Әлбетте, белсенділік дара емес әлеумет, ұжым ішінде көрінеді.
Сондықтан біз студенттердің де іс-әрекетін қоғамдық іс- әрекеттерден бөлу
мүмкін еместігін, олармен қатар кәсіби, педагогикалық және тағы басқа іс-
әрекеттердің жүретіні жайлы айтқымыз келеді.
Л.С. Выготский бұл мәселені яғни, тұлғаны әлеуметтік орта мен
қоғамнан бөліп қарастыру мүмкін еместігін қарастыра келе, психологияда
дамудың әлеуметтік жағдайлары деген түсінікті енгізген.
Оның айтуынша, тұлғаның дамуы индивидтің мәдени құндылықтарды
меңгеруімен ұйғарылады. Адам қатынастары нәтижесінде туындайды, яғни
баланың баламен, үлкендермен тікелей әлеуметтік байланысы кезінде
туындап, интериоризация арқылы адам санасында дамиды.
Сонда бұл жерде адам қоғаммен және басқа адамдармен біріккен іс-
әрекет жасау арқасында қалыптасады, дамиды және өзгереді десек те болады.
Э. Эриксонның айтуынша, жоғары оқу орнына түсу тұлғаның үлкендер
рөлін қабылдауымен байланыста болады. Сонымен әлеуметтік ережелер мен
жалпы қабылданған принциптерді ақылға қонымды бағалау, саналы ішкі
қабылдаудың негізгі жағдайы болып табылады.
Еңбек психологиясы дегеніміз – іс-әрекет ретіндегі еңбектің аясындағы
психологиялық білімдер жүйесі және оның негізгі зерттеу өрісі адамның
еңбек субъектісі ретіндегі рөлі (Е.А. Климов).
Е.А. Иванов бойынша, еңбек тек қана кәсіби іс-әрекет контекстінде
ғана қарастырылады. Адамның жетекші және негізгі іс-әрекеті болып
әлеуметтік шартталған, саналы түрде сезілетін және мақсатқа бағытталған
белсенділігі – бұл еңбек және оның негізгі сипаттамасы кәсіби іс-әрекетінде
көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: