Афферентті жүйкелер ұштарының сезімталдығын төмендететін немесе олардың Қозуына


Б. ЭФФЕРЕНТТІ ИННЕРВАЦИЯҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛІК



бет5/15
Дата19.09.2023
өлшемі0,56 Mb.
#108741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ф КАЗ 51-97

Б. ЭФФЕРЕНТТІ ИННЕРВАЦИЯҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛІК ЗАТТАР (3, 4 тараулар)
Эфферентті иннервацияға вегетативті жүйкелер (ішкі мүшелерді, қан тамырларын, бездерді иннервациялайды) мен каңқа бұлшық еттерінің қозғалыс жүйкелері жатады.
Вегетативті иннервация көбінесе қызметші жүйке синапстардан бөлінетін медиаторларға байланысты холинергиялық немесе парасимпатикалық (медиаторы ацетилхолин) және адренергиялық немесе симпатикалық (медиаторы норадреналин) деп бөлінеді.
Вегетативті жүйкенің эфферентті жолы екі нейроннан тұрады: преганглионарлы және ганглионарлы. Холинергиялық иннервацияда преганглионарлы нейрондардың денесі краниосакралды орналасқан. Краниалды ядролар орта және сопақша мида орналасқан. Берілген жағдайда холинергиялық талшыктар бас сүйегі жүйкелерінің кұрамында жүреді: Ш (n.осиloтоtоrіиs), VII (n.facialis), IX (п.glossopharyngeus) және X (n.vagus) жұптары. Сакралды бөлімдерде преганглионарлы нейрондар жұлынның сұр затының бүйірлік мүйіздерінен шығады.
Адренергиялык иннервацияда преганглионарлы нейрондардың денесі көбінесе жұлынның тораколюмбалды бөлімінің (С8 Тһ1 –L3 ) бүйірлік мүйіздерінде орналасқан.
Холинергиялық және адренергиялық иннервациялардың преганглионарлы нейрондарының аксондары ганглийлық нейрондармен синаптикалық байланыс түзетін вегетативті ганглийлерде аяқталады. Симпатикалық ганглийлер мүшеден тыс, ал парасимпатикалықтар көбіне мүшелердің өзінде орналасқан. Симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлерде негізгі медиатор болып ацетилхолин' табылады.
Жоғарыда айтылғандай, вегетативі холинергиялық және адренергиялық иннервация екі нейрондардан тұрады. Тек хромаффинді жасушалардан
1 Сондай-ақ вегетативті ганглийлерде медиатор қызметін немесе нейромодуляторларды көптеген басқа да биологиялық белсенді заттар (гонадотропты гормондарды босатып шығаратын гормон, Р субстанциясы, дофамин және т.б.) орындайды.
62
құралған бүйрек үсті безінің милы қабатының эфферентті жүйкесінен басқасы. Соңғылары симпатикалық ганглийлер нейрондарымен эмбриогенетикалық туыстар. Сондықтан бүйрек үсті безінің милы қабатын иннервациялауға тек медиаторы ацетилхолин преганглионарлы (холинергиялық) нейрондар қатысады. Осылай, берілген жағдайда дара нейронды жол бар. Бұл нейрондарды тітіркендіргенде бүйрек үсті безінің хромаффинді жасушаларынан адреналин бөлінеді.
Ішкі мүшелерді иннервациялауда пуринергиялық жүйенің
қатысатыны дәлелденген. Холинергиялық және адренергиялық иннервация
талшықтарында везикулада мүмкін болатын медиатордың (немесе
комедиатордың) рөлін атқарту жүктелген аденозинтрифосфат (АТФ) бар.
Шеткі жүйке ұштары (варикозды кеңеюлер) АТФ және оның ыдыраудағы
өнімдерін (сонымен қатар аденозин) бөледі, бұл ішектің тегіс бұлшық етіне
тежегіш әсер көрсетуі, сол сияқты бронх бұлшық еттерінің босаңсуын
шақыруы мүмкін және қуықты тарылтып, тамырлардың кеңеюіне әкеледі.
Арнайы пуринергиялық талшықтардың да (постганглионарлы) бар екені
белгілі. Пуриндік рецепторлардың 2 түрі бар деп саналады: Р1 (АТФ-қа
қарағанда аденозинге сезімталдығы жоғары) және Р2 (аденозинге қарағанда
АТФ-қа сезімталдығы жоғары). Өз кезегімен Р1 -рецепторлар аденозиндік
А1-рецепторлар (аденилатциклазаны тежейді), А2- рецепторлар
(аденилатциклазаны белсендіреді)1 деп бөлінеді. Аденозин пресинаптикалық
әсер көрсетіп, медиаторлардың босап шығуын тежейді. Сондықтан аденозин
аффрентті жүйкелердің ноцицептор талшықтарын қоздыратыны белгілі.
Сондай-ақ, шеткі дофаминергиялық нейрондар бар. Симпатикалық
ганглийлерде аралық дофаминергиялық нейрондардың бар
екені белгілі. Сонымен қатар, ынталандырған кезде оң инотропты әсер, сол
сияқты бүйрек, тәждік, ми және бірқатар тамырларды кеңейтетін арнайы
дофаминдік нейрондар табылды (14, 14.5 тарауды қара). Дофаминдік
рецепторлардың 5 тип тармағы бар: D] -рецепторлар ( D], D5 топшалар) және
D2-рецепторлар (D2,D3, D4 топшалар) топтары. D] -рецепторлар
аденилатциклазаны белсендіреді және цАМФ мөлшерін жоғарылатады)
көбінесе постинаптикалық тежеулер шақырады (ОЖЖ-не таңдамалы). D2
рецепторлар (аденилатциклазаны тежейді) пре- және постсинаптикалық
тежеулер шақырады. Пресинаптикалық D2-рецепторларды қоздыру ОЖЖ-
де немесе шетте медиаторлардың босап шығуын тежейді. Шеткі әсерлері
(оң инотропты және тамырларды кеңейту) пресинаптикалық D5-
рецепторлардың белсенуіне байланысты. Дегенмен, варикозды кеңеюлерден
1 Аденозиндік А3-рецепторлар ашылды. Көбіне олар мес жасушаларында болады, айтуынша, олар бронхоспазмның пайда болуына себепкер.
63
норадреналиннің (дофаминнің) босап шығуының тежелуінде байқалатын пресинаптикалық дофаминдік рецепторларға ынталандырғыш қасиеттердің соңғы әсерлерге айтарлықтай маңызы бар.
Шеткі иннервацияда (және ОЖЖ-де) серотонин белгілі рөл атқарады. Бірақ бұл моноамин көбінесе хромаффиндік жасушаларда (шамамен 90%) болады, ол тағы нейрондарда (серотонинергиялық нейрондар) кездеседі. Шеткі нейрондарда серотониндік рецепторлар (5-НТ3- рецепторлар), шеттегі және ОЖЖ-дегі пресинаптикалық серотониндік рецепторлар (5-НТ]- рецепторлар) және ОЖЖ-сі мен тегіс бұлшық еттерде постсинаптикалық серотониндік рецепторлар (5-НТ2-рецепторлар) бар, Сонымен, 5-НТ3- рецепторлар (және мүмкін 5-НТ4) ас қорыту каналының интрамуралды тұтасқан нейрондарында болады. Серотонин осы рецепторларды қоздырып,ацетилхолиннің бөлінуіне ықпал жасайды және ішектің жиырылуын жоғарылатады. Пресинаптикалық 5-НТ]-рецепторларды қоздыру серотониннің (норадреналиннің) бөлінуін тежейді. Серотониннің 5- НТ2-рецепторларға әсері тегіс бұлшық еттердің тарылуын шақырады. Одан басқа серотонин 5-НТ3-рецепторлары бар афферентті жүйке ұштарындағы ноцицепторлардың сезімталдығын жоғарылатады.
Соңғы жылдары азот тотығына (N0) көп көңіл аударуда. Ол ас қорыту жолдарының, кіші жамбас мүшелерінің және кеңірдектің иннервациясына қатысатын жүйкелермен өндіріледі және медиатор рөлін атқарады. Медиаторлары N0 болып келетін нейрондарды нитрергиялық (немесе нитроксидергиялық) деп атау ұсынылған. N0 ағзада NО-синтетаза' қатысында α-аргининнен пайда болады.
Ішкі мүшелердің қызметін реттеуде зат алмасуда маңызды рөл атқаратын пептидтердің бірталайы ашылды. Олардың ішінде бірқатары қозудың берілуіне медиатор немесе модулятор ретінде қатысады. Осылай ас қорыту жолдарының интрамуралды ганглийлердің нейрондарында
1 NО-синтетазаның 3 изоформасы танымал (N0S):
N0S-1 немесс nNОS (ағылшын тілінен neuronal; айрыкша жүйке тіндерінде болады);
N0S-2 немесе iN0S (іnducible; ағылшын тілінен to induce- шақыру; қабыну кездерінде пайда болатын кейбір цитокининдердің және басқа қосылыстардың әсерімен өндіріледі. Макрофагтарда, гепатодиттерде, тамырлар мен фибробластардың тегіс бұлшык еттерінде, эпиталиалды жасушаларда болады);
N0S-3 немесе eN0S (ағылшын тілінен endothelial; эндотслийлердс болады).
N0S-1 және N0S-3 әдетте eN0S деп белгілснеді (ағылшын тілінен constitutive-құратын, елеулі; физиологиялық жағдайларда жасушаларда пайда болады.)
N0 өнімінің жоғарылауымен жүретін патологиялық жағдайларда қызығушылық мүмкіндігін тудыратын, келтірілген әрбір N0 синтетаза изоформасының таңдамалы тежегіштері алынған.
64
тахикининдер табылған (мысалы, Р субстанциясы). Олар ішек
моторикасына ынталандырғыш әсер көрсетеді.
Жүрек-тамыр жүйесін иниервациялауға қатысатын шеткі нейрондарда Y нейропептид бар, олар адренергиялық иннервацияның варикозды кеңеюлеріндегі үлкен везикулаларда жиналған. Ү нейропептид адреноблокаторлармен басылмайтын вазоконстрикция шақырады. Мұндай 2 немесе одан да көп медиаторлардың(модуляторлардың) бір нейронда болуы жиі кездеседі. Аталған мысал адренергиялық иннервацияға жатады. Холинергиялық иннервацияға сәйкес сілекей бездерін иннервациялайтын нейрондарда вазоактивті интестиналды пептидті (VІР1) ацетилхолиннің бар екендігі мәлім.Екі қосылыс та холинергиялық талшықтар ұштарынан бөлінеді.Бұл кезде ацетилхолин сілекейдің бөлінуін ынталандырады, ал VIР саливацияның жоғарылауында сілекей бездерін қанмен қамтамасыздануына қажет
болатын вазодилатация шақырады.
Қаңка бұлшық еттерін иннервациялайтын қоздырғыш нейрондар
холинергиялық (тегіс бұлшык еттік берілу ацетилхолиннің қатысында іске
асады) болып табылады. Олардың денелері жұлынның алдыңғы
мүйіздерінде, сондай-ақ кейбір бас сүйегі жүйкелерінің ядроларында
орналасқан, ал аксондар үзілместен каңка бұлшық еттерінің соңғы
пластинкаларына дейін барады.
Химиялық қосылыстар синаптикалық берілудің түрлі кезеңдеріне әсер етуі мүмкін (3 және 4 тарауды қара). Бірақ заттардың әсерлеріне "нысана" болып рецептордың эффектормен байланыс жүйесінің түрлі звенолары болуы мүмкіндігін ескеру керек. Жасуша мембранасының ферменттері арнайы реттеуші белоктардьң қатысында рецепторлармен байланыста болу мүмкіндігі мәлім. Мысалы, агонистердің әсерінен сәйкес рецепторларға аденилатциклазаның белсенділігі рецепторларды қоздырғанда белсенетін G-белоктарымен (гуаниндік нуклеотидтерді байланыстыратын белоктар2) реттеледі. Аденилатциклазаны белсендіретін (Gs) және тежейтін (Gi) G-белоктар бар.Gs -белокпен тырысқақ вибрионының токсині, ал Gi-белокпен көкжөтел қоздырғышының токсині байланысады. Сондықтан G-белоктарына химиялық заттардың тікелей әсері бар мүмкіндігі дәлелденген. Бірақ мұндай әсерлі дәрілік заттар әзірге жоқ. Сонымен қатар кейбір екіншілік таратушылардың биосинтезі мен биотрансформациясын реттейтін ферменттерге тікелей әсер етуге болады. Аденилатциклазаға тікелей ынталандырғыш әсер көрсететін (рецептордан және G-белоктан тыс) зат анық, бұл өсімдік тектес дитерпен - форсколин3 (тәжірибелік зерттеулерде
1 VІР — ағылшын тілінен vasoactive intestinal peptide
2 G- белоктың қызметі жайлы 21 бетті қара.
3 Coleus forskohlii өсімдігінен бөлініп алынған.
65
қолданылады). Фосфодиэстераза ферментін тежеп (мысалы, метилксантиндер), цАМФ-ты 5 -АМФ-қа айналдыратын заттар да бар Форсколин де, метилксантиндер де жасуша ішіндегі цАМФ-тың деңгейін жоғарылатады: форсколин цАМФ-тың пайда болуын ынталандыру арқылы, ал метилксантиндер олардың гидролизін тежеу арқылы.
Берілген тарауда эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілік заттардың жүйеленуі көбінесе жүйкелік қозулардың ацетилхолиндік немесе норадреналиндік берілулері бар синапстарға әсерінің бағытына байланысты құрастырылған. Заттардың 2 негізгі топтарын бөледі; 1) холинергиялық синапстарға әсер ететін заттар; 2) адренергиялық синапстарға әсер ететін заттар. Бұл топтар барынша зерттелген және медициналық практикада кеңінен қолданылады.
3 Тарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет