Ағымдық, рубеждік және аралық бақылауға арналған тапсырмалар



бет2/3
Дата03.05.2023
өлшемі22,12 Kb.
#89435
1   2   3
Байланысты:
Ағымдық, рубеждік және аралық бақылауға арналған тапсырмалар (1)

Кейс- стади
Кейс-стади тәсілінің бірі ретінде құрамында бір не бірнеше проблемалар бар нақты болған, не болжаулық жағдайларды қарастыру арқылы қолданылатын тәсіл. Студент берілген жағдайға байланысты тиімді шешім қабылдауы керек. Неғұрлым көп “кейс” қарастырған сайын, студентте проблеманы шешуге мүмкіндік беретін көптеген дайын жауаптар қалыптасады. Бұл дайын жауаптар талдау обьектісінен басқа проблемалық жағдайларды талдауда да үлкен көмек көрсетеді. Тек мына жағдайды ескеру қажет. Кейс- стадиді қолдану үшін деректер жетіспеуі мүмкін, себебі проблемалық жағдайдың шын мәніндегі себептері, алдарына қойған мақсаттары туралы мәліметтерді көп жағдайда үкімет басшылары ашық айта бермейді, сондықтан “кейстерді” ойдан құрастыруға тура келеді. Ондай жағдай жасалған талдаудың шындыққа жанасуы да, жанаспауы да мүмкін. Осыған қарамастан студенттің міндеті - проблемалы жағдайды бағалау, оны талдау, алда тұрған проблеманы анықтау, оны шешудің альтернативті шешімін ұсыну және олардың ішіндегі ең тәуірін таңдау қажет.
Кейс тәсілі екі кезеңнен тұрады: 1) студенттерге проблемалық сұрақ беріледі. Ол оларды белгілі бір мерзім ішінде оқып, мән-мағынасын түсініп, берілген материалды өзіне қабылдауы керек.
Тапсырманы орынағаннан кейін, студент өз араларында, не оқытушымен осы материалға байланысты пікір алмасуы керек. Онда ол өз пікірін айтып, оны жақтап деректер келтіруі қажет. Келтірілген деректер мен аргументтер қисынды болуы міндет.


Презентация
Презентация- берілген тапсырмаға студенттің көңілін аударудың тиімді тәсілі.
Презентация пәні - тақырыптың мазмұны, маман ғалымдардың пікірлері, цитаталар, статистикалық деректер саяси жетекшілердің пікірлері мен сөздері т.б болуы мүмкін.
Студенттер СӨЖ орындау барысында презентацияны пайдалану арқылы тақырыптың мазмұнын тез, сапалы және тиімді таратуға мүмкіндік алады. Осындай презентациядан кейін студенттің оқытушымен тіл табысуға, оқытушының оны жақсы түсінуіне қолайлы жағдай жасалады, себебі тақырыпқа байланысты айтылатын ақпарат көлемі презентация барысында көрсетілген. Презентация-ақпаратты көрнекті, қызықты қылып көрсетуге мүмкіндік береді. Презентация өткізе білу-студенттердің белсенді, көрнекті өмір сүру қабілетін арттырады, сондықтан СӨЖ-ге берілген әр тақырыпқа презентация жасау өте тиімді, сіздің еңбегіңізді бағалауда ерекше орын алады.
Презентация мақсаты :

  • Ұжымдық жұмысқа тарту.

  • Әрбір студенттік топ алдында өз тапсырмасын толық жеткізу жауапкершілігін жүктеу.

Презентация барысы :

  1. Топ тапсырма алады. Дайындықтан кейін топ өз презентациясын 15- 20 уақыт таныстырады.

  2. Топ бұл жұмыспен алдын –ала бірнеше күн дайындық жүргізуі тиіс .

  3. Топ ішінде студент бұл мәселе мазмұнын ашу үшін өзара тапсырма бөлісуі не болмаса ұжымдық негізде дайындалуына болады . Ең маңыздысы презентация материалы бірегей болуы керек.

  4. Топ таратылған материал дайындайды – алғысөз мазмұны, қажетті схемалар және диаграммалар.

  5. Барлық топ атынан оның мүшесі 20 минут сөйлей алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет