АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Шетел тілі қазіргі кезеңде заман талабына сай көптеген мектептерде 1- сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізігі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп, ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік беретіндігінде.
Шет тілін оқып, үйрену, бірден қалыптаса қалмайды. Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету оңайға соқпайды. Бастауыш мектептің бастапқы сыныптарында баланы шетел тідіндегі дыбыстарды дұрыс айтуға, буындарды сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс меңгеріп, хат жазу, анкеталарды үлгі бойынша толтыру үйретіліп, негізгі грамматикалық категориялардан жалпы мағлұмат беріледі. Осы бастапқы сыныптарда-ақ оқушыларды түрлі тәсілдермен білім алуға үйрету қажет. Жоба әдісін қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттері артады.
Жалпы жоба жұмысы — белгілі бір өтілген материалдың қорытындысы ғана болмай, танымдық әрекетінің әдістемелік жемісі де болуы керек. Яғни, белгілі мақсатқа жетудің нәтижесін көрсеткен жөн. Жобалау әдісінің негізінде оқушының өз бетімен танымдық қабілеті дамиды, хабар кеңістігінде жаңалықты бағдарлай алу, алған жаңалықты сараптау, шығармашылық зерттеуге дағдыланады.
Жобалау әдісі ХХІ ғасырдың технологиясына кіріп, басқа елдерде бұрыннан қолданылса да біздің елімізде тек соңғы жылдары әсіресе қазақ мектептерінде сирек, оның өзінде 5-11 сыныптар аралығында ғана қолданылуда. Жоба әдісін қолдана отырып, оқушы өмір талаптарына сай, қоғамдық жағдайларға байланысты мәселелерге мұқият дайындалады. Олардың лингвистикалық белсенділігі жазу, сөйлеу, оқуда дамиды. Ол үшін шығармашылық хат, газет, журналдар, монологтар, шығармашылық ойын (рөлдік) т.б. қолданылады. Жобаны жасауда балаларға әр түрлі бейнефильмдер, мультфильмдер, компьютерленген бағдарламалар ұсынылады. Дене қимыл қозғалысы — ұлттық билер, музыкалық — ритмикалық қимылдар арқылы, ал өлең, тақпақ, хормен немесе жеке ән айтуда дауыс ырғағы, сезім мүшесі дамиды. Түрлі жұмыстар тек ойлау қабілетін ғана дамытып жобамен өз бетімен жұмыс істеуге де үйретеді. Сабақты түрлендіре өткізу оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бала мұндай сабақтан жалығып, шаршамайды. Ал жобаны әр баланың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты беру керек. Жобаны оқу жылының басында оқьпушы жоспарланған бағдарламадағы тақырыптарға сай етіп алады. Бастауыш мектепті бітірген оқушы бағдарламадағы белгіленген тақырыптар бойынша қарапайым үлгіде өз сыныптастарымен шет тілінде қарым-қатынас жасай алуы керек. Өзі, жанұя мүшелері туралы, мектеп, қала, достары жайлы әңгімелей білу керек.
Шетел тілін оқытып, үйрету мақсаты — оқушылардың қарым-қатынас жасай алуға түсе алатын қабілеттерінің негізін қалау болып табылады. Жаңа тілге үйретуде оқытудың жаңа тәсілі төмендегідей талаптарға сәйкес келуі көзделеді:
— оқушыға колайлы оку ортасын калыптастыру;
— оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-тілектерін ояту;
— оқушының эмоциялық сезіміне әсер етіп жеке тұлға ретінде қалыптастыру;
— оқытуды түрлендіру үшін түрлі әдісті қолдану;
— ойын түрінде оқыту арқылы оқушының белсенділігін арттыру;
— шет тілін оқушының жеке қызығушылығымен байланыстыру;
— оқушы – субьект, оқытушы — кеңесшісі болу;
— сатылап өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Жоба әдісін қолданып оқыту бұл талаптарға жауап бере алады.
«Шетел тілі оқу курсы» — оқушылардың шетел тілінен берілетін білімге деген мемлекеттік стандарттан тыс сұраныстарын қанағаттандыратындай мазмұнын анықтайтын, олардың бойында іргелі білім негіздері мен оның қосымша бөліктерін өз бетімен танып-білу дағдысына ие болуға, тілге деген қызығушылығын жетілдіруге қажетті курс. Шетел тілін оқытудың басты мақсаты – оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, яғни шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процесінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.
Осыған орай ғылыми зерттелген білім беру әдістерін іс жүзіне асыруда білім берудің сан алуан жаңа технологиялары пайдаланылып жүр. Солардың бірі – Ұлыбританияның «Оксфорд» университетінің әдістемесінің басылымындағы «Excel» оқулығы. Модульдеп оқыту технологиясы негізінде жасалынған оқулық – біріншіден, жасөспірімдерге күнделікті тұрмыс қажетіне, ситуацияларға негізделген коммуникативтік курс. Екіншіден, бұл әдіс ағылшын грамматикасын анық және жанамалап таныстыратын күнделікті сөздерде қолдануға үйрететін структуралық курс. Сондықтанда, бұл әдісте оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыратын тақырыптар мен тапсырмалар көп берілген. Коммуникативтік курс негізінде оқытудың түрлері: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу тығыз байланыстырылып құрылған.
Жобалау әдісінің жаңа түсінігінің негізін Е.Полат былай деп тұжырымдаған: «Көлемді мәселені зерттеу, өңдеу әдістері шынайы тәжірбиелі қортындыға негізделген, мәселенің қайта өңделуі әр түрлі деректерді қосқанда қолданады.Мұндай нәтижеге жету оқушының өз бетімен ойлауға, мәселені шешуге, болжауға және оның себеп-салдарына байланысты».
Біз осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, жобалау әдісімен оқыту үнемі жеке тұлғаға негізделіп бағытталған және ол оқушының белсенділік, танымдық, іскерлік, т.б.қабілеттерін қалыптастырушы фактор деп түсінеміз.
Еліміздің шет елдермен қарым –қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шетел тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау, шығармашылық,ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде оқытудың жаңа технологияны пайдаланудың мәні зор.
Жобалау әдісін сабақ барысында қолдану арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, сабақта алған білімдерін іс жүзінде қолдануға көмегін тигізеді.
Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар берілген тақырып бойынша туылған проблемаларды шешуге, өз ойларын дәлелдеуге, пікірлесуге үйренеді.
Сабақты түрлендіріп өткізу үшін, әрине, оқушылардың білім деңгейі жоғарғы дәрежеде болуы щарт, сондықтанда жобалау сабақтарын жоспар бойынша берілген тақырыптарды меңгерген кезде, қортынды сабақ ретінде өткізсе, тиімділігі жоғары болады.
Жобамен жұмыс істейтін оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа білім деңгейі жоғары оқушы жетекшісі болып, басқаларға көмек көрсету, түсінбегенін түсіндіру.Топқа бөлуде оқушылардың психологиялық үйлесімділігін де ескеру өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |