кімнің? кімдікі? ненің? ненікі? деген сұраққа жауап іздейді. Ағылшын тіліндегі сұрағы: whose? Тәуелдеу есімдігі (Possessive Pronoun) негізгі және абсолюттік болып екі формаға бөлінеді.
Мысалдар: This is not my bag, mine is blue — Бұлменіңсөмкемемес, менікікөктүсті. Her father works for Sony Company — Оның (қыздың) әкесіSony Company-дажұмысістейді. … is yours better than ours? — … сіздердікібіздердікіненжақсырақпа? I went to him, but that house was not his — Меноғанбардым, бірақолүйоныңкіболмады. Мысалдардан байқаған боларсыздар, негізгі формадағы тәуелдеу есімдігі бар жерде міндетті түрде зат есім қатар жүреді. Мысалы, бірінші сөйлемдегі «my bag (менің сөмкем)». Ал егер абсолюттік формадағы тәуелдеу есімдігі келсе, онда ол жерде зат есім болмайды. Мысалы, «mine is blue (менікі көк түсті)». Мұндағы менікі есімдігі сөйлемнің алғашқы бөлігінде аталған сөмкені атамай-ақ сөйлеуші адамға тәуелдеп тұр. Сол себептен де мұндай сөйлемдерде (зат есімі қатыспаған) «менің» есімдігі емес «менікі» есімдігі қолданылады. Яғни, менікі көк түсті = менің сөмкем көк түсті.
Қазақ тілінде өздік есімдігі бар. «Өз» деген түбірден шығатын есімдіктер солай аталады. Ағылшын тілінде қазақ тіліндегі өздік есімдігінің арасында біраз айырмашылық бар. Қазақша өздік есімдігін ағылшынша тәуелдік есімдіктермен де жасауға болады. Мысалы:
I always use my toothpaste — Менәрқашанөзімніңтіспастамдықолданамын. Бұл мысалды қазақша «Менменіңтіспастамдықолданамын» деп айту қате болып саналады.