Афферентті жүйкелер ұштарының сезімталдығын төмендететін немесе олардың Қозуына



бет13/15
Дата04.05.2023
өлшемі0,56 Mb.
#89907
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Ф КАЗ 51-97

б) Жүйке-булшық еттік берілуді тежейтін заттар (кураре тәрізді заттар нсмссе шеткі әссрлі миорелаксанттар')
Бұл фармакологиялық заттар тобының негізгі әсерлері жүйке-бұлшық еттік козудың берілуін тежей отырып, каңқа бүлшык еттсрінің босаңсуын шақыру. Алғашқыда мұндай касиеттер курареден байқалған, сондыктан осы топтың заттарын кураре тәрізді заттар деп атайды.
Кураре Оңтүстік Америкада өсетін Struhnos және Сһопdodendron өсімдіктерінің сығындысы. Көптеген жүз жылдар бойы кураре садақ уы ретінде қолданылған. XX г. 40-шы жылдары оны медицинадақ қолдана бастады. Кураре құрамында бірталай алколоидтар бар: негізгілерінің бірі -тубокурарин (препаратын өсімдік шикізатынан алады). Соңымен қатар, басқа да кураре тәрізді синтетикалық, жартылай синтетикалык және өсімдіктерден; алынатын препараттар бар. Олардың бәрі козғалтқыш жүйкелерінен каңқа бұлшық еттеріне қозудың берілуін тежейді.
Химиялық кұрылымы бойьшша кураре тәрізді заттардың көпшілігі
' Миорелаксанттар — бұлшық еттерді босансытатын заттар. Грек тілінен туs- бұлшық еттер және лат. тілінен relaxatio-босаңсыту. Шеткі әсерлі миорслаксанттармен қатар ор талық әсерлі миорслаксанттар, мысалы м и д о к а л м (толпсризон), сирдалуд(тизаиидин), диазепам (анксиолитиктерді қара)бар.
90
төртіншілік аммоний қосылыстарына жатады. Келесі препараттар кеңінен қолданылады: тубокурарин хлориді1, панкуроний бромиді, атракурий,
дитилин2.
Төртіншілік аммоний қосылыстарында екі катиондык орталыктары (оң зарядталған азот атомдары) бар. Кураре тәрізді белсенділігі катиондық орталықтары зарядтарының концентрациясына, оларды жабушы радикалдардың сипатына, азот атомдарының ара қашықтықтарына және молекуланың орталық бөлігінің кұрылымына байланысты. Катиондық орталықтарына орай Н-холинорецепторлардың анионды құрылысымен
полярлық байланыстар жүреді. Сонымен қатар полярлы емес байланыстар белгілі бір рөл атқарады. Катиондық орталықгардың арақашықтығы Н-холинорецепторлардың анионды кұрылысының бір бірінен алыстығын көрсетеді деп санайды. Көптеген кураре тәрізді заттарга азот атомдарының арақашықтығы 1,4-1,5 нм (14-15 Е; шамамен 10 көміртектік атомдар тізбегінің ұзындығына сай). Катиондық орталықтардың арақашыктығы (басқаша препараттар да белгілі, бұл холинорецепторлардың аниондық орталықтарының арақашыктығытын әр түрлілігімен түсіндіріледі.
Кураре тәрізді заттар шектеуші пластинкалардың Н-холинорецепторларымен байланысып, постсинаптикалық мембрана деңгейінде жүйке-бұлшық еттік қозудың берілуін тежейді. Бірак, әр түрлі кураре тәрізді заттармен шақырылған жүйке-бұлшық еттік тежелудің генезі әр калай болуы мүмкін. Әсер ету механизміне байланысты олар келесі негізгі топтарға бөлінеді:

  1. Деполяризацияға қарсы (деполяризацияламайтын) заттар
    Тубокурарин хлориді Панкуроний бромиді Пипекуроний бромиді

  2. Деполяризациялаушы заттар
    Дитилин

  3. Әсері аралас заттар
    Диоксоний

Деполярюацияға қарсы препараттар Н-холинорецепторларды тежеп, ацетилхолиннің деполяризациялаушы әсеріне кедергі жасайды. Иондық каналдарға тежегіш әсері екінші дәрежелі болып қалады. Деполяризацияға қарсы заттар бәсекелес және бәсекелес емес Н-холиноблокаторлар болуы ықтимал. Осылай, Н-холинорецепторларга әсер етуіне байланысты кураре тәрізді заттар (мысалы, тубокурарин) мен ацетихолин арасында нағыз
1 Синонимі; тубарин. Тубокураринде азот атомының біреуі төртіншілік, екіншісі
-үшіншілік. г
2 Дихлорид және дибромид түрлерінде ұқсас препараттар келесі аттармен белгілі:
суксаметоний хлориді, листенон, миорелаксин, сукцинилхолиний хлориді және т.б.
91
бәсекелес антагонизм болуы мүмкін. Тубокураринмен шақырылған жүйке бұлшық еттік тежелуінде шектеуші пластинкалардын Н-холинорецепторлар аймағында ацетихолиннің концентрациясын жоғарылатса бұл жүйке-бұлшық еттік берілуді бастапқы қалпына әкеледі (бәсекелес әсерлі ацетихолин холинорецепторлармен байланысып тұрған тубокураринді ығыстырып шығарады). Егер мұнда қайталап тубокурариннің концентрациясьн жоғарылатса, онда тежегіш әсерлер қайта дамиды. Осындай принциппен әсер ететін кураре тәрізді заттар бәсекелес деп аталады. Бәсекелес әсерлі препараттарға, сондай-ақ панкуроний (павулон), пипекуро н и й (ардуан), векуроний, атракурий жатады. Одан басқа әсері бәсекелес емес препараттар бар (мысалы, п р е с т о н а л). Бұл жағдайда кураре тәрізді препараттар және ацетихолин әр түрлі, бірақ өзара байланысқан шектеуші пластинкалардың рецепторлық субстраттарымен байланысады. Деполяризацияға қарсы кураре тәрізді заттардың әсерлерінің белсенділігі мен ұзактығы наркозға арналған заттардыц әсерімен өзгеру мүмкін. Сонымен, эфир және аз дәрежеде фторотан деполяризацияға қарсы кураре тәрізді заттардың миопаралитикалық әсерлерін күшейтеді және ұзартады, азоттың шала тотығы мен циклопропан олардын белсенділігіне әсер етпейді. Деполяризацияға қарсы кураре тәрізді препараттардың тежегіш әсері гексенал немесе натрий тиопенталының қатысында сәл күшеюі мүмкін Деполяризациялаушы заттар (мысалы, дитилин) Н-холинорецептор ларды қоздырып, постсинаптикалық мембрананың тұрақты деполяризациясын шақырады. Деполяризациянын алғашқы басталуында бұлшық еттің тартылуы - фасцикуляция болады (жүйке-бұлшық еттік берілу қысқа уақытқа жеңілдейді). Аз уақыттан кейін миопаралитикалық әсер басталады.
Жеке кураре тәрізді заттар аралас әсерлерімен сипатталады (деполяризациялаушы және деполяризацияға қарсы әсерлері бірге жүреді). Бұл топқа диоксоний (деполяризацнялаушы бәсекелес емес препарат) жатады. Алғашында қысқа уакытқа дсполяризация шакырады, кейіннен ол әсер деполяризацияламайтын тежеуге айналады.
Жоғарыда айтылғандай кураре тәрізді заттардың негізгі қасиеті олардың миопаралитикалық әсері. Белсенділігіне байланысты (мөлшерлерін салыстыра отырып) негізгі препараттарды келесі түрде ретке қоюға болады: пипекуроний > панкуроний > тубокурарин > дитилин.
Кураре тәрізді заттар бұлшық еттерді белгілі бір ретпен босаңсытады. Олардың көбі бірінші жақ пен мойынның, кейіннен қол-аяқтың, кеуденің бұлшық еттерінің жүйке-бұлшық еттік синапстарын тежейді. Заттардың
92


әсеріне тыныс алу бұлшық еттері тұрақты. Соңғы кезекте тыныс алудын тоқтауымен жүретін диафрагма салданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет