What (уат)
What дегініміз қазақша «не» деген сұрау есімдігі. What есімдігі, негізінен, жансыз заттарға қатысты қолданылады. Мысалы: What is this? – Бұлне? What do you want to eat? – Нежегің(із) келеді? What has happened? – Неболды? What есімдігі адамдарға да қатысты қолданылатын ерекше жағдайлар бар. Мысалы, бір адамның мамандығы мен қызметін білгіңіз келсе, what сұрау есімдігі арқылы сұрайсыз. What are you? – Сіз (мамандығыңызбойынша) кімсіз? What is your son? (He is an English teacher.) – Сіздіңұлыңызкім (болыпістейді)? (Ол – ағылшынтілініңмұғалімі) What сұрау есімдігі лепті сөйлемдерде көңіл-күй мен эмоциялық жағдайларды білдіру үшін қолданылады. What есімдігінен соң a (an) белгісіздік артиклі қойлады. Мұндай сөйлемдердегі what есімдігінің қазаша мағынасы «қандай» деген сөзге өзгереді. Мысалы: What a wonderful day! – Қандайкереметкүн! What a nice car! – Қандайәдемімашина! What an incredible day! – Қандайғажайып (адамнанғысыз) күн! Whose (хуз)
Whose сұрау есімдігі дегеніміз қазақ тіліндегі «кімнің» деген сұрау есімдігі. Whose есімдігі үнемі өзіне қатысты зат есімнің алдында тұрады. Мысалы: Whose pen is this? – Мынаукімніңқаламы? Whose father is that man? – Анаукісікімніңәкесі? Whose ball did you take? – Кімніңдобыналдың(ыз)? Which (уич)
Which есімдігі дегеніміз қазақ тіліндегі «қайсысы», «қай» деген сұрау есімдіктері. Бұл сұрау есімдігі көптің арасынан бір зат есімді анықтап алу үшін қолданылады. Which сұрау есімдігі жаны бар зат есімдерге де жаны жоқ зат есімдерге де бірдей қолданыла береді. Мысалы: Which book did you read? – Сізқайкітаптыоқыдыңыз? Which city is better: Astana or Shymkent? – АстанаменШымкентқалаларыныңқайсысыжақсырақ? Which of you speaks german? – Араларыңыздақайсыңызнемісшесөйлейсіздер? (Бұлжердегі «қайсыңыз» дегенсұрауесімдігініңмағынасы «кім» дегендібілдіреді).