"Агробиология" факультеті



бет18/18
Дата07.01.2022
өлшемі2,68 Mb.
#17058
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
-

-

-

-

-

















































+

+

+

+

+











































#

#

#

#

#











































(●)

(●)

(●)

(●)

(●)

(●)

(●)

(●)

(●)













▲▲

▲▲

▲▲

▲▲

▲▲

▲▲

▲▲

▲▲



















Кесте 6 –Мароккалық шегірткенің феноклимограммасы

Азиатская саранча - Азиялық шегірткесі - Locusta migratoria L.

Аудан бойынша азиялық шегірткесінің қоныстануына тұрақты бақылау учаскелерінде жүйелі бақылау жүргізілген барлық аумақ 50000 га құрады, нәтижесінде қоныстануы анықталды.

Азиялық шегірткесі дернәсілдерінің жер бетіне бастап шығуы қамыс құрақтарында 21 маусым күні, жаппай шығуы 29 маусым күні тіркелді. Биылғы жылы аталмыш шегіртке зиянкестерінің қоныстануына зерттеу жұмыстары барысында қанаттанған шегіртке зиянкестері анықталмады,бұның себебі соңғы жылдары аталмыш шегіртке зиянкесінің саны төмендеуіне байланысты болып отыр .

Азиялық шегірткесінің күбіршік салу кезеңіне көктемгі мониторингтік зерттеу жұмыстары Жетікөл а/о қарасты қамыс құрақтары жерлерінде 500 га жер көлемінде жүргізілді. Нәтижесінде күбіршіктердің қоныстануы 200 га анықталды. 1 ш.м күбіршіктер саны - 0,8 дананы құрады. Күбіршіктердің зақымдалуы 25 % құрады.

Күбіршіктегі жұмыртқалар саны 40-42 дананы құрады.

Азиялық шегірткесі дернәсілдерінің шығуы кезеңіндегі көктемгі-жазғы мониторингтік зерттеу жұмыстары қамыс құрақтары жерлерінде 20800 га жерде жүргізілді. Нәтижесінде қоныстануы 5000 га анықталды.Өңдеуге жатқызылған жер көлемі 2000 га құрады. Азиялық шегірткесі дернәсілдерінің қоныстануы Жетікөл ауылдық округіне қарасты қамыс құрақтарында ең төмеңгі және ең жоғарғы орналасуы 0,1-7,5 дананы құрады.

Азиялық шегірткесінің шағылысуы және жұмыртқа салу кезеңіндегі жазғы мониторингтік зерттеу жұмыстары Тараз қаласына қарасты қамыс құрақтары және жайылымдық жерлерінде 27500 га аумақта жүргізілді. Нәтижесінде зиянкестердің қоныстануы анықталмады.

Азиялық шегірткелерінің күбіршек салу кезеңіне күзгі мониторингтік зерттеу жұмыстары Тараз қаласына қарасты қамыс құрақтары жерлерінде 200 га жер көлемінде жүргізілді. Нәтижесінде күбіршіктердің қоныстануы анықталмады.



Кесте 7 – азиялық шегірткенің феноклимограммасы

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

1 он күндік.

2 он күндік.

3 он күндік..

1 онкүндік.

2 он күн дік.

3 он күн дік..

1 онкүндік..

2 он күн дік..

3 он күн дік.

1 он күн дік..

2 он күн дік.

3 он күн дік.

1 он күн дік..

2 он күн дік..

3 он күн дік..

1 он күн дік.

2 он күндік..

3 он күндік..






































































-

-

-

-































































































































































































































































































Жамбыл облысық аумақтық есеп бойынша астық дақылдылардың(күздік бидай ) аурумен залалдану көрсеткіші

Астық дақылдарының тат және септериоз аурулары аса зиянды нысандарға жатады. Бұдан келетін шығындар да орасан зор.

Септориоз ауруының белгілері әр түрлі формадағы және әр түрлі мөлшердегі тозаңды-сұр, сұр-қоңыр, күңгірт қоңыр және хлорланған дақтармен сипатталады. Аурудың дамуына салқын, ылғалды ауа райы ықпал етеді.

Бидай жапырақ таты (қоңыр) саңырауқұлақ ауру қоздырғышы егістік алқаптарында неғұрлым кең таралған зиянды аурулардың бірі. Бидай жапырақ таты астық дақылының егін түсімін, қысқа және құрғақшылыққа төзімділігін бірден төмендетеді. Қоңыр тат ауруы ассимиляциялық жапырақ бетін азайтып, өсімдіктің транспирациясын күшейтеді. Нәтижесінде су балансы бұзылып, жапырақ уақытынан бұрын солып, құрғап қалады. Бидайдың түптену кезінде пайда болған бұл ауру өнімді 80 пайызға дейін, ал масақтану кезінде 20-30 пайызға дейін төмендетеді.

2019 жылы көктем мезгілі кезеңінде жауын-шашынның мөлшерден тыс көп болуы, ауаның ылғалдылығы 65-85% болуы, ауа температурасының ауысуы және шықтың көп түсуі күздік бидайда тат және септориоз ауруларының дамуына қолайлы жағдай туғызды.

Жамбыл облыстық аумақтық инспекция есебі бойынша Тат ауруының алғашқы белгілері Қордай және Жамбыл аудандарында сәуір айының 15-19 жұлдыздарында байқалды. Сәуір айының екінші жартысында және мамыр айының алғашқы онкүндігінде тат және септориоз ауруларының дамуы қарқынды жүріп, Байзақ, Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында таралуы байқалды. Мамыр айының екінші онкүндігінде жауын-шашын жиі-жиі түсіп, орташа тәуліктік температура +11+14 0С, ал ылғалдылық 65-80% болуы аурудың облыс аумағында одан әрі белсенді дамып, таралуына түрткі болып, ауру үдей түсті. Егістік танабына жақын маңда орналасқан астық тұқымдастарға жататын арамшөптер (цилиндрлі эгилопс, егістік арпабасы және т.б) және ауыспалы егістік сақталмайтын аңыздықтар инфекция көзінің сақталу қоры және негізгі ошағы болып табылды. Ауыспалы егістік, тұқым жаңарту, тұқым материалын толыққанды дәрілемеу сияқты қарапайым агротехникалық іс-шаралардың сақталмауы да аурудың дамуына өз әсерін тигізді.

Облыс бойынша 2019 жылдың өніміне егілген 251,3 мың гектар дәнді дақылдар ауруларына қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 13,0 мың га жер көлеміне жоспарланған болатын. Мониторингтік тексеру жұмыстары 220,0 мың га жүргізілді, залалданған көлем 33,416 мың га, оның ішінде тат ауруымен залалданғаны -23,556 мың га, септориоз ауруымен залалданғаны – 9,86 мың га, экономикалық зияндылық шегінен асқан жер көлемі 19,258 мың га құрады.

Жүгерінің тозаңды қара күйесі- Жамбыл облысының 6 ауданындада кездесетің аурулардың бірі. Өсімдіктің шашағы мен собығы залалданып, қара спора массасына айналады да қысқа, құрғақ, қатты қабықтармен қапталады.

Жүгерінің əдетте сұлтаны қара күйе телиоспора массасына айналып, кейде басқа жеке гүлдері де залалданады. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі саябырлап, жапырақтары шамадан тыс үлкейіп өседі. 2019 жылғы статистка бойынша жүгері дақылының 13,5%-ын тозаңды қара күйе залалдаған болатын.



Көп қоректі шегіртке зиянкестері: Мароккалық шегіртке, италиялық прус шегіркесі,азиялық шегіркесі.

Арамшөптерге қарсы күрес шаралары жүйелі түрде жүргізілуі кажет. Олардың биологиялық қаблеттерін ескере отырып, атап айтқанда дұрыс ауыспалы егістік жүйесін жүргізу, өңделген таза тұқымдарды себу, уақытылы себу мен өнімді жинау, агротехникалық және химиялық әдістерді үйлесімді қолдану.

2021 жылы агротехникалық және химиялық әдіспен өсімдіктерді қорғау жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмесе, арамшөп өсімдіктері егіс алқаптарында биылғы жылдан жоғары болады деп болжамдалуда. Келесі жылы аз жылдық астық тұқымдастар және азжылдық қосжарнақты арамшөптерге қарсы химиялық отау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Күздік бидайды залалдайтын септориоз ауруларына күресу шаралары:

Жамбыл облысы, Тараз қаласы «Агро» ЖШС шаруашылығында жаздық жұмсақ бидайдың ауруларға қарсы қолданылатын химиялық препараттардың тиімділігін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Облыста бидай септориозының S. Nodorum., таттың Puccina triticina кең таралған. Зерттеу әдісі-танаптық тәжірибе, мөлдектердің ауданы 150м2, қайталым саны - 4. Жаздық жұмсақ бидай сорты-Астана. Егістіктегі тәжірибе нұсқалары жүйелі әдіспен орналастырылды. Жұмыс сұйықтығының шығын мөлшері 200 л/га есебінен. Өңдеу жұмыстары масақтану басында шілде айында жүргізілді. Тәжірибеде аурудың таралуы мен дамуына келесі әсер етуші заттардың тебуконазол 250 г/л (0,5 л/га), флутриафол 250 г/л (0,5 л/га), пропиконазол, 200 г/л + тебуконазола 200 г/л (0,15 л/га) пропиконазол, 200 г/л + тебуконазола 200 г/л (0,25 л/га) фунгицидтердің әсері зерттелді.

Жамбыл облысы Тараз қаласының алқаптарына химиялық өңдеу жүргізудің экономикалық тиімділігі

Өсімдікті зиянды жəндіктерден, аурудан жəне арамшөптен қорғау. Егін шаруашылығынан алынатын астықтың 10%-ға жақыны құртқұмырсқаға жем болып, аураға шалдығып, арам шөптердің кесірінен ысырап болады. Егер осындай шығын болмаса, ол астық 300 млн адамға бір жылдық азық болар еді. Бізде зиянды жəндіктермен, арамшөптермен жəне аурулармен күресетін мемлекеттік мекеме құрылған. Өсімдік қорғауға ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, селекция – генетикалық, биологиялық жəне химиялық шаралар жатады. Мұның бəрі ауаны, жерді, суды былғамай, өсімдікті қорғауға араналған. Сондықтан егістіктерді жыл сайын тексеріп, оған тиісті агротехникалық шаралар қолдану жүйесін, оларға кететін шығынды есептеп отыру міндеті алға қойылған. Осылардың арқасында егістік өнімдерінің ысырап болуы азаяды. Мұның ішінде ең тиімдісі агротехникалық шаралар – ауыспалы егіс енгізу, бір танапта өсетін өсімдіктерді жылмажыл ауыстырып отыру аса үлкен орын алады. Əр өсімдіктің ауруы, оған зиянкестік жасайтын жəндіктердің, арамшөптердің əртүрлі болатындығына байланысты олар өріс ала алмайды, тіпті, құрып та кетеді. Өсімдік қорғау ісінде жаңа ауруға, əртүрлі зиянкестерге төзімді сорттардың маңызы зор. Өсімдік қорғауда пайдалы жəндіктердің маңызы да тиісті орын алады. Олар зиянды жəндіктерді жеп, оларды азайтады немесе құртады. Химиялық əдістерден тек тұқымды дəрілеп себу үлкен орын алады. Барлық өсімдік қорғау əдістерін комплексті қолданып, жерді де, астықты да жақсы тазартуға əбден болады.

Кесте 8 - Ауданға бөлінген пестицид көлемі.




Арам шөп

Препарат атауы

Көлемі

Шашу нормасы

Жіберілген пестицид көлемі

1

Арамшырмауық

Атразин

400га

4

1600

2

Марьянник

Симазин с.е.т

275га

3

825

Ауыл шаруашылық дақылдарын өндірудің экономикалық тиімділігін есептеу үшін өндіріс шығындарын, өнімін, сатылатын бағасын анықтап, сол арқылы таза пайда мөлшері, өзіндік құнын және рентабельдік деңгейін есептеп шығару керек етеді. Ауылшаруашылығында жоғары сапалы өнім өндіру бір өлшеміне шаққанда оны өндіру көлемін ұлғайтады, екінші жағынан бір гектар егіске немесе бір малға шаққанда қосымша жұмсалған шығыны артады. Осыдан келіп экономикалық нәтижесін, өнім сапасын жақсартуды анықтау проблемасы барған сайын зор мәнге ие болады. Тек сонда ғана рентабельдіктің артуына, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне қол жеткізіледі.

Кесте 9– Жаздық жұмсақ бидайда аурулардың таралуы мен дамуына

фунгицидтердің әсері «Агро» ЖШС

Нұсқа ә.е.з

Шығын мөлшері, л\га

Септориоз

Қоңыр тат

10

20

30

20

30

тебуконазол 200 г/л

0,5

2,7

7,4

19,0

0,9

2,1

флутриафол 500 г/л

0,5

3,3

7,7

17,1

0,8

2,0

пропиконазол, 200

г/л + тебуконазола

200 г/л


0,15

4,2

8,8

23,9

1,3

3,1

пропиконазол, 200

г/л + тебуконазола

200 г/л


0,25

3,1

7,3

18,4

0,9

2,3

бақылау (өңдеусіз)




11,5

21,3

45

6,5

9,1

Агрометеорологиялық жағдайында зерттеу жылдары (2013-2014 ж.ж) айтарлықтай айырмашылық байқалмады. 1-кестедегі мәліметтер құрғақшылыққа қарамастан аурулар 100% таралып, өсімдіктерге залал келтірді. Өнімді жинағаннан кейін инфекцияланған өсімдік қалдықтары топырақ бетінде көп мөлшерде қалады. Сондай-ақ аз мөлшерде жауыншашын жағдайында да аурулар тарай береді. Жаздық жұмсақ бидай егістігінде жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша септориоз, тат ауруларын дамуына қарсы ең тиімді нұсқа флутриафол 500 г/л, шығын мөлшері 0,5 л/га болды.

Қорытынды :

Мен Дәуірбаева Дана Елубайқызы 1 қыркүйек пен 17 қазан аралығында ҚР АШМ АӨК МИК «Жамбыл облыстық аумақтық инспекция» республикалық мемлекеттік мекемесі Тараз қалалық филиалында теориялық білімімді практика жүзінде өткіздім. Бұл тәжірбие барысында, өсімдік карантині мәселесі бойынша шығарылған жаңа заңдармен танысып, олардың іс жүзінде қалай орындалатынына көз жеткіздім.

Тәжірбие жүзінде бәрі басқаша екенін түсіндім, яғни жұмыс барысында шапшаң қимылдап іске кірісу керек екенін. Ауыл шаруашылығы бөлімінде азаматтарды қабылдау кезінде сыпайы болуды, оларға мәдениетті жауап беруді, сабырлы болуды талап етеді.

Өндірістік практика барысында өзім үшін бірқатар жаңалықтар аштым:

Біріншіден, бұл – Университеттен алған білімді тәжірбие жүзінде пайдалану.

Екіншіден, мемлекеттік қызметтің қаншалықты қиын және үлкен жауапкершілікті қажет ететініне көз жеткіздім.

Үшіншіден, тәжірбие барысында бәрі басқаша, теория жүзінде басқаша.

Орындалған практика міндеттері:

Практика базасына уақытылы келіп және кәсіпорын жанындағы практика жетекшісін жеке тапсырмасымен танысып, практика өту жөніндегі нұсқау алдым.

Практикадан өту кезінде еңбек қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникасы және ішкі еңбек ережелерін қатаң сақтап, кәсіпорын жанындағы практика жетекшісінің тапсырмаларын толық орындадым. Қызметкерлермен жұмыс жасау барысы ұнады. Қызметкерлер бір отбасы секілді. Бір-бірінің жетістігіне ерекше қуанып, әрдайым алдынан тосынсыймен қарсы алады.

Егер теориялық тұрғыдан алған білімімізді іс жүзінде жетілдіретін болсақ, еліміздің экономикасын арттырар білікті маман иелері артатынына сенімдімін.




Пайдаланылған әдебиеттер

  1. МЕТОДИЧЕСКИЕ УКАЗАНИЯ по выполнению лабораторно-практических занятий по дисциплине «Интегрированная защита сельскохозяйственных культур от вредных организмов» для магистрантов специальности 6М080100 – «Агрономия», Турганбаев Т.А., канд. с.-х.наук, Рецензент: Калиева Л.Т., к. с.-х.наук. © РГП «

  2. Носорог, жук-носорог\\Энциклопедический словарь Броукауза и Ефрона : в 86т. 1890-1907

  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-

  4. Обзор распространения вредных и особо опасных вредных организмов сельскохозяйственных культур в 2011 году и прогноз их появления в 2012 году. – Астана: 2011.

  5. 3РОСМЭН, Жәндіктер, Мәскеу Росмэн 2012.

  6. Справочник по защите леса от вредителей и болезней. Москва. 1980год.

  7. Сулейменова З.Ш. Методические указания по учету и выявлению карантинных объектов. - Астана: 2009.

  8. «Қазақстан». Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә.Нысанбаев -Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9.

  9. Қ.Қайым, Б.Муханов, Р.Сәтімбекұлы, М.Шаймарданқызы, 1998, ISBN 5-625-03599-7

  10. ҚР АШМ АӨК МИК «Аудандық аумақтық инспекция» республикалық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облыстық аумақтық филиалының жылдық есебі. 2018 жыл.

  11. stud.kz/prezentatsiya/id/118822 -азиялық шегіртке.

  12. Kk.m.wikipedia.org- Шегірткелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет