Бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс дегенді қалай түсінесіз?
2. Соғыстардың қоршаған ортаға тигізетін зардаптары.
3.Табиғатты қорғау және тұрақты даму қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері.
4. Генетикалық әралуандылықты қорғау жолдары.
5. Тұрақты дамуға көшудің міндетті шарттарының бірі қандай?
Әдебиеттер:
1. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, Ғылым, 1997.
2. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.
3. Мамбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы.Алматы, Қайнар, 1990.
4. Бигалиев А.Б., Халилов М.Ф., Шарипова М.А. Основы общей экологии Алматы, «Қазақ университеті», 2007.
Дәріс №10. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары.
Дәріс мақсаты: Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының анторпогендік факторларымен таныстыру
Қарастыратын сұрақтар:
Қазақстан Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері, себептері мен салдарлары. Арал аймағының әлеуметтік- экологиялық проблемалары. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізген зардаптары. ҚР территориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы және өзгеде полигондар. Ядролық қаруға қарсы Невада-Семей қозғалысың қоршаған ортаның күйін бағалаудың әдістері мен критерийлері. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Химиялық, физикалық, биологиялық мониторингі. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдары. Қазақстан Республикасындағы халыққа экологиялық білім және экологиялық тәрбие беру. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету: тұрақты даму тұжырымдамасы. Тұрақты даму стратегиясы және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері.
Негізгі терминдер:
ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ —табиғи ресурстардың қандай да бір түрін бұрынғыға шамалас мөлшерінде алуға бағытталған кешенді шаралар.Ресурстардың толық немесе жартылай таусылуы кезінде жасанды шаралар арқылы іске асырылады (мыс., өсімдіктерді және жануарларды қайтадан жерсіндіру, ормандарды қалпына келтіру, т.б.).
ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ АҚПАРАТ — табиғи ресурстар мен жүйелердің сандық, сапалық және динамикалық жағдайлары, олардың өзара байланыстары, шаруашылықтың бар түрі үшін (сондай-ақ болжамдағы)адамзаттың өмірі мен мәдениеттің дамуы үшін қажеттілігі туралы мәліметтердің жиынтығы.
ТАБИҒИ ЛАСТАНУ — қоршаған ортаға ластағыш табиғи заттектердің түсуі. Бұл жағдай ғарыштық бөлшектердің, жанартау күлінің, топырақ зрозиясы кезінде түзілетін шаңның, өсімдік тозаңының, теңіз тұзының, орман өрттерінің түтінінің,т.б. ортаға түсуіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |