А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


 Абай сусындаған шығыс ғұламалары



Pdf көрінісі
бет45/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65
3. Абай сусындаған шығыс ғұламалары 
A) Хожа, Науаи 
B) Пушкин, Низами 
C) Аристотель, Фараби 
D) Фердауси, Лермонтов
E) Жами, Гете 
4. Шығыс ақындары туралы құнды пікірін білдірген ғұлама 
A) Фараби 
B) Ұлықбек 
C) Гете 
D) Фердоуси 
E) Бируни 
5. Мәтін мазмұнын қорытындылайтын даналық ой 
A) Жақсы ғылым – жанып тұрған шырақ. 
B) Айла – алтау, ақыл – жетеу. 
C) Адамның жүзі ақылдың айнасы. 
D) Ақыл айнымас, алтын шірімес 
E) Ақыл – сабыр серігі. 
6. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып 
A) Дана Абай 
B) Шығыс ойшылдары 
C) Даналар үндестігі 
D) Орыс мәдениеті 
E) Рухани ойлар 
Мәтін №3 
1.Түркістан қаласын ірі орталық ету Тәуелсіздік алған жылдардан бері 
Президентімізден бастап зиялы қауым өкілдері арасында талай әңгіме арқауына 
айналғаны белгілі.
2. Қоғам және мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 1991 жылы 
айтқан мына пікірін еске түсіріп көрейікші. «...Түркістан үшін қазақ халқының 
қаны көп төгілген, ол оның ең қасиетті орны. Үш жүз жылға жақын уақыт қазақ 
хандарының тұрағы – астанасы болған. Онда халқымыздың асыл азаматтары, 
ең қалаулы ұлдарының сүйегі жатыр. Оны қастерлемесек болмайды. 
Түркістанда облыс орталығы құрылса жақсы болар», – деп жазды. Ал ұлы ақын 
Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» атты толғауындағы: Түркістан – екі дүние 
есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой... – деген өлең жолдарынан қаншама 
тарих сыр шертеді.
3.Түркістан – түркі халықтарының, одан да кеңірек айтсақ, Шығыс 
халықтарының ақ ордасы, астанасы болғанын аңғарамыз. Тарихи құжаттар 


69 
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сол тұста-ақ әлемге белгілі 
болғанын растайды.
4.Түркістан аты шығыс жазбаларында VІІІ-ІХ ғасырларда атала бастаған. 
Араб зерттеушісі Ибн Хордадбек Түркістанды «Түркілер елі» деп жазса
географ әл-Якуба бір еңбегіне: «Түркістан» деп ат қойған. Ал ХІ ғасырда өмір 
сүрген Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік» кітабында Түркістан қаласы 
мен оның аймағынан көп мысалдар келтіріпті. Сондай-ақ, ХІV-ХV 
ғасырлардағы жазба деректерде Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан: 
Сауран, Отырар, Сығанақ, Қарнақ, тағы басқа қалаларды «Түркістан қалалары» 
деп атаған. Шамамен осы мерзімде бұл өлке Түркістан аймағы деп атала 
бастайды. Кезінде ел аралаған, жиһанкез, тарихшы Фазаллах ибн Рузбехан: 
«Түркістан Сейхун (Сырдария өзені, Т.Д) өзенінің бойына орналасқан 30 
қамалдан тұрады», – депті. Сонымен қатар ХV-ХVІ ғасырлардағы қазақ 
хандығы тұсында Түркістан қаласының маңызы зор болған. 
5.ХVІ-ХVІІ ғасырларда-ақ Яссы қаласының атауы қолданылудан қалып, 
Түркістан қаласы атала бастаған. Кезінде Түркістан қаласы – қазақ хандығының 
астанасы, қазақ халқының бас қаласы болды. Түркістан атауының бүкіл түркі 
жұртына мәшһүр болуы – сопылық ілімнің ірі өкілі Қожа Ахмет Ясауи ілімінің 
етек жаюымен және Ақсақ Темірдің жарлығымен салынған бүгінде күллі түркі 
жұртына әйгілі Қожа Ахмет кесенесімен байланысты. Қожа Ахмет Ясауи 
кесенесі туралы ғалымдар, зерттеушілер ХVІІ-ХVІІІ ғасырдан бері жазып 
келеді. Осы бір ғажайып ескерткіш-кешен жайлы қанатты сөздер де кең 
тараған. «Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет» деп, Түркістанды 
ерекше қала санайтындар да аз емес. Мұның өзі түркі ғана емес, шығыс 
халықтары арасында да Түркістанның қадірі мен қасиетін айғақтаса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет