«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Қазақстан Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері, себептері мен салдарлары



бет55/62
Дата01.10.2023
өлшемі431 Kb.
#112245
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62
Байланысты:
«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы

Қазақстан Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері, себептері мен салдарлары
Адам өзін қоршаған ортамен бірге өсіп, біте қайнап келеді, өзі де осы табиғаттың бір бұтағы болып саналады. Біз адам–әлеуметтік ақиқат иесі дейміз, бірақ оның биологиялық тұрғыдан табиғатын толық танымаймыз немесе оны қайта құрсақ дейміз.Қоршаған орта: ауа, су, жер, ормандар сау болса ғана адамның өзі де сау болады. Адам–Жердегі биологиялық түрлердің ең жасы. Жер адам пайда болудан миллиардтаған жыл бұрын жаратылған және, бәлкім, адам бір–бірімен және табиғатпен бейбіт өмір сүруді үйренбесе, адамзат өліп кеткен жағдайда, жер сонша уақыт тіршілік ете алады. Бірақта біз ғасырлар бойы және мыңдаған жылдардан бері табиғатты пайдалану ұранын басшлыққа алып келеміз, яғни табиғатқа қарама–қарсы бағытта тәрбиеленіп келдік.
Табиғатпен жарастықта өмір сүру үшін, оның заңдарын үйрену керек және оны бұзбаған жөн, адам өркениетін қоршаған әлемге аса сақтықпен қарап отырып, одан өз орнын табуға тиіс.Қоршаған ортаны «қайта пішу» жөніндегі желөкпе жобаларды және ойланбай істелген әрекеттердің зардаптарын кім білмейді? Аралдың апатты таяздауы, Байкалдың ластануы, ұлан–ғайыр Қарақалпақстан жерінің тұз бен батпаққа айналуы, су электр станцияларын салған кезде орасан үлкен аудандардың су астында қалуы–бұл тек белгілі мысалдар ғана. Өзіміздің қоршаған ортаны осынша ғаламат өзгеріске душар ету, өкінішке орай, адамның жаңа табиғи–климаттық және өндірістік жағдайға бейімделуіндегі экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шеше алмайды. Алайда қоршаған ортаға зорлықпен жасалған өзгерістердің ішіндегі ең ауыры Семей аймағындағы болған өзгеріс. Ол ешбір ақылға симайтын апат.
Полигонның ондаған жылдар бойы атқарған белсенді қызметі кезінде айналаның–топырақтың, атмосфераның, судың радиоактивті газ–тозаңдармен, азық–түліктің радионуклидтермен ластануы туралы ауыз ашпайтын әдет берік қалыптасқан болатын,ядролық сынақтардың қоршаған ортаға әсері туралы болжам теріске шығарылды. Ал бұлт бағытта ешбір зерттеулер мақсаткелікпен жүргізілген жоқ. Тек облыстағы жекелеген салалардың ведомстволық бақылауы мен шешімдері кейбір мәліметтер береді.
Ауада және жер бетінде сынақтар өткізген жылдардағы атмосфераның радиациялық жағдайы туралы өткенде айттық. Оның аумағы туралы дұрыс ақпарат бізде жоқ. Соған қарамастан, тамақ өнімдерінен, ашық су қоймаларынан, малдардың сүйектерінен қорғасын– 210 табылды, ол уран–238 ыдырауынан пайда болған изотоп. Ал Семей облысында уран кенінің жоқ екені белгілі, ендеше оның ядролық жарылыстардан тарауы әбден мүмкін.
1989 жылғы зерттеулердің мәліметтері бойынша ұсақ малдардың сүйегіндегі қорғасын–210 мөлшерден ондаған есе көп. Етті пісірген кезде 10 проценті сорпаға шығады, денсаулыққа зияны аз емес.
Шаруашылықтардың байырғы өрістерінде жайылып жүрген және полегонға таяу жерлерден су ішетін малдық еті мен сүтіндегі радионуклидтердің барлығы мөлшерден ондаған есе асып түседі.
Жер астындағы дүмпулерді алайық. Жер астындағы ядролық жарылыстан туған сейсмикалық қозғалыс күші зарядтың қуатына және сынақ алаңының геологиялық жағдайына байланысты.
Невада полигонында жер қабаттары туфтар деп аталатын қуыстары көп жыныстардан тұрады. Олар жарылыс толқындарының сейсмикалық энергиясын сіңіріп алады да, жердің сілкінуі онша қатты болмайды.
Семей полигонының алаңдары гранит деп аталатын тектес жақпартастардан тұрады. Граниттің сейсмикалық тербілестерді сіңіру қасиеті төмпен. Сондықтан мұндағы жерасты жарылыстары айтарлықтай тербелістер туғызады.
Ғасырлар бойы терең тыныштықта, бейне бір ұйқыда жатқан жер қабаттары жер асты ядролық күшті жарылыстардан қозғалысқа келіп, олардың ежелгі құрылыстары бұзылады.
Сондықтан да жер астындағы ядролық қуатты жарылыстарға таулар да төзе алмайды.
Жер астындағы ядролық жарылыстар салдарынан тау жыныстары жарылады, уатылады жаңа қуыстар пайда болады, ежелгі құрылымдар өзгеріске түседі, мұның өзі ежелден келе жатқан тау шоқыларының шөгуіне, немесе опырылып төмен түсуіне әкеліп соғады, жер қабаттарының ғасырлар бойы бекінген бейнесі өзгереді.
Бітімі жағынан қатты тау жыныстарының құрылымы өзгереді, кейбір жер асты жарықтары үзіледі, бітеліп қалады, екіншілері бағытын, орнын өзгертеді, жаңа әлсіз аймақтар немесе жаңа жарықтар пайда болады.
Міне, сондықта жер астындағы судың табиғи ағыны зақымданып, бағыты өзгеріп кетеді, немесе құрып қалады.
Гидрогеологтардың зерттеулері көрсетіп отырғандай, ядролық сынақтар жер астындағы суға зиянды әсер етеді: уран, стронций, цезий ПДК–дағыдан ондаған есе көп.
Қуыстары мен құдықтарында сынақтар өткізілген Дегелең және Мұржық шатқалдарының қойнында радиоактивті заттардың, оның ішінде ұзақ сақталатыны бар, көптеген мөлшерде жиналғанына күмән жоқ. Мұндай жерлер, әрине, шаруашылық мүддесіне жарамайды. Бұл жерлерде адам аяғын бастырмай, ұзақ уақыт тазартуға тура келеді. Тұтастай алғанда осы мәселені, сондай–ақ кезінде полигонға негізінде құрылған ғылыми–зерттеу орталығының бағдарламасы бойынша шешуге тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет