Ескерту. Заң 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.06 № 209 Заңымен.
19-6-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) буып-түю және олардың ыдысы жөнiндегi талаптар
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) буып-түю және оларға арналған ыдыс өнiмдi сақтау, тасу және өткiзу кезiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.
2. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар адамды, қоршаған ортаны пестицидтердiң (улы химикаттардың) қауiптi қасиеттерiнен қорғау үшiн арнайы лайықталуға тиiс.
3. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар пестицидтердiң (улы химикаттардың) құрама заттарының бұзылуына немесе өзге де зиянды әсерiне төзiмдi болуға және:
1) жану және (немесе) жылудың едәуiр бөлiгiнiң бөлiнуiн;
2) тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдардың бөлiнуiн;
3)басқа да химиялық белсендi және қауiптi заттардың түзiлуiн тудыратын реакцияға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспеуге тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |