Аға оқытушы Сайлинова Қ.Қ. Әлеуметтік өзіндік анықталу



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата01.03.2023
өлшемі290,36 Kb.
#70816
1   2   3   4
Байланысты:
7-лекция

Эргономикатерминін (грек тілінен – еңбек және заң, «жұмыс 
заңы»)1857 жылы Войтех Ястшембовский ұсынды. Эргономика табиғат 
заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылым болып табылады. 1960 
жылдары дамыған эргономика ғылымы «адам - техника - орта» деген жүйені 
зерттеп, бекітті. 
Эргономика «адам - техника - орта» жүйесіндегі тиімділік, қауіпсіздік 
және сәйкестік жағдайларды тудыру мақсатында адамның еңбек іс-әрекетін 
зерттейді. Эргономиканың негізгі мақсаты – еңбек қауіпсіздігі болып 
табылады.
Ал, эргономиканың екінші мақсаты адам – техника - орта жүйесіндегі 
тиімділікті жоғарылату, сонымен қатар, еңбек процесіндегі еңбек етуші 
тұлғаның дамуына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету. Адамның іс-
әрекетінің негізгі және жетекші түрі – еңбек, ал оның негізгі сипаттамасы 
кәсіби іс-әрекетте белгіленеді. Ол еңбектің келесі психологиялық белгілеріне 
сәйкес болуы тиіс: 
1. Еңбек нәтижесінің мән-мағыналылығын саналы түрде сезіну. 
2. Тағайындалған ережелерге сәйкес еңбек әрекетін атқару қажеттілігін 
саналы түрде сезіну. 
3. Кәсіби мамандыққа және еңбектің мақсатына сәйкес құралдардыжәне әдіс-
тәсілдерін саналы түрде аңғара алу. 


4. Тұлғаралық қарым-қатынастарды сезіне алу (басқа мамандардың,өзге 
адамдарға әсері бар екенін білу). 
 
7-дәріс бойынша тексеру сұрақтары, сұрақтарға жауап беріп өз 
біліміңізді бекітесіз: 
1. Әлеметтік өзіндік анықталудың жалпы сипаттамасы 
2. Кәсіби өзіндік анықталу жолдары 
3. Кәсіби бағдар мен кәсіптік білімге ұмтылуға өзіндік сананы қалыптастыру 
бойынша жас ерекшелік кезеңдері 
 
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 
1. Зеер Э. Ф. Психология профессионального образования: учебник для 15. 
студ. высш. учеб. заведений. -М.: Академия, 2009. 384 с. 
2. Зинченко В. П., Мунипов В. М. Эргономика: человеко ориентированное 3. 
проектирование. -М.: Логос, 2000. 490 с 
3.Меркулова О. С. Психология труда.- М.: Приор-издат, 2006.
4. Мунипов В. М., Зинченко В. П. Эргономика: человеко ориентированное 2. 
проектирование техники, программных средств и среды: учебник. -М.: Логос, 
2001. 356 с. URL: psychlib.ru/mgppu/MZE-2001/MEC-001.HTM


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет