Жануарлар дүниесі. Бұлар біржасушалы және көпжасушалы жануарлардан құралады. Біржасушалы жануарлардың барлығы және көпжасушалы жануарлардың кейбір түрлері жәндіктердеп аталады. Демек амебадан бастап, қандауыршаға дейінгі омыртқа жотасы жоқ жануарлар жәндіктер болып саналады. Ал балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілерге жататын өкілдердің барлығы – жануарлар. Өйткені бұлардың арқасында бойлай созылған желісі немесе омыртқа жотасы болады.
Ағза немесе Организм (гр. organon және лат. organіzo – келісті түрге келтіру) – белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе. Тұқым қуалаушылық қасиеттеріне сәйкес өзіне тән құрылысы мен даму ерекшелігі бар. Ағза бірнеше деңгейден-жасушадан, ұлпадан, мүшелерден, мүшелер жүйесінен, бүкіл дене тұтастығынан тұрады
Құрылысы мен қызмет ерекшелігіне байланысты органдар жүйелері мен аппараттары:
дене (сомалық),
ішкі органдар (висцералды) және
байланыстырғыш (интегралды) органдар жүйелері болып бөлінеді. Органдар жүйелер құрылысы әртүрлі, бірақ белгілі бір қызмет атқаратын мүшелер (ағзалар) құрайды.
Құрылысына байланысты органдардың:
қабатты (тері),
түтікше (ішкі мүшелер) және
паренхималы түрлері болады.
Организмнің құрылым бірліктері – жасушалар, ұлпалар (тіндер), мүшелер. Организмдер бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлінеді. Бір жасушалы Организмдердің ішінде колониялы (шоғырлы) түрлері де бар. Мысалы, вольвокс, т.б. Әрбір жеке дарабастар да өз алдына жеке ағза болып саналады.
Тірі табиғат дүниесі дегеніміз — биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: вирустар дүниесі, бытыранықтар дүниесі, саңырауқылықтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі.
1. Жануарлар жасушасында центриоль болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жасушаларында центриоль болмайды.
2.Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды, дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Өсімдіктер пластидтері арқылы ағзалық зат түзеді.
3.Қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы) қабықша тек өсімдік жасушасында болады.Ол өсімдіктің пішінін өзгертуге кедергі жасайды. Жануарлар жасушасындағы жарғақша (қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының тығыздалуынан пайда болған. Сондықтан жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады.
4.Ірі вакуольдер (латынша «уасиш» - қуыс) өсімдіктерде болады, ал жануарлардың тек бір жасушалы қарапайым түрлерінде (асқорыту, жиырылғыш вакуольдер) ғана болады.
Ұқсастықтары:
1. Барлық тірі ағзалар - өсімдіктер де, жануарлар да жасушалардан тұрады.
2. Өсімдіктердің де, жануарлардың да жасушалары үш бөліктен: қабықша, ядро мен цитоплазмадан тұрады.
3. Ұсақ жасушаішілік құрылымдар - органиодтер деп аталады. Олар белгілі бір құрылысқа ие және түрлі қызмет қызмет атқарады.
Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: бытыранықтар дүниесі, вирустар дүниесі, саңырауқұлақтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі.