Ағылшын тілі сабақтарында жаңА Әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың таным қабілеттерін арттырудың жолдары



бет2/2
Дата21.10.2022
өлшемі26,5 Kb.
#44604
түріСабақ
1   2
Байланысты:
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ӘДІС

Жобалау әдістемесі бойынша істелетін жұмыс бірнеше кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезеңде мұғалімнің көмегімен оқушылар істейтін жұмыстарының мақсатын белгілеп, проблемаларды анықтайды. Әртүрлі сурет, сызба, мәтін т.б. жобаға қажетті материалдар жинастырады.
Екінші кезеңде істейтін жұмыстың жоспары жасалып, топ мүшелері өздеріне нақты тапсырма алады.
Үшінші кезеңде оқушылар әртүрлі лексикалық, граматикалық, ойлау, оқу, сөйлеу т.б. қабілеттерін дамытатын жаттығулар орындап, білімдерін жетілдіреді, туындалған проблеманы шешуге, жобаны жасауға әдіс, тәсідер мен жұмыс түрлерін анықтайды.
Төртінші кезеңде әр топ өздері белгіленген жобаны жасап, дайындайды.
Жұмыстың бесінші, қорsтынды кезеңінде оқушылар дайындаған жобаларын қорғап, пікірлерін дәлелдейді.
Эксперт тобы әр топтың жұмысына талдау жасап, қортындылайды.Сабақ соңында оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін айтып, келесі сұрақтарға жауап беріп, қортынды жасайды:

  1. Жобалау әдістемесі пайдалынылған сабақтан қандай әсер алдыңдар?

  2. Жасаған жұмыстың білімдеріңді кеңейтуге тигізген пайдасы болды ма?

  3. Дайындық кезінде қандай ізденіс жұмыстарын жүргіздіңдер?

  4. Жұмысты жасауда жіберген кемшіліктерді жою жолдары қандай? Нені ескертіп, неге көңіл аудару қажет?

Мұғалім әр кезеңде әр түрлі рөл атқарады, ол – көмекші, бақылаушы, нұсқаушы жұмыстың барлық кезеңінде мұғалім шәкірттерінің іс — әрекеттерін қолдап, мадақтай келе, олардың ынтасын көтерген жағдайда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады.
Жобамен жұмыс істеу әрбір оқушының жұмысқа деген жауапкершілігін арттырады, шығармашылық қабілетін дамытып, оқытудың түпкі мақсаты: білім сапсын жақсартуға үлкен ықпалын жасайды.
Тіл – ол әрбір халықтың мәдинетін, тарихын, тұрмыс – тіршілігін, сол халықтың стеоротипін сипаттайтын зерделі айна.
Тіпті жеке тұлғаны алып қарасақ та оның сөйлеген сөзіне, айтқан әңгімесіне, сөйлеу мәнеріне қарап, біз ол адамның мәдениетін, қандай әлеуметтік топқа жататынын, тіпті оның географиялық мекенін де анықтай аламыз. Соңғысы ол әрине ол диалектологияға байланысты.
Жастарымыз еліміздің болашағы дейміз, өркениетке жету жолында жастарымызға сенім артамыз. Егер жастарға білім беру, оларды тәрбиелеу жауапкершілігі мына біздерге, ұстаздарға жүктелетін болса, шет тілдердін үйренудегі коммуникативті – танымдық оқыту әдісін ұсынғым келеді.
Бірақ алдымен, осы шет тілдерін оқыту әдістемесінің зерттеулеріне сүйене отырып, өткен ғасырдың соңғы 30 жылында жеткен жетістіктеріне тоқтала кетейін.
1) Шет тілін оқу процесін сипаттайтын әдістемелік білімнің категориялары анықталып, әдістемелік түсініктердің жүйе құрылымы пайда болуы.
2) Даму заңдылықтары бұрынғыдай пәлсапаның жаңа зерттеулерімен, лингвистикасмен, психологиямен, психолингвистикасы және жалпы дидактикамен байланысып жатқан шет тілін оқытудың теориялық және практикалық әдістемелер негіздерін түзету жобасы ұсынылады.
3) Көптеген әдістемелік зерттеулердің арқасында оқу жүйесінде әртүрлі жас ерекшеліктеріне қарай шет тілін үйренуде бір – бірімен тығыз байланысты сөйлесім әрекетінің негізгі түрлерін: тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым әрекеттерін сабақ барысында комплексті түрде пайдаланудың тиімді жолдарын анықтады.
4) Шет тілін оқуда үйренуші тіл және сол тіл елінің мәдениетін зерттеуде айтулы нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен, тіл және мәдениет арасындағы қатынас мәселесі шет тілін үйренудегі белгілі ережелер ретінде әлікүнгедейін толық қанды ашылмай отыр.
5) Шет тілін үйренудің қай сатысында болсын оны меңгеру процесіде ана тілінің «ерекше маңызы» анықталады.
6) Шет тілін үйрену процесідегі коммуникативті бағытталған негізгі ұсынылады, ол дегеніміз шет тілінін үйренуші тұлғаның тілге деген құштарлығы, белсенділік әрекеті,өз бетінше жұмыс істей алу еркі, яғни осы әрекеттердің барлығы шет тілін үйренушінің бойынан табылатын болса, онда бұл әрекеттер шет тілін үйрену процесін жеңілдеткен болар еді.
7) Шет тілін оқыту процесінде аудио-видео және электронды техникалық ақпараттарды пайдаланудың тиімді жақтары көрсетілді.
8) Шет тілін оқытуда, оқытылып жатқан шет тілінде сөйлеу проблемалары көтеріліп, сабақ барысында сөйлеу ортасын туғызу арқылы коммуникативтік жаттығулар орындау, коммуникативтік компетенцияларды дамыту енгізіледі.
9) Шет тілін оқытуда әсіресе жоғарғы оқу орындарына көп көңіл аударылып, шет тілін оқыту жүйесінің қай саласы болсын, білімді стандарттау, реттеу әдістемесі ғылымның актуалды проблемасы ретінде қарастырылып, сараптау, яғни тестілеу арқылы шет тілін үйренушінің нәтижелері қадағаланып, олардың оқу сатылары анықталып отыратын болды.
Дегенмен, жоғарыда шешімі табылғандай көретін проблемаларға үңіле кетсек олардың әлі де болса зерттеулер мен толықтыру қажет ететінін байқаймыз. Қазіргі жаңа әдістемелік зерттеулерге сүйенсек те, бұрынғыларына қарасақ та, коммуникативі оқыту әдісі проблемасының маңызы зор.

Әдебиеттер:



  1. Фазылова Р.Л. Проект на уроках немецкого языка. // Иностранный язык в школе. 1999. №3.

  2. Зимняя И.А., Сахарова Т.Е. Проектная методика обучения английскому языку. // Иностранный язык в школе. 1991. №3.

  3. Бородулина М.К. Шет тілін үйрету. – М. Просвещение, 1975.

  4. Кузьмичева Т.Н. Технические средства в обучений английскому языку. – М. Просвещение, 2001.

  5. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологий // Иностранный язык в школе. 2004. №3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет