«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Тірі зат тұжырымдамасы. Тірі заттың ғаламдық ролінің анықталуы



бет29/62
Дата01.10.2023
өлшемі431 Kb.
#112245
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62
Байланысты:
«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы

Тірі зат тұжырымдамасы. Тірі заттың ғаламдық ролінің анықталуы. Орыс ғалымы М.В.Волькенштейн өмірдің келесідей анықтамасын ұсынды: «Жер бетінде өмір сүретін тірі денелер нәруыз (белок) бен нуклейн қышқылынан – биополимерлерден құралған ашық, өзін-өзі реттейтін және өзі өнетін жүйені құрайды».
Алайда қазіргі кезге дейін «өмірдің» анықтамасы жоқ. Алайда тірі материяның өлі материядан айыратындай өзгешеліктерді (қасиеттерді) анықтауға болады:
1. Химиялық құрамын анықтау. Тірі организмдер табиғаттың өлі организмдері секілді химиялық элементтерден тұрады, алайда бұл элементтердің қатынасы әртүрлі келеді. Тірі организмдердің негізгі элементтеріне С, О, Nжәне Н жатады.
2. Клеткалық құрылымы. Вирустардан басқа барлық тірі организмдер клеткалық құрылысқа ие.
3. Заттар айналымы және энергиялық байланыс. Вирустардан басқа барлық тірі организмдер ашық жүйені құрайды, олар сыртқы ортадан заттар мен энергияны қабылдайды.
4. Өзін-өзі реттеу (гомеостаз). Тірі организмдер гомеостаз қасиетіне ие, яғни өздерінің химиялық құрамы тұрақты және зат алмасу процестері қарқынды түрде жүреді.
5. Қарсылық. Тірі организмдер қарсылық көрсетеді, яғни сыртқы ортаның әсеріне өзіндік реакция көрсету арқылы қарсылық білдіруі.
Тірі организмдердің бірнеше құрылым деңгейі бар. Ең төменгі, өте ертедегі құрылым деңгейі – молекулалық деңгей. Өлі және тірі денелердің екіге ажырауы осы деңгейден басталады. Өйткені жоғарыда айтылғандай кез келген тірі организм биологиялық макромолекулалардан – нуклеин қышқылдары, нәруыздар, полисахаридтер, тағы басқа да аса маңызды органикалық заттардан тұрады. Бұл заттардың қатысуымен тірі денелерге тән тіршілік әрекеттері: зат алмасу және энергия айналымы, тұқым қуалау ақпаратының ұрпақтарға берілуі осы молекулалық деңгейде жүреді.
Бұдан жоғары тіршіліктің клеткалық құрылымы орналасқан. Клетка – жер бетіндегі барлық тірі организмдердің құрылысы мен дамуының негізгі бірлігі. Барлық бір клеткалы және көп клеткалы организмдердің клеткалары өздерінің құрылысы, химиялық құрамы, негізгі тіршілік әрекеттері мен зат алмасуы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Клеткалар бөліну арқылы көбейеді және әрбір жаңа клетка өзінің алдындағы клетканың бөлінуі нәтижесінде пайда болады. Бұл кезде тұқым қуалау ақпаратының келесі ұрпаққа берілуі жүзеге асырылады. Клеткалық деңгейдегі тағы бір ерекшелік – клеткалардың атқаратын қызметтеріне сай мамандануы болып табылады.
Организмдік деңгей. Бұл деңгейдің қарапайым бірлігі – жеке дара мен кез келген организмнің пайда болуынан бастап, тіршілігін жойғанға дейінгі дамуының барлық әрекеттері осы деңгейде өтеді. Әр организм түрінің өзіне тән мүшелер жүйесі қалыптасып, қызмет атқарады. Олай болса, организмнің бүкіл тіршілігі барысында тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуы жүріп жатады.
Популяциялық-түрлік деңгей. Табиғатта кез келген түрдің даралары жекеленбей популяцияға бірігіп, таралу аймағының нақты бір бөліктерін мекендеп тіршілік етеді. Бір түрге жататын популяцияның саны бір немесе бірнешеден мыңға дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ әр популяциядағы даралар саны да түрліше келеді. Популяция – эволюцияның элементарлық бірлігі. Өйткені популяцияда эволюциялық өзгерістер жүріп, алуан түрлі бейімділік формалардың қалыптасуы байқалады. Бұлар келешекте жаңа түрлердің түзілуіне бастама береді.
Жер шарында 2млн-нан астам тірі организмдер болса, оның шамамен 1,5млн-ы – жануарлар, ал қалғаны өсімдіктерге жатады. Бұл дерек организмдердің әртүрлілігін көрсетеді. Жыл сайын бұл көрсеткіште мыңдаған жаңа түрлер қосылып отырады. Өйткені Жер шарының әлі де болса адам аяғы тимеген жерлері мен организмдердің ғылымға белгісіз түрлері көп. Ал мұхиттар мен теңіздердің фаунасы мен флорасы зерттелу үстінде. Әрбір түрдің тіршілік ететін тұрақты ортасы болады. Ол орта түр үшін табиғи-тарихи мекені және өсіп-өніп көбейетін орны. Түр сол жерде ғана ұрпақ беріп, еркін тіршілік етеді. Егер оны басқа жерде тіршілік етуге мәжбүр етсе, ол организмнің қалыпты тіршілік қасиеттері бұзылып, бірте-бірте жойылып кетеді.
Күн сәулесі биологиялық әсері бойынша 3 түрлі ұзындықтардан құралған.
Ультракүлгін түсті («ультра» -латынша жоғары, тысқары) сәуленің толқындары 0,005-0,4 мкм аралықтағы ұзындықта болады. Адамдардың көзіне ілінбейді көк түсті сәулемен салыстырғанда химиялық әсері артық. Ұзындығы 0,29 мкм-ге дейінгі сәулелер тірі организмдердің өміріне өте қауіпті. Атмосферадағы ауа осы сәулені ұстап жер бетіне жібермеуіне байланысты дүние жүзінде тіршілік бар, әйтпесе бәрі күйіп кетіп ештеңе қалмаған болар еді.
Ағын сулар. Организмдер өмір сүретін ортада тыныштық жағдай өте сирек кездесіп және ұзаққа созылмайды. Сол тыныштықты бұзатын факторлардың бірі - ағын сулар. Олар газдардың және қоректік заттардың жиналуына әсер етіп, жеке организмдер мен бірге өмір сүретін түрлі топтастықтар үшін шектеуші факторға айналады. Мысалы, көлдегі немесе өзендегі жануарлар мен өсімдіктердің дене құрылысында және атқаратын қызметінде айырмашылықтар бар. Көлдегілер ағыны жоқ тынық суда өсіп үйренген болса, өзендегілер ағын суда өздерін ұстап тұруға, өмір сүруге дағдыланған. Ағын сулар тасығанда жағадан шығып, ойпат жерлерге құйылып, қосымша энергия қуатын әкелу нәтижесінде өнім көбейеді, ал көлдерде мүмкіндіктер болмайды.
Коннер мен Дейдің (Соnner, day) мәліметтері бойынша құрғақ затқа айналдырып есептегенде ағынсыз батпақта өсетін өсім коэффициенті 0,1-ге тең болса, ағын суларда-0,5 ке, ал маусым сайын су басатын алқапта 1-ге тең болған.
Сонымен ағын сулар экологиялық жүйеде қосымша энергия көзі, батпақ пен ойпат жерлерде негізгі өнім беретін шектеуші фактор болып саналады.
Жел де организмдердің құрлыққа таралуына әсер етіп, олардың белсенді өмір сүруіне шектеуші фактор болып саналады.
Жел, әсіресе тау бөктерінде өсетін өсімдіктердің сыртқы пішіндерін өзгетіп, олардың биіктігін шектейді. Уайтход желдің жолына қалқан тұрғызып, өсімдіктерге ықтасын жасаған соң, олар тез өсіп, биіктейтіні белгілі болды.
Жел әрқашанда атмосфералық қысым жоғары жерден ондай қысым төмен жаққа қарай соғады. Күндіз құрлық бетіндегі ауа тез жылынып, кеңейіп, жеңілденіп жоғары көтеріледі де теңіз бетіндегі салқын ауа құрлыққа қарай жылжиды. Температура айырмашылығы 1,5ºС болса пайда болуға әбден жеткілікті.
Ағын су сияқты желде өнім көбейтуге пайдалы болып келеді. Әсіресе оны тропиктік ормандардан көруге болады. Қатты дауыл немесе үйреншікті жел өсімдік тұқымдарын, жәндіктерді, жануарларды бір жерден екінші жерге апарып, ормандағы өсімдіктер және жануарлар дүниесін өзгертеді.
Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа орман мен далада біздің көзімізге қалай болса, солай орналасқан болып көрінгені мен олар әрқашан да желдің негізгі бағыты ыңғайына қарап мекен құрады.
Құрғақшылық аудандарда желдің шектеушілік маңызы арта түседі. Өйткені жерді тез құрғатып өсімдіктерге керек ылғалды азайтады.
Сондықтан да шөлдегі өсімдіктер желге үйреніп, оның зиянды әсерін болдырмауға тырысады.
Жаңа қала, тұрғын үйлер салғанда желдің күшін, үнемі соғатын бағытын, мезгілін ескеру және оған қарсы шара қолдану қажет. Тұрғын үйлерді, көшені, мөлтек ауданды жобалағанда үйлер арасына шаң-тозаң жиналмай жел үріп әкететіп отыратын етіп орналастырған жөн. Ол үшін мөлтек ауданның, көшенің, онда орналасқан тұрғын үйлердің кішірейтілген үлгісі жасалып, қолдан жел тұрғызып, оның әсерін тигізеді. Егер жел үйіріліп немесе желсіз тынық болса көшенің, үйлердің үлгісін өзгертіп, басқаша орналастырып қайтадан тексере береді. Сонан кейін ғана құрылысты бастауға болады. Желдің ыңғайы тұрған үйлерді онан қорғайтын немесе жел соғып тұратын етіп салуға мәжбүр етеді. Қатты жел қандай қолайсыз болса, желсіз тынық ауада тұрғындар үшін қолайлы емес.
Душанбі қаласында тәжірибе ретінде салынған мөлтек ауданда ауланың ішіндегі ағаштар мен бұталар күндіз ыссы желден қорғап, түнде таудан соғатын салқын самалдың көшелерге және аулаларға өтуіне ыңғайлы етіп отырғызылған. Осындай мөлтек аудандар Тбилиси, Ереван, Баку қалаларында да бар. Дүние жүзінде қолайсыз орналасқан қалалардың бірі Мехико. Оны үш жағынан биік таулар қоршап, қаланың үстінен түтін мен басқа зиянды шаң-тозаңнан құралған бұлт еш уақытта кетпейді. Күн сайын 200 тоннадай шаң-тозаң аспаннан қалаға қайта түсіп жатады.
Сол сияқты Алматы қаласының орнында тым қолайсыз. Аттың тағасы сияқты иілген Іле Алатауы Оңтүстіктен, Оңтүстік шығыс пен Оңтүстік батыс жақтан қалаға салқын ауа жібермейді. Сөйтіп атмосферадағы ауа қозғалмай тұратын көлеңке пайда болады. Желсіз түндер, әсіресе таң алдында, жиі болып тұрады. Желдің жылдамдығы бір секундта қыс айларында 1,7м, жазда 2м аспайды. 3000метр биіктікте оның жылдамдығы 5-6м шамасында. Күндіз тау жылығанда қаладағы ауа тауға дейін барып, түнде тау салқындағанда қайтіп қалаға келеді. Сөйтіп ауаның қозғалысы қаламен тау арасында ғана болып отырады. Осының нәтижесінде қала территориясында «Салқын ауа шұңқыры» пайда болып, ол күндіз жылынып, жеңілдеп, аспанға көтерілуге үлгермейді де, жан-жаққа тарапта кетпейді. Сөйтіп қаланың үстінде қимылсыз, тұрақты жоғары қабаттармен араласпайтын ауа пайда болады. Мұнда шаң-тозаң, зиянды қалдықтар көп жиналып, ауаның ластануына әкеліп соғады. Қаланың төменгі жанында қимылсыз тұрған ауаның қалыңдығы 300-400 метрге жетсе, тау жағында 100-200 метр болады.
Қыста атмосфералық ауаның қысымы жоғары болғандықтан желсіз күндер көбейіп ауада жиналған шаң-тозаң қалаға қайтадан түседі. Күн сайын аспаннан келетін шаң-тозаң 125-130 тонна шамасында болады.
Алматының орналасқан жердің ерекшелігін ескере отырып, мұнда өндірістік қалдықтары аз технологияларды енгізу, газ бен шаңды ұстайтын қондырғылар қою, күлі аз көмірді отқа жағу, т.б. химиялық зиянды қалдықтарды тазарту шараларын іске асыру арқылы қаланың ауасын таза ұстауға болады.
Атмосфералық қысым немесе барометрмен өлшенетін қысымды тікелей шектеуші әсері бар факторлар қатарына жатқызуға болады. Атмосфералық қысым өзгерсе, оны адамдар мен жануарлар тез сезіп бейімдеу жолдарын іздей бастайды. Барометрлік қысымның ауа райымен климатқа тікелей қатысты болғандықтан ол шектеуші фактор болуы заңды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет