Афферентті жүйкелер ұштарының сезімталдығын төмендететін немесе олардың Қозуына



бет9/15
Дата19.09.2023
өлшемі0,56 Mb.
#108741
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Ф КАЗ 51-97

3.3. МУСКАРИНГЕ СЕЗІМТАЛ ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР
3.3.1. М-ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЗАТТАР (М-ХОЛИНОМИМЕТИКТЕР НЕМЕСЕ МУСКАРИНОМИМЕТИКАЛЫҚ ЗАТТАР)
М-холиномиметиктер М-холинорецепторларға тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді. Мұндай заттардың эталоны болып М-холинорецепторларға таңдамалы әсері бар мускарин алколоиды жүреді. Мухоморларда кездесетін мускарин жедел уланулардың себептері болуы мүмкін. Дәрілік заттар ретінде қолданылмайды.
Медициналық практикада М-холиномиметиктерден үшіншілік аминдерге жататын пилокарпии мен ацеклидин кеңінен қолданылады.
Пилокарпин-Оңтүстік Америкада өсетін Pilocarpus pennatifolius Jaborandi өсімдігінің кұрамында болатын алколоид. Синтетикалык жолмен алынған; метилимидазол туындысы. Тікелей М-холиномиметикалық әсер көрсетеді. Вегетативті холинергиялық жүйкелерді қоздырғанда байқалатын қасиеттерге ұқсас әсерлер көрсетеді (3.3. кестені қара). Пилокарпин әсіресе бездердің секрециясын жоғарылатады. Ол көз қарашығын тарылтады және көз іші қысымын төмендетеді. Сонымен қатар аккомодация спазмын шақырады. Осылай, берілген параметрлер холинэстеразаға қарсы заттардың әсеріне ұқсас өзгереді. Негізгі айырмашылығы - пилокарпин көз бұлшық еттерінің М-холинорецепторларына тікелей әсер көрсетеді, ал холинэстеразага қарсы заттар ацитилхолинэстеразаны тежеу аркылы. Практикалық медицинада пилокарпин глаукоманы емдеуде көз тамшылары түрінде қолданылады. Резорбтивті әсер үшін ол қолданылмайды.
Ацеклидин- тікелей әсерлі синтетикалык М-холиномиметик. Бұл 3-оксихинуклидиннің күрделі эфирі. Жергілікті және резорбтивті түрде қолданылады. Ацеклидин глаукомада, сонымен қатар асқазан-ішек жолдарының, қуықтың, жатырдың атониясында тағайындалады.
Ацеклидинді және басқа да М-холиномиметиктерді мөлшерден тыс енгізгенде физиологиялық антагонистер ретінде М-холиноблокаторлар (атропин, атропин тәрізді заттар) қолданылады.
77
3.3. Кесте. М-холинорецепторлардың агонистері мен антагонистерінің кейбір әсерлері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет