Су тіршілік ортасы
- сулы ортада
мекендейтін ағзаларды гидробионттар деп атайды.
Жер-ауа тіршілік
ортасы.
Жер-ауа тіршілік ортасында әсер ететін негізгі абиотикалық факторлар: ауа,
жел, атмосфералық жауын-шашын, топырақ ылғалдылығы.
Топырақ –
тіршілік ортасы
. Эдафиттік факторлар дегеніміз экологиялық фактор
ретіндегі топырақтың қасиеттері.
Тірі ағзалар тіршілік ортасы
- яғни тірі
ағзаларда паразиттік немесе коменсализмдік әдіспен екінші бір ағзаның
тіршілік етуін айтамыз. Өсімдіктер де әртүрлі жануарлар үшін тіршілік ортасы
болып табылады. Олар ағаш қабығында, жапырақтарда, бұтақтағы ұяларда
мекендейді.
Тірі ағзалардың таралуы бірінші кезекте өздері мекендейтін ортаның
жағдайымен анықталады. Барлық тірі және өлі нысандар, жануарлар мен
қоршаған өсімдіктер, олармен өзара тікелей байланыста болатын мекен ортасы
деп аталады.
Қоршаған орта немесе қоршаған табиғат ортасы терминінде адамның
ықпалы жайылатын табиғаттың сол бөлігі ретінде түсініледі.
Экологиялық факторлардың әр алуандылығына қарамастан олардың
ағзаларға әсер ету қасиеті мен тіршілік иелерінің жауап беру реакциясының
бірқатар ортақ заңдылықтары бар. Оған ағзаның қарқындылыққа немесе әсер
ету күшінің факторына реакциясын жатқызуға болады. Жеткіліксіз немесе
шамадан артық әсер ету ағзаның өміршеңдігіне кері ықпал етуі мүмкін.
Алуан түрлі тіршілік иелерінің әр түрлі жағдайларда өздерін өте жақсы
сезінулері бірдей емес. Мәселен, ылғалды жақсы көретін өсімдіктер ылғалды
топырақты (қырыққабат, қант қызылшасы), көлеңкелі салқынды (гүлді
қырыққыбат), кейбірі құрғақшылықты, ыстықты (қауын) ұнатады. Осы
факторлар өсімдіктің өсу жағдайына өте маңызды ықпал жасайды. Бақылау
нүктесінен барынша өсуі - оңтайлылық деп аталады. Бұл әдеттегідей -
температураның көлеміне жатады. Жағымды күш әсерінің факторы (мөлшері)
осы ағзаның түріне оңтайлы аймақтың факторы деп аталады. Ең азынан
(минимум) көбіне (максимум) дейін бар аралық температура кезінде өсуге
мүмкіндігі барды диапозон (көлемінің) тұрақтылығы дейді. Шектелу
нүктесінен, яғни төмен мен жоғарының аралығы тіршілікке қолайлы
температура - тұрақтылықтың шегі немесе сол түрдің шыдамдылық шегі
болады. Осы экологиялық факторға қатысы бойынша шыдамдылық дәрежесін
экологиялық валенттілік деп атайды. Ағзалардың экологиялық валенттілігі
оның әр алуан ортаға қоныстану қабілеттілігін көрсетеді.
Тұрақтылық шегінің нүктесіне жақындау шамасы бойынша, егер әрекет
ету факторы азайып немесе көбейсе тіршілік әрекеті төмендеп қысымға
ұшырайды немесе тіршілік иесінің өлуіне әкеп соқтырады (біздің мысалда
өсімдік), яғни бұл жерде тұрақтылық диапазоны шеңберінде мазасыз күй
аймағы туралы айтылып отыр. Мұндай ықпалды басқа факторлар да жасай
алуы мүмкін.
Әрбір өсімдік пен жануарлар түрінің оңтайлылығы, мазасыз күй зонасы
немесе қысым зонасы мен тұрақтылық шегі шыдамдылығы қоршаған ортаның
әрбір факторына қатысы барлар өмір сүруде. Температура мысалында
талқылап, біз тек бір факторды ғана қарастырдық, ойымызша қалган барлығы
да оңтайлылық зонасына сәйкес келуі мүмкін. Біз Ю. Либихтің тұжырымдаған
шектеулі заң факторларының әрекетін бақыладық. Либих өзінің оңтайлылық
зонасынан тыс фактор ағза күйінің мазасыздығына себеп болғанды шектеулі
деп көрсетеді. Осы фактордың өзгеруіне орай ағзалар өте сезімтал болып
келеді. Өсімдіктер мен жануарлардың бір түрінің өзгерісіне әсер ету
факторының жиі шектеуі биотикалық деп аталады. Мәселен, азықтың
жеттіліксіздігі жануарлардың әр алуан түрлерінің таралуына және дамуына
шектеу қояды. Өсімдіктердің дамуына да су, температура, жарықтың болмауы
- шектеу факторларының бірі болады. Бірде-бір фактор өздігінен әрекет
жасамайды. Ортамен өзара қатынас жасағанда барлық ағзалар динамикалық
тепе-теңдікті немесе тұрақтылықты сақтаулары қажет.
Экологиялық валенттіліктің кең түрі тіршіліксіз орта факторына қатысы
бойынша фактордың атауына «эври» қосымшасын қосып атайды (грекше
еvrуs - кең). Мысалы, температураның айтарлықтай ауытқуларына эвритермді
түрі шыдайды. Экологиялық енсіз валенттілік (тар) «стено» стенотермді
қосымшасымен (грекше stеnоs - тар, енсіз) белгіленеді. Әр алуан экологиялық
факторлардың (кең) алшақ шегіндегі ауытқуларға бейімделетін түрлерді
эврибионтты деп атайды; тіршілік ету үшін қатаң белгіленген жағдайды қажет
ететіндер - стенобионтты деп аталады.
Экологиялық факторлардың әсерінен тірі ағзалар белгіленген
иерархиялық жүйелерге бірігеді. Онда тіршілік иелерінің әр алуан деңгейде
ұйымдасқандарын: популяциялар, бірлестіктер және экожүйелер ретінде
көруге болады.
3.2 Популяциялар экологиясы
Демэкология - популяциялар экологиясы. Экологияда популяция
дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен
территорияларда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.
С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша: «Популяция – бұл
қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап
тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің
ағзаларының элементарлық тобы». Латын тілінен аударғанада «роpulus»
популяция – халық, тұрғындар деген мағынаны береді. Бұл терминді алғаш рет
популяцияны генетикалық таза сызықтармен салыстыра отырып, генетикалық
таза гетерозиготалы жеке тұлғалардың жиынтығы ретінде қарастырған
Даниялық генетик В.Л. Иогансен (1857-1927) қолданған.
Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін
сақтау қабілеттілігі тән. Яғни, популяциялардың белгілі бір генетикалық және
экологиялық сипаттамалары болады. Популяция дегеніміз - белгілі бір
аумақта тіршілік ететін және өзара шағылысып ұрпақ беретін бір түр
дараларының жиынтығы. Түрлі факторлардың әсерінен популяциядағы
даралар саны, құрамы, таралуы өзгеріп тұруы мүмкін.
Табиғатта популяцияның әр алуан түрлерінің өте жоғары жүйесінің
дәрежесі - қауымдастыққа бірігеді. Қауымдастық (биотикалық) - бұл белгілі
аумақты мекендеуші популяцияның жиынтығы. Қауымдастық ағзалары
органикалық емес ортамен энергетикалық байланыста болады. Мысалы,
өсімдік, минералды тұздар, оттегі, су, көмір қышқыл газының үнемі беріліп
тұру есебінен тіршілік жасай алады. Биота - өсімдік, жануар мен
микроорганизмдер түрлерінің ортақ жалпы аймаққа таралуының жиынтығы.
Түрлердің арасындағы экологиялық байланыстың жоқтығынан ол
биоценоздан ерекшеленеді.
Популяциялардың негізгі қасиеттері. Популяцияның саны мен
тығыздығы оның қасиеттерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштері болып
саналады. Популяцияның саны дегеніміз – белгілі бір көлемдегі немесе
территориядағы особьтардың жалпы саны. Ағзалардың саны табиғатта
тұрақты болмайды. Олардың көп немесе аз болуы особьтардың өсімталдығы
мен шығынына, өлуіне байланысты болады. Популяцияның тығыздығы –
белгілі бір көлемдегі немесе кеңістіктегі особьтардың саны мен
биомассасының салмағымен өлшенеді. Мысалы, ағаштың 150 түбінің 1 га
жерде өсуі осы популяцияның тығыздығын сипаттайды. Популяциялардың
тығыздығы олардың санына байланысты өзгеріп отырады. Тығыздық шексіз
өсуі мүмкін емес. Ол үшін особьтардың кең таралуына қолайлы жағдай мен
кеңістік болуы керек.
Ағзалардың кеңістікте таралуы олардың шектеуші факторы
кездеспейінше жүре беруі мүмкін. Осыған орай, популяциялардың кездейсоқ,
біркелкі және топтанып таралу түрлері бар. Ағзалар қауымдастығы
органикалық
ортамен
материалдық-энергетикалық
жағынан
тығыз
байланыста болады.
Даралардың кеңістікте таралуы. Даралар мен олардың топтарының
таралуы кездейсоқ, бірқалыпты және топтық болып бөлінеді.
Даралардың бірқалыпты таралуы табиғатта өте сирек кездеседі. Ол
көбінесе әртүрлі даралар арасында бәсекелестікке байланысты болады.
Мұндай таралу типі жыртқыш балықтар мен территориялық инстинкті анық
байқалатын балықтарда болады.
Кездейсоқ таралу тек біртекті ортада және жиналуға қабілеті жоқ
түрлерде байқалады. Мысалы, ұн құртының ұнның ішінде таралуы кездейсоқ
болады. Егістікте зиянкес жәндіктердің таралуы алғашқыда кездейсоқ таралу
болғанымен, бірте-бірте көбейе түсіп, топтану немесе шашыранды таралу
сипат алады.
Топтық таралу табиғатта жиі кездеседі. Топтардың өзі кездейсоқ немесе
жиналып таралуы мүмкін. Әсіресе, ағаштардың орман кеңістігінде таралуы
жақсы зерттелген. Егер ормандағы ағаштар бір түрге жататын болса,
бастапқыда олар әдетте жинақталып топтанып таралады да, уақыт өте келе
олардың таралуы бірқалыпты бола бастайды. Ал орманның қалыңдығы
түрішілік бәсекелестік нәтижесінде кемиді.
Популяцияның табиғаттағы санын өзін-өзі реттеу мүмкіндігі бар. Әрбір
түрдің көбеюінің жоғарғы және төменгі шегі болады. Одан әрі түр көбейе
алмайды. Сондықтан кез келген популяция өзінің сан мөлшерін оптимальды
қалыпты жағдайда ұстап тұруға тырысады.
Кейбір ағзалар өзінің популяциясын тұрақты ұстауда топтанып,
үйірленіп немесе колония құрып тіршілік етеді. Мысалы, бірқазандар
колониясында 10000 дараға дейін құс кездеседі. Бұғылар 200-300 табын құрып
тіршілік етсе, бұландар 20-25, қасқырлар 7-10, ақ бөкендер 10-25, ал құландар
50-70-тен топтанып үйір құрайтыны белгілі. Мұндай топ құру жануарлар
дүниесінің бірігіп жауларынан қорғану, қыстан аман шығу, қорегін табу
сияқты қасиеттерінің нәтижесі болып саналады.
Популяциялар санының ауытқулары. Популяцияның саны негізінен бір-
біріне қарама-қарсы екі құбылыспен анықталады – туу және өлім.
Популяциялардың табиғаттағы сан мөлшері әлсін-әлсін ауытқып отырады.
Оның көптеген ішкі және сыртқы себептері бар. Популяциялар санының
ауытқуының төмендегі шартты себептерін атап көрсетуге болады. Азық
мөлшерінің жеткілікті болуы популяция санының артуына әкеледі, бірақ
өсудің максималды шамасында азық шектеуші фактор да болады. Азық
қорының жетіспеуі популяция санының кемуіне әкеледі. Популяция санының
артуы немесе кемуі мекен ету ортасы үшін бірнеше популяциялардың
бәсекелесу процесінде байқалуы мүмкін.Жыртқыш пен жемтік, паразит пен
иесі, арасындағы күрделі өзара қатынастар популяция санының ауытқуының
бір себебі бола алады. Абиотикалық факторлар популяция санына көп әсер
етеді және олардың едәуір ауытқуларын туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |