Тасмаганбетова А.Х.
Т.К. Басенов атындағы СжҚИ
аға оқытушы
Мағжан - жаны сыршыл ақын
Өткен күні: 13 сәуір, 2015 жылы
Уақыты:
Өткізілген орны: 312 аудитория, ҚОК (МУК)
Қатысушылар: оқытушылар, студенттер
Мағжан Жұмабаев лирикасы туралы
Мақсаты:
М. Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен мағлұмат беру.
Шәкірттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой - өрісін, рухани жан дүниесін
байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру.
Елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтеуге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Конференцияның барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Эдвайзердің кіріспе сөзі.
Алдын ала студенттерге М. Жұмабаевтың өмір жолы мен шығармашылық қызметі, оның
замандастары мен қаламдас достары жайлы деректерді жинау секілді тапсырмалар
беріледі.
М. Жұмабаев кім, ол қандай ақын?
М. Жұмабаевтың өмірі мен балалық, жастық шағы.
Шығармашылығының басталуы.
Ақындық жолы.
Қоғамдық қызметі.
Назерке:
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында бұрынғы Ақмола губерниясы
Ақмола уезіндегі Полуден болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы
Мағжан атындағы ауылда) белгілі, текті, ауқатты отбасында дүниеге келген. Төрт
жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы
медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені
1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.
Бұдан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында
оқиды.
* “Алаш”партиясын құруға қатысады. * “Бостандық туы” газетінде редактор қызметін
атқарады.
* 1922 жылы Ташкентке келеді
* “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақ жол” газетінде қызмет етеді, бірнеше
шығармалары жарық көреді.
Айымгүл:
1923 - 27 жылдары Мағжан Мәскеудегі жоғары әдебиет – көркемөнер институтында
оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп оқиды
1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды.
1936 жылы орыс жазушысы М. Горький және Е. Пешкованың араласуымен аз ғана
уақытқа бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын
ғұмыры мәңгілікке үзіледі.
Көптеген өлеңдер, аудармалар, әңгімелері, поэмалары
“Мен жастарға сенемін”, “Мен кім?”, “Анама”, “Қазақ тілі”,
“Түркістан” т. б. Өлеңдері
“Ертегі”, “Қорқыт”, “Батыр Баян”, “Қойлыбайдың қобызы”
Нұртілеу:
Мағжанды сүйемін, оның еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін.
Қазақ жайлауы жарасқан арқа қызын көріп сезгендей боламын. Мағжан – культурасы зор
ақын.
Абай – ақылдың ақыны, ал Мағжан – ақынның ақыны, сондықтан біз Мағжаннан
үйренуіміз керек.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов, ұлы жазушы Мағжан сынды халқының біртуар азаматына
қиналғанда сүйеніш бола білген адал жары – Зылиха Жұмабаева болатын.
Мағжан жайлы ағылшын ақыны Агата Кристи ханымды тыңдайық. (Аудармашы арқылы).
- Мен шығыс поэзиясын жоғары бағалаймын. Өйткені шығыс поэзиясы халқы сияқты мол
тынысты, кең құлашты, сөздері саф аятындай.
Абай өлеңдерін оқи отырып, өзіме көп нәрсені қабыл алдым, ал Мағжан поэзиясынан
оның халқы, туған жері туралы көп нәрселер білдім.
Есбол: Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең
сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын- Мағжан
Жұмабаев. Өзі де, өлеңі де қиын қыстау тауқымет жолын көп кешкен.
Ерзат: Жалпы ақындық беті Қазаy төңкерісінен көп бұрын қалыптасқан Мағжан жаңа
кезеңде көп нәрселерге байсалды жауап іздейтін, адам тіршілігінің, өмірінің мәнін ұққысы
келетін, таланты жетсе, оның құпия сырын ашуға ұмтылатын, сара сезімнің ақыны болып
көрінеді.
Гүлдана: Ақын жырларында табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге астасып
жатады. Әлем құбылысы санамен, көңілмен үндесіп, сұлу, сырлы, тіпті кейде ақыл ойға
сыймайтын фантастикалық суреттер көз алдына келеді. Мағжан тылсым табиғатпен
сикырлы поэзия жасайды.
Мерейгүл:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырындай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін.
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға.
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Лаура:
Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
Арай:
Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең, ауыр ой бергендей.
Мұқағали:
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,
Тұлпармын мен, шыңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын.
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді
Жүргізуші:ПГС12-2қ тобының студенттері ұлы ақынның «Батыр Баян»
дастанының желісі бойынша қойылған сахналық корінісін тамашалаңыздар
Жүргізуші: Ақын келешек жастарға көп үміт артқанын байқап отырғанымыздай,
Мағжан поэзиясын сүйіп, оның мұрасын бағалай білу – біздің басты парызымыз.
Бүгінгі конференция сабағынан үйренгеніміз көп, дегенмен үйренеріміз әлі алда.
Ақыным, сен өлмейсің бұл жалғанда,
Ақыным, сен өлмейсің, біз тұрғанда.
Көркейіп туған жерің құлпырғанда,
Туған елің бостандығын құрғанда!
Ақынды өлді деуге болама екен,
Артында оны сүйген елі бар да,
Артында өзі сенген жастар өскен,
Артында өлмейтұғын сөз қалғанда.
Достарыңызбен бөлісу: |