Ағымдық бақылау тапсырмалары: Тапсырмалар: тапсырма. ҚР білім туралы заңында көрсетілген білім берудің мақсаты мен міндеттерін жазыңыз


тапсырма. Қазіргі қоғам дамуындағы білім беру мазмұнына қойылатын талаптарды анықтаңыз



бет3/3
Дата07.10.2022
өлшемі24,26 Kb.
#41749
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3
3 тапсырма. Қазіргі қоғам дамуындағы білім беру мазмұнына қойылатын талаптарды анықтаңыз.
1. Бастауыш білім беру білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып табылатын және білім алушы тұлғасының мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын өмірлік тұрақты бағдарлары болуға арналған білім алушылардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
2. Бастауыш білім беру мазмұнында:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу базалық құндылықтар болып айқындалған.
3. Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу;
2) сын тұрғысынан ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;
6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары.
4. Бастауыш білім берудің базалық мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:
1) заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болуы;
2) сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;
3) оқу пәндері мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің орындылығы;
4) оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.
5. Бастауыш білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты көптілді тұлғаны – кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің алуан түрлі саласында үш тілде диалог жүргізе алатын, өз елінің мәдениетін бағалайтын, басқа елдердің мәдениетін түсінетін және сыйлайтын Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.
6. Үштілді білім беру іс жүзінде мынадай жолдармен іске асырылады:
1) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің халықаралық стандарттарға сәйкес деңгейлік меңгерілуін қамтамасыз ету;
2) сабақтан тыс жұмысты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру.
7. Бастауыш білім берудің базалық мазмұны білім беру саласы бойынша бастауыш білім берудің басты миссиясына сәйкес айқындалады, оған сәйкес білім алушыны тек оқытып қана қоймай, сонымен бірге оның рухани дамуының және әлеуметтік маңызды дағдыларының іргетасын қалау керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет