А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева


Cтуденттің ӛзіндік жҧмыстарының тақырыптары



Pdf көрінісі
бет13/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   200
Cтуденттің ӛзіндік жҧмыстарының тақырыптары

 
1)  «Диалектология  ғылымының  ӛзге  ғылымдармен 
байланысы»  туралы реферат жазыңыздар. 
 
2)  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясының  бір 
тарауын алып, ішінен диалект сӛздерді теріп, дәптерге жазып 
алыңыздар. 


22 
 
2-модуль  
Танымдық блок 
Қазақ диалектілерінің Қазан революциясына дейін 
және кейін зерттелуі 
Қазақ  тіліндегі  жергілікті  диалектілерді  арнайы  зерттеу 
жұмысы  шын  мҽнінде  кеңес  дҽуірінде  ғана  басталады.  ССРО 
Ғылым  академиясының  Қазақ  филиалы  1937  жылы  алғаш  рет 
Алматы  облысының  Кеген,  Нарынқол,  Оңстүстік  Қазақстан 
облысының Мақтарал, Қарағанды облысының Нұра аудандарына 
диалектологиялық 
үш 
экспедиция 
шығарды. 
Мұндай 
экспедициялар  1939  жылы  Мақтарал,  Маңғыстау,  Торғай,               
1940  жылы  Сарысу,  Арал,  Орда  аудандарында  да  болып, 
материал  жинады.  Міне,  осы  кезден  бастап  күні  бүгінге  дейін 
Қазақстанның  ҽр  аудандарына  жылма  -  жыл  диалектологиялық 
экспедициялар  шығарылып  келеді.  Тіпті  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдарында  да  бұл  жұмыс  біржола  тоқтап  қалған  жоқ.           
1943 жылы академияның кейбір ғылыми қызметкерлері Түлкібас, 
Жуалы,  Талдықорған  аудандарында  болып,  материал  жинаған. 
1944  жылы  Ж.  Досқараев  «Оңтүстік  диалектісінің  кейбір 
мҽселелері» деген тақырыпта кандидаттық дессертация қорғады.  
Соғыстан  кейінгі  жылдарда  тіл  ерекшеліктерін  жинап  – 
зерттеу  жұмысының  кҿлемі  ҽлдеқайда  артты.  Диалектологиялық 
экспедициялар  бұрын  болмаған  кҿптеген  басқа  аудандарда 
болып,  бірнеше  рет  материалдар  жинады.  Қазіргі  кезде 
Республиканың  оңтүстік,  батыс  аудандары  тіл  жағынан  едҽуір 
зерттелді  деуге  болады.  Ал  орталық,  шығыс  аудандар  соңғы 
жылдарда  ғана  қолға  алынып,  олардың  бірсыпырасында 
диалектологиялық  экспедиция  бірнеше  рет  болып  қайтты.  Тіл 
ерекшеліктерін  экспедициялық  жолмен  жинауда  тек  ҿз 
республикамыздың кҿлемінде ғана емес, сонымен бірге қазақтар 
мекендеген  басқа  республикалардағы  кейбір  аудандар  да 
қамтылып  отырылды.  Міне,  осындай  жұмыстардың  нҽтижесінде 
диалектілік  ерекшеліктер  мен  кҽсіби  сҿздер  бойынша  кҿлемді 
материал  жиналды.  Мұның  ҿзі  қазақ  диалектологиясының 
мҽселелері  туралы  кейбір  қорытындылар  жасауға  мүмкіндік 
берді.  1948  жылы  С.  Аманжолов  «Қазақ  диалектологиясының 
негізгі  проблемалары»  деген  тақырыпта  докторлық  диссертация 
қорғады.  


23 
 
Тіл  ерекшеліктерін  жинау  жұмысын  ұйымдастыруда              
1945  жылы  ССРО  Ғылым  академиясы  Қазақ  филиалының  Тіл 
жҽне  ҽдебиет  институтында  қазақ  тілінің  тарихы  мен 
диалектологиясын  зерттейтін  арналы  бҿлім  құрудың  зор  мҽні 
болды.  Бұл  бҿлім  қазіргі  кезде  бүкіл  республика  кҿлеміндегі 
диалектологиялық  зерттеу  жұмысын  басқарып  отыр.  1956  жылы 
«Қазақ  тіліндегі  диалектілік  ерешеліктерді  жинау  бойынша 
сұраулық»  жарық  кҿрді.  Алғашқы  тҽжірибе  екендігіне 
қарамастан  сұраулықтың  тіл  ерекшеліктерін  жинауда  ҽжептҽуір 
кҿмегі  тиді.  1959  жылы  бұл  сұраулық  толықтырылып,  қайта 
баслып шығарылды.  
Сонымен бірге Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі 
институты  диалектологиялық  зерттеу  жұмыстарына  арнап 
ғылыми  жинақтар  шығарып  келді.  1958  жылдан  бері  мұндай 
жинақтардың 
сегізі 
жарық 
кҿрді. 
Бұл 
жинақтарда 
республикадағы  жҽне  одан  тыс  жерлердегі  қазақ  тілі 
ерекшеліктері  мен  кҽсіби  сҿздері  туралы  материалдармен  бірге 
тіл тарихының да ҽр түрлі мҽселелері қамтылды.  
Қазақ диалектологиясы қазақ тіл білімінде кейін қалыптасқан 
салалардың    бірі  болғандықтан,  оның  кейбір  мҽселелері  тіл 
мамандары  арасында  кҿпке  шейін  пікір  таласын  туғызып  келді. 
Солардың  бірі  –  қазақ  тілінде  диалектілер  бар  ма,  жоқ  па  деген 
мҽселе.  Қазақ  тілі  ежелден  диалектісіз  тіл  немесе  ондағы 
диалектілер  XV  ғасырда  біртұтас  халық  тілі  құрылған  кезде 
жоғалып  кетті  деген  пікірлер  екі  негізге  сүйеніп  айтылған  еді. 
Бірінші,  революциядан  бұрынғы  кейбір  түркологтардың                    
(В.  В.  Радлов,  П.  М.  Мелиоранский,  А.  М.  Позднеев)  қазақ  тілі 
диалектісіз  тіл  деген  пікірде  болғандығы;  екінші,  мал 
шаруашылығымен  байланысты  қазақ  халқының  кҿшпелі  ҿмір 
сүргендігі.  Бірақ  осы  екі  пікірдің  қай  –  қайсысы  да  қазақ  тілі 
диалектісіз  тіл  деуге  дҽлел  бола  алмайды.  Біріншіден, 
революцияға  дейінгі  түркологтардың  ешқайсысы  да  қазақ 
тіліндегі  диалектілерді,  олардың  ерекшеліктерін  арнайы 
зерттемегендігін  ескеруіміз  керек. Сонымен бірге қазақ  тіліндегі 
диалектілік 
ерекшеліктер 
туралы 
революцияға 
дейінгі 
түркологтардың бҽрі бірыңғай пікірде болмағаны белгілі.  
Қазақ  тілі  мен  ауыз  ҽдебиетін  зерттеушілер  үшін 
революциядан  бұрынғы  түркологтар  аз  мұра  қалдырған  жоқ. 
Олар  халық  ауыз  ҽдебиетінің  кҿптеген  нұсқаларын  бастырып 


24 
 
шығарып, қазақ тілінің грамматикалары мен сҿздіктерін жасады. 
Бұған  дейін  тілі  мен  ҽдебиеті  ғылым  дҽрежесіне  кҿтеріле  алмай 
келген  халық  үшін  бұл  баға  жетпес  еңбек  еді.  XIX  ғасырдан, 
ҽсіресе,  оның  екінші  жартысынан  бастап,  орыс  түркологтары 
түркі  тілдерін  зерттеуде  алғашқы  қадам  жасап,  елеулі 
нҽтижелерге  жетті.  Бірақ  соның  ҿзінде  түркі  тілдерінің  ҽлі  де 
белгісіз, ашылмаған сыры аз емес еді. Бірсыпыра түркі тілдерінің 
революцияға  дейін  жеке  тіл  ретінде  танылмай,  тек  наречие 
дҽрежесінде  қаралып  келуі  бұған  айғақ  бола  алады.  Проф.             
П.  М.  Мелоранскийдің  алғашында  қазақ  тілі  диалектісіз  тіл  деп, 
соңынан  кейбір  ерекшеліктерімен  таныса  келе  басқаша  пікір 
айтуы  да  осыны  кҿрсетеді.  Жоғарыда  айтылғандарды  ескерсек, 
қазақ  тілінде  диалект  бар  ма,  жоқ  па  деген  мҽселеде  кейбір 
түркологтардың пікірлеріне сүйену орынсыз болып табылады.  
Екіншіден,  қазақ  халқы  тек  мал  шаруашылығын  кҽсіп 
еткендіктен, бір орында тұрақтап отырмай, үнемі кҿшіп – қонып 
жүрді,  мұның  ҿзі  тілдегі  диалектілік  ерекшеліктердің  жойылып 
кетуіне  ҽкеп  соқты  деген  кҿзқарас  та  тарихи  шындыққа 
жанаспайды. Революцияға дейінгі  Қазақстанда жер жеке кісінің 
меншігінде  болғаны,  ҽрбір  ру,  тайпаның  белгілі  жерге  иелік 
еткені, қасындағы қоңсы-қарашалармен бірге ру ішіндегі байлар, 
дҽулетті  адамдар  ҿздері  меншіктеп  алған  жайлау,  жайылымдық 
жерлерде жыл бойы кҿшіп-қонып жүргені – тарихи шындық. Жер 
меншігінің осы айтылған түрі мен кҿші-қон тҽртібі халық ішінде 
қатаң  сақталып  отырды.  Бұл  тҽртіпті  бұзу  кҿрші  отырған  ру- 
тайпалар  арасында,  сондай-ақ  олардың  ҿз  ішінде  талай-талай 
қанды  соқтығыс,  дау-жанжал  тууына  себеп  болғаны  белгілі. 
Мұның ҿзі сол кез үшін заңды да, ҿйткені халықтың тіршілік, күн 
кҿрісі  тек  малға,  мал  жайылатын  жерге  байланысты  болды.  Бұл 
шындық  революцияға  дейінгі  қазақ  ҿмірі  туралы  жазылған 
шығармалардың  қай-қайсысында  да  айқын  кҿрініп  отырады, 
ҽсіресе  М.  Ҽуезовтің  «Абай  жолы»  романында  толық 
суреттелген.  
Қазан  революциясына  дейін  ғасырлар  бойы  қазақ  халқы 
жерді емін-еркін пайдаланып, ешбір кедергісіз, онды-солды кҿше 
берді  деп  ұғынбау  керек.  Ол  кездегі  адамдардың  араласуы 
кҿбінесе  ҿз  руының  кҿлемінен  аса  алмайды.  Ал  тайпалық 
одақтардың  бір-бірімен  байланысы  тіпті  жоқтың  қасы  еді. 
Академик  С.  Мұқанов  пен  профессор  Е.  Ысмайлов  сол  кездегі 
жағдай  туралы  былай  деп  жазды:  «Кҿші-қон  мен  жайылым 


25 
 
жҿніндегі  рушылдық,  қатаң  заңдар  халықтың  емін-еркін 
араласуына  кедергі  болды.  Онымен  бірге  революцияға  дейінгі 
Қазақстанда  жол  қатынасының  нашар  болғандығын,  қазақ 
жерінің  аса  үлкендігін,  мұның  ҿзі  онда  мекендеуші  ру-
тайпалардың  қарым-  қатынасын  нашарлатқанын,  сҿйтіп  уақыт 
озған  сайын  олардың  тілінде  айырмашылық  пайда  болып 
отырғанын ескеру керек».  
Қазақ  ССР  тарихында  қазақ  халқының  құрылу  процесі 
аяқталып біткен XV-XVI ғасырларда да, ол процесс аяқталғаннан 
кейінгі  XVII-XVIII    ғасырларда  да  Қазақстанның  феодалдық 
бытыраңқылық жағдайда қалғандығы, кең-байтақ жердің ҽр түрлі 
аудандары  экономикалық  жҽне  саяси  жағынан  ҿзара  нашар 
байланыста болғандығы айтылады.  
Дҽл  осындай  жағдайда  ғасырлар  бойы  келе  жатқан 
диалектілер бірден сіңіп жоғалып кетті деу, ҽрине, артық болады. 
Қайта,  жоғарыда  айтылған  жағдай  диалектілік  ерекшеліктердің 
белгілі мҿлшерде сақталып қалуына мүмкіндік берді.  
Қазақ  тілінде  диалект  бар  ма,  жоқ  па  деген  пікір  таласы             
1953  жылға  дейін  созылды.  Қазақ  тіл  білімінің  кейбір  талас 
мҽселелері  жҿнінде  1952  жылы  Алматыда  ҿткен  айтыс  бұл 
мҽселе  жайында  елеулі  жаңалық  енгізе  алмады  да,  пікір  таласы 
сол  бұрынғы  күйінде  қалды.  Қазақ  тіліндегі  диалектілік 
ерекшеліктерді зерттеп білмей тұрып, айтысты бұдан былай соза 
берудің  қажеті  жоқ  екені  айқын  бола  бастады.  Бұл  мҽселе    тек 
пікір  таласымен  шешілмейтіні,  оны  шешудің  бірден-бір  жолы 
жергілікті  халық  тілін  кең  кҿлемде  зерттеу  керек  екендігі 
ескеріліп,  1953  жылы  қазақ  тіл  білімі  атына  ССРО  Ғылым 
академиясының Тіл білімі институты тарапынан бірнеше рет сын 
айтылды.  Осы  институттың  Түркі  тілдері  секторы  қазақ  тіл 
білімінің  зерттелу  жайы  туралы  1953  жылы  жасаған 
қорытындысында былай деп кҿрсетті: «Қателердің екінші түріне 
ең  алдымен  қазақ  тіліндегі  диалектілердің  жоққа  шығарылуын 
жатқызуға болады».  
Сол  жылы  мамыр  айында  Москвада  ҿткен  ССРО  тіл 
ғылымдарының  ғылыми  кеңесінде  бұл  мҽселе  тағы  кҿтерілді. 
Кеңесте  қазақ  тіліндегі  диалектілер  мен  говорлардың  зерттелу 
дҽрежесінің  тҿмен  екендігін  сынаумен  бірге,  қазақтың  ұлт  тілі 
мен  ҽдеби  тілінің  қалыптасуына  белгілі  бір  диалектінің 
жетекшілік рҿлі болғандығы атап кҿрсетілді.  


26 
 
Сҿйтіп,  қазақ  диалектологиясының  тарихында  1937  жылдан 
1950  жылдың  орта  тұсына  дейінгі  зерттеу  жұмыстарының  негізі 
салынды.  Қазақ  диалектологиясы  арнаулы  курс  ретінде  жоғары 
оқу  орындарында  оқытыла  бастады.  1950  жылдардың  орта 
тұсынан бастап қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинап 
зерттеу  жұмысында  жаңа  бетбұрыс  басталды.  Бұған  дейін  пікір 
таласының  шарпуы  тиіп,  құлаш  жая  алмай  келген  қазақ 
диалектологиясында  қол  жеткен  табыстардың  басым  кҿпшілігі 
1950  жылдардың  орта  тұсынан  кейінгі  уақыттың  ішінде  іске 
асырылуы кездейсоқ емес. Оған дейін қазақ диалектологиясының 
зерттелу  дҽрежесі  жеке  мақалалар  аяасынан  шыға  алмай  келсе, 
енді  алғашқы кҿлемді  монографиялық еңбектер, сҿздіктер  пайда 
бола  бастады.  Мысалы,  Ж.  Досқараев  1955  жылы  «Қазақ  тілінің 
жергілікті 
ерекшеліктері» 
(лексика) 
деген 
атпен 
диалектологиялық сҿздік шығарса, 1959 жылы С. Аманжоловтың 
«Вопросы  диалектологии  и  истории  казахского  языка»  деген 
атпен  кҿлемді  монографиясы  жарық  кҿрді.  Бұл  еңбектерде  тіл 
ерекшеліктері 
нақты 
зерттелумен 
бірге 
диалектілік 
лексикографияның алғашқы үлгілері жасалды. Қазақ тілі тарихы 
мен  диалектологиясына  арнап  жеке  жинақтар  шығарып  отыру 
мҽселесі де осы кезеңде қолға алынды.  
1953  жылдан  бастап  қазақ  диалектологиясын  зерттейтін 
маман  кадрлар  кҿбейе  бастады.  Қазақ  тіл  біліміне  келген  жас 
мамандардың  бір  тобы  халықтық  говорларды  зерттеуге  белсене 
кірісті. 
Соның 
нҽтижесінде 
жеке 
говорлар 
туралы 
монографиялық еңбектер жазылды.  
Бұлардан  басқа  жекелен  аудандардағы  тіл  ерекшеліктері 
жайында  да  қаншама  ғылыми  мақалалар  жазылды.  Диалектілік 
ерекшеліктермен  қоса  жергілікті  кҽсіби  сҿздер  де  зерттелді. 
Олардың  кейбір  түрлері  жайында  арнаулы  еңбектер  жазылды. 
Қазақтың ұлт тілі мен ҽдеби тілін жетілдіруде халық тіліндегі бұл 
сияқты  байлықты  жинап  зерттеудің  мҽні  зор  екені  сҿзсіз.  Қазақ 
тіліндегі  жергілікті  ерекшеліктердің  осылайша  зерттелуі  қазіргі 
кезде қазақ тілінің толық диалектологиялық сҿздігін құрастыруға, 
диалектологиялық  карта,  атлас  жасау  жұмысын  бастауға 
мүмкіндік  беріп  отыр.  Міне,  жоғарыда  шолу  ретінде  келтірілген 
осы  фактілердің  ҿзі-ақ  қазақ  диалектологиясының  қол  жеткен 
табыстарын айқындай түседі.  


27 
 
Қазақ  тілінде  диалект  бар  ма,  жоқ  па  деген  мҽселені  қайта 
кҿтеріп, тілімізде диалектілік ерекшеліктердің бар екеніне күмҽн 
келтірушілер  кейін  де  болды.  1958-1959  жылдары  «Қазақ 
ҽдебиеті»  газеті  бетінде  басылған  кейбір  мақалаларда 
диалектілердің тарихи, ғылыми мҽнін жоққа шығаратын пікірлер 
айтылды.  Бұлар,  ҽрине,  тілдердің  ҿзіндік  даму  жолы  мен 
заңдылықтарын  түсінбеуден  туған  еді.  Ғылыми  жұртшылық 
мұндай  жаңсақ  ойдан  туған  пікірді  қолдамады.  Академик 
І.Кеңесбаев  газет  бетіндегі  айтыс  материалдарды  қорытындылай 
отырып:  «Жиналған  фактілерді  үңіле  қарап,  сұрыптай  келгенде, 
қазақ  тілінде  жергілікті  ерекшеліктердің  бар  екендігіне  ешбір 
күмҽн  келтіруге  болмайды.  Ол  ерекшеліктер,  кейбіреулер  айтып 
жүрген,  тек  лексикалық  ерекшеліктер  емес,  сонымен  қатар 
фонетикалық,  кейде  грамматикалық  ерекшеліктер  де  кездеседі. 
Қазақ тілі мүлде диалектісіз (говорсыз) тіл деген топшылауға қол 
қоюға болмайды» - деп жазған болатын.  
Қазақ  тіліндегі  диалектілік  ерекшеліктердің  сипаты,  таралу 
шегі  диалектілік  кҿлемде  ме,  ҽлде  говорлық  кҿлемде  ме  жҽне 
оларды  қалай  топтастыруға  болатындығы  жайлы  ҽлі  бірыңғай 
ортақ пікір жоқ. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін бірқатар 
зерттеушілер  (С.Аманжолов,  Н.Сауранбаев)  диалект  сипатында 
деп қараса, басқа ғалымдар (Ж.Досқараев, Ғ.Мұсабаев т.б) говор 
сипатында деп кҿрсетеді.  
Қазақ  тілінің  диалектілік,  говорлық  құрамын  зерттеп, 
анықтау  мақсатымен  1950  жылдардың  орта  шенінен  бастап 
бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақ тіліндегі жергілікті 
ерекшеліктерді  говорлық  жүйеде  зерттеу  осы  кезде  басты  орын 
алды.  Мұның  ҿзі  ғылыми  практикалық  мҽні  бар  кейбір 
қорытындылар  жасауға  мүмкіндік  берді.  Шынында  тарихи 
этникалық  тұрғыдан  зерттеу  объектісін  анықтай  отырып,  шағын 
кҿлемді  говорларды  зерттемейінше,  мол  территорияға  тараған 
қазақ тілінің жайын нақты түрде анықтауға  болмайтын еді. 
Соңғы  кездегі  зерттеулер  говорлардың  ҿзара  туыстығы, 
жақындығы туралы мҽселені одан ҽрі дамыта түсті. Қазақстанның 
батыс ҿлкесіндегі орталық говор (Гурьев, Орал, Ақтҿбе жерінде), 
Маңғыстау,  Арал,  Сыр,  Қарақалпақ  АССР  мен  Түрікмен  ССР-гі 
қазақ  тілі  говорларының  тарихи  тілдік  сипаты,  ортақ  белгілері 
зерттеліп,  батыс  говорларының  бірыңғай  тобы  бар  екені 
анықталды.  


28 
 
Бұл  сияқты  фактілер  қазақ  тілінде  шағын  территорияны 
қамтитын  говорлардың  да,  кҿлемді  кең  диалектілердің  де  бар 
екенін кҿрсетеді.  
Ал  қазақ  тіліндегі  диалектілер  мен  говорларды  топтастыру 
мҽселесіне келсек, онда негізінен алғанда, екі түрлі кҿзқарас бар: 
1)  С.Аманжолов  қазақ  тілінде  диалект  бар  деп  есептеген.  Ал 
Н.Сауранбаев пен Ж.Досқараев диалектілер мен говорлардың екі 
үлкен тобы бар деп қараған.  
Дҽл  қазіргі  уақытта  бұлай  классификациялауды  дұрыс  не 
теріс  деп  кесіп  айту  ҽлі  ертерек,  олардың  дұрыс-бұрыстығын 
болашақ  зерттеу  ісі  кҿрсетеді.  Оқырман  қауым  хабардар  болу 
үшін,  бұдан  кейінгі  тарауларда  ҽр  түрлі  кҿзқарастарға  жеке 
тоқтап, жетістік- кемістігі  жайында пікір айтуды орын кҿрдік.  
Қазақ  диалектологиясының  алдында  тұрған  басқа  да 
проблемалық  мҽселелер  бар.  Мысалы,  тілдегі  диалектілер  мен 
говорлардың  бұрынғы  ру  тайпа  тілдеріне  қатысы,  қазақтың 
ұлттық ҽдеби тілінің диалектілік негізі сияқты мҽселелері туралы 
ҽр түрлі кҿзқарас бар.  
Ғылыми 
айтыс, 
пікірталастың 
нҽтижесінде 
қазақ 
диалектологиясындағы  кейбір  мҽселенің  жан  жақты  шешілуіне, 
ал  бірқатар  мҽселенің  ғылыми  дҽрежеге  кҿтерілуіне,  олар 
жайындағы  пікірлердің  айқындалып  саралана  түсуіне  мүмкіндік 
туды.  Осы  жоғарыда  айтылған  мҽселелердің  зерттелуінде  жҽне 
қазақ  диалектологиясының  жеке  сала  болып  қалыптасуында 
кейбір ғалымдарымыздың кҿп еңбек сіңіріп кеткенін айта кеткен 
жҿн.  Қазақ  диалектологиясының  зерттелу  тарихы  сҿз  болғанда, 
олардың еңбегіне соқпай ҿту  мүмкін  емес.  Бұл ретте Қазақ  ССР 
Ғылым 
академиясының 
докторы, 
профессор 
Сҽрсен 
Аманжоловты,  филология  ғылымдарының  кандидаты  Жұмат 
Досқараевты атауға болады.  
Қазақ  диалектологиясының  алғаш  зерттелу  жҽне  қалыптасу 
тарихы  марқұм  профессор  С.  Аманжоловтың  есімімен 
байланысты екені жалпыға белгілі.  
Қазақ  диалектологиясы  мҽселелерімен  марқұм  профессор 
Нығмет  Тінҽліұлы  Сауранбаев  та  шұғылданды.  Қазақ  ССР 
Ғылым  академиясының  тарих  жҽне  диалектология  бҿлімін 
басқарды.  Оның  «Диалекты  в  современном  казахском  языке» 
жҽне басқа ғылыми мақалаларында халық тарихына байланысты 
қазақ  диалектологиясының  теориялық  мҽні  бар  мҽселелері  сҿз 


29 
 
болды.  Қазіргі  говорларды  тіл  тарихындағы  елеулі  кезеңдермен 
байланыстыра  қарап,  қазақ  диалектологиясының  қалыпасу,  даму 
тарихы туралы ілімді тереңдетті. 
Қазақ  диалектологиясы  -  қазақ  тіл  білімінің  тек  Қазан 
революциясынан кейін пайда болып, қалыптаса бастаған саласы. 
Оның  не  бары  60-70  жылдық  қана  тарихы  бар.  Шын  мҽнінде 
диалектология  мҽселесімен  шұғылдану  1930  жылдардың  аяқ 
шетінен басталады. Содан  бері республика  аудандарына жылма-
жыл  ғылыми  экспедициялар  шығарылып,  қазақ  тіліндегі 
диалектілік  ерекшеліктердің  сипатын  білдірерліктей  кҿлемді 
материал  жиналды.  Диалектілік  ерекшеліктерді  зерттеу  қазақ 
диалектологиясының  теориялық  мҽселелерін  кҿтеріп,  кейбір 
корытындылар  жасауға  мүмкіндік  берді.  Соның  нҽтижесінде 
қазақ диалектологиясы қазақ тілі мен ҽдебиетінен маман даярлап 
шығаратын  жоғарғы  оқу  орындарында  арнаулы  пҽн  ретінде 
енгізілді. 
Қазақ 
тіл 
білімінің 
басқа 
салаларына 
қарағанда 
диалектологияның зерттелу тарихында біраз ҿзгешелік бар. Қазақ 
тілінің 
дыбыстық, 
грамматикалық 
жҽне 
лексикалық 
құрылысының  жан-  жақты  зерттеле  бастауы  совет  дҽуірінде 
болғанмен,  олардың  зерттелу  тарихы  революциядан  бұрын 
басталды.  Сол  кездің  ҿзінде-ақ  алғашқы  грамматикалар  мен 
сҿздіктер  жасалып,  қазақ  диалектологиясы  жайында  айтылған 
пікірлердің болғанын айта алмаймыз. 
Қазақ  тіліндегі  диалектілер  мен  говорлардың  революциядан 
бұрынғы  жайын  кҿрсетерліктей  түркологтардан  қалған  арнаулы 
еңбек  жоқ,  ҿйткені  олардың  ешқайсысы  да  қазақ  тіліндегі 
жергілікті  ерекшеліктермен  шұғылданбаған.  Бірақ  соған 
қарамастан  революцияға  дейін  басылып  шыққан  ауыз  ҽдебиеті 
нұсқалары  мен  сҿздіктерде  диалектілік  сипаты  бар  сҿздер  мен 
дыбыстық, грамматикалық тұлғалар белгілі мҿлшерде қамтылып 
отырған.  Ал  қазақ  тілі  жайындағы  кейбір  мақалалар  мен 
грамматикаларда жекелеген диалектіліктерге жасалған талдаулар 
немесе  қазақ  тілінің  диалектілерге  бҿліну-бҿлінбеуі  жайында 
жол-  жҿнекей  айтылған  бірен-  саран  пікірлер  бар.  Мҽселен,              
Н.  И.  Ильминскийдің  «Материалы  к  изучению  киргизского 
наречия» деген ҽйгілі еңбегінде батыс аймақтағы халық тілінде е 
дыбысының 
араб, 
парсы 
сҿздерінде 
болмаса, 
сирек 
қолданылатыны кҿрсетілген. Шынында, тіл алды (жіңішке) ашық 


30 
 
дауыстылардың сҿздің екінші, үшінші буындарында қолданылуы 
ҽсіресе оңтүстік говорларға тҽн екенін экспедиция материалдары 
анықтап  отыр.  Бұдан  ҽрі  Н.  И.  Ильминский  ж  дыбысы  сҿздің 
басында  кейде  түсіріліп,  кейде  й  дыбысымен  алмасатынын 
айтып, барып отыр (барып жатыр), бара йатыр ( бара жатыр), со 
йерде (со жерде) сияқты мысалдар келтіреді. Батыс қазақтарының 
тіліндегі  –улы,  -улі  жұрнағы  ҿткен  шақ  есімшенің  қызметімен 
барабар екндігін де айтқан болатын. 
Н.И.Ильминскийдің бұл еңбегінде батыс қазақтарының тіліне 
тҽн  басқа  да  ерекшеліктер  берілген.  Мысала:  дырау  (үлкен), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет