Аға ұрпақ өздерінің білім тәжірибесін кейінгі жастарға тұтастай ұсынып отырған, ғасырлар сынынан өткен халық тәжірибесін қазір жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі ретінде қолданады


Қазақ этнопедагогикасы материалдарын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндіктері



бет8/24
Дата05.04.2022
өлшемі254,13 Kb.
#29901
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
1.2 Қазақ этнопедагогикасы материалдарын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндіктері
Бүгінгі күннің ең көкейкесті проблемасының бірі бастауыш сыныптанбастап балалар бойына қазақ этнопедагогикасы бойынша орындалған ғылыми зерттеулерді, жетістіктерді, қазақ этнопедагогикасының озық тәжірбиелерін ендіру болып отыр.

Қазақ этнопедагогикасын ғылымдардың басшылығымен ғылыми тұрғыда негізделген бағдарлама арқылы, әксперимент жолымен оқу-тәрбие процесіне ендіруіне болады. олай дейтін себебіміз, бастауыш сынып тәжірбиесінің жинақталу мен таратылуының алғашқы талабы, мұнда ғылым жетістіктері, озат мұғалімдердің тәжірбиесі, олардың шығармашылығымен еңбек ету мәдениеті көрнекті түрде байқалады.

Қазақ этнопедагогикасының мазмұны бай және сан қилы. Ол жеткіншек ұрпаққа тірбие берудің барлық жағын қамтиды. Тәрбиенің қалыптасуымен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс тіршілігімен, тұрмыс-салтымен және мәдениетімен тығыз байланысты. Қазақ халқының өзіндік тарихи-географиялық әлеуметтік экономикалық жағдайлары көшпелі тұрмыс салты олардың материалдық, рухани мәдениетіне, тұрмысымен діни көзқарастарына өз әсерлерін тигізеді. Осыған орай халқымыздың өзіне тән тіршілік салты, қолданбалы өнері, ән-күйлері, аңыз-ертегілері, мақал-мәтелдері, жыр-дастандары, әдет-ғұрыптары, ұлттық салт-санамен тәрбиенің халықтық дәстүрлері өмірге келді.

Сөйтіп, өз тіршілігінің сан ғасырық тарихы ішінде қазақ халқы тәрбиенің өзіне тән тәжірибесін, өскелең үрпаққа тәрбие берудің өзіндік әдет ғұрпы мен дәстүрлерін жинақтады. Оларда халықтың шығармашылық тәжірибесі, азды-көпті орнықты қағидалары, қоғамдық, мінез-құлық нормалары мен принциптері топтастырылған. Қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық, тарихи географиялық жағдайларының, халықтың көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес болашақ ұрпақты тәрбиелеуде өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.

Қазақ этнопедагогикасында отбасындағы қатынастың өзіндік ерекшелігі ретінде, біріншіден, балаларға деген мейірімділік; екіншіден, белгілі бір дәрежеде өктемдік орын алады. Ата аналары, үлкендерді, туыстық байланыстарды терең қүрметтейтін ұлттық әдет ғұрыптар мен дәстүрлер үлкендердің беделін қамтамасыз етті.

Қазақ жерінің кен байтақ көлеміне, рулық тайпалық бөлінуіне қарамастан, түрлі аймақтарды педагогикалық көзқарастарда айырмашылық шамалы болды десе болады. Мұның өзі қазақтардың халық педагогикасында өскелең ұрпаққа тәрбие берудің біртұтас жүйесі қалыптасқан деп тұжырым жасауға негіз болды.

Халық тәрбиесінде үлкендердің, ата-аналардың жеке басының жаксы істерінүлгі тұту, тәрбиеде «ұят», «намыс», «ар» ұғымдарын кең пайдалану әр түрлі әдістермен жүзеге асырылып отырды. Балаларды ерте жасынан еңбек түрлеріне баулау, өнер туындыларын оқыту, олардың жас ерекшеліктеріне сай талапты күшейту, халықтың жас ұрпаққа еңбек тәрбиесін меңгертуде негізгі міндетіне айналды.

Халықтың тәрбиесінде балалар мен жастарға тәрбие беруде педагогикалық ықпал етудің толып жатқан әдіс тәсілдері қолданылады: балаларға қайырымды, ілтипатты қатынас жасау, баланын асыл, адамгершіліксезімдерін ояту, жанама ықпал жасау, моральдық қолдау, өзінедегенсенімінарту, жауапты да қызықты іс-әрекетке тару, реніш, наразылық білдіру немесе ашулану, айыптау, бұйыру, еркелеу, кінә арту, жағдай енжарлық көрсету және т.б. Жастарға педагогикалық тұрғыдан ықпал жасауда әсіресе тұспалдап айту тәсіліне аса мән берілді.

Балаларға тәрбие беру отбасындағы туыстардың ұлдың ата-ана алдындағы жауапкершілігі, ересек балалардың іні-қарындастарының тәрбиесіне жауапкершілігі, туыс отбасыларына өзара көмегі және жетістіктердің балалардың туыстары өз қамқорлығына алуы сияқты әдет-ғұрыптарымен дәстүрлері қазақ отбасының жазылмаған заңдары бола отырып, балалар мен жастарды тәрбиелеуге жағымды ықпал жасады. Мұның бәрі баланың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға жәрдемдесіп, тәрбиенің бірқатар проблемаларын шешуді жеңілдетті.

Халықтың балаларды жастайынан шаруашылыққа араластыру оның тезесейіп жетілуіне мүмкіндік туғызды.

Ғасырлар ой өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті менөнегесін, балалардың ақ батасын, адал тілегін бүгінгі әрбір ел басына үйрету, санасын ояту, әрбір ұстаздың, тәрбиешінің, ата ананың алдында тұрғанпарызы.

Бүгінгі күннің жаңару бағыты бала тәрбиесінің арқауына ұлттық әдет
ғұрып, салт-дәстүрді, халықтың рухани игілігін пайдалану басты назарда
болу көзделіп отыр. Ұмыт болған салт-дәстүрде халқымызға тән ұлттық асылқасиетіміз қайта жаңғырып жатқан заманда осы мұраларды педагогикасыменұштастыру басты мәселе.

Халықтық педагогиканың мұрасының бірі - дәстүр болып табылады.

Дәстүр дегеніміздің осы бір ұрпақтың екінші ұрпаққа ауысып отырған қоғам. Өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрі қарай дамитын халықтық қоғамдық-тарихи өміріне қалыптасқан құбылыс болады.

Халқымыз өз ұрпағының өнегелі, өнерлі еңбек сүйгіш, абзал азаматы болып өсуін армандаған халқының бала тәрбиесіне байланысты жарасымды салт-дәстүрлері де баршалық. Сонымен қатар, ата-бабамыз ұрпағына дәстүрін ардақтауға көп көңіл бөлген. Ол халық педагогикасының ұлттық ар-ожданы деп есептейміз.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелей келе, ата дәстүрі бойынша, ең әуелі екені содан соң ананы ата-бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық борыштарын өтеу.

Бүкіл азамат қоғамы балаға өнер үйретіп, білім беруге, абзал азамат етіптәрбиелеуге үнемі көніл бөліп келеді. Тіпті ертеден бергі мезгілдегі дей халық болса да, баланы саналы, еңбек сүйгіш, адал, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулауға, оларға педагогикалық ақыл-кеңес беруге тырысып баққан.

Ең алдымен, М.Әуезов айтқандай: «Ел мен елді, халық пен халықты
теңестіретін - білім». Яғни, білімді болу деген сөз белгісіз нәрсені айту
қабілетіне ие болу деген сөз. Ал белгісіз нәрсені аша білу деген сөз ол
теориялық өнердің барлығына тән ортақ жайт. Сондықтан да басты
парызымыз жас ұрпаққа терең, әрі сапалы білім беру, арман талабын сезініп,ілім білімде үлкен құлшынысын көрсетіп өз елінің еңсесін көтерер азаматын тәрбиелеу болып табылады.

Балаға жай ерекшелігіне сай салт-дәстүр, ғұрып, әдеттері біртіндеп таңдапталдай отырып, бала ұғымына лайықтау үлкен жетістіктердің алғашқы бастамасы болмақ. Ұлттық үрдісінде тек («Наурыз», «Қыз сыны», «Бесікырымдары» т.б.) сахналап, қазақша киіндіріп өткізген іс-шараларға мәз болу аз, қазақтың нәрлі білімін бала бойына үнемі қандай пәнде де болмасын енгізіп отырудың мәні зор.

«Ғылымды күшті меңгерген және оны күтетін мұғалім ғана өз
шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады», деп өз кезеңінде
Д.И.Менделеев пікірін ұстаз өз жанына ұстағанын құптар едік. өнер де,
даналық та, егер оны үйренбесе қолға онай түспейді. Сондықтан, білсем,
ұқсам деген ой талпынсаң қанағаттандыра білу керек.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым, рәсім үлгілері туралы оның бала
тәрбиесіндегі мәні туралы белгілі этнопедагогтардың (Г.Н.Волков,
С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаев) еңбектерінде кеңнен айтылған. Философ,
Н.Сарсенбаев: «Дәстүрлер адамның қоғамдық қатынастарының тарихи
қалыптасқан тұрақты және мейілінше қорытылған нормалары мен
принциптері, олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды және қоғамдық мінез-құлықтар арасында сақталады» деген ойды білдірсе, әйгілі С.Қалиев: «Дәстүрлер қоғамдық сананың барлық салаларымен байланысты дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет, заңын марапаттайтын ритуал», - деп түсіндіреді.

С.Қалиевтің пікірінше, дәстүр ғылымда, өнерде әдебиетте, мектепте,
қоғамдық қатынаста көрініс береді.

Ал «салт» деген С.Қалиевтің пайымдауынша, «Адам өмірінің күнделіктітіршілігінде (отбасынан бастап қоғадық өмірдегі қатынаста) жиіқолданылатын мінез-құлық, қарым- қатынас ережелері мен жол- жора,рәсім- заңдарының жиынтығы».

Н.Сәрсенбаев пен С.Қалиевтің «дәстүр», «салт», «әдет-ғұрып» ұғымдарынаберілген түсініктемелерін негізге алуға тұрақтылық соңғы жылдары өмірімізге берік енген «Наурыз» жарапазан айту мысал бола алады. Наурыз мейрамында наурыз көже пісіру (міндетті түрде құрамы 7-еу болу керек), қыдырып көже ішу, алтыбақан құру, әртүрлі қазақтың ұлттықойындарынөткізу, тағы басқа әдеп-ғұрыптар, ырымдар мен рәміздер, жол-жоралғылар, табақ тарту (құда табақ, сый табақ, күйсу табақ т.б.) жасалады.

Салт-дәстүр мен ырым-жоралғы саласындағы қазақ халқының тәрбиетәжірибесін, ондағы балаға қойылатын талаптарды С.А.Үзақбаева,
Б.Ж.Мұқанова өздерінің «Қазақ этнопедагогикасы: тәлімдік тағылымдар
еңбегінде талдап берген [43]. «Әке мен ұлдың, шеше мен қыздың, ене мен
келіннің, шеше мен ұлдың, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, күйеу
мен қайын ененің, бажалар мен жезделердің, бөлелердің, туған туыстардың,жекжаттардың арасындағы өте бір нәзік жарасымды өзара қатынасинабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелейді» - деп атап кеткен әйгілі
этнопедагогтар С.Қ.Қалиев, Қ.Жарықбаев, Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева,
М.Х.Муханбаева, К.Ж.Қожахметова, Б.Ж.Мұқанова т.б. еңбектерінде салт-дәстүр, әдет- ғұрыптарға берген ғылыми бағалары мен оларды пайдалануғабайланысты ұсыныстарының мәні зор. Осы еңбектерге жасағанталдамалароларда көрсетілген дәстүрлерді былайша топтастыруға болады:

  • Тұрмыс салт дәстүрлері;

  • Бала тәрбиесіне байланысты әдет ғұрыптар (шілдехана, сүйінші, балағаат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет тойы, шежіре
    үйрету, киелі сандар кереметін білу);

  • Үйлену, үй болуға байланысты салт- дәстүрлер (атастыру, куда түсу,ұрын келу, ілу тойы, үкі тағу, қыз ұзату, сыңсу, келін түсіру, бет ашар);

  • Адам қайтыс болғанға байланысты салт- дәстүрлер (арыздасу, қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау, қаралы үй, жетісін, кырқын, жылын, шегінберу, ас беру);

  • Халық мейрамдары (наурыз т.б.)

  • Діни мейрамдар (ораза, айт, құрбан айт)

  • Қонақ күту дәстүрлері;

  • Бата- тілек түрлері;

  • Діни наным сенімдерге байланысты салт дәстүрлер;

Мектепке дейінгі топқа балалармен жұмыс жүргізуде М.Қ.Құрсабаевтың«Атамекен» бағдарламасына негізделген төмендегі тәрбие міндеттеріқамтылады:

  • Бесік жырын, салт-дәстүр жырларын, жұбату өлеңдерін, төрт
    түлікке қатысты өлеңдерді, мақал-мәтел, жұмбақ, тақпақтар айтқызу,
    жеңіл ойын түрлерін ойнату, ой ұшқырлығы мен тіл кестелігіне
    жетелеу;

  • Туыстық атауларды үйрету, оның мән маңызын түсінідіру арқылытуысқандық, үлкенді кішіні адамдар арасындағы өнегелі қарым-
    қатынасқа, сыйластыққа, қайырымдылыққа, адалдыққа тәрбиелеу;

  • Ертегі, аңыз-әнгімелер тындау арқылы халықтың ой- арманың, тілегінұқтырып, ұлттық сезімге, ұлттық этикаға баулау, талғампаздық пенсезімталдық қасиеттерін, ақыл- ойларын орнықтыру;

  • Малды ауылдан тұрмыс - тіршілігімен таныстыру арқылы ата
    бабаларымыздың байырғы кәсібін, малдың қасиеті мен кемшіліктерін,
    мал бағудың өзіндік тәсілдерін, табиғат, жер, су, ауа-райының
    ерекшеліктерін, ұлттық ойындардың түрлерін жетік білуге, салт-дәстүрмен әдет-ғұрыптағы ырым-жоралғыларды ажыратуға, ұлттық қолданбалыөнеріне қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысында қазақ этнопедагогикасы материалдардың түрлі
суреттер, диафильмдер көру, көрмелерге, музейлерге, галереяларға бару,
түрлі кездесулер, байқаулар, мерекелік ертеңгіліктер өткізу арқылы
жүзеге асады. Бастауыш сыныпта «Табиғатым- тал бесігім», «Жамбы
ату», «Салт-дәстүрімізді ұмытпайық», «Ата- салтым- халықтық қалпым»,
«Қонақ күту - қазақтың бөлінбейтін еншісі», «Төрт түлігіміз түгел болсын», «Ұлыстың ұлы күні- наурыз», «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Атқамінгізу», «Ат қою», «Сүйінші сұрау», «Бесік жыры» т.б. шараларды өткізуге болады. Бұл шаралар мен бірге «Сақина салу», «Тақия тастамақ», «Көрші», «Бәйге», «Аударыспақ», т.б. ойындарын ойлау арқылыбалалардың бойына қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, әдет- ғұрпын қалыптастырамыз.

Педагогикалық тәжірибеден өткенді әксперименттің қортындысына көзжіберсек алғашқы кезең мен соңғы кезеңін салыстырсақ, қазақ
этнопедагогикасы материалдарын меңгеру балдырғандардың алғашында
15% деңгейде болса, соңында 90% көтерілгенін көрдік.

Сынақ нәтижелері жасөспірімдік мақсат етіп қойылған қазақ
этнопедагогикасы материалдар саласында алғашқы түсініктердің
қалыптасқандығын айғақтаумен бірге, олардың тіпті ата-аналарының да
осы материалдарымен таныс емес екеніне көзіміз жетті, сондыктан өзге
ұлттардың өркениетімен салыстырмалы түрде сипаттап бере
алмайтындықтарын байқатты.

Осының бәрін ескере отырып біз өміріміздің келешегін, болашағы жасжеткіншктердің өзінің біз өміріміздің келешегін, болашағы жас
жеткіншіктердің өзінің елін, жерін, тілін, дінін, салт-дәстүрін құрметтеп,
қасиетін аялай білуіне ықпал жасап, білім, іскерлік, дағды деңгейін
қалыптастыру үшін күнделікті тәрбиеде осы халықтық тәрбиені бастауыш
сынып тәрбиесінде негізге алуымыз керек болғандықтан тәрбиеленуші
балаларымызды ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс жүргізуді ұсынамыз.
Ата-аналармен бірлесіп өткізілген тәрбие сағаттары балаларды
адамгершілікке, ұлттық салт-дәстүрлі құрмет тұтым, туған елі, жерін
сүюге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, табиғатқа аялы көзқарасын
қалыптастырға бағытталды.

Бұл шараларды барлығын өткізуге мұғалімдер балалардың жас
ерекшеліктеріне баса незар аударып, өткізетін шаралардың барлыған
балаларға түсінікті, көрнекті, әстетикалық сай болуы басты назарда
ұстауға тиіс. Іс-шаралардың қызықты, тиянақты етуге ата- аналардың да
үлесі үлкен болады. Сондықтан мұндай шаралардың жоспары мектептің
оқу- тәрбие жоспарында бекітіліп, ата- аналарға күні бұрын хабарланады.

Бастауыш сынып оқушыларының ана тіліне, халқының тарихы мен
мәдениетіне қызығушылығын ояту негізінде олардың қазақ этнопедагогикалық материалдары туралы алғашқы түсініктерінің білімінің негізі қаланды. Осы ретте балалардың адалдық, шыншылдық,қайырымдылық, туған елін, жерін сүю, аялау, қорғау сияқты адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, өзінің отбасының, ұжымының, ұлтының мүшесі ретінде сезінуін, жауапкершілігінің артуына, ұлттық сана сезімініңдамуына, басты басымдылық беріледі, 4 сынып оқушыларының анатомиялық, физиологиялық, интелектілік дамуындағы ерекшеліктеріне байланысты олардың сыртқы ортаменқарым-қатынас барысында ой операцияларын орындау (талдау, салыстыру, ой корыту), танымдық процесінің (қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиял) жетіле бастауы жеткіншектердің тәрбиесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын ойдағыдай нәтижелі жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Баланың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға халық
шығармашылығын (ауызекі-поэтикалық, музыкалық және сәндік
қолданбалы, бейнелеу өнері, бала ойындары), салт-дәстүрлері мен әдет-
ғұрып, ырым- жоралғылары, даналық ой-пікірлері мен көзқарастары,
идеялары халық ілімдері мен педагогиалық іс-әрекет тәжірибесі тәрбие
құралдары міндетін атқарды. Олар қазіргі кезде ғылымдардың еңбегіне
қазақ этнопедагогикасы материалдары, үлгілері деп аталып жүр. Мысалы:
Г.Бактияров қазақ этнопедагогикасы материалдарына салт-дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптарды, халық шаруашылығын (поэтикалық, музыкалык, сәндік
қолдынбалы), ата-тек шежіресін, діни ілімдерді, философиялык, этикалық,поэтикалық озық ой- пікірлер мен идеяларды жатқызады.

Олардың қайсысының болмасын тәрбиелік мүмкіндіктері жоғары, өзінетән мазмұны, ерекшеліктері бар. Сөзіміз дәлелді болу үшін солардыңкейбірінің өзіндік ерекшеліктеріне, тәрбиелік мүмкіндіктеріне тоқталайық. Ауызекі поэтикалық шығармашылығы үлгілеріне: табылмас рухани туындылар болып табылатын ертегі, аңыз- әнгімелер, мақал-мәтелдер, этикалық жырлар, айтыс өнері, би - шешендердің айтысы, балалар ойындары (жұмбақ, жаңылтпаш, қаламақ, санамақ, т.б.) жатады. «Бұрынғы өткен заманда», «Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде», - деп басталатын ертегілерде елдің тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, тарихы, мұң-шері, арман- мұраты бейнеленген.

Қазақ ертегілерін М.Әуезов үш жікке (жанрға) бөліп қарастырады: қиял-гажайып ертегілері, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер [44]. Ертегінің қай түрін алсақ та, «ол ертегінің ермегі емес, зор коғамдықтарихтың сыры баяндалған тәрбиелік мәні бар әнгімелер, «ертегінің сөзі мәңгілік фресканың ете нәзік нақышы секілді, әрбір сөзде, әрбір бейнеде халық рухы, шығармашылық күшінің таңбасы бар. Ертегі халық мәдениетінің рухани байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен танып біледі», - деп А.В.Сухомлинский кезінде өте орынды айтқан.

Ертегі - ақыл - ойды, адамгершілік қасиеттерді, эстетикалық талғамды,нәзік сезімді тәрбиелеудің қажетті құралы. Олар балалардың қиялынақанат бітіріп, ойлау қабілетін, тілін дамытуға, шешендікке, тапқырлыққабаулуға, олардың бойында әлеуметтік моральдық - этикалық түсініктердіқалыптастыруға септігін тигізеді.

Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс.
Балалық шақтан балаларды қоршаған болмасақта, дұрыс түсінікті
тәрбиелеу қажет. Әрине бала қоршаған ортамен өзі- ақ танысады.
Дегенмен отбасы, балабақша және мектептің жұмысы болмысқа деген
белсенді танымдық қатынасы артыруға бағытталуы керек.

Болмысқа танымдық қатынасты оятумен тәрбиелеудің бір жолы өмірдітікелей бақылаудан басқа, танымдық әдебиеттерде жатады. Бұған дәлелретінде С.Үзақбаевтың еңбектерін алуға болады.

Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырған талаптардың бірі өмір шындығын балаларға халық ауыз екі шығармашылығы аркылы көрсету, оныңнегізінде балалардың ой-өрісін қиялын, эстетикалық және адамгершіліксезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігін, еңбек сүйгіштігін арттыру деген көзқарастарын арттыру.

Егер халық ертегілеріне педагогикалық психологиялық тұрғыдан
қарайтын болсақ, мұны логикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, мұның
жасөспірімдерге танымдық әсері жоғары.

Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасында басталады деуге болады. Бұл
ретте Ш.Уәлиханов, Т.Потанин, Ә.Диваев, және т.б. айтуға болады.
Кейінгі кезде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезовтың қоскан үлесі елеуліболады. белгілі қазақ жазушысы, академик М.Әуезов қазақ
фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге
былай деп алғаш анықтамасын береді: «Ертегі» деп баяғы замандағы елдіңдүниедегі көзқарасын білдірген, сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін,одан сон, елдің белгілі салтын білдіретін, арнаулы үлгі айтанын, жамандықтан жиреніп, жақсылықты көтеріп айтқан, ойдан шығарылғанкөтерме әңгімені айтады.

Интегративті сабақ үстінде кім еңбек өнер жайында не біледі деген
ойын арқылы еңбекке деген көзқарасы жайында балаларға тиянақты
мағлұмат, тәлім-тәрбие беруге болады.

Еңбек - өмір сүруші және адамның өркендеуіне әр жақтылы әсер етеді.Адамның адалдық бейнесі де, санасымен қайратты да еңбек әдістерінің ықпалында қалыптасып жетіледі. Еңбек адам баласын рухани байытып, оның мәдени өмірінің мол қазынасын жасайды.

Еңбек үстінде оқушының іскерлік қабілеті, күш - қайратымен, мінез -
құлқы қалыптасады.

Макал - мәтелдер болса халықтың көрген білген, бастан кешкен
оқиғаларынан қорытқан сан- ғасырлық ақыл ойының жиынтығы,
табиғатта, өмірде үнемі қайталанып тұратын оқиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан сөздің тобықтай түйіні,

Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский мақал - мәтелдерді балалардың тәрбиесі мен жеке адамның қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибені қорытындылаушы нағыз халық педагогикасы деп санады.
К.Д.Ушинскийдің бейнелі сөзімен айтқанда, балалар тәрбиесі саласындағы мақал - мәтелдер, сондай - ақ баска да қанатты нақыл сөздер –сөздің інжу-маржандары, онда халықтың даналығы, байқампаздығы, оның бала тәрбиесіндегі үлкен өмірлік тәжірибесі, еңбекке деген көзқарасы, үміті мен арманы, мүддесі қалыптасып, сақталған.

Қазақ халқының балалар тәрбиесінде ғасырлар бойы жинақталып, өмірелегінен өткен, әдет - ғұрып, салт - дәстүрді көрсететін мақал-мәтелдердің нағыз халықтық педагогикаға жататыны күмән тудырмайды. Баланың білімі, дүниетанымы, шыдамдықты, ойлануды, толғануды, құштарлыктыерекше қажет ететіндігі, берік білім, өнегелі тәрбие нақты іс –әрекет үстінде, яғни шәкірт пен тәрбиешінің бірлесіп ынталасқан еңбегі арқылы жүзеге асып отыру керектігін қолға алайық.

Сондықтан балалардың ақыл - ойын, киялын, зейінін, ой - өрісін,
психикалық ерекшеліктерін, темпераментін, қызығушылығын,
адамгершілік қасиеттерін дамытуда, оқыту үрдісінде балаларға
этнопедагогика әлементтерін қалай пайдалануды қарастырдық. Мысалы,
бастауыш сыныпта математика пәнінде математикалық ұғымдарға
қатысты мақал - мәтелдермен байланыстырып сабақты былай жүргіздік:
Мұғалім:

  • Балалар сендер математикалық ұғымдарға қатысты қандай мақал-
    мәтелдерді білесіндер?

Балалар:

  • Көп түкірсе көл болады.

  • Көп алғыс - көгертер.

  • Көп сөз - күміс, аз сөз - алтын.

«Өмір үлкен - мектеп», «Кіші бала ұятын үлкен бала көрсетеді» «Кең
болсаң, кем болмайсың», «Көсеу ұзын , кол күймес», «Қорқақтың қолы қысқа»т.б. Мұндай мақал - мәтелдердің білімдік және тәрбиелік маңызы өтезор,сондықтан әр түрлі мақсатпен қолдануға болады. Мысалы; балалардышапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету үшін төмендегі мақал- мәтелдердібастауыш сыныпта қолдандық. Олар; Піл күшті, піл күшті емес,тілкүшті;(үш)Халық музыкасының таңдаулы үлгілері де ұрпақтан ұрпаққамирасболып,бала тәрбиелеудің таптырмас құралына айналдырды.

Қазақтың музыкалық шығармашылығының ең ірі жаныры- халық аспаптары:домбыра, қобыз бен сыбызғыда орындалатын музыкалық шығармалар.

Қазақтың күйшілік өнері өзінің дәстүрлік ерекшеліктеріне, орындау
мәнеріне, қағыс- тәсілдері мен түрлеріне қарай негізінен екі үлкен мектепкебөлінеді. Олар шертпе күй (Байжігіт, Тәттімбет, Тоқа, Саймақ, Байсерке,т.б.)және текпе күй (Құрманғазы, Сейтек, Дина) деген атпен белгілі.

Жалпы алғанда, күй шығармаларының ой терендігі үнемі дидактикалықмәселерімен жапсырыла қалыптасқан. Қазақ әндерінің қай жанрыналмасақта, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-құлыққа, сан-қилы ауылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге қазақ халқының тарихын, өмірсүру тіршілігініңсан-қилылығын, қоғамдық көзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады.

Қазақ әндерінің дидактикалық, танымдық касиеті оның негізгі
ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

Қазақ халық әндерінің жанрларыда көп. Олардың жүйеге келтірген
жіктемелері де баршылық. Жіктемелердің бәрін өнертану саласында толыққолдануға болады. Ал педагогикалық салада оларды осы қалпында
пайдалануға болмайды, өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан- жақты ашып көрсеуді шектейді. Біздің пайымдауымызша, мектеп
практикасын мазмұнды пайдалану мақсатында қазақ әндерінің тәрбиелік
мүмкіндіктерін былайша жіктеген дүрыс сияқты.

  • тұрмыс- салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар әндері);

  • еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт-түлік мал туралыәндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әндер, жұмысшы әндері);

  • үйлену әндері (тойбастар, той-тарқар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, құдалар әндері);

  • ұлыс әндер (жарапазан); діни әдет-ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсысарыны);

  • жаназалау әндері (естірту, жүбату, көңіл айту);

  • ғақлият әндер (алғыс, бата, тілек, жұмбақ, мысал, әжуә, күлдіргі мысқыл әндер);

  • қиял- ғажайып әндер (аңыз-әндер, өтірік өлеңдер);

  • сатиралы-юморлық әндер (әзіл- қалжын, мысқыл, күлдіргі әндер);

  • тарихи әндер;

  • әлеуметтік теңсіздік әндер;

  • әпикалық шығармалар (терме, толғаулар);

  • айтыс әндер;

  • лирикалық әндер;

Қазақтың халық әндері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының ерекшеліктерімен, болмыстағы көзқарасты әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен балалар назарын өзіне аударды.

Халықтың сәндік қолданбалы өнерінің әлеуметтік тәрбиелік рөлі оның туындыларының өзіндік көркемдік әстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды, ол адамдардың заманына қарай талғамын білдіруінен,
өткендегі мәдениет пен ұлттық дәстүрлердің дара сабақтастығынан көрінеді.

Халық қыздардан бояулар үйлесімділігін нәзік сезінуді, кескінде менің зандарын ұғынуды, геометриялық сызықтар мен фигураларды білуді, табиғаттың табиғи формаларын түсінуді талап еткен. Иқы-иқы болып өрби түсетін «омыртқа» өрнегімен және мүйіз тектес өрнектері мен киіз, сырмақ, кілем, алашаларды безендіретінін түсіндірген.

Қорыта келе, жоғарыдағы көрсетілген қазақ этнопедагогикасы үлгілерін интегративті сабақтарда пайдалану оқушылардың нағыз қазақ азаматы болуына үлкен септігін тигізеді.

Олардың негізінде ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, рухани бай жеке
адамды тәрбиелеуге жәрдемдесетін белгілі бір әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқанын тұжырымдайды.

Қазіргі жағдайда халықтық педагогика құралдары арқылы жеткіншек ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің мазмұнын, ұйымдастыру түрлері мен әдістерін дамытудың неғұрлым көкейкесті бағыттарын бөліп алуға мүмкіндік берген қазақ халықтық педагогикасының тарихнамасына тоқталады. Қазақ халқының ұлттық мәдениетіне негізделген оқушыларға тәрбие беру тұжырымдамасын жасайды. Халықтық, поэтикалық, музыкалық шығармашылығының және сәндік- қолданбалы өнерінің мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін, оларға қойылатын негізгі талаптарды, оларды шешудің әдістері мен тәсілдерін айқындайтын мүмкіндіктерді ашып көрсетеді. Мектептің оқу- тәрбие үрдісінде қазақтың аспаптық, ән шығармашылығын, айтыс өнерін, қазақтың отбасы өмірінің дәстүрлерін пайдалануға байланысты дидактикалық кешендер, бағдарламалар, хрестоматиялар мен әдістемелік нұсқаулар ұсынады.

Эстетикалық бағыт- бағдары бар жеке адамды тәрбиелеуде қазақ халықтық педагогикасын қолданудың ұйымдастыру- әдістемелік шарттарын негіздеді. Ж.Наурызбайдың еңбегінде этностық – мәдени білім беру мектеп пен қоғам дамуының кең көлемдік, әлемдік мәселесі ретінде қарастырылады [45]. Проблемаға теориялық-методологиялық талдау жасап, этникалық азшылықтың ұлттық-мәдени және тілдік мүддесін жүзеге асырудың теориялық және қолданбалы жайттары анықталады.

Автор сонымен бірге оқушыға этностық- мәдени білім беру жүйесінің тұжырымдамасы мен үлгісін негіздейді. Жан- жақты мәдениетті және көп тілді тұлғаны тәрбиелеудің педагогикалық негіздері мен мәдениет аралық екі тілді білім беру жүйесінің проблемаларына талдау жасайды. Тұжырымдаманы өмірге енгізудің педагогикалық ұйымдастырушылық шарттарын белгіліейді. Бағдарлама ғылыми, оқу- әдістемелік, кадрлық және құқықтық жағынан қамтамасыз етудің, этнопедагогика мен этнопсихологияны дамытудың, этностық- мәдени білім кеңістігін кеңейтудің жолдарын көрсетеді.

Автордың «Мәдени - этникалық сұраныс көптеген факторлардың ықпалымен тарихи ұзақ уақытта қалыптасады. Бұған этностың саны, орналасу тығыздығы және жас ерекшелігі, білімділік деңгейі, әлеуметтік- кәсіптік құрамы және діни дәрежесі бойынша бөлінуі, этносарлық қарым- қатынастың шағын ортасы мен этносарлық байланыстың әлеуметтік ортасы және басқалар жатады. Бұл факторлар мәдени- этностық қажеттіліктің қалыптасуын мына жағдайларда анықтайды.

а) ана тілін дамыту,оны біліп, қарым- қатынастың түрлі саласында қолдану, көркем әдебиетпен баспа сөздік оқу.

ә) өз халқының тарихын, ұлттық батырларын білу;

б) қазыналық мәдениетті (ұлттық тағам, киім т.б.) білу;

в) халықтың әдет- ғұрып пен ырым- жораларын (үйлену тойы, жерлеу, т.б.) білу жән еқолдау;

г) халық әндерін, ертегілерін, қиссалары мен аңыздарын, қазіргі ұлттық көркем мәдениетін білу»,- деген ой- тұжырымдамамен толық келісуге болады. Сондай- ақ автордың қазақ халқының өз ұлтының мәдени- этникалық жетістіктерімен шектеліп қалмай, басқа ұлт өкілдерінің мәдени- этникалық мүдделерін оқып үйрену қажеттігін ескеруі де, бүгінгі таңдағы өзекті проблеманың шешімін іздестіруінің айғағы. Мысалы, автор «Қазақ халқының Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің әдет- ғұрыптары, ырым- жоралары, салт- дәстүрлерді оқып үйренуді және даму үшін ықпал жасауды қажет етеді . Халықтың даналығы тоғысқан бұл құндылықтардың сан- саналығы- мәдениеттер ықпалы, мәдени көп қырлылық үшін құнарлы негіз болып табылады. Олардың ерекшелігі мен қоса ортақтығы да басым. Қазақстанда тұратын этникалық қауымдар мен этникалық топтардың әдет- ғұрыптары мен салт- дәстүрімен танысуды мектеп жасына дейін бастау керек. Ортақ білім тарих, география, дінтану сабақтарында, мектептен тыс шараларда, әдет- ғұрып пен салт- дәстүрге көңіл бөлуге тиіс... егер біз білім берудің өзіндік гүл шашқан әрі жеміс беретін ағашқа айналуын қаласақ, онда оны ұлттық топыраққа, этникалық қоректік ортаға отырғызуымыз керек. Сонда ғана оның тамыры- ұлттық мәдениет оның ұшар басы – білімге өмірлік күш береді. Ал, әлемдік мәдениет, адамзат құндылығы- күн, оның сәулесі- жапырақтарында бүкіл ағаш өмірінің негізгі фотосинтез арқылы оған жан бітіреді. Өмірлік аса қажетті екі тасқын – ұлттық дүниенің жалпы адамзаттық дүниеге қарай тасқыны басталады. Мәдениет біткенннің тепе- тең, бірін- бірі байытып, біріне – бірі астаса түскен үндестігі, бірлігі, түптеп келгенде адамдықтың руханилық пен имандылықтың негізі болса керек», - деген келелі ой айтады.

М.Х.Балтабаевтың еңбегінде қазақ халқының дәстүрлері көркемдік мәдениетіне негізделген музыкалық- эстетикалық тәрбие тұжырымдамасы жасалған; халықтың аспаптық ән, би, сәндік- қолданбалы, ауызекі-поэтикалық өнерінен бастау алатын тәрбие үрдісінің әдіснамалық негіздері анықталған; шынайы тарихи құбылыс ретіндегі дәстүрлі көркем мәдениеттің мазмұны мен тәрбие үрдісінің нәтижесі болып табылатын жеке тұлға тәрбиелігінің арасындағы ішкі байланыстар мен заңдылықтары ашылған, кіші мектеп оқушыларын барлық жас шамасы кезеңдерінде ұлттық көркем мәдениеттің ықпал ету сферасына тартуды ұйғаратын музыкалық- эстетикалық тәрбие жүйесі ғылыми- әдістемелік жағынан негізделген; қазақ халқының ұлттық мәдениетін молайтуға болашақ музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдірудің басты жолдары айқындалған. [40] Автордың дайындауындағы қазақтың дәстүрлері көркем мәдениеті арқылы музыкалық- эстетикалық тәрбие берудің әдістемесі мен жүйесі (музыка пәні сабақтарында музыкалық- эстетикалық тәрбие мен білім беру феноменін зерттеу, қалыптастыру деңгейлерін анықтау) музыка пәні сабақтарында музыкалық- эстетикалық тәрбие мен білім беру мазмұнын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін оқу- әдістемелік кешенді Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің ОӘК- де бекітіліп, республиканың 46 оқу орындарында және 16 балабақша мекемелерінде эксперименттік тексеруден өткізілуге ұсынылған. Аталған мектеп әдістемесі 90- шы жылдың ортасына дейін жүзеге асырылып келеді.

К.Ж.Қожақметова өз зерттеулерінде қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық негізін айқындауға талпынады. Оның негізін педагогиканың әдіснамасы, этнос теориясы, этнопсихология, қазақ философиясы, мәдениет теориясы құрайды деген тұжырымды айтады. Біздің пайымдауымызша бұл тұжырымның пікір- талас тудыратыны хақ. Өйткені автор бір ғалымның әдіснамасына сүйенсе, екіншісінің теориясын негізге алады, үшіншісін толығымен қоштайды. Және этнос теориясын бөлек саралайды. Қазақ этнофилософиясы, этномәдениеттанымы, этноәлеуметтанымы зерттеліп жатқан бүгінгі таңда қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық негізін ашуда ғылымдардың өзін толығымен негізге алмай, олардың теориясымен ғана шектелу дұрыс болар ма екен? Сонымен бірге этнос теориясы да осы аталған ғылымдар мазмұнында сараланатын болғандықтан, оны бөлек алып қарастыру қалай болады.

Әрине, бұның бәрі келешекте терең мазмұнды жауап іздестіретін зерттеуді талап етеді. Ғалымдардың ішінде К.Ж.Қожахметованың қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық негізін ашып көрсетудегі талпыныс- ізденіс толық қолдауға тұрарлық. Өйткені, ол болашақ зерттеушілерге проблеманың перспективаларын көрсетіп отыр.

Автордың қазақ этнопедагогикасының қалыптасы проблемалары жөніндегі теориялық көзқарасы, яғни қазақ этнопедагогикасын педагогика ғылымдарының құрамдас бөлігі деп тұжырымдауы; оның мәнін, мазмұнын, формалары мен әдістерін дербес оқу пәні ретінде қарастыруы өзіне дейінгі орындалған зерттеу еңбектерін мазмұндық тұрғыда ғылыми дәлелдемелермен толықтыра түседі. Автордың қазақ этнопедагогикасын білім беру жүйесінде пайдалануға байланысты айтқан ұсыныстарын, қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық- теориялық негіздерін дәлелдеудегі тұжырымдамалық көзқарасының кейбір бағыттарын мұғалімдерге осы салада білім беруде негізге алуға болады.

Ш.Б.Құлманованың зерттеуінде бастауыш сынып оқушыларын халық музыкасы арқылы тәрбиелеу мүмкіндіктері олардың психофизиологиялық ерекшеліктерін (қабылдап, зейін, ес, қиял, ойлау, ерік, сезім дауысқа қатысты мүшелер; есту мүшесі, дауыс мүшесі, тыныс мүшелері) және музыкалық қабілеттерін (есту, ырғақ, музыкалық ес) ескерумен айқындалады. Автор оқушыларға қолайлы қазақ халық музыкасын белгілі бір өлшемдердің (көркемдігі мен қызықтырғыштығы, педагогикалық мақсаттылығы, жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі, бала өмір тәжірибесіне үйлесімділігі негізінде сұрыптауды ұсынады. Оқушылардың қазақ халық музыкасы арқылы тәрбиелеу негізінде екі жақты үрдіс орын алған, ол бір жағынан оқушыларға өтілетін музыканы бейнелі түсінуі мен меңгеруін, екіншіден, оның мазмұнын әртүрлі дербес іс- әрекетте белсенді шығармашылықпен жүзеге асыруын бірлестіретіні жайлы мазмұндалды. Автордың пайымдауынша: «оқушылардың қазақ халық музыкасы мазмұнын меңгеру үрдісінде әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды пайдалану (суырыпсалма импровизация) музыкалық есептер, ойындар, ребустар, музыка тақырыбына шығармалар т.б. музыкалық- шығармашылық қабілеттерді адамгершілік – эстетикалық және эмоционалдық психологиялық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді». Автордың бастауыш сынып оқушылары қазақ музыкасы арқылы тәрбиелеу үрдісінің мазмұндық ұйымдастырушылық әдістемелік тұрғыда дәлелдеп көрсетуі мұғалімдерге бұл мәселені шешуде үлкен септігін тигізіп отыр. Олай дейтініміз тәрбиенің мазмұндық үрдісі бағдарламалар мен оқушыларға қазақ халық музыкасын ендіру мен қамтамасыз етілетін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету бұл үрдіске мақсатты басшылық жасау және музыка сабақты әртүрлі формалар, әдістер, амал- жолдары жан- жақты пайдалану мен айқындалатын әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету ғылыми негізде дәлелденген бастауыш мектептке арналған дидактикалық кешендер мен (бағдарламалар, оқулықтар, оқулықтардың хрестоматиялары, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар) анықталатынын көптеген мұғалімдер біле бермейді және бұл салада алған даярлық деңгейлері де көңілдегідей емес [40].

Зерттеулердің басым көпшілігінде қазақ этнопедагогикасы материалдары (ауызекі- поэтикалық, айтыс, ертегі, мақал- мәтелдер, жұмбақ – жаңылтпаштар, санамақ- қаламақтар) балалар ойындары салт- дәстүрлер және т. б. адамгершілік (Ұ.Асанова, Р.Төлеубекова, С.Әбілдина) музыкалық- эстетикалық (С.Ұзақбаева, Р.Дүйсембінова, Т. Қышқашбаев, Ш.Құлманова) ақыл- ой (Н.Албытова), (Н.Жанатбекова), дене тәрбиесі (М.Таникеев, Т.Бекботшаев, Ж.Төлегенов, Т.Қуанышев), эстетикалық мәдениеті (Е.Қозыбаев) қалыптастырудың құралы ретінде қарастырылады. Бір қатарында оқушылардың қазақ этнопедагогикасы материалдардың белгілі бір саласына, мәселен қазақ музыкасына (Ж.Ақпарова) халық аспаптық музыкасына ( М.Оразалиева) сәндік- қолданбалы өнерге (С.Жолдасбекова) қызығушылығы, бейнелеу өнері көркем тұрғыда қабылдауы (Қ.Жеделов) мазмұндалды [36].

Еңбектердің бірінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын математика сабағында пайдалану (Г.Жолтаева) зерттесе, екіншіден оларды математика сабағында пайдалануға болашақ мұғалімдерді даярлау мәселесі (Қ.Сарбасова) қарастырды. Сонымен бірге қазақ этнопедагогикасы материалдарын адамгершілік- жыныстық тәрбие проблемаларын шешуде пайдалануға мұғалімдерді даярлау проблемасы да назардан тыс қалмаған.

Зерттеулердің бәрі қазақ этнопедагогикасының мәнін, мазмұнын зерттеп отырған объектілеріне қарай қарастырады. Барлық еңбектердің де педагогика ғылымы үшін маңызы зор, оларды зерттеліп отырған салада пайдалануға болады.

Ал мектеп тәжірибесіне келетін болсақ, қазақ этнопедагогикасы материалдарының үлгісін бүгінгі таңда көптеген мұғалімдер өздерінің қалауы, шығармашылық ізденісі бойынша оқу-тәрбие әрекетінде пайдаланып жүр. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын мектеп практикасына мақсатты түрде пайдаланатын мектептер де баршылық. Бұл тұрғыда Қарасаз орта мектебін атауға болады. Мектептегі тәрбие жұмысы «Жанартау» өнер атауы, «Ағалар алқасы» тәрбие отаулары, т.б. жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады. «Жанартау» өнер атауының мақсаты ауыз әдебиеті, ұлттық дәстүрлержайлы дәрістер өткізіп, жас ұрпақты сурет, сәулет өнерінен хабардар ету болса, «Ағалар алқасы» тәрбие отауы халықтың салт- дәстүрімен таныстыруды, олардың мазмұнындағы моральдық- эстетикалық мөлшерлерді оқушылардың қарым- қатынасын жасау әдетіне айналдыруды көздейді. Дарынды ұстаз Ж. Өтеевтің бастамасымен республикалық атаулы мектеп дәрежесін иеленген бұл білім ошағы қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануда Нарынқол ауданы мектептерінің шығармашылық лабораториясына айналып отыр.

1991 жылы аталмыш мектептің бастамасымен аудан мектептерінде түрлі жұмыс шаралары (Калинин атындағы орта мектепте «Ғибраттық қазына», Киров атындағы орта мектепте «Аталар аманаты», Қалпақ орта мектебінде «Алтын бесік», Жаңа Текелі орта мектебінде «Шаңырақ», Н. Өмірзақов атындағы орта мектепте «Атамұра», Крупская атындағы орта мектепте «Асыл мұра», Текелі орта мектебінде «Асыл қазына», Т. Мұсағұлов атындағы орта мектепте «Ата ары») жоспарлы түрде жүзеге асырылды. Олар мектеп ғимаратында арнайы кабинет жабдықтап, қажетті этнографиялық ғылыми әдістемелік материалдар іздестіріп, іс- тәжірибе жинақтады.

Республика көлеміндегі мектептердің тәжірибесіне жасаған талдау қазақ Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Ш. Әбенұлы атындағы мектептегі «Қыз Жібек» қыздар отауы «Азамат» ер балалар отауы, «Қызғалдақ» қыздар кеңесі жұмыстарының мазмұнын мысалға келтіруге болады. «Атамекен» бағдарламасының бағыттары Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшатау кентіндегі М.Әуезов атындағы орта мектеп мұғалімі Г.Томашеваның «Абай жолы» романы желісіне құрылған тәрбие жоспарында көрініс алған. Мысалы, «Наурыз» бағытында «Жазғытұрым» өлеңі, «Көкпар» бағытында «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Дуылға» бағытында «Абай жолы» романындағы кейіпкерлердің сипаттамалары, «Ас» бағытында «Абай жолы» романындағы «Бөжейдің асы» т.б. «Атамекен» бағдарламасы М.Абдрахманова (Іле ауданы, Боралтай ауылы №28 мектеп), Рахимова (Көксу ауданы №2 орта мектеп) Г.Мұсағұлова (Ұйғыр ауданы Ақтам орта мектебі), Қорғанбаев А. (Ақтөбе қаласы), Донбаева Г. (Жамбыл қаласы) және т.б. мұғалімдер ұйымдастырған тәрбие шаралары да іске асуда. Сондай- ақ, бұл бағдарлама еліміздің басқа да мектептерінде кеңінен пайдалануда. Сан ғасырлар бойы тәжірибесі арқылы жинақталып, қордаланып келген мол мұраны ұрпақ тәрбиесінде қажеттікке жарату «Мың бала» қозғалысы барысында қолдау тауып отыр. Мұнда «Сартай батыр» дастанында жырлағандай, жас ұрпақты елжандылыққа, татулыққа, өнерге, ерлікке үндеу мақсаты қойылған.

Мұндай мектептердің тәжірибесі бүгінгі таңда республика көлемінде танымал. Әр мектеп өздері жасаған бағдарламалармен жұмыс істейді. Мектеп тәжірибелеріне жасаған талдау нәтижесінде былайша ой түйіндеуге болады.

1. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу – тәрбие үрдісінде пайдалануда мұғалімдер басылым көрген кітаптар мен қолжазбаларды, құралдары мен қолданба құралдарды, кітапшаларды негізге алумен шектелген.

2. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу –тәрбие үрдісінде пайдалануға байланысты жасалған бағдарламалар да педагогикалық талаптар ескерілмейді және мазмұны теориялық тұрғыда негізделмейді.

3. Қазақ этнопедогогикалық материалдарын практикада тиімді пайдалану факторлары мен шарттарын анықтау ескертілмейді.

4. Бағдарлама мазмұнына ендірілген материалдар нақты көрсеткіштер арқылы сұрыпталмайды.

5. Қазақ этнопедогогикалық саласында қалыптасқан озық тәжірибелерді мектептерге ендіру мәселесіне назар аударылмайды.

6. Қазақ этнопедагогикалық аясында орындалған ғылыми зерттеу еңбектерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары қарастырылмайды.



Қазақ этнопедагогикасын 4-ші кезеңін алғашқы сатысына ендірер
алдында біз бастауыш сынып оқушыларының психологиялық, өзіндік дара
ерекшеліктерін ескере отырып, оқу материалдарының белгіленген өлшемдер
мен принциптер арқылы дұрыс сұрыпталуына аса мән бердік. Өйткені
бұларды ескермей оқу-тәрбие процесінде белгілі бір нәтижеге жету мүмкін
емес.

Мектеп есігін ашқаннан бастап баланың сана-сезімінде,
дүниетанымында елеулі өзгерістер болып, бойында жаңа қасиеттер
қалыптаса бастайды. Оқу еңбек оның ақыл-ой әрекетін ұйымдастыра білуін
талап етеді. 6-7 жасар балаға тән касиет олардың білімге деген
қызығушылығы мен талпынысы және құрбыларымен, үлкендермен карым-
қатынас жасауға ынталануы. Ол өзінің осы сәттен өмірде алатын
орнын сезіне біледі. Әлеуметтік тұрғыда өзінің «мен» деген
қасиетін көрсету талпынысының пайда болуы баланы әр нәрсені білуге
жетелейді. Олардың қоршаған орта мен құбылыстарды қабылдау касиеті де
ерекше.

Ертегі, аңыз, сәндік-қолданбалы өнер туындылары неғұрлым
қызғылықты, айшықты, әсем болса, соғұрлым оларды эмоционалды түрде
жылдам меңгереді. Көрнекі бейнені есте сақтау кабілеті де айтарлықтай
дамып, осы кезеңде оны қызықтырған кейбір халық шығармашылығы
үлгілерін тіптен тұтас жаттап алуы да мүмкін. Оқиғалар мен нақты
деректерді, заттарды айна қатесіз есіне сақтап, бұлжытпай қайталап айтып
бере алады. Қиялдау, ойлау мүмкіндігі жоғары болғандықтан, қиял-ғажайып
ертегілердегі себеп-салдарлық байланыстырды байқап, ажырата біледі.
Ертегілерден оқиға желісіне, адамдар мен жан-жануарлардың іс-әрекетіне
өзіндік баға беріп, сипаттауға талпынады.

Жоғарыда атап өткендей, анатомиялык-физиологиядык, ой-өрістің
даму ерекшеліктеріне байланысты бастауыш сынып оқушыларының
қоршаған ортамен қарым-қатынас барысында қисынды ой тұжырымдауы
(талдау, салыстыру, ой қорыту), танымдық, қабілетін (қабылдау, есте сактау,
ойлау, қиялдау) жетілуі оқу-тәрбие процесінде қазақ, этнопедагогикасы
материаддарын оңтайлы жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Бастауыш сыныпттарда қазақ этнопедагогикасы материалдарын
сабақтарда және сыныптан тыс сабақтар мен тәрбие шараларында кеңінен
пайдаланудың амал-жолдары баршылық.

Окушылардың өзі қоршаған орта жөніндегі түсініктерін жүйелі түрде
қалыптастыруға бағытталған оқу жоспары бойынша оқытылатын пәндердің
мүмкіндіктері де мол. Олардың тақырыптық мазмұнында кұрылымы қазақ
этнопедагогикасы материалдарының кайсысын болсын пайдалануға болады.
Мысалы, қазақ халкының әлеуметтік-адамгершілік қағидалары-тілдер
циклындағы пәндер; табиғатты аялау, сактап, көркейту дәстүрі - дүниетану;
күнделікті тұрмыстағы шамаларды есептеу, өлшеу жөніндегі білімдері —
математика, ата- кәсіп түрлері, сәндік-қолданбалы өнері еңбекке баулу, халық,
шығармашылығы ән-күй, бейнелеу өнері сабақтарының мазмұнымен табиғи түрде байланысып, үндесіп жатады [41].

2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет