«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Экологиялық факторлар және олардың классификациясы



бет9/62
Дата01.10.2023
өлшемі431 Kb.
#112245
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62
Байланысты:
«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы

Экологиялық факторлар және олардың классификациясы.
Тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық факторлар деп атайды. Экологиялық фактордың жіктелуі төмендегідей:
Абиотикалық факторлар- бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (температура, қысым, ылғалдылық, атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құрамы ж/е т.б.)
Биотикалық факторлар- бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері (бәсекелестік, жыртқыштық ж/е т.б.)
Антропогенді факторлар- адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафтардың бұзылуы ж/е т.б.)


Ю.Либихтың минимум заңы
Организмнің төменділігі қоректік тізбектің ең әлсіз түйіні арқылы тексерілетіні белгілі. 1840 жылдан бастап Ю.Либих өсімдіктердің өсіп-өнуіне табиғаттың түрлі факторларының ықпалын зерттеумен айналысты. Зерттеу нәтижесінде ол мынадай қорытындыға келді: өнімнің көп немесе аз болуы өсімдіктердің көп мөлшерде пайдаланатын заттарына, мысалы көміртек қоспасы мен суға, топырақта жеткіліксіз болуына байланысты.
Өсімдіктердің өсуі қоректік тізбектегі ең аз пайдаланатынын, табиғатта аз кездесетін элементтерге байланысты. Бұл заңдылық ғылымда Либихтың ең аз шама заңы деп атайды. Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтің минимум заңы деп аталады.
Либихтен кейін зерттеулер бұл заңдылық мынадай екі жағдай сақталғанда дұрыс болатыны анықталды.
Бірінші энергияның кірісі мен шығысы тең болып, жағдай бір қалыпты, өзгермей тұрғанда, жағдай күрт өзгеріп, күшті дауыл, өрт немесе су тасқыны болса, «ең аз шама» заңы бұзылуыда мүмкін.
Екінші - заттардың айналымы, орын алмастыруы бір қалыпты сақталса. Егер кейбір заттар көп пайдалануға жеңіл болса басқа заттарды қажетсіз етіп, химиялық құрамы жақын заттарды орнын алмастырып пайдалана береді. Мысалы стронций көп жерде омыртқасыз жұмсақ денелі жәндіктердің қабыршығында калий орнына стронций жиналады. Немесе көлеңкеде өсетін өсімдіктер мырышты күн сәулесінде өсетіндерден аз пайдаланады. Сондықтан күн көзінде өсетін өсімдіктер үшін мырыш шектеуші фактор болады.
Заттар аз болса шектеуші фактор пайда болады деу дұрыс емес. Олар көп болғанда шектеуші факторға айналуы да мүмкін. Мысалы, күн сәулесі, жылу, су көп болса да өсімдіктер нашар өседі, сөйтіп көптікте шектеуші фактор болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет