Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқаттылық және жалғандық. Ақиқаттың әртүрлі тұжырымдамалары. Ақиқат және оның критерийлері



бет27/89
Дата22.05.2023
өлшемі0,73 Mb.
#96192
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89
Байланысты:
Философия.(каз.)Презентация

2. Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқаттылық және жалғандық. Ақиқаттың әртүрлі тұжырымдамалары. Ақиқат және оның критерийлері

  • Акиқат өзінің даму кезеңдерінде тұрақты серігі болып келе жатқан қарама-карсылығы - адасумен тығыз байланысты. Бұл ақиқатқа жетудің күрделілігі мен қиындығьш керсетеді. Адасу—өзінің пәніне сәйкес келмейтін, оған сай емес білім. Мысалы, мәңгілік козғалтқыш жасауға тырысу энергияның айналу және сақталу заңының ашылуына мұрындык болды. Эфир, жылу тегі идеялары толкындык оптиканың және электродинамиканың, сонымен қоса жылу үдерістері туралы физикалык ілімнің шығуының алғышарты болды. Кейде бүлардан да катал акикатты іздеу оған альш келмейтін, адастырып әкететін ахуалдар болады. Нағыздықты тану үдерісінде адасудан аулак болу оңай емес. Адамның ақиқатка тырысуы әркашан адасусыз болмайды. Адасудан аулак болу онай емес, кейде киындап кетуі мүмкін. Адасу өзінін мәні жағынан танымның жеке жақтарыньщ нәтижелерін абсолюттендіру ретінде туындайтын нағыздықтың қате бейнеленуі.

3. Сезімдік және рационалдық таным. Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция

  • Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекелеген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама-қарсы жағы‚ бір-бірімен өте тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынандай жіктелуді жасауға болады:
  • Сезімдік таным:
  • Тікелей бейнелеу;
  • Сыртқыны бейнелеу;
  • Жекеніі бейнелеу.
  • Рационалдық таным:
  • Жанама бейнелеу;
  • Ішкіні бейнелеу;
  • Жалпыны бейнелеу..

3. Сезімдік және рационалдық таным. Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция

  • Бұл кестеде сезімдік танымды сипаттайтын әрбір ережеге қарама-қарсы рационалдық танымға тән ерекшелік көрсетілген. Мұның мәні танымда бір-біріне қарама-қарсы екі процесс өзара әрекеттеседі, оның біреуі шындықты тікелей қабылдаумен, сезімдік образды бейнелеумен, ал екіншісі абстракты ойлаумен тығыз байланысты.
  • Сезімдік таным-танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс-әрекетінде қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен заттық және адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортада еркін сезіну үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс-әрекет процесінде адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады. Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы тар. Сезімдік таным мен абстрактілі ойлау бір-бірімен тарихи және логикалық байланысқан. Сезім мен ақылдық өзара байланысы тіпті терең. Өйткені, адамның сезімдік образдары ойлы сипатта болады, олар тілмен тікелей байланысты, ал мұның өзі сезімдік образдарда әлеуметтік бағалаудың болуына меңзейді. Сонымен қатар, логикалық ұғымдар, абстракциялар танымда сезімдік тәжірибемен тығыз байланыста қолданылады.
  • Сезімдік таным түрлері:
  • Түйсік;
  • Қабылдау;
  • Елес.
  • Рационалдық танымның бейнелеу түрлері:
  • Ұғым;
  • Пікір;
  • Ой-тұжырымы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет