Агглютинативтік тілдер Орындаған: Жумабаева А. Изтұрғанова Г. Жақсылық А. Құрмашұлы А. Жанбуршинова Н. Асқарқызы Д. Тексерген: Нурмухаметова К. Агглютинативтік тілдер



Дата13.11.2022
өлшемі1,19 Mb.
#49663
Байланысты:
Агглютинативтік тілдер

Агглютинативтік тілдер

Орындаған: Жумабаева А. Изтұрғанова Г. Жақсылық А. Құрмашұлы А. Жанбуршинова Н. Асқарқызы Д.

Тексерген: Нурмухаметова К.

Агглютинативтік тілдер - ...

Бұл термин латынның agglutination сөзінен шыққан және байланыс ретінде аударылған. Атаудың өзіне сүйене отырып, агглютинативті тілдер - бұл форманттар деп аталатын сөздердің қалыптасуында басты рөл атқаратын тілдер: жұрнақтар, префикстер, аффикстер, префикстер. Сонымен қатар ол мынандай ереже бойынша жұмыс істейді: бір қосымша– бір мән.

Тілдің осы түрінің жұмысын мысалмен суреттеуге болады. Сөздің негізі-локомотив, ал сөздің қосымша бөліктері – форманттар, вагондар сияқты әрекет етеді. Олар белгілі бір заңдарға сәйкес және белгілі бір ретпен негізгі локомотивке бекітілген. Бір немесе бірнеше вагон болуы мүмкін. Кейбір тілдерде сөздің негізі тек 3-5 әріптен тұратын мысалдар бар, бірақ қосымша бөліктердің арқасында сөз 30-40-қа дейін артады.


Агглютинативті типке миллиондаған адамдар сөйлейтін тілдердің ұзын тізімі кіреді:
  • түркі тілдері;
  • қырғыз;
  • әзірбайжан;
  • татар;
  • корей;
  • жапон;
  • грузин;
  • фин-угор;
  • чуваш;
  • фин;
  • мари;
  • венгр және т. б. кейбір африкалық және армян тілдері де бұл түрге кіреді.

«Қауіпсіздендірілмегендіктен» қауіп – негізгі түбір; -сіз – сын есім тудырушы жұрнақ; -ден – етістік тудырушы жұрнақ; -дір – өзгелік етістің жұрнағы; -іл – ырықсыз етістің жұрнағы; -ме – болымсыз етістіктің жұрнағы; -ген – есімшенің жұрнағы; -дік – етістіктен зат есім тудырушы жұрнақ; -тен – шығыс септік жалғауы. Мұнда бір түбірге 8 қосымша жалғанып тұр.

1-мысал

«Қамсыздандырылмағандықтарыңыздан» деген сөзді морфемаларына қарай бөлшектеп көрейік:

-қам — негізгі түбір,

-сыз — сөзден сөз тудырушы сын есім жұрнағы,

-да — сын есімнен етістік жасап тұрған жұрнақ,

-н — сөз түрлендіруші өздік етіс жұрнағы,

-дыр — өзгелік етіс жұрнағы;

-ыл — ырықсыз етіс жұрнағы;

-ма — болымсыздық мағыналы жұрнақ;

-ған — есімше жұрнағы;

-дық — етістіктен зат есім туғызушы жұрнақ;

-тар — көптік жалғау аффиксі;

-ыңыз — тәуелдік жалғаудың 2-нші жағы, көпше түрі;

-дан — шығыс септік жалғауы.

Яғни мұнда бір түбірге 11 қосымша жалғанып тұр.


2- Мысал

«Ойландырмайтын» ой – негізгі түбір; -лан – етістік тудырушы жұрнақ; -дыр – өзгелік етістің жұрнағы; -ма – болымсыз етістіктің жұрнағы; -йтын – есімшенің жұрнағы. Мұнда бір түбірге 3 қосымша жалғанып тұр

3-мысал

«Кітапханашыларымызбен» кітап – негізгі түбір сөз; -хана – сөз түрелендіруші жұрнақ; -шы – зат есім тудыратын жұрнақ; -лар – көптік жалғау; -ымыз – тәуелдік жалғаудың 1-ші жағы, көпше түрі; -бен – көмектес септіктің жалғауы. Бұл жерде түбірге 5 қосымша жалғанған.

4-мысал

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет