Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында «адам» тұлғасын қалыптастыратын рухани дүниенің тазалығын өзек етіп, өз заманының қоғамдық-әлеуметтік жағдайына байланысты «адам» ұғымын құрайтын негізгі жақсы және жаман қасиеттерді билеушіге, яғни үстем тап өкілдеріне қатысты айтады. Мәселені әмірші-патшадан бастап ақын «ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті – түзу, сөзі – шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт» екенін жазған. Поэмадағы адамгершілік аясына шоғырланған ойларды көне түркілік, шығыстық сарындағы тілдік бірліктермен, афоризмдермен, мақал-мәтелдермен, тұрақты теңеулермен берілген.
Ең бастысы –өз заманында «Құтты білік» дастанын мемлекетті басқару жөніндегі заң ережелер жинағы ретінде танылған болатын. Өйткені шығармада ел басқару принциптері орта ғасыр философиясы жырланды.
Қазақ хандығы енді ғана қалыптасып келе жатқан тарихи кезеңде дәл осындай қоғамдық-әлеуметтік, саяси мәселелер күн тәртібінде тұрды. Олар қалың бұқара халық пен ел билеуші әкімдер арасындағы қарым-қатынас нормалары, әрбір адамның қоғам алдындағы міндеттері, мемлекетті басқару принциптері және тағы басқа көптеген әлеуметтік ахуалдағы мәселелер қамтыды.
Ж.Баласағұн ойшыл ретінде өмір жолын, адам тағдырын және ел болашағын біріктіре талқылауды, адам болудың құндылықтарына, қасиеттеріне және тәсілдеріне деген байырғы қалыптасқан дағдыны қайта қарастыруды, толықтыруды мақсат тұтады. Рухани кеңістікті кеңейтудегі мақсат - адам болмысының әлеуетін, кісілік қасиеттердің қуатын ашып беру, адал еңбектенушілердің еңсесін көтеру, жалқаулар жатып ішуге неге бейім екендігін әшкерелеу, көпшілікті жағымды ниетке тоғыстыру, түбірінде рухани жаңғыру мен мәдениетке жол ашу еді. Рухани құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны анықтау, жинақтау, толықтыру, сақтау, зерделеу және насихаттау жұмыстарын ретке келтіру, оған жаңа серпіліс енгізу - рухани жаңару мен гуманистік дәстүрді жалғастырудың басты шарттары.