Ара
Жер ғаламшарындағы сан алуан жануарларды жеке-жеке атау, түрлерге ажырату, жүйеге келтіру оңайға түскен жоқ. Біздің жыл санауға дейінгі (ж. с. д.) V-ІV ғасырларда ғалымдар жануарларды жүйелеп, жіктеуге ерекше назар аударды. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ (ж. с. д. 460 - 370 жж шамасында) сол кезде белгілі жануарларды тіршілік ететін ортасына байланысты жіктеді.
Грекияның ұлы ойшылы Аристотель (ж. с. д. 384 - 322 жж шамасында) жануарларды аңдар, құстар, балықтар, киттер және бунақденелілер деп, негізгі топтарға жүйеледі. Жануарлар өлемін жүйелеу ісінде швед ғалымы Карл Линней білгірлік көрсетті. Сондықтан ол жануарларды жүйелеудің негізін қалаушысы болып саналады. К. Линней ағзаларға қосарлы атау тізім беруді ұсынды. Мұнда ол туыстық белгісіне қарай түрге екі атау берді. Мысалы, шақшақай туыстас қүстардың үш түрі бар. Олар: «Ақ шақшақай», «Сары шақшақай» және «Сарыбас шақшақай». «Ақ», «Сары», «Сарыбас» сөздері жеке түрге ғана қолданылады. Сондықтан мұны түрге берілген белгі деп түсінуіміз қажет. Барлығына ортақ - екінші атау «шақшақай» - құстың туыстық атауы. Ағзаларға (ұсақағзалар, өсімдіктер, жануарлар) жіктеу кезінде туыстық екі атау беру қосарлы атаутізім деп аталады. Қосарлы атаутізім бойынша құс туысының қай түрге жататынын бірден біле аламыз.
Жануарлар мен өсімдіктердің айырмашылықтары:
ӨСІМДІКТЕР:
1)өсімдіктерді "ботаника" ғылымы зерттейді
2)өсімдіктерде 6 түрлі ұлпа болады.
3)өсімдіктердің жасушаларында тек қана өсімдіктерге ғана тән "пластидтер" болады.Олар өсімдікке түс беріп тұрады.
4)өсімдіктер органикалық заттармен қоректенеді.
5)өсімдіктер топыраққа бекініп,қыймылсыз тіршілік етеді.
6)өсімдіктер өмірінің соңына дейін тоқтаусыз өседі.
ЖАНУАРЛАР:
1)жануарларды "зоология" ғылымы зерттейді.
2)жануарларда 4 түрлі ұлпа болады.
3)жорғалаушы жәндіктердің сыртқы қабығы "хитиннен"тұрады.
4)жануарлар өсімдіктермен немесе жануарлармен қоректенеді.
5)жануарлар әрдайым қимыл-қозғалыста болады.
6)жануарлар кішкентай болып дүниеге келіп,уақыт өте келе өседі.Ал уақыты келіп кәртейгенде кішірейеді немесе ең жоғарғы өсу деңгейіне келгенде тоқтайды.