1. Эритрей тармағы, ол Арабия-Нубия қалқанын екіге бөліп, Кызыл теңіз табанынын ашылуын тездетті;
1. Эритрей тармағы, ол Арабия-Нубия қалқанын екіге бөліп, Кызыл теңіз табанынын ашылуын тездетті;
2. Ұлы Африка жарығы Эфиопия таулы қьратынан басталып, Лимпопо өзенінің сағасына дейін жетті. Осы жарық бойымен өте күшті вулканизм процестері жүріп, соның нәтижесінде Эфиопия таулы қыратының 2/3 бөлігі лавалык жыныстармен жабылды. Олардын абсолюттік биікті 4000 метрден жоғарылады.
Оңтүстікке карай орналасқан Шығыс Африка таулы кыраты аймағында бірнеше лавалык массивтер жүйесі түзіліп. жекелеген жанартау конустары көтерілді. Лавалық жыныстармен тегістеліп үлгермеген грабен табандарында Африканын шығысындағы тектоникалық көлдер жүйесі қалыптасты.
Жанартаулық массивтердін асболюттік биіктігі 5000 метрге дейін көтерілді,ал жекелеген жанартау конустары 6000 метрге жуықтады. Осындай лавалы массивке Рувензори массив,Митумба және Мучига таулары, Айдаһар тауы, Лессто үстірттерісияқты күрделі кұрылымды тау жүйелер мен массивтері түзілді. Осындай геотектоникалык ерекшеліктеріне байланысты,Африканың гипсометриялық деңгейі біршама биіктеп, орографияялык кұрылымы күрделенді.
Африка-Арабия тақтасының Еуразияға келіп соқтығысуы Қызыл теңіз, Аден шығанағы табаның ашылуына Арабияның Африкадан бөлінуіне және Африканын шығысын бойлай Терең тектоникалық жарықтардың тузілуіне, неотектоникалык қозғалыстардын күшеюіне себеші болды. Қызыл теңіз табанынан басталатын грабендер жүйесі екі бағытта Африканың Шығысын бойлай жалғасты
Африканың жер бедері морфоструктуралық жағынан төрт облысқа айқын ажыратылады: 1.Жазык-платформалық облыс оған Сахара-Судан. Жоғарғы
Гвинея. Орталык Африка, Оңтүстік Африка аймақтарының жер бедері жатады.
2. Ежелгі платформаның жандануға ұшыраған таулар мен таулы қыраттар.Эфиопия таулы қыраты,Сомали түбегі, Шығыс Африка таулы қыраты,
Мадагаскар аралының таулары жатады.
3.Альпі қатпарлығында көтерілген жас тауларға Атластың биік бөлігін алып жатқан қатпарлы құрылымдар жатады.
4. Герцин қатпарлығындағы тауларға Кап тауы мен Сахара Атласы жатады