Ағза мен қоршаған ортаның Қарым қатынасы ағзалар экологиясы, экологиялық факторлар жіктелуі



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата29.09.2023
өлшемі157,14 Kb.
#111285
  1   2
Байланысты:
3 лекция



3 АҒЗА МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАСЫ 
3.1 Ағзалар экологиясы, экологиялық факторлар жіктелуі 
Ағза мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын зерттейтін экологияның 
бөлімін ағзалар экологиясы қарастырады. Экологиялық термин ретінде оны 
аутэкология деп атайды. Биологиялық жүйе ретінде аутэкология жекеленген 
тірі ағзаны, жануар, өсімдік немесе микроорганизм, оның қоршаған ортамен 
өзара қарым-қатынасын зерттейді.
Тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық факторлар деп 
атайды. Экологиялық фактор дегеніміз – ағза бейімделушілік реакциялар, не 
адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі 
немесе жағдайы.
Кез келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер 
етеді. Өзінің ықпал ету ерекшеліктеріне қарай ол үш негізгі топқа бөлінеді: 
абиотикалық, биотикалық және антропогендік. 
Абиотикалық факторлар – бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта 
жағдайларының комплексі, өлі табиғаттың тірі ағзаларға тікелей немесе 
жанама түрде әсер етіп, олардың өмір сүру жағдайын белгілеу қасиеті 
температура, жарық пен басқа сәулелі энергия, ылғалдылық, ауаның құрамы, 
атмосфералық қысым, жауын-шашын, жел, су құрамы, топырақ, жер бедері, 
радиациялық фон, атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың 
құрамы және т.б. 
Биотикалық факторлар – бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің 
басқаларына тигізетін әсері. Тіршілік факторлары бұл тіршілік иелерінің бір-
біріне әсер етудің барлық формалары. Әрбір ағза басқа жеке дараның 
тікелей немесе жанама түрдегі ықпалын бастан кешіреді, өздерінің немесе өзге 
түр өкілдерімен өзара қатынаста болады немесе оларға тәуелді болып, не 
болмаса өздері әсер етеді бәсекелестік, жыртқыштық, паразиттік, 
комменсализм, симбиоз, мутуализм және т.б. 
Антропогенді факторлар – адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін 
әсерінің жиынтығы зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ 
қабатының бұзылуы, табиғи ландшафттардың бұзылуы және т.б. 
Антропогенді факторлар организмдердің мекен ортасына, табиғаттың 
өзгеруіне, олардың өмір сүруі жағдайына тікелей ықпал жасайтын адам 
әрекетінің барлық факторлары жатады.
Мұндай факторларға жататындар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылық 
өндірістері, көлік пен шаруашылықтың өзге салалары. Әсіресе, соңғы 
жылдары антропогенді түрде табиғатқа әсер ету жылдамдығы арта түсуде. 
Берілген жіктелу шартты болып табылады. Себебі, температураны 
абиотикалық фактор ретінде қарастырсақ, ол тірі ағзалардың әсеріне 
байланысты жиі өзгеріп отырады. 
Жоғарыда келтірілген жіктеулерден басқа ағзалардың қоршаған орта 
факторларының әсеріне бейімдеушілік дәрежесін бағалауға негізделген 
А.С.Мончадский жіктелуі бар. Бұл жіктелу бойынша барлық экологиялық 


факторлар үш топқа бөлінеді: 1-ші ретті периодты, 2-ші ретті периодты, 
периодсыз.
Ең алдымен тірі ағзаларда периодты факторларға бейімделуі пайда 
болады. Мысалы, Жер шарының тікелей өз осінен айналуы және Күнді 
айналуы немесе Ай фазаларының ауысуы. 
Аталған факторлардың тұрақты түрде қайталану циклдері Жердегі 
тіршілікке дейін де болған, сондықтан да ағзалардың бұл 1-ші ретті периодты 
факторларға бейімделуі олардың тұқым қуалау негізінде ертеден қалыптасқан. 
Екінші ретті периодтық факторлардың өзгеруі бірінші ретті 
факторлардың өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Мысалы, ауаның 
ылғалдылығы – температураға тәуелді екінші ретті фактор.
Периодты емес факторлар ағза мекен ететін ортада қалыпты жағдайда 
болмайды. Олар кездейсоқ әсер ететіндіктен, ағзаларда бейімделу белгілері 
пайда болып үлгере алмайды. Мысалы, дауылды желдер, найзағай, өрттер, 
сонымен қатар адамның шаруашылық қызметін айтуға болады.
Тірі ағзаларға экологиялық факторлардың әсерінің қолайлы немесе 
қолайсыз болуы, ең алдымен оның әсер ету күшіне байланысты. 
Факторлардың жетіспеуі немесе шектен тыс көп болуы ағзалардың тіршілігіне 
қолайсыз әсер етеді. Ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын 
экологиялық фактордың қарқындылығын оптимум деп атайды. Көптеген 
түрлердің гүлденуі, көбеюі үшін оптималды температуралар белгілі.
1840 жылы Ю. Либих (1803-1873жж.) ағзалардың төзімділігі оның 
экологиялық 
қажеттіліктерінің 
тізбегіндегі 
ең 
әлсіз 
звеносымен 
анықталатынын дәлелдеді. Ол ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін 
анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған 
тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде 
қажет (СО
2
, Н
2
О және т.б.) жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, 
оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) 
заттарға тәуелді екенін анықтайды.
Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтің 
минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: 
«экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор 
күші әсер етеді». 
Экологиялық факторлардың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның 
артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады.
Минимуммен қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті 
дамытқан 1913ж. В.Шелфорд болды.
В.Шелфордтың толеранттылық заңы: «Экологиялық факторлардың 
минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал 
олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын (латын 
тілініен аударғанда tolerantia – шыдау, төзім), яғни ағзаның белгілі бір 
факторға төзімділігін анықтайды».
Негізгі абиотикалық факторларға климаттық - жарық, температура және 
ылғалдылық жатады. Биосферада ең маңызды процесс – фотосинтез тек жарық 
арқылы (күн сәулесі) ғана жүзеге асырылады. Жануарлардың жылу режиміне 


бейімделуі денесінің жеке мүшелерінің қатынасының өзгеруінен де көрінеді. 
Мысалы, солтүстік аудандарда мекендейтін ақкістің, жылы жерде мекендейтін 
осындай жануарлармен салыстарғанда жүрегі, бүйрегі, бауыры үлкен болады. 
Қоршаған ортаның ылғалдылығы ағзалардың жер шарында таралуы мен 
санын шектейтін маңызды фактордың бірі болып табылады.
Климаттық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі. Күн 
сәулесінің қуаты, жарық, ауаның температурасы мен ылғалдылығы, жауын-
шашын, қар қабаты, атмосфералық қысым, ауаның газдық құрамының 
арақатынасы жердің климатын немесе макроклиматты анықтайды.
Макроклимат (аймақтық климат) географиялық орналасудың нәтижесі 
болып табылады. Ендік бағытында бұл полярлық, тундралық, тайгалық, 
далалы және шөлді климат.
Мезоклимат – бұл орманның, егіс даласының, шалғындық және тау 
беткейлерінің жергілікті климаты. Ол макроклиматқа барлық уақытта сәйкес 
бола бермейді. Орманда күндіз даламен салыстырғанда әрдайым салқындау 
және ылғалдырақ болады.
Микроклимат – бұл ағзаның деңгейіндегі климат. Оған мысал келтірсек: 
+24°С температурада күндегі жапырақтың температурасы қоршаған ортамен 
салыстырғанда 9°С-ға жоғары, ал көлеңкеде -4°С-ға төмен болып келеді.
Биологиялық ырғақтар. Уақыт бойынша бірізділікпен кезектесіп келетін 
ағзаның қандай да бір жағдайын биологиялық ырғақ деп атайды. Бұл 
ырғақтарды ішкі механизмдер ұстап тұрады. Биологиялық сағаттың көмегімен 
оларда әр түрлі физиологиялық процестердің тәуліктік, маусымдық, жылдық 
және басқа да ырғақтары белгіленеді. Биологиялық ырғақтардың бірі 
фотопериодизм. Жарық маңызды сигнал болып табылады. Ол тірі ағзалардың 
белсенділігінің өзгеруін, тыныштық күйі және белсенді өмір сүруі және көбею, 
миграция және басқа да биологиялық құбылыстардың кезеңділігін анықтайды. 
Ағзалардың морфологиялық, биологиялық және физиологиялық қасиеттері 
мен функцияларының жарықтың кезектесуі мен ұзақтығына байланысты 
ырғақты өзгеруі – фотопериодизм деп аталады.
Негізгі тіршілік орталары. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет