«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе



бет14/62
Дата01.10.2023
өлшемі431 Kb.
#112245
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62
Байланысты:
«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы

Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Организмдердің тіршілік ету жағдайлары?
2. Ю.Либихтың минимум заңы.?
3.Ағзалардың тіршілік ету орталарына нелер жатады және олар туралы түсіндір.
4. Стенобиоттық және эврибионттық организмдер деген нелер?
5. В.Шелофордтың толеранттық заңы қандай?
6. Қоршаған ортаның экологиялық сыйымдылығы деген не?


Ұсынылған әдебиеттер:
1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж.
2.Ә.С. Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Г.З.Сауытбаева «Экология» Алматы, Ғылым-2001 ж.
3.Ю.Одум «Основы экологии» Москва-1975 ж.
4. Ю.Одум « Экология» Москва, Мир-1986 ж.


Дәріс № 3 Популяциялар экологиясы – демэкология
Дәріс мақсаты: Популяция ұғымы туралы, популяцияның негізгі қасиеттері және оның құрылымын ұғындыру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Популяция туралы түсінік. Популяцияның статикалық сипаттамалары: популяцияның саны (тығыздығы) және биомассасы, жастық және жыныстық құрамы. Организмдердің кеңістікте орналасу, орналасудың негізгі типтері: кездейсоқ, біркелкі, топтасып орналасу. Олли принципі. Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туылымы, өлім-жітімі, тірі қалу қисық сызықтары, өсуі жылдамдығы. Популяция санының экспотенциалдық және логистикалық өсуі. Популяция санының реттелуі. Популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар.


Негізгі терминдер:
1.Популяция – бір бірімен өзара қарым-қатынаста және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.
2.Популяциялар саны- берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны.
3.Популяцияның тығыздығы- популяция алып жатқан аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы даралар санымен немесе биомассамен анықталады.


Популяция туралы түсінік. Экологияда популяция дегеніміз – бір бірімен өзара қарым-қатынаста және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша: популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы.
Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда populus – халық, тұрғындар деген мағынаны береді. Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән. Яғни популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет