А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


 Халықтың аяқ астынан көшуіне себепкер жағдай



Pdf көрінісі
бет49/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы

4. Халықтың аяқ астынан көшуіне себепкер жағдай 
A) Жау келіп қалған жағдайда 
B) Уақытты үнемдеу үшін 
C) Көш басшысының бұйрығына орай 
D) Жердің ыңғайына қарай 
E) Ауа раының қолайсыздығына қалмау үшін 
5. Түндіктің жел жағын ауыстыруының мәнісі 
A) Жел кіргізбес үшін 
B) Қауіп-қатер болмауы үшін 
C) Ыс тиіп қалмауы үшін 
D) Даладағы дыбыс естілмес үшін 
E) Жаңбыр, қар кірмес үшін 
6. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып 
A) Киіз үй тігу 
B) Киіз үйдің пайдасы 
C) Киіз үй 
D) Киіз үйдің құрылымы 
E) Киіз үйдің
Мәтін №3 
Құрқылтай – қасиетті құс. Ол ұясын аң-құс көп болатын қалың, ну 
орманда емес, қаупі аздау тоғайдағы биіктеу ағаштың ұшар басындағы 
бұтағына сілекейімен араластырып, тоқып «іледі». Бірақ берік бекітетіні 
сондай, желмен тербелсе де жерге түспейді. Оған адам түгілі, жорғалаған 
жылан да жете алмайды. Өйткені жылан қанша жармасса да, бұтақтың 
иілгіштігінен жерге сырғып түсіп қалады. Атам бұл құсқа зиян тигізуге 
болмайды, киесі ұрады деп жиі айтып отыратын. Ал ұяны балапандары 
қанаттанып, ұшқан кезде – күзде ғана жинайтын. Ұя 6-7 метр биіктеу жерде 
болады. Атам алдымен дұға оқиды. Сосын ат үстінде ерге аяғын тіреп тік 
тұрады да, мені көтереді. Қолыма ұзын таяқ беріп қояды. Мен ұяны сол таяқпен 
іліп алатынмын. Бұл менің шамамен 7-8 жастағы кезім. 
Құрқылтайдың ұясы ең алдымен бүйрек ауруына ем. Ауыл-аймақтағы 
бүйрегі суықтап-сыздаған, онда құм, тұз бар адамдар дәрігерге емес, атама 
келетіні есімде. Ол кезде біз Өзбекстанда – Бұқарада тұратынбыз. Атам 


75 
бісмілләсін айтып, бір ұяны ортасынан екіге бөліп, оны екі бүйрекке таңып 
қояды. Сыртынан жылы орап қою керек. Құрқылтай ұясы бүлінбейді, 
сасымайды. Сондықтан бүйрек суықтағанда оны қайтадан қолдана беруге 
болады. 
Құрқылтайдың ұясымен емделу үшін емші іздеп әуре болудың қажеті 
жоқ. Оны қалаған адам өзі-ақ жасай алады. Емдік қасиеті бар шөптерден 
іріктеп, әрі сілекейімен өріле тоқылған ұя жібек сияқты болады. Оның біреуін 
бірнеше емге пайдалана аласыз. Цистит кезінде немесе бала шыжың болса, 
ересектерде де зәрдің шықпауы немесе жиі мазалауында, қуыққа тас байланса, 
қуық қабынса ұядан азырақ бөліп алып, түтіп, шұқырлау темір ыдысқа саласыз 
да, оған азырақ қана адыраспан қосасыз. Оны адыраспанды түтеткендей түтету 
керек. Қыз-келіншектер ұзын етек көйлек, ал ер адамдар белінен төмен 
жамылғы орап алып, сол түтін басылғанша үстінде отырады. Оған ары кеткенде 
10-15 минут қана уақыт кетеді. Сосын жылы киініп алу шарт. Екі-үш рет жасаса 
жеткілікті. Өз басым зәр шықпай қиналған жас балалардың бірінші ем кезінде-
ақ емделгенін талай көргенмін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет