|
|
бет | 122/159 | Дата | 27.04.2022 | өлшемі | 473,85 Kb. | | #32528 |
| Байланысты: umkdӘдебиеттер: [1] - [7], [14], [22].
БӨЖ 4
Тақырыбы: Ли алгебрасының автоморфизмдері.
Мақсаты: Ли алгебрасының автоморфизмі ұғымымен танысу, кейбір кіші өлшемді Ли алгебраларының автоморфизмдерін есептеу.
Тапсырмалар, сұрақтар: Ли алгебрасының автоморфизмі, автоморфизмдер группасы ұғымдарына анықтама беру, автоморфизмге мысалдар келтіру, дифференциалдаулар арқылы автоморфизмді құру әдісін беру.
Орындауға әдістемелік нұсқаулар: Тапсырмаларды келесі ретпен орындаған қолайлы болады:
- төменде көрсетілген әдебиеттерден Ли алгебрасының автоморфизмі, автоморфизмдер группасы ұғымдарының анықтамаларын тауып, конспект дайындау;
- төменде көрсетілген әдебиеттерден Ли алгебраларының автоморфизмдеріне мысалдар тауып, конспект дайындау;
- төменде көрсетілген әдебиеттерден дифференциалдаулар арқылы автоморфизмді құру әдісін тауып, конспект жасау;
- Ли алгебрасының кейбір автоморфизмдерін есептеу;
- дайындалған конспектіні түпнұсқамен тағы бір салыстырып, есептеулерді тағы бір тексеріп, қате тұстарын дұрыстау;
- дайындалған конспектіні түсінгенше қайталап оқу.
- материалдың түсінбеген тұстары бойынша оқытушыдан кеңес алу үшін сұрақтар дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|