Аәд жөніндегі тест тапсырмалары туралы



бет1/8
Дата13.06.2023
өлшемі0,69 Mb.
#100764
түріТесты
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ


«С.Сейфуллин атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Әскери істің педагогикалық кадрлары біліктілігін жоғарылату және қайта дайындау жөніндегі оқу орталығы



Алғашқы әскери дайындық бойынша сұрақтары


Тесты по начальной военной подготовке
Астана қаласы, 2008 ж.
Рассмотрено и одобрено к изданию на заседании методического совета АО «Казахский агротехнический университет им.С.Сейфуллина
Протокол № от 2008 г.

Авторы: полковник запаса Алагузов А.К., подполковник запаса Н.В.Чистиков


Тесты рекомендованы для проведения контрольного опроса учащихся выпускных классов в организациях образования по начальной военной подготовке

Рецензенты: С.Понкратов, полковник военной кафедры КарГТУ


К.Рахимгулов, майор запаса военной кафедры КазАТУ
им.С.Сейфуллина

АӘД ЖӨНІНДЕГІ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ТУРАЛЫ

Алғашқы әскери дайындық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 қаулысымен қолданысқа енгізілген және оқу орындарында олардың меншік формалары, типтері мен түрлеріне қарамастан орта, жалпы, бастапқы және орта кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыратын міндетті пән болып табылады. Қаулы талаптарына сәйкес 10-11 сыныптарға арналған АӘД бағдарламасы әзірленді.


Әскери іс негіздері әскерге шақырылатын жасөспірімдерді әскери қызметті өткеруге міндетті дайындаудың маңызды элементтерін іске асыруды жүзеге асыруға, қауіпсіз типтегі тұлғаны қалыптастыруға, сондай-ақ патриоттық, оның ішінде әскери білім саласында тәрбиелеуге ықпал етуге арналған.
Пәндік білім беру жүйесі басқа компоненттерден басқа білім сапасын бақы-лаудың кіші жүйесін қамтитыны белгілі, онсыз білімнің кез келген саласын тиімді игеру мүмкін емес. Оқитындардың білім сапасын бақылау жүзеге асырылуы білім беру стандарты айқындаған бағдарламалық оқу материалын оқушылардың меңгеру деңгейін белгілеуге мүмкіндік беретін іс-шаралар жүйесін білдіреді.
Оқушылардың білім сапасын бақылаудың басты функциясы бағдарламалық материалды игерудің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін оқу субъектілерінің кері байланысын қамтамасыз ету, яғни диагностикалық (бақылаушы) функция болып табылады. Бірақ, бұл функция жалғыз осы ғана емес. Оқыту, тәрбие, дамыту функциялары да үлкен рөл атқарады.
Бақылаудың түрлері мен тәсілдері (әдістері). Олардың бірнешеуін қарастырайық:
1. Жүзеге асыру ауқымы бойынша – стратегиялық, тактикалық, шұғыл;
2. Оқу кезеңі бойынша – алдын ала, ағымдық, кездік, қорытынды;
3. Жиілігі бойынша – бір реттік, мерзімдік, жүйелік;
2-тармақта мазмұндалған мектепте барынша жиі пайдаланылатын бақылау түрлерін қарастырсақ:
а) Алдын ала бақылау – оқушылар даярлығының бастапқы деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, бұл оларды оқыту деңгейі бойынша түзетуді, қайталауды қажет ететін оқушыларды, сондай-ақ модульдік технология бойынша оқытуды ұйымдастыру кезінде мұғалімге тірек болатын (яғни проктор функциясын орындайтын) оқушыларды анықтауға көмектеседі. Басты диагностикалық функция бір реттік сипатта болады – бірінші АӘД сабағында жүзеге асырылады.
б) Ағымдық бақылау - әрбір сабақта жүйелі түрде жүргізіледі. Ол оқушылардың танымдық қызметін жандандыруға мүмкіндік беріп, түзету, оқыту, ынталандыру және ішінара бақылау функцияларын орындайды.
в) Шектік бақылау - әскери іс негіздері курсы бойынша білімдердің айқындалған блогын (модулін) игеру деңгейін анықтауға, оқушылар сабақтарында проблемаларды табуға және бұл кемшіліктерді жою жолдарын жоспарлауға арналады;
г) Қорытынды бақылау – оқушының осы пән бойынша білім деңгейін және оқушының алған мәліметтерді өз қызметінің әртүрлі салаларында қолдану қабілетін анықтайды;
Қорытынды бақылаудың негізгі функциясы – бақылаушы.
Мектеп оқытушыларының жұмыс тәжірибесінде оқушылардың білім сапасын бақылаудың мынадай тәсілдері (әдістері) кең қолданылады:
~ ауызша сұраудың алуан түрлері;
~ жазбаша бақылау;
~ аралас тәсіл;
Қолданылатын тапсырмалар сипаты бойынша тапсырмаларды дәстүрлі түрді қолдана отырып, бақылау және тестілік бақылау болып бөлінеді.
Тестілік бақылау жазбаша болмаса кешенді ауызша сұрау үлгісінде жүргізілуі мүмкін.
Қазіргі кезде тесттер мен тестілік түрдегі тапсырмалар барлық пәндерді оқыту пәндерінің, оның ішінде АӘД пәнінің тәжірибесіне кеңінен енгізілуде.
Тестілік бақылау дара тест және тест-блок немесе пәндік тест (егер әңгіме АӘД жөніндегі қорытынды тест туралы болса) болып бөлінеді. Тест – блок (блок - тест) оқушыларды нақты тақырып (бөлім) бойынша немесе жалпы пән бойынша тұтастай білім деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін тесттер жиынтығын (және тесттік тип тапсырмаларын) білдіреді.
Дара тест айрықша үлгісі және құрылымы бар тапсырманы білдіреді. Іс-қимыл етістігінен басталатын бұл тапсырмада дұрыс жауап алу үшін оқушының не істеу керек екенін нақты көрсету керек. Классикалық тестте бұл тапсырмаға жауап бір жақты, бір нұсқалы болуы тиіс.
Тестілік типтегі тапсырма өз үлгісі (құрылымы, үлгісінің, тапсырма “бағасының” болуы) бойынша тестті еске түсіреді, бірақ оның классикалық тесттен ерекшелігі тапсырманың бірнеше дұрыс жауабы болуы мүмкін.
Жауаптардың жиынтығының болуы бойынша тестілік тапсырмалар екі түрге бөлінеді:
Ашық жауаптары бар 1-ші тапсырма;
Берілген жауаптары бар 2-ші тапсырма.
1-ші түрдегі тапсырмада жауаптар жиыны болмайды, ал 2-ші түрдегі тапсырма ішінде біреуі немесе бірнешеуі дұрыс болып табылатын жауаптар жиынтығы болады.
Тест тапсырмаларының көмегімен анықтауға болатын білім сипаттарына қарай тесттер 1, 2, 3-ші және бүркеншек бірінші деңгейде болып бөлінеді. 1-ші және бүркеншек бірінші деңгейдегі тестілердің, сондай-ақ 2-ші деңгейдегі кейбір тестілер - сәйкестік тесті, конструкциялық тестілердің жауаптар жиыны болады, ал қалғандарының жауаптар жиыны болмайды және олар ашық жауабы бар тестілерге жатады.
1-ші деңгейдегі тестілер оқушының танысу білімінің болуын анықтауға мүмкіндік береді (яғни, мәтінде құбылыстар атауының белгілері беріледі және оқушы ұсынылатын объектіні бөліп алуы тиіс). Оларды орындау кезінде оқушы тірегі бар өнімді қызметті іске асырады.
2-ші деңгейдегі тестілер оқушылардың көшірме білімдерінің болуын анықтауға мүмкіндік береді. Оларды орындау кезінде оқушы сүйенішсіз өнімді қызметті жүзеге асырады, яғни олар жекелеген фрагменттерден сөйлемді немесе сөз тіркесін аяқтауы тиіс және т.б. Бұл тапсырмаларда жауаптар жиыны болмайды не жауаптардың 2 қатарлас жүйесі (сәйкестікті анықтау үшін) не белгілі бір реттілікті бөлуге қажетті ұғымдар жүйесі беріледі, яғни 2-деңгей тестілерінің бір бөлігін автоматтандырылған бақылау үшін (жауаптар жиыны бар барлық тестілер сияқты) пайдалануға болады.
3-деңгейдегі тест оқушылардың меңгеру білімі барын (кейде дағдылану білімі болуын) тексеруге мүмкіндік береді. Оларды орындау кезінде оқушы тірегі бар өнімді қызметті жүзеге асырады. 3-деңгейдегі тестілік тапсырмаларын орындау қабілеті қандай да бір зерделенетін есептік өлшемдер бойынша есептік тапсырмаларды орындай білуін не өмірлік әрекет кезінде туындайтын қандай да бір күрделі ахуалдардың салыстырмалы сипаттамасын жасақтай білуін білдіреді. Бұл тапсырмаларды тексеруді автоматтандыруға болмайды, өйткені жауаптар жиынтығы жоқ. Меңгеру білімі болуын тексеруді автоматтандыру үшін бүркеншек бірінші деңгей тестілерін қолданады. Олардың 3-деңгейдегі тестілермен салыстырғанда жауаптар жиынтығы бар және бұл ретте оқушылардың меңгеру білімі бар екендігін белгілеуге мүмкіндік береді. 3- дейгейдегі тестілердің барлығын бүркеншек бірінші деңгейдегі тестілерге, мәселен, күрделі жағдайлардағы іс-қимылдар сипаты бойынша тестілерге, салыстырмалы сипаттамалар, құбылыстарды жасау тестілеріне айналдыруға болмайды.

Мысалдар:


1-деңгейдегі тест.
1.Жазылған атаулар арасынан химиялық қару ретінде пайдалануға болатын заттарды көрсетіңіз:
A) барий хлориді;
B) нілдегіш қышқыл;
C) зарин;
D) аммиак;
E) иприт;
2. «Жаттығуда қиын болса, ұрыста жеңіл болады» деген қанатты сөздің авторын атаңыз:
A) Бауыржан Момышұлы;
B) Кутузов М.И;
C) Суворов А.В;
D) Багратион;
E) Жуков Г.К.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет