Афферентті жүйкелер ұштарының сезімталдығын төмендететін немесе олардың Қозуына


НИКОТИНГЕ СЕЗТМТАЛ ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ



бет12/15
Дата04.05.2023
өлшемі0,56 Mb.
#89907
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Ф КАЗ 51-97

3.4.2. НИКОТИНГЕ СЕЗТМТАЛ ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОЛАРМЕН БАЙЛАНЫСҚАН ИОНДЫҚ КАНАЛДАРДЫ ТЕЖЕЙТН ЗАТТАР
Бұл топка ганглиоблокаторлық заттар, жүйке-бұлшық еттік синапстардың тежегіштері және кейбір ортальқ холиноблокаторлар жатады.
а) Вегетативті ганглийлерде козудың өтуін тежейтіп заттар (ганглиоблокаторлар)
Ганглиоблокаторлык заттар симпатикалық және парасимпатикалык ганглийлерді, сонымен қатар бүйрек үсті безінін милы затының және каротидті шумакгардыц Н-холинорецепторларын тежейді.
Химиялық кұрылымы бойынша негізгі ганпгаоблокаторлар топтары келесі түрде берілуі мүмкін:
І.Бис-төртіншілік аммоний қосылыстары Бензогексоний' Пентамин Гигроний
2. Үшіншілік аминдер
Пирилен2 Пахикарпин гидройодиді
Медициналық практикада қолданылатын ганглиоблокаторлар әсер ету механизмі бойынша деполяризацияға қарсы заттарға жатады. Бірқатар ганглиоблокаторлар (гексоний, пирилен) Н-холинорецепторларды емес ашық иондық каналдарды тежейді. Сонымен қатар басқа да ганглиоблокаторлар (мысалы, арфонад) Н-холинорецепторларды тежейді (холинорецепторларды танитындар).
Ганглиоблокаторлардың резорбтивті әсерлерінде байқалатын фармакотерапиялық маңызы бар негізгі қасиеттерге келесілер жатады. Симпатикалық ганглийлерді тежеуіне байланысты қан тамырлары кеңейеді (артериялық, көк тамырлық), артериялық және көк тамырлық қысымдар
1 Дийодидтер және дибромидтер түрінде ұқсас гексаметоний, гексоиий және т.б.
аттармен препараттары шығарылады.
2 Шетелде битартрат түрінде ұксас пемпидин және т.б. аттармсн препарат
шығарылады.
87
төмендейді. Шеткі тамырларды кеңейту (мысалы аяктың тамырларын) аталган жердегі қан айналымьн жақсартады. Парасимпатикалык ганглийлерде импульстің өтуін тежеу сілекей, асқазан бездері секрециясының төмендеуімсн және ас қорыту жолдары моторикасының бәсеңдеуімен байқалады. Ганглиоблокаторлардың вегетативті ганглийлерге тежегіш әсері ішкі мүшелердің рефлекторлы реакцияларының төмендеуінің себебі болады.
Ганглиоблокаторлық әсерлердің айқындығы аталған орталықтардың бастапқы тұрғыдағы тонусына байланысты екенін ескеру керек. Егер экспериментте тамыр козғалтқыш орталығы бұзылған болса ганглиоблокаторлар артериялык қысымды төмендетпейді. Керісінше, адренергиялык (симпатикалык) иннервацияның жоғары тонусында анық байқалады.
Препараттардың екі түрлері бар. Біріншісі ұзак колдануға арналған. Мұндай заттарға келесі негізгі талаптар қойылады: әр түрлі жолмен енгізгенде олардың белсенділігі жоғары, әсері ұзақ, уыттығы төмен болуы тиіс және күрделі жанама әсерлері болмауы керек. Оларға бейімделу баяу дамуы немесе мүлде дамымауы керек.
Көрсетілген препараттар ішінен үзак колдапуға колайлы үшіншілік аминдер, мысалы п и р и л е н (пемпидин тозилаты). Ол асқазан-ішек жолдарынан жаксы сінеді. белсенділігі айқын және әсері ұзақ (8 сағ және одан да ұзақ). Белсенділігі жағынан ол бензогексонийге (төменді қара) ұксас, бірақ уыттығы төмен. Үшіншілік аминдерді тағайындағанда төртіншілік аммоний тұздарынан айырмашылығы олардың гематоэнцефалды тосқауылдан жақсы өтетінін ескеру керек. Бұл қасиеті ОЖЖ-нің кызметіне теріс әсерінің себебі болуы мүмкін (пириленді қолданғанда кейде жылдам басталатын психикалык бұзылыстар, дірілдеу және т.б. байқалады).
Үшіншілік амиидерге, сондай-ақ ганглиоблокатор пахикарпин гидроподиді жатады. Бұл есекмия (софора толстоплодный) (Sорһоrа раһусаrра) өсімдігі құрамындағы алколоидтың тұзы. Ганглиоблокаторлардың белсенділігі төмен және әсері ұзақ емес. Миометрияға ынталандырғыш әсер көрсетеді. Ол жіңішке ішектен жақсы сіңеді.
Бис-төртіншілік аммоний тұзы-бензогексонийдің жетерліктей жоғары белсенділігі мен айқын таңдамалы әсері бар, бірак әсерінің ұзақтығы шамалы (3-4 сағ). Сонымен қатар асқазан-ішек жолдарынан бензогексоний нашар сіңеді. Осыған орай парентералды енгізгені жөн, бұл оның айтарлыктай кемшілігі. Аталған касиеттерді пентамин де (азаметоний бромиді, пендиомид) қамтиды. Ол әсерінің белсенділігі және ұзақтығы жағынан бензогексонийден кем.
Қарастырылған ганглиоблокаторлар ойық жараларда, облитерациялық эндоартериитте, өкпенің ісінуінде, артериялык эмболияда, сирек гипертониялык ауруларда (көбінесе гипертензивті криздерде) қолданылады.
Практикалық медицинада қысқа уақытқа колдануға арналған препараттар көп кызығушылық танытуда. Мұндай жағдайларда қысқа әсер (10-20 мин) шақыратын ганглиоблокаторлар қолданылады. Оларға гигроний және арфонад (триметафан камфорсульфонаты1) жатады. Басқа да ганглиоблокаторлар тәрізді бұлар да артериялық қысымды симпатикалық ганглийлерді тежеу аркылы төмендетеді. Арфонад гистаминнің босап шығуына ықпал жасайды және оның біраз тамырларды миотропты түрде кенейтетін әсері бар. Гигроний айқын таңдамалы ганглиоблокаторлық әсерімен сипатталады. Сонымен қатар оның уыттығы арфонадқа қарағанда 5-6 есе төмен.
Қысқа әсерлі ганглиоблокаторлар басқарылатын гипотензияда қолданылады. Көк тамырға тамшылатып немесе бөлшектеп енгізеді. Заттарды енгізуді тоқтатқаннан кейін (10-15 мин кейін) артериялық қысым бастапқы деңгейгс тез келеді. Хирургияда баскарылатын гипотензия жүрек пен тамырларга операция кезінде қолайлы және шеткі тіңдерде қан айналымды жақсартады. Артериялық кысымның томендеуі мен операция жасайтын жерде тамырлардан қан кетудің азаюы тиреоидоэктомия, мастоэктомия сияқты операцияларды жүргізуді жеңілдетеді. Нейрохирургияда бұл заттардың гипотензивті әсері ми ісінуінің даму мүмкіндігін азайтады.
Сондай-ақ ганглиоблокаторларды қолдану операция кездерінде жүректе, тамырларда және баска да ішкі мүшелердс мүмкін болатын теріс рефлекстердің белгілі дәрежеде алдын алады.
Ганглиоблокаторларды қолдануда байқалатын жанама әсерлер негізінен
негетативті ганглийлердің тежелуімен байланысты. Оларға тән жанама
әсерлердің бірі - ортостатикалык коллапс. Ол дененің қалпын күрт
өзгерткенде дамиды (мысалы, горизонталды жағдайдан вертикалдыға
ауысқанда артериялық қысымның айқын және тез түсуі байқалады). Аса
күшті гипотензияның салдарынан естен тану болуы мүмкін. Ортостатикалық
коллапстың алдын алу үшін препаратты қабылдағаннан кейін наукас 2
сағаттай жатуы тиіс. Ганглиоблокаторларды қолдануда іштің қатуын
(обстипация) тудыратын асказан-ішек жолдары моторикасының төмендеуі
жиі байқалады. Салдық илеустің2 болуы да мүмкін. Мидриаз,
аккомодациянын бұзылуы, дизартрия3, дисфагия4, зәр шығуының кідіруі
болуы мүмкін.
' Арфонадтакатион орталығының рөлін оң зарядталған күкіртатомы орындайды.
2 Ішектік өтпеу (туйілу). Грек тілінен еііео - бұрамын.
3 Анық сөйлеудін бұзылуы. Грек тілінсн dуз - жоқка шыгару, агіһгоо -косамын,
біріктіремін.
* Жұтынудын бұзылуы. Грск тілінен рһаgіа - жұту.
89
Ганглиоблокаторларды қолданғанда кауіпті асқынулар сирек кездеседі Өлім себептері әдетте тыныстың тежелуіне байланысты болады Ганглиоблокаторларды мөлшерден тыс енгізгенде оттегін беру, жасанды тыныс беру, аналептиктер тағайындау, сонымен қатар осы топтың антагонист болып келетін прозеринді енгізу қажет. Артериялық қысымды жоғарылату мақсатымен α–адреномиметикалык заттарды қолданған жөн (4; 4.1 тарауды қара). М-холинорецепторларды қоздыратын заттар (мысалы, карбахолии, ацсклидин) аккомодацияның бұзылуында карашықтың кеңеюінде, сонымен қатар асқазан-ішек жолдары тонусының төмеңдеуінде, қуыкгың атониясындй тиімді болады.
Гангпиоблокаторларды ұзак қолданғанда оларга әдетте бейімделу пайда болады (төртіншілік аммоний тұздарына қарағанда пириленге баяу).
Ганглиоблокаторлық заттар гипотензияда, айқын атеросклерозда. тәждік қан айналымның жетіспеушілігінде, глаукомада, бүйрек кызметінің төмендеуінде және миокардтың органикалық зақымдалуында қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет