Қазақ этнопедагогикасы материалдары
1
|
Халық шығармашылығы
А) поэтикалық
Ә) музыкалық
Б) сәндік қолданбалы
|
2
|
Салт – дәстүрлер
|
3
|
Әдет – ғұрыптар
|
4
|
Халықтың даналық ой ілімдері
|
5
|
Қазақ ойшылдары мен ғұламаларының тағылымдық идеялары
|
6
|
Қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану саласындағы озық тәжірибелер
|
Ауызекі поэтикалық шығармашылығы үлгілеріне қайталанбас рухани туындылар болып табылатын ертегі, аңыз – әңгімелер, мақал – мәтелдер, эпикалық жырлар, айтыс өнері, би – шешендердің айтысы, балалар ойындары (жұмбақ, жаңылпаш, қаламақ, санамақ, т.б.) жатады «Бұрынғы өткен заманда», «Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде», - деп басталатын ертегілерде елдің тұрмыс – тіршілігі, әдет – ғұрпы, тарихы, мұң – шері, арман – мұраты бейнеленген.
Қазақ ертегілерін М.Әуезов үш жікке бөліп қарастырады: қиял – ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер. Ертегінің қай түрін алсақ та, «Ол еріккенің ермегі емес, зор қоғамдық тарихының сыры» баяндалған тәрбиелік мәні бар әңгімелер, «...ертегінің сөзі мәңгілік фресканың өте нәзік нақышы секілді, әрбір сөзде, әрбір бейнеде халық рухы, шығармашылық кұшінің таңбасы бар. Ертегі – халық мәдениетінің рухани байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен танып - біледі», - деп А.В.Сухомилинский кезінде өте орынды айтқан.
Ертегі – ақыл-ойды, адамгершілік қасиеттерді, эстетикалық талғамды, нәзік сезімді тәрбиелеудің қажетті құралы. Олар балалардың қиялына қанат бітіріп, ойлау қабілетін, тілін дамытуға, шешендікке, тапқырлыққа баулуға, олардың бойында әлеуметтік моральдық – этикалық түсініктерді қалыптастыруға септігін тигізеді.
Мақал – мәтелдер болса халқының көрген білген, бастан кешкен оқиғаларынан қорытқан сан- ғасырлық ақыл-ойының жиынтығы, табиғатта өмірде үнемі қайталанып тұратын оқиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан сөздің тобықтай түйіні.
Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский мақал –мәтелдерді балалардың тәрбиесі мен жеке адамның қалыптасуындағы сан-ғасырлық тәжірибені қорытындылаушы нағыз халық педагогикасы деп саналады. К.Д.Ушинскийдің бейнелі сөзімен айтқанда, балалар тәрбиесі саласындағы мақал – мәтелдер, сондай – ақ басқа да қанатты нақыл сөздер - сөздің інжу – маржандары, онда халықтың даналығы, байқампаздылығы, оның бала тәрбиесіндегі үлкен өмірлік тәжірибесі, еңбекке деген көзқарасы, үміті мен арманы, мүддесі қалыптасып сақталған.
Қазақ халқының балалар тәрбиесінде ғасырлар бойы жинақталып, өмір елегінен өткен, әдет – ғұрып, салт – дәстүрді көрсететін мақал – мәтелдердің нағыз халықтық педагогикаға жататыны күмән тудырмайды.
Халық музыкасыныңтаңдаулы үлгілері де ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып, бала тәрбиелеудің таптырмас құралына айналады.
Қазақтың музыкалық шығармашылығының ең ірі жанры, композициялық құрылымы жағынан күрделі саласы – күй. Күй - халық аспаптары домбыра, қобыз бен сыбызғыда орындалатын музыкалық шығармалар. Қазақтың күйшілік өнері өзінің дәстүрлік ерекшелігіне, орындалу мәнеріне, қағыс тәсілдері мен түрлеріне қарай негізінен екі үлкен мектепке бөлінеді. Олар шертпе күй (Байжігіт, Тәттімбет, Тоқа, Саймақ, Дайрабай, Баубек, Қыздарбек, Әбді, Сүгір, Байсерке, т.б.) және төкпе күй (Құрманғазы, Сейтек, Дина) деген атпен белгілі.
Жалпы алғанда, күй шығармаларының қайсысы болмасын жас буында өмір мен өнердегі әсемдікті, жарасымдылықты дұрыс қабылдап, бағалауға үйретеді.
Қазақ әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелерімен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке байсалды мінез – құлыққа, салиқалы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық көзқарастарын, ақыл – ойының жиынтығын танытады. Қазақ әндерінің дидактикалық, танымдық қасиеті оның негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.
Халықтың сәндік – қолданбалы өнерінің әлеуметтік – тәрбиелік рөлі оның туындыларының өзіндік көркемдік - эстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды, ол адамдардың заманына қарай талғамын білдіруіне, өткендегі мәдениет пен ұлттық дәстүрлерін дара сабақтастығынан көрінеді.
Халық қыздардың бояулар үйлесімділігін нәзік сезінуді, кескіндеменің зандарын ұғынуды, геометриялық сызықтар мен фигураларды білуді, табиғаттың табиғи формаларын түсінуді талап еткен. Иық – иық болып өрби түсетін «омыртқа» өрнегімен және мүйіз тектес өрнектермен киіз, сырмақ, кілем, алашаларды безендіретінін түсіндірген.
Ер балаларға «жігітке жетпіс өнер де аз» деп қолданбалы өнердің қыр – сырын (ағаш, металл, сүйек, мүйіз, тері, тас) меңгертіп, жұмыс істеуде көптеген әдіс – тәсілдерді игеруге мол мүмкіндіктер туғызған. Мәселен, күмістен соғылатын сәндік бұйымдар – сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өнершек, қолтықша, тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тана, тіс шұқығыш ертеден-ақ кең тараған заттар. Осының бәрі балалардың эстетикалық талғамы, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда еңбек дағдыларын дамытуда таптырмас құрал болған.
Салт – дәстүр, әдет – ғұрып, ырым, рәсім үлгілері жайлы сөз ететін, болсақ оның бала тәрбиесіндегі мәні туралы белгілі этнопедагоктардың (Г.Н.Волков, А.Х.Мұханбаева, К.Пирлиев, Қ.С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева,) еңбектерінде аз айтылмаған. Мәселен философ Н.Сәрсембаев: «Дәстүрлер – адамның қоғамдық қатынастарының тарихи қалыптасқан тұрақты және мейлінше қорытылған нормалары мен принциптері, олар ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырады және қоғамдық мінез – құлықтар арқасында сақталады», - деген ойды білдірсе, педагог С.Қалиев «Дәстүрлер қоғамдық сананың барлық салалары мен байланысты дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасының, әдет заңын марапаттайтын ритуал»,- деп түсіндіреді. Оның пікірінше, дәстүр ғылымда, өнерде, әдебиетте, мектепте қоғамдық қатынаста көрініс береді.
Ал «салт» деген, С.Қалиевтің пайымдауынша «Адам өмірінің күнделікті тіршілігінде(Отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылып мінез – құлық, қарым – қатынас ережелерімен жол – жора, рәсім заңдарының жиынтығы» Н.Сарсембев пен С.Қалиевтың «дәстүр», «салт», «әдет - ғұрып» ұғымдарына берген түсініктемелерін негізге алуға тұрарлық. Соңғы жылдары өмірімізге берік енген «Наурыз» дәстүрлеріндегі салтқа «Жарапазан» айту мысал бола алады. Наурыз мейрамында бұдан басқа да әдет – ғұрыптар, ырымдар мен рәсімдер, жол – жоралғылар қолданылуы мүмкін.
Салт – дәстүр мен ырым – жоралғы саласындағы қазақ халқының тәрбие тәжірибесінің мұндағы балаға қойылатын талаптарды С.А.Ұзақбаева мен Б.Ж.Мұқанова өздерінің «Қазақ этнопедагогикасы тәлімдік тағылымдары» еңбегінде талдап берген. «Әке мен ұлдың, шеше мен қыздың, ене мен қыздың, шеше мен ұлдың, келін мен қайын ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, күйеуі мен қайын ененің, бажалардың, жезделердің, бөлелердің және т.б толып жатқан туған – туыстардың, жекжаттардың арасындағы өте бір нәзік жарасымды өзара қатынасы инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелейді», - деп атап көрсетеді. Салт – дәстүрдің қоғамдағы маңызы туралы көптеген ғалымдардың (С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева, М.Х.Мұханбаева, К.Ж.Қожахметова, Б.Ж.Мұқанова т.б) еңбегінде сөз болды. Бұл авторлардың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға берген ғылыми бағалары мен оларды пайдалануға байланысты ұсыныстардың мәні зор. Осы еңбектерге жасалған талдамалар, оларды көрсетілген дәстүрлерді былайша топтастыруға мүмкіндік береді:
- тұрмыс салт – дәстүрлері
- бала тәрбиесіне байланысты әдет – ғұрыптар(шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, шежіре үйрету,киелі сандар).
- үйлену, үй болуға байланысты салт – дәстүрлер (атастыру, құда түсу, ұрын келу, ілу тойы, үкі тағу, қыз ұзату, келін түсіру)
- адам қайтыс болғанға байланысты әдет – ғұрыптар (арыздасу, қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау, қаралы үй, қырқы, жылы, шек беру, ас беру)
- халық мейрамдары (наурыз, т.б.)
- діни мейрамдар (ораза айт, құрбан айт)
- қонақ күту дәстүрлері
- шежіре үйрету дәстүрлері
- киелі сандарға байланысты ырымдар
- бата – тілек түрлері
- діни наным – сенімдерге байланысты салт – дәстүрлер.
Жалпы ұлттық идеяларды іздестіру барған сайын көкейтесті сипатқа ие болып отырғандығы жайлы Елбасы Қазақстан халықтары Ассамблеясының үшінші сессиясында жасаған «Қоғамдық келісім Қазақстанның демократиялық дамуының негізгі» атты баяндамасында атап өткені белгілі.
«Идея» философия теориясында ойлау мен болмыстың мән- мағынасын, олардың өзара байланысын білдіретін арнайы ғылыми категория болып есептелінеді. Философия тарихында «Идея» категориясы әр түрлі мағнада қарастырылған. Бірде сезімдік бейне, бірде заттың мәні, субьектінің әсерленуі, түсінуі, дүние тудыратын шығармашылық бастау деп те айқындалады.
Бүгінгі таңдағы жарық көрген басылымдарды ұлт мәдениетінің тарихы Орхон- Енисей жазуларының бұрын, II-III ғасырлардан басталады деген пікірлер айтылып жүр. Әйтсе де, оны дәлелдейтін ғылыми- зерттеу еңбектері әзірге жоқ. Ұлт тарихы мен мәдениетіне байланысты еңбектерде мынадай ой- тұжырымдар кездеседі: Орхон жазбаларындағы негізгі идеялар - «Өз елін, өз жерін басқыншылардан, сыртқы жаулардан қорғау, атжалын тартып мініп, қолына қару алған жас батырдың ел намысы үшін жаулармен ерлік шайқастағы қаһармандығын, өз халқының тәуелсіздігі, намысы үшін түн ұйқысын төрт бөлген ерлік қимылын марапаттау». «Орхон ескерткіштеріндегі тәлімдік идеяларды оқып үйренудің жастардың өз халқына, жеріне, тіліне көзқарасын, азат өмір сүру құқығын сезіне білу деңгейін қалыптастырудағы мәні ерекше».
Түркі жағдаяттарындағы ғұламалардың (Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, А.Игүнеки, А.Иассауи т.б.) мұраларындағы педагогикалық көзқарастар мен идеялар Қ.Жарықбаевтың зерттеу еңбегіндегі мазмұндалады. Қазақ философтары Қ.Бейсенбаев, А.Қасабеков, А.Алтаев, т.б. осы жөнінде келелі пікір айтып, қорытындылар жасайды.
С.А.Ұзақбаеваның халық шығармашылығына салт – дәстүріне берген сипаттамаларынан да қазақ халқының қоршаған орта, қоғам, табиғат адам жөнінде білім қазынасын көруге болады. Автордың халықтық ілімдерді этнопедагогикалық білім беру, мазмұнындағы өзара байланысты төрт элемент арқылы болып көрсетуге болашақ ұстаздар үшін көмек.[40]
Қазақ этнопедагогикасын бастауыш сыныптың оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану мақсатында оның мынандай функциялық мүмкіндіктеріне тоқталамыз: танымдық, тәрбиелеушілік, дамытушылық, коммуникативтік, әлеуметтендіру.
Танымдық функциясы жеткіншіктерге өз ұлының рухани – мәдени қазынасын жаңа қырынан танып білуге, әрбір тарихи кезеңдердегі дүниенің заттық сезімдік құндылықтарын бағалай білуге болмыстағы, қоғамдағы қарама – қайшылықтары оның даму үрдісін байқап, бағандап, идеологиялық бағытын ойлау, сөйлеу, қиял сияқты түрлерінің қай-қайсының да дамытушылық мүмкіндігі мол.
Ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге жеткен халықтың қазына ертегі жұмбақтар, қараесептер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер ән-күй мен қолөнері түрік ғұламалары мен қазақ ойшылдарының ағартушы – жазушыларының, белгілі қоғам қайраткерлерінің мұралары білімінің бастау көзі болып табылады. Тарихи оқиғалардың, тарихи тұлғалардың халық санасында берік сақталуы да сол рухани мұралардың арқасында. Рухани қазына, яғни этнопедогогикалық материалдар – тек дүниені тану ғана емес, тұлғаның өзін – өзі тану құралы. Этнопедагогикалық мұра өнер шығармалары түрінде жас буынның талғамын, қажеттіліктерін, құндылық бағдарын қалыптастырады. Эстетикалық құндылықтарды иеленген адам дүниеге басқаша көзбен қарап, көзқарасы өзгереді, тіпті күнделікті үйреншікті өмірде қолданылатын заттарға сұлу сипат беруге ұмтылады, іс- әрекет, шығармашылық қалыптасады. Қоршаған табиғаттың, қоғамдық ортаның адамдардың әсемділігін сезінуге талпынады. Этнопедогогика материалдарының көпшілігін өнер туындылары құрайды. Өнердің сендірушілік, иландырушылық функциясы дінді уағыздауға пайдаланылатындығы белгілі. Ғалым болжау негізінде ой тұжырымдаса, суретке оны бейне – кейіпкер ретінде көрсетіп, белгілі бір ой – пікір мен сезім тудырады. Интуициялық ой – қиялдың негізінде ғажайып фантастикалық, фольклорлық шығармалар дүниеге келген. Адамның осындай секірмелі сипаттағы ойлау қабілетін бүгінгі нейро – физиология мен психология ғылымы дәлелдеп отыр. Ой - сананың осы қабілеті тек индуктивті бағытымен ғана емес, болашақтың ықтималдық дамуын сипаттай алумен, алдын – ала сезгіштігімен ерекшеленеді.
Тәрбиелік функция қазақ халқының жеткіншек ұрпақты күнделікті өмірге бейімдеп, болашағына бағыт – бағдар беруінен байқалады. Үлкендер әрдайым ат жалын тартып мінуге талпынған жас буынға қоғамдағы өз міндетін жауапкершілікпен бұлжытпай орындауға, қажымай – талмай еңбек етуге көмектесіп, оларға қажетті білім, іскерлік, дағдыларды меңгертуді көздеген.
Халық шығармашылығындағы, салт – дәстүрлер мен әдет – ғұрыптардағы өнегелі үлгілер мен даналық көзқарастар, идеялармен дидактикалық білімдер жеке тұлғаның адамгершілік, эстетикалық түсініктерін, өмірге деген жүйелі көзқарастарын қалыптастыруға, жазылмаған заңдар мен қоғамда қабылданған. Қазақ этнопедагогикасы мазмұнда қоғамның даму барысында қалыптасқан жалпы азаматтық құндылықтары мен өщпес моральдық (адалдық, щыншылдық, борыш, парасаттылық,жауапкершілік, ар, намыс, ұят, ізгілік, еңбекқорлық) – бүгін талабына сай сапа қасиеттерді (мемлекеттік рәміздерді, Заң, Конституцияны құрметтеу, еңбек етуге адал да жауапкершілікпен қарау) тәрбиелеудің қайнар көзі. Егер Дулат Бабатайұлы пайымдаған «кісілік келбет» ұғымы, Өтемісұлы, Сүйінбай, Шортанбай сияқты зар – заман алыптарының ақындық жыраулық дәстүрі жаңа заман ұрпағының рухани жетілуіне, жеке тұлға ретінде қалыптасуына азаматтық тұрғыда өзін – өзі ықпал етсе, қазақ ертегілері баланы жақсыдан, жаманды айыра білуге, туған Отанын, елі мен жерін табиғатты тәрбиелеп қастерлеуге тәрбиелейді, ата мұра дәстүріне аялы көзқарасын, әлеуметтік мінез – құлқын қалыптастырады.
Сондай – ақ XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар мен ақындардың гуманистік тұрғыдағы философиялық-дидактикалық тұжырымдары қазіргі жас республика азаматының ұлттық санасын ояту, патриотизімін қалыптастыруда, ел Президентінің Қазақстан – 2030 жолдауының стратегиялық бағыты ел бірлігін сақтауды жүзеге асыруда пәрменді құрал болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |