Аға оқытушы. Молдабаева К. Е



Pdf көрінісі
Дата06.02.2017
өлшемі265,06 Kb.
#3555

    Роль  пословиц  и  поговорок  в  созданий  межкультурной 

коммуникаций описывается в данной статье 

      

Аға оқытушы. Молдабаева К.Е 

Алматы Энергетика және Байланыс Университеті 

Мақал-мәтелдердің  -  мәдениетаралық  қатысымдық  құзіреттілікті 

қалыптастырудағы орны  

 

Кілттік 

сөздер: 

Мақал-мәтелдер, 

дастан, 

хисса, 


жаhандық 

(концептуалды) әлем бейнесі, этнос. 

 

Мақал-мәтелдер  мен  нақыл  сөздер  халықтың  ғасырлар  бойы  жиып 



терген  қымбат  қазынасы.  Күнделікті  тұрмыс  –  тіршілікке  қажет 

философиялық  ой-тұжырымдардың  ең    бастысы-келешек  ұрпаққа  бағыт  - 

бағдар беретін, мәдениетімізді, тарихымызды уағыздайтын  мәні зор сөздер.  

      Бүгінгі таңда  шетел тілін оқытудағы негізгі мәселе: білімгерлерге шетел 

тілін  жан-жақты меңгерту, сөздік қорын байыту және өзі оқып жүрген шетел 

тілінің  мақал-мәтелдерін,фразеологизмдерін  қолдануға  дағдыландыру, 

күнделікті қолдануына мүмкіндіктер тудыру. Сонау ата заманнан,  ғасырлар 

бойы халықтың өзiмен бiрге жасалып, екшелiп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып 

қалып жатқан ауыз әдебиетiнiң бай саласының бiрi – мақал-мәтелдер.“Мақал-

мәтел  –  сөз  мәйегі”,  “Мақал  –  сөздің  мұнарасы”,  -  деп,  қазақ  халқы  ауыз 

әдебиетінің  асыл  жанрына  өте  жоғарғы  баға  берген.  Ауыз  әдебиетіндегі 

шағын  жанрлардың  бір  түрі  мақал-мәтелдер  болып  табылады.Олардың 

білімгердің 

ой-өрісін, 

дүниетанымын, 

қиялын, 


тіл 

байлығын 

дамытуда,мәдениетарлық 

қатысым 


жасауда, 

оның 


құзіреттілігін 

қалыптастыруда  маңызы  өте  зор.Мақал-мәтелдер  –  ұзақ  жылдар  бойы 

халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналық жемісі. Мақал-мәтелдер - әр 

кезеңде  ата-бабадан  ұлағатты  сөз,  парасатты  ой  ретінде  ұрпақтан  –ұрпаққа 

келе жатқан үлкен мұра. 

        Дастан,  хиссаларға  қарағанда  мақал-мәтелдердiң  ерекше  қасиетi 

көлемiнiң  шағындығы,  мазмұнының  кеңдігi  әрі  тереңдігі,  тiлiнiң  өткiрлiгi. 

Әрi  ол  барлық  халыққа  әсерлi,  жалпы  адамзатқа  ортақ,  көңiлге  бөлекше 

қонымды,  ұтымды  келедi.  Мақал-мәтелдерді  халық  не  үшін  қадірлеп 

қастерлейді?  Саф  алтындай  асылдығы,  мірдің  атқан  оғындай  өткірлігі, 

ықшамдылығы, дау тудырмас даналығы, тірбиелік маңыздылығы, қиып түсер 

қылыштай уыттылығы мен тапқырлығы үшін деуге болады.Негізінде  мақал-

мәтелдер  қай  халықтың  болмасын  жан-дүниесiнiң,  мiнез-бiтiмiнiң,  тыныс-

тiршiлiгiнiң  айнасы;  ол  сол  халықтың  сөздiк  қорының  байлығын  танытып 

қана қоймайды, оның уақыт озған сайын құны артпаса арзымас қазына екенiн 

де білдіретін  мұра. Кез-келген  халықтың  даналығы  мен  рухы сол халықтың 

мақал-мәтелдерiнде  анық  көрiнiс  беретiнi  ертеден  белгілі.  Шетел  тiліндегi 


мақал-мәтелдердi бiлiп, түсiну – сол тiлдi жақсы меңгеруiне көмектесiп қана 

қоймай,  сонымен  қатар  басқа  халықтың  ой-бейнесiн  және  мiнез-құлқын 

түсiнуiне 

көмектеседі, 

дәнекер 

болады. 


Мақал-мәтел, 

нақыл, 


фразеологизмдер  тілімізді  байыта  түсетін  халықтың  асыл  қоры.  Оның 

адамдар үшін пайдасы мен рөлі зор. Шетел тiлн оқыту барысында  сол тiлдегi 

нақыл  сөздердi,  мақал-мәтелдердi  үйрету,  білімгерлердің  мәдениетаралық 

қатысым жасау  құзіреттілігін қалыптастырудағы беретін  нәтижелер  мол . 

       Бүгінгі  күні  халықтар,  тілдер,  мәдениеттер  араласуы  осындай  кең  орын 

алып отырған заманда басқа мәдениетпен танысу, ол мәдениетке құрметпен 

қарау,  ерекшеліктерін  танып  білу,  қызығушылық  таныту  аса  қажет  болып 

отыр, осыған орай мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастырудың, тіл мен 

мәдениетті  қатар  оқытудың  тиімді  жолдарының  бірі  -  шетел  тілін  оқытуда 

фразеологизмдерді тиімді түрде қолдану деп ойлаймыз.  

        Мақал-мәтелдер  халықтың  шынайы  өмірін  толық  және  эмоционалды 

түрде  көрсетеді.  Олар халық  менталитетін  түсінуге,  тіл  колоритін бағалауға 

мүмкіндік береді. 

Қазіргі  таңда  шет  тілге  оқытудың  басты  мақсаты    екінші  тілдік    тұлғаны 

қалыптастыру  болып табылады. Тіл кез келген халық 

тың  тұрмыс  тіршілігі,  салт  дәстүрі  мен  мәдениетінің  айнасы  болғандықтан, 

студенттерге  шет  тілін  оқыта  сол  елдің  мәдениет  байлығы  мен  тереңдігін 

сезіну,  ойлау  ерекшелігі  және  әлемді  тану    қасиетін  тіл  арқылы  меңгерту 

қажет.    Екінші  тілдік  тұлға  концепциясына  байланысты  тілді  меңгеру 

адамның    мәдениаралық  деңгейде  тілді  қолдана  білуі.  Яғни,  бұл  қабілет 

студенттерге  жаңа әлеуметтік  шындықты  түсінуге  мүмкіндік  беретін,  тілдің 

вербальді  семантикалық  коды  сол  тілге  сөйлеушілердің    «әлемдің  тілдік 

бейнесі»  және  тағы  «жаhандық  (концептуалды)  әлем  бейнесін»  меңгеру 

арқылы қалыптасады.  

Мақал-мәтелдер  лексикалық  қорды  байытатын,  ерекшелендіретін 

болғандықтан,  ойды  көркем  әрі  әсерлі  жеткізуде  ең  маңызды  құрал  болып 

табылады.  Олар  бір  ұғымның  орнына жүреді,  құрамы  бірнеше  сөзден  тұрса 

да,  мағынасы  тұтас,  құрамы  тұрақты,  сөйлеу  барысында  дайын  қалпында 

қолданылады.  Олардың  осындай  ерекшеліктері  халықтың  танымымен, 

образды  ойлау  жүйесімен  тығыз  бірлікте  екенін  танытады.Яғни  білім 

алушылар    оларды  саналы  түсіну  нәтижесінде  ғана  дұрыс  қолдана  алады. 

Сонымен  қатар  білім  алушылардың  жеке  әлеуметтік  тәжірибесіне 

байланысты  оладың  құндылық  бағдарларын,  дүниетанымын,  көзқарасын 

үйреніп 


отырған 

тілдің 


өзіндік 

ерекшеліктерімен 

сабақтастықта  

қалыптастыру қажет. Әрине олардың фразеологизмдер туралы түсінігі және 

қолдану дағдыларының болуы шарт.  

     Кез-  келген  өзара  әрекеттестіктің  маңызды  тетігі-  қарым  -  қатынастың 

эмоционалды-  эмпатиялық  жағы.  Оқу  үдерісі  барысында  білім  алушының 

танымдық әрекетін белсендіру, жағымды эмоцияларын жетілдіруге айрықша 

ықпал  ететін  құрал-  фразеологизм.  Мақал-мәтелдер  мағынасын  өздігінен 

іздеуге ұмтылыс білім алушының сабаққа қызығушылығын тудырып қоймай, 



оларды  өз  білімін  өмірде  қолдана  алу  дағдыларын  да  жетілдіреді,  білім 

алушының сөздік қорын байытып, шығармашылық қабілетін арттырады. 

Білім  алушының  алушының  таным  үрдістері  ұлғайған  сайын  оның 

сөздік  қоры  да  өсіп  отырады.  Сондықтан  жоғарғы  оқу  орнында  шет  тілін 

оқитын  білім  алушының  қатысымдық  құзіреттілігін  қалыптастыруда, 

танымдық  қабілеттерін  жетілдіруде  мақал-  мәтелдерді  қолдануына  ерекше 

көңіл бөлінуі тиіс. 

Мәдениаралық  қарым  қатынаста  коммуниканттардың  ұлттық  мінез, 

эмоцианальдық  қалпы  мен  ойлау  қабілетінің    ерекшеліктерін  ескеру  қажет. 

Жаңа  жағдайда    шет  тілін  оқыту  мәселесін  жаңадан  қарау  барысында, 

коммуникацияға  үйрету  деңгейін  түбірімен  көтеру,  әр  түрлі  ұлт  өкілдерінің 

арасындағы  қарым  қатынас  тек  әлеуметтік  мәдени  факторды  толық  түсініп, 

ескеру арқылы жүзеге аспақ.  

            Әрбір  этностың  адамзаттық  қоғамдағы  тарихи  мәдени  ролін, 

өркениетке  қосқан  үлесін,  рухани  болмысы  мен  ментальдық  құндылығын 

бағалағанда  оның  даналық  қорында  жинақталып,  қалыптасқан  мақалдары 

мен  мәтелдерінің  ауқымын  ғана  емес,  дүниетанымдық  ой  парасатының  

тұңғиық тереңдігін де ,шарықтау шегінің биктігі мен мазмұн мәнінің кеңдігін 

де ескерген абзал. 

Шет  тілі  сабағында  мақалдары  пайдалынудың  басты  мақсаттыры: 

дыбыстау  дағдыларын  жетілдіру;  кейбір  грамматикалық  құбылыстарды 

түсіндіру  мен  активизациялау;сөз  қорын  кеңейту;сөйлеу  әрекетін  дамыту 

ғана  емес,  сонымен  қатар  әлеуметтік  және  мәдени  компоненттерін 

қалыптастыру.Олардың  қатарына  мәдениет,  тұрмыстық  мәдениет,  адамның 

күнделікті  өзін  өзі  ұстау  мәдениеті,  «әлемнің  ұлттық  көрінісі»  және 

көркемдік мәдениет үлгілерін жатқызамыз.  

                                          

                                           Қолданылған әдебиеттер:  

1.Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық- мәдени аспектілері.- Алматы: 

Ғылым,-1998. 

2.Халикбергенова  Р.  Студенттердің  мәдениетаралық  қатысым  жасау 

құзіреттілігін қалыптастыру . Алматы    

3.Балақаев М.Қазақ тіл білімінің мәселелері.Алматы: Арыс, 2008 

4.Сабыр А. Мақал-мәтелдер бойындағы сабақтастық. ҚазҰУ Хабаршысы. 

Филология сериясы.- 2003 

                                              Аннотация  

         Статья  описывает  роль  пословиц  и  поговорок  и  фразеологизмов  при 

построений  межкультурной  коммуникаций.  Описывается  их  место  при  

улучшении  коммуникативной  компетенций,  лексики,  при  чтении 

художественной  литературы  на    иностранном  языке,  при  общений  на 

повседневные, профессиональные  темы, при обогащений словарного запаса, 

при изучений культуры, традиций страны изучаемого языка.   



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет