түркі  тілдері  дҽуірі  (V-X). 
Қазақстан  жерінде  осы  кезде  құрылған  Батыс  түркі,  қарлық 
қағанаттарының  қазақтың  халық  болу  процесінде  үлкен  рҿлі 
болды.  Ал  бұған  дейін  тайпалық  одақтар  ҽлденеше  ҿзгеріп, 
тұрақтай  алмаған.  Тіл  жағынан  алғанда  қазақ  жеріндегі 
тайпалардың  негізі  бір  еді,  бҽрі  де  түркі  негіздес  диалектілерде 
сҿйлеген.  Онымен  бірге  бұл  кез  тайпалық  одақтар  тілінің  
қалыптасып,  кҿне  түркі  тілінен  бҿлінуге  бет  алған  кезі  болды. 
Осыдан  былай  бұрынғы  ру-тайпалық  қана  сипаты  бар 
диалектілердің  орнына  енді  ҽрі  тайпалық,  ҽрі  жергілікті  сипаты 
бар  диалектілер  қалыптасады.  Осылайша  халық  тілінің  негізгі 
құрамды  бҿліктері  болып  табылатын  жергілікті  диалектілердің 


12 
 
негізі  салынады.  б)  Түркі  тілдерінің  орта  ғасырлық  дҽуірі.  Бұл 
дҽуір  қазақтың  халық  болу  қарсаңы  еді.  Осы  кезде  қазақ 
халқының  қалыптасуына  тікелей  қатысы  бар  Қараханидтер 
мемлекеті, Қыпшақ бірлестігі құрылды. Ф.Энгельстің айтуынша, 
тайпалық одақтар халыққа ең жақын жҽне аса ұқсас бірлестіктер 
болып  табылады.  Тіл  жағына  келсек  бұдан  бұрынғы  дҽуірлерде 
негізі салынған диалектілердің ҽрқайсысы жергілікті сипат алып, 
одан ҽрі дамып, нығая түсті. Сонымен бірге олардың бҽріне ортақ 
тілдің  белгілері  де  жетіле  бастады.  Мұның  ҿзі  болашақта 
бірыңғай  халық  тілін  құруға  бет  алу  еді.  в)  Түркі  тілдері 
дамуындағы  жаңа  дҽуір.  Бұл  кезде  қазақтың  тайпалық  одақтары 
қыпшақ  қауымынан  бҿлініп  шығып,  халық  болып  қалыптасу 
үстінде  еді.  Сҿйтіп,  бұл  дҽуірде  қазақ  жерінде  ру-тайпалық 
мүддемен  бірге,  елдік  ұғым,  біртұтас  халық  болып  ұрандасу 
идеясы туып, халықтық сана кҿрініс бере бастаған еді. Мұның ҿзі 
бұдан  бұрынғы  дҽуірде  қалыптасқан  тайпалық  одақтардың  енді 
халық  болып  бірігуіне  мүмкіндік  туғызды.  Тайпалық  одақтар 
тілінде  бҽріне  ортақ  халықтық  тіл  белгілері  басым  бола  бастауы 
олардың  ҿзара  бірігіп,  бірыңғай  халық  тілі  дамуына  мүмкіндік 
туғызды. Мұның ҿзінде қазақ тілі қыпшақ тілдеріне, оның ішінде 
қыпшақ-ноғай тобындағы тілдерге тҽн белгілерді сақтай отырып, 
ҿзіндік  ішкі  даму  заңымен  жетіліп  отырды.  Кейбір  ғалымдар 
қазақ  тіліндегі  говорларды  неғұрлым  кейінгі  кезеңнің  нҽтижесі 
деп  танып,  олардың  пайда  болу  кезін  XV-XVIII  ғасырлар 
аралығына  жатқызады.  Бір  ескертетін  жай,  халық  тілінің 
қалыптасып  жетілуімен  бірге  осы  кездің  ҿзінде  болашақ  ұлт 
тілінің  негізі  қалана  бастады.  г)  XIX  ғасырдан  бері  қарай  түркі 
тілдері  дамуындағы  ең  жаңа  дҽуір  басталады.  Бұл  дҽуірде 
қазақтың  ұлт  тілі  қалыптасты.  Мұның  ҿзі  қазақ  халқының  ұлт 
болумен ондағы кезеңдермен байланысты еді. Ол кезде жергілікті 
диалект,  говорларға  ҽсер  етерліктей,  бүкілхалықтық  сипаты  бар, 
дамыған ҽдеби тіл толық қалыптаса алмады. Соның нҽтижесінде 
жергілікті  халық  тіліндегі  диалектілік  ерекшеліктер  сақталып 
қалды.  
Кеңес 
дҽуірінде 
экономикалық, 
қоғамдық-ҽлеуметтік 
ҿзгерістер, 
бір 
орталықтан 
басқарылатын 
халық 
шаруашылығының  жоспарлы  түрде  ҿркендеуі  бұрын  болып 
кҿрмеген  жаңалық  ҽкелді.  Халықтың  бір-бірімен  алшақ  жатқан 
аудандарының  ҿзара  байланысы  күшейді.  Мұның  ҿзі  қазақтың 


13 
 
халық тілінің шын мҽнінде ұлттық тіл ретінде дамуына мүмкіндік 
берді. Ұлттық тілмен бірге ұлттық ҽдеби тіл қатар дамыды. Даму, 
жетілу  ұлттық  тілдің  дыбыстық,  грамматикалық,  лексикалық 
жүйесіне,  оның  құрамды  бҿліктері  диалектілер  мен  говорларға 
біраз  ҿзгеріс  еңгізді.  Тілдің  тұтастығына  нұқсан  келтіретін 
диалектілік ерекшеліктер, ҽсіресе диалектілердің ҿзіндік сипатын 
білдіретін негізгі айырмашылықтар ҿзгеріске ұшырай бастады. 
Жергілікті  халық  тіліне  ҽдеби  тілдің  ҽсері  неғұрлым  күшті 
болса, 
соғұрылым 
ондағы 
диалектілік 
ерекшеліктер 
тез 
жойылатыны  белгілі.  Халық  ағарту  ісінің  дамуы,  түрліше  мҽдени 
орындардың  кҿбеюі,  баспасҿздің,  радионың  кең  тарауы  жергілікті 
диалектілерге  ҽдеби  тілдің  ҽсерін  күшейте  түсті.  Бұрын  жергілікті 
диалектіде сҿйлеген адамдардың ҽдеби тілді бірден меңгеріп кетуі, 
ҽрине, оңай емес, бұл – ұзақ уақытты керек ететін процесс, дегенмен 
қазіргі кезде оның қарқыны күн санап үдей түсуде. Осы күні тек таза 
диалектімен сҿйлейтін ауданды, ауылды табу қиын. Қазіргі ауылда 
ҽрі  ҽдеби  тілдің,  ҽрі  жергілікті  диалектінің  нормасын  қатар 
қолданушылық  жиі  кездеседі.  Мҽселен,  қарттар  жағының  тілінде 
жергілікті  ерекшеліктер  басым  болса,  жастардың,  тіпті  орта 
буынның  тілінде  ҽдеби  тілдің  нормасы  басым.  Кейде  бір  адамның 
ҽрі  жергілікті  тілдің,  ҽрі  ҽдеби  тілдің  элементтерін  қатарластырып 
пайдаланатынын байқауға болады.  
Тілдегі  диалектілік  ерекшеліктердің  қазіргі  кезде  осылайша 
бірте-бірте  жойыла  бастауы,  ҿзгеріске  ұшырауы  –  қазақтың  ұлт 
тілінің  жалпы  даму  процесімен  тікелей  байланысты,  одан  бҿліп 
қарауға  болмайтын  құбылыс.  Сол  себепті  ұлттық  тілдің  даму 
процесі  туралы  сҿз  болғанда,  қашанда  ондағы  диалектілер  мен 
говорлар жайына ерекше кҿңіл бҿлінеді. 
Осының  бҽрі  ұлттық  тілдің  ҿзінен  бұрынғы  халық  тіліне 
қарағанда  сапалық  айырмашылықтары  бар  екенін  кҿрсетеді. 
Олардың  ең  бастылары  мынадай:  біріншіден,  ұлт  тілінің  сҿздік 
құрамы  жан-жақты  дамып,  грамматикалық  құрылысы  ҽлдеқайда 
жетілді;  екіншіден,  халық  тіліне  қарағанда  ұлт  тілінің  бірлігі, 
біртұтастығы артты, мұның ҿзі тілдегі жергілікті ерекшеліктердің 
азаю  сипатына  байланысты;  үшіншіден,  ұлттық  тілмен  бірге 
белгілі нормаға түскен, стиль жағынан сараланған бүкілхалықтық 
сипаты  бар  ҽдеби  тіл  қалыптасты.  Ұлттық  тілдің  жоғарыда 
келтірілгендей  сапалық  белгілері  ҽлі  де  жетілу,  қалыптасу 
үстінде. 


14 
 
Тіл  дамуының  қазіргі  сатысында  ұлт  тілінің  жоғары  жҽне  
тҿменгі  формалары  бар.  Жоғары  формасы  -  қалыптасқан  не 
қалыптасып  келе  жатқан  ҽдеби  тіл  де,  тҿменгі  формасы-  халық 
тіліндегі  диалектілер  мен  говорлар.  Дүние  жүзіндегі    тілдердің 
бҽрінде  де  бірінде  аз,  бірінде  кҿп  мҿлшерде  диалектілік 
ерекшеліктер ҽлі де сақталып келеді. Тіл дамуы осындай кезеңде  
тұрғанда,  диалектілік  ҿзгерістерді  есепке  алмай,  ҽдеби  тілдің 
даму,  қалыптасу  мҽселелерін  жан-жақты    шешу  мүмкін  емес. 
Ҽдеби  тіл  мен    диалектілердің  қарым  –  қатынасы  жайында  сҿз 
болғанда, негізінен, екі мҽселе ескеріледі. Бірінші, ҽдеби тіл мен 
диалектілердің  бір-біріне  тигізетін  ҽсері,  ҽдеби  тіл  де 
диалектизмдерді  пайдалану  жайы;  Бұл  мҽселелерге  тоқтамас 
бұрын алдын ала бір ескерілетін нҽрсе – осылардың қай-қайсысы 
да  қазақ  тіл  білімінде  толық  бірыңғай  пікірге  келіп,  ғылыми 
негізде түбегейлі шешілген мҽселелер емес. Бірсыпыра уақыттан 
бері айтылып, ҽлі де пікір таласы аясынан аса алмай жүр. 
Жергілікті  халық  тілінің  байлығын  пайдалануда  бізде  осы 
күнге  дейін  ҽр  түрлі  түсініліп  жүрген  жайлар  жоқ  емес.  Кейбір 
кҿркем  сҿз  шеберлері,  аудармашылар  тіл  байыту  дегенді 
біржақты  түсініп, кейде жалпы халықтық баламалары бола тұрса 
да,  жергілікті  сҿздер  мен  грамматикалық  тұлғаларды  жиі 
қолданады.  Мҽселен,  бүкіл  халық  қолданып,  ҽдеби  тілде  ҽбден 
қалыптасып  кеткен  келер  жыл,  лайық,  туған,  тірілту,  кӛрпе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет